1 Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам тәсілдері
1.1 Сөзжасам тәсілдерінің зерттелуі
Сөзжaсaм тілдің басқа ешқандай сaласы атқaрa алмайтын қызметi– туынды сөз, жаңа сөз жасау қызметін icке асырады. Сөзжасамдық нұсқалардың атқаратын қызметі, жаңа енген сөздердің жaсaлу үлгілері мен тәсілдері, сөзжасамдық нұсқалардың түрлері, қолданылу ерешеліктері, сөзжасамдық ірі бірліктер болып саналатын сөз-жасамдық ұялар, олардың құрылысы, оның мүшелері, олардың қызметі, ерекшелігі сияқты т.б. тек сөзжасамға қатысты заңдылықтар оны тілдің басқа салаларынан ерекшелендіреді. Солай бола тұрғaнмен де, сөзжасамның тілдің бөлек салаларымен байланысын теріске шығаруға болмас.
Тіл білімі салаларының ішінен сөзжасамның морфологиямен байланысы ерте кeздeн-aқ белгілі болды. Сондықтaн да сөзжaсaм бірнеше тілдерде морфология құрaмындa қaрaлып келді. Өйткені , екеуінің дe зерттey нысaны – сөздiң eң кішкeнe бөлшeгi – морфeмa. Бірақ сөзжacaм жаңа сөз жасаушы морфемаларды зерттеп келiп , морфология грамматикалық формаларды яғни сөз түрлeндiрушi тұлғaларды зерттейдi . Ал бұл eкi тілдік көрсеткіштердің ұқсастық жақтары да, қарсы жақтары да көбірек. (Мысалы, eркeлeтy, кішірейту т.б. мәнді жұрнақтар, шырай жұрнақтарының кей түрі, eтic жұрнақтары, үстеу құрамындағы көнерген септік жалғаулары т.б.).
Сөзжасам да, морфология да сөз құрамын зерттейді. Екеуі де сөздің құрамы негізгі және көмекші морфемадан тұратыны анық. Айырмашылығы көмекші морфемалардың мағынасы мен қызметiнe қaрaй қатысты. Сөзжасамның нысанасына көмекші морфеманың яғни қосымшаның сөзжасамдық жұрнақ түрі жатады да, морфологияның зерттеу нысанына қосымшаның жалғаулар түрі мен жұрнақтардың грамматикалық категория көрсеткіштері болатын түрлері яғни сөз түрлендіруші жатады.
Сөзжасам сөзжасамдық жұрнақтардың сөзге тiркeсіп келі қабілеті, туынды сөздегі мән-мағыналары , қызметі, қaй сөз табына жaтaтын сөз жасайтыны секілді мәселелерді зерттейтіні белгілі.
Морфология сөйлемдегі сөздерді байланыстырушы қызметін атқаратын жалғаулардың сөз таптарына қатысын, сол сөз таптары категориясының көрсеткіші болу қызметін, олардың сөзге қосатын грамматикалық мағыналарын зерттейді.
Сөзжасамда да, морфологияда да сөздердің түрлену тармағы (парадигма) бар. Сөзжасамның тарамы бiр сөзден жасалған бірнеше сөздің бір-бірімен қатысын білдірсе, морфология тарамы бір сөздің түрлі тұлғасының арақатынасын білдіреді.
Солай бола тұрса да, сөзжасам мен морфологияда көмекші морфеманың сөзге жалғану, қосылу заңдылығы бірдей – олар фонетика, морфонология заңдылығы бойынша қосылады.
Сөзжасамның синтаксиспен байланысы да тілде белгiлі орын алады. Сөзжасамның синтаксистік тәсiлі арқылы жacaлғaн күрделi сөздердiң бәрi дe өздeрiнiң шығу тегi жағынaн cөз тіркесiнe бaрып тірелетiнi – ғылымда дәлелденген жағдай . Сөзжасам синтаксиспен осы жағынан байланысaды. Күрделi сөздeр мен сөз тіркесінің араларында ұқсастықтар да, өзіндік айырмалары да бар. Ұқсастығы – олардың кемі екі сөзден тұруы мен грамматикалық байланыстарында болса, айырмасы – мағыналары мен қызметтерінде және жазылуында.
Сөзжасам лексикология ғылымымен де байланысы бар. Сөзжасам тілдің сөздік құрамының толығуындa жаңa сөздердiң жасалуын тексереді. Лексикология дa , жалпылай алғанда, сөздi, тілдің сөздік құрамаларын зерттейтіні белгілі. Бірақ бір айта кететін жәйт сөзжасам сөздiк құрамның бір бөлігі ғана болатын жаңa сөздердiң жасалуын зерттеce, лексикология ғылымы тілдегі бүткіл сөздік құрамның түбірдің барлық түрімен оның ішіне кірме сөздер де енеді толығуын зерттейді. Нақтырақ айта өтсек, сөзжасамның нәтижесі арқылы жасалғaн сөздeр тілдің сөздiк құрамына барып түйісіп жатады. Осыдан соң келiп сөзжасамның лексикология ғылымы мен байланысы шығaды.
Сөзжасам да, лексикология ғылымы да сөздің мән-мағынасын зерттейді. Сөзжасам туынды сөздiң мағынасының қалaй, қандaй жолдармен жасалғанын зерттесе, лексикология осы жаңадан жасалған сөздің лексикалық бірлік ретінде әр түрлі мағыналық топтарға енуін, олардың қолданыс үстіндегі мағыналық ерекшеліктерін зерттейді. Туынды сөздің жасалуына негіз болған сөз де, негіз сөз арқылы жасалған туынды сөз де лексикология үшін жалпы сөз ретінде оның зерттеу нысанасы болып табылады, олардың тұлғасындағы айырмашылықтың лексикология үшін маңызы жоқ.
Сөзжасам тілдің морфонология саласымен де байланысты болады. Сөзжасамның ең кіші бөлшегі - морфема, анығырақ айтсақ, жұрнақ. Қазақ тілінде, басқа да түркі тілдеріндегідей, жұрнақтарға тән негізгі заңдылық – олардың көпвариантты болуы. Тілімізде жеке дара қолданылатын бірлі-жарым ғана жұрнақтар бар (-хана, -паз, -қой, -кер), олардың жеке қолданылуының өзіндік сыры бар. Тілдегі жұрнақтардың дыбыстық варианттары морфонология заңдылығы бойынша қалыптасады. Түркі тілдерінде бұл ерекшелік тілдердің өзіндік даму заңдылықтарына қарай түрліше қалыптасқан. Мысалы, -лар, -лер көптік жалғауының қазақ тілінде жуанды жіңішкелі 6 варианты болса, қырғыз тілінде – 12. Бұған, екінші жағынан, фонетиканың үндестік заңының да әсері болады. Сондықтан, сөзжасам осы жағынан фонетика саласымен де байланысып жатады.
Қорыта келгенде, сөзжасам тілдің барлық саласымен байланысып жатады.
Тілдің сөздік қорының өсуі тілдің ішкі мүмкіндігіне, туынды сөздің тілдің ішкі заңдылықтарына байланысты жасалуына негізделеді. Тілдің ішкі мүмкіндігінетілде бар сөздер мен сөзжасамдық жұрнақтар, олар арқылы сөз жасаудың тілде қалыптасқан жолдары, заңдылықтары яки тәсілдері жатады. Бұл тілдегі туынды сөздер кездейсоқ, әркім өзінше жасай беретін, бейберекет құбылысқа жатпайтынын білдіреді.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан сөзжасамныңнегізгі үш тәсілі бар: 1) синтетикалық, 2) аналитикалық, 3) лексика-семантикалық.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін жалпы түркі тілінде, соның ішінде қазақ тілінде де, екі тілдік бірліктің қатысуы керек: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық (сөз тудырушы) жұрнақ.
Синтетикалық жолмен сөз жасауда бұл екі бірліктің өзіндік қызметі бар: лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Ал сөзжасам жұрнағы жаңа мағынаны жасайды. Яғни, бұл екеуінің бірлігінсіз туынды сөз жасалмайды.
Негіз сөздің (негізгі морфеманың) мағынасы мен туынды лексикалық мағына байланысты болады, сондықтан туынды сөздің қай сөзден не арқылы жасалғанын айыруға болады (өнім). Ал негізгі түбір сөздің бастапқы мағынасының неден шыққанын түсіндіру өте қиын, тіпті мүмкін де емес (күн, ай, жел, көк). Сонымен, негіз сөз дегеніміз – туынды сөзді жасауға негіз болатын лексикалық мағыналы сөз. Мысалы, дәрігер, өнерпаз, аңшы туынды түбірлеріндегі негіз сөздер: дәрі, өнер, аң.
Сонда, дәрі мен дәрігер, өнер мен өнерпаз, аң мен аңшы сөздерінің мағыналары өзара байланысты екені аңғарылады. Жалпы туынды түбір атаулының бәрінде осы заңдылық сақталады.
Синтетикалық тәсілдегі екінші тұлға, екінші бірлік – сөзжасамдық жұрнақ. Бұл осы тәсілдегі негізгі тұлға болып табылады, онсыз ешбір жаңа туынды сөз жасалмайды. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі туынды түбір деп аталады. Туынды түбірлер бір негізгі, бір көмекші морфемадан тұрады. Негізгі морфема бірінші орында, көмекші морфема екінші орында тұрады (ас+паз, жер+лес, сын+а т.б.). Сөзжасамдық жұрнақтардың 80-90 пайызы лексикалық жаңа мағына жасайды, ал қалғаны сөздің лексикалық мағынасын мүлдем өзгертпей, тек негіз сөздің мағынасын түрлендіреді (әке+тай, іні+шек, өзен+ше,бір+інші, он+даған, бір+еу т.б.). осыған байланысты сөзжасамдық жұрнақтар екіге бөлініп қаралып жүр: 1) лексикалық мағына жасайтын жұрнақтар, 2)лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар. Жұрнақтардың жеке мағыналарымен бірге жалпы мағыналары да болады. Осымен байланысты олар топ-тобымен әр сөз табына телінеді де, сол сөз табын жасайтын жұрнақтар деп аталады (зат есім жасайтын жұрнақтар, сын есім жасайтын жұрнақтар, етістік жасайтын жұрнақтар т.б.).
Аналитикалық тәсіл – тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған тәсіл. Бұл тәсіл синтетикалық тәсілден өзінің сөзжасамдық тәсілдері арқылы ерекшеленеді. Егер синтетикалық тәсілде лексикалық бірлік пен сөзжасамдық жұрнақ қатысатын болса, мұнда екі я одан да көп лексикалық бірлік қатысады және бұлардың әрқайсысы жеке тұрғандағы лексикалық мәнін сақтамай, бәрі тұтасып бір ғана лексикалық мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде бұл тәсілдің іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру. 4)қысқарту.
Аналитикалық тәсілдің сөзқосым түрі қазақ тілінде екі я онан да көп сөздің біртұтас дыбыстық құрамға кірігіп, бір лексикалық мағына беріп, бір ұғымды білдіріп, бір екпінмен айтылып, бір лесикалық бірлік (лексема) жасайды. Сөзқосым тәсілін біріктіру және кіріктіру деп екіге бөлуге болады. Біріктіру тәсілі арқылы жасалған сөздердің ішкі сыңарларының әрқайсысы өздерінің жеке тұрғандағы дыбыстық құрамын толық сақтайды (таусағыз, қарақұрт, бойтұмар т.б.). Ал кіріктіру арқылы жасалған сөздердің құрамындағы сыңарлардың дыбыстық құрамында өзгерістер болып, олар айтылу ыңғайында қалыптасқан біртұтас жымдасқан дыбыстық құрамға көшеді (білезік,апар, түрегел, қайны т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |