Денсаулық сақтау тәсілі жеке және ұлттық құндылықтар ретінде оқушы денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді.
Бұл тәсіл төңірегінде білім беру процесін ұйымдастыруда психикалық және дене бітімі жағынан дені сау тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін денсаулық сақтау заттық-кеңістіктік орта құрылады.
Білім беру процесін ұйымдастыруда мынадай қағидаттар сақталуы тиіс:
- білім берудің құзыреттілікті - білімдік-бағдарлы нәтижелерін қолдайтын білім беру салалары мазмұнының тепе-теңдігі; оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларынан құзыреттілікті-бағдарлы тапсырмаларды орындауға 25%-дан кем емес оқу уақыты бөлінеді;
- оқушылардың өнімді және репродуктивті іс-әрекеттерінің тепе-теңдігі; оқушылардың өзіндік жұмыстарын (оның ішінде ақпараттық технологияларды) ұйымдастыруға бастауыш мектепте - 20%, негізгі орта мектепте - 35% және жоғарғы, бейіндік мектепте - 50% кем емес оқу уақыты бөлінеді;
- ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану, оларды оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне, оның ішінде жобалау және зерттеу қызметтерін ұйымдастыру арқылы енгізу;
- оқушылардың өзіндік белсенді оқу іс-әрекетін, оқу материалын блоктық-модульдік құрылымдау және т.б. қамтитын оқытудың әдістері мен нысандарын, инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану және дамыту.