Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінен тест тапсырмалары «Филология: қазақ тілі»


Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөзді табыңыз



бет11/21
Дата17.04.2022
өлшемі431,5 Kb.
#31280
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөзді табыңыз.

  1. қаламгер, оқырман

  2. АҚШ, бірқазан, егеуқұйрық

  3. өкілетті, елші, дөңгелек стол

  4. бүгін, әкел, апар

  5. баспана, желаяқ

Лексика-семантикалық тәсіл қайсы?

  1. сөз мағынасының жаңаруы

  2. жұрнақ арқылы

  3. қосарлану арқылы

  4. басқа тілден сөз ену

  5. бірігу арқылы

Аралас тәсіл қайсы?

  1. аналитика-синтетикалық

  2. синтетикалық

  3. аналитикалық

  4. синтаксистік

  5. семантикалық

Сөз түрлендіруші жұрнақтардың жіктелімі -

  1. модификациялық, грамматикалық

  2. сөзжасам

  3. сөзбайлам

  4. грамматикалық мағына

  5. тәуелдік жалғау, предикаттық қосымша

Қосарлану қандай тәсілге жатады?

  1. аналитикалық

  2. сөзжасам

  3. синтетикалық

  4. грамматикалық

  5. семантикалық

Қосымшаларды жалғау-жұрнақ деп жіктеудегі ең негізгі фактор -

  1. қызметі

  2. мағынасы

  3. құрамы

  4. шығу тегі

  5. дыбысталуы

Таза грамматикалық қосымшалар

  1. жалғаулар

  2. жұрнақтар

  3. сөзтіркесім

  4. жұрнақша

  5. қайталану

Кіріккен сөз дегеніміз не?

  1. екі сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырап бірігуі арқылы жасалған сөздер

  2. екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сөздер

  3. екі сөздің бірігуі арқылы жасалған сөздер

  4. сөздердің тіркесуі арқылы

  5. түбір мен қосымшаға ажыратылатын сөз

Төмендегі жұрнақтардың қайсысы өнімді?

  1. –шы, -ші, -ма,-ме

  2. –мақ,-мек,-пақ,-пек

  3. –дақ,-дек,--т,-қал

  4. –ын,-ін

  5. –шық, -шік, -й

Сөз тудырушы морфеманы табыңыз.

  1. келін, бөлім

  2. келші, жүрген

  3. келіпті, жүрген

  4. келді, жүрді

  5. отырғыз, кетпек

Бөлшектенбейтін, лексика-грамматикалық мағынаға ие морфологиялық бірлік?

  1. Түбір сөз

  2. Туынды сөз

  3. Дара сөз

  4. Жалаң сөз

  5. Күрделі сөз

Түркітануда септіктердің топтастырылуы-

  1. Грамматикалық және көлемдік

  2. Грамматикалық

  3. Субстанттық және грамматикалық

  4. Субстанттық және көлемдік

  5. Көлемдік

Қай септік меншіктілік грамматикалық мағынаны білдіреді?

  1. Ілік

  2. Атау

  3. Табыс

  4. Жатыс

  5. Көмектес

Нөлдік тұлғаға ие жалғауларды көрсетіңіз.

  1. Атау септік, бұйрық райдың жіктелуінің 2-жағы, жекеше, анайы түрі

  2. Атау, табыс, жатыс

  3. Жіктік жалғаудың 3-жағы, барыс, көмектес

  4. Тәуелдік, көптік, барыс

  5. Жіктік, ілік, көптік

Грамматикалық және көлемдік септіктерге бөлу белгісін анықтаңыз.

  1. Грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай

  2. Лексикалық мағынасына қарай

  3. Лексикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай

  4. Грамматикалық мағынасы мен тіркесу қабілетіне қарай

  5. E) Тіркесу қабілеті мен орын тәртібіне қарай



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет