“Педагогикалық өзара әрекеттестік” түсінігі өз мазмұны бойынша “педагогикалық ықпал” ұғымынан кеңдеу. Себебі, бұл аралық байланыста міндетті болатын құбылыс - тәрбиеленушінің белсенділігі, оның тәжірибе , білім, ептілік меңгеруге бағытталған іс-әрекеттері. Сондай-ақ педагогикалық өзара әрекеттестік педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы ғана өзара қатынастармен шектелмей, сан қилы басқа да байланыс формаларын арқау етеді. Олар: “тәрбиелеуші – тәрбиеленуші”, “тәрбиеленуші -ұжым”, “тәрбиеленуші - игеру материалы”, «тәрбиеленуші-тәрбиеленуші» және т.б., алайда педагогикалық өзара әрекеттестік өзінің соншалықты көп түрлі болғанымен қай уақытта да екі қырымен, екі өзара шарттасқан бірлігімен көрінеді. Бұлар - педагогикалық ықпалжәне тәрбиеленушінің жауап әрекетқылығы. Ықпалдар тікелей не жанама бола тұрып, өз бағыт-бағдарының өзгешелігімен, мақсат нақтылығымен немесе оның белгісіздігімен, кері байланыс сипатымен және т.б. ажыралады. Тәрбиеленушілердің кері әрекет қылығы да сан қилы болып келеді: белсенді қабылдау, ақпаратты өңдеп, қорыту, елемеу немесе қарсы әрекет білдіру, көңіл толғанысы не бейтарап, толық әрекеттер, қылықтар, іс-қызметтер және т.б.
Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
– әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;