Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Қазақ әдебиетін бүгінгі көзқарас тұрғысынан бағалаңыз



бет16/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
24. Қазақ әдебиетін бүгінгі көзқарас тұрғысынан бағалаңыз.
Қазіргі таңда әдеби сынның тоқырап тұрғаны рас. Көптен бері терең аналитикалық, биік, әдеби, эстетикалық деңгейдегі сындар көрінбей кетті. Поэзилық керемет дамып кетті деп жатыр біреулер. Бір қарасаң расында солай сияқты. Өлеңдердің поэтикалық ырғағы да, ұйқастары да мығым. Өлең техникасы да қатып тұр! Кез-келгенөлеңдерінде аллетерация мен ассонансты, әріп, дыбысәуезділігін, үйлесімін қырық құбылтып, құйқылжытып, зыройнатып, ерттеп мініп алғандары қаншама!
Посмодерндік реңдегі өлеңдер де жетіп артылады. Осы жерде ой мен сезім бірлігі тоғысқан өлеңдердің азайып бара жатқанын айтуға тиіспіз. Қалайда поэзия көркемдік қуатын табуға тиіс. 
Қазіргі проза әлсіреп кетті деген де пікірлер бар. Оның біразының объективті, субъективті себептері бар.Қоғамдық-әлеуметтік құндылықтардың өзгеруі, өтпелі, өлара кезең, жаңа дүниетанымдық, әдіснамалық, көркемдік әдіс мәселесінің дағдарысы (социалисттік релизм әдісінің тарих аренасына кетуі), нарық қыспағы т.б. Алайдатәуелсіздіктің алдында, тәуелсіздік жылдарында проза жанрында іргелі, сүбелі дүниелердің туғандығын айтуымызқажет. Мысалға Бекежан Тілегеновтың «Қара жел», «Сексеналтыншы жыл» романдары, Рофаэль Ниязбековтың «Тасқұдайлар» романы, Мұхтар Мағауиннің «Жармақ», «Сары қазақ» романдары, «Қыпшақ аруы» хикаяты, «Талайсыздар», «Тамыздан соңғы әңгімелер» әңгіме-циклдары. Қабдеш Жұмаділовтың «Дала Прометейі», «Таңғажайып дүние» романдары, Тұрысбек Сәукетайдың «Ай қараңғы», Әлібек Асқаровтың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», Асқар Алтайдың «Сират» романдары, Тұрсынжан Шапай, Роза Мұқанова, Асылбек Ықсан, Айгүл Кемелбаева, Гүлзат Шойбекова, Жанар Әбдішова, Мәдина Омарова, А. Мантаева, Думан Рамазан, Жарас Сәрсектердің көркем әңгімелері қазіргі көркем прозаның айшықты үлгілері екені даусыз. «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарытарихи тақырыпқа арналған романдар да көп жарық көрді.Олардың қатарында Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Қалмұқан Исабаевтың «Серт», «Шоң би», Кәдірбек Сегізбаевтің «Беласқан», Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз», Хасен Әдібаевтің «Отырар ойраны», ЖанатАхмадидің «Шырғалаң» романдарын атап өтуге болады.Бұл да болса,әдебиеттің «жабық»тақырыптарға еркін қалам тартуы деп қабылдауға болады»- дейді Айым Бектұр.
Сыншы,әдебиеттанушы Анар Қабдуллинаның айтуынша,тәуелсіз әдебиеттің басында Тыныштықбек Әбдікәкімов,Рахымжан Отарбаев, Роза Мұқанова, Әлібек Асқаров, Ұлықбек Есдәулет және т.б. тұр.
Қазіргі қазақ прозасында постмодернистік сипаттағы шығармалар туа бастады. Мысалға М.Мағауиннің «Қыпшақ аруы», «Жармақ», Т.Әбдіковтың «Парасат майданы» сияқты шығармаларда тұлғаның екіұдайлығы (амбивалентті), тұлғанның қос жарылуы сияқты сипат белгілері бар. Айнала, ортаға, шындыққа деген адам табиғатындағы қарама-қайшы сипаттар (дуалистік, амбиваленттік) құбылыстар, екіұдай сезімдер, көзқарастар, тұжырымдар, позициялар кейіпкерлер тұлғалары тосын белгілер арқылы ашылады. Әдебиеттегі осы тың үрдіс боп саналатын ағым сипатында жоғарыда аттары аталған М.Мағауин, Т.Әбдіков сияқты қаламгерлерден басқа Т.Шапай, А.Ықсанов, Д.Амантай, А.Жақсылықов, А.Кемелбаева, А. Мантаева, М.Омарова сияқты жазушылардың шығармаларын жатқызғанымыз абзал. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет