21. Қазақ прозасындағы тұрмыстық-этнографиялық көріністерге арналған шығармалардың тақырыбы, идеясы, авторлық ұстанымын айқындаңыз. М.Ысқақбаевтың «Ұят туралы аңыз» повесі сонау бағзы замандардан да əрідегі біздің бабаларымыз тəу еткен «Тəңірі» туралы əңгімеленеді. «Ол өзі бір Жақия да, Бұдда да, Иса да, тіпті Алла-тағаланың өзі де адам санасынан орын тебе қоймаған кез еді. Не жанарымызға сыймайтын, не ақылымызға сыймайтын бүкіл мына жарық дүниені де, Адам ата мен Хауа анадан өзге тірі пенде көріп-білмеген, көзге де, көңілге де қараңғы о дүниені де Тəңірі жеке-дара билейтін».
Ғ.Мүсіреповтің «Ана туралы жыр» əңгімесі алғашқы адамның пайда болуы Адам ата мен Хауа ананың алғаш жер бетіне түсіп, ұрпақ жаюы туралы. Мұны əңгімені фольклорлық пайыммен гениологиялық мифке жатқызуға болады.
М.Ысқақбаевтың «Ұят туралы аңыз» повесіндегі орталық негізгі кейіпкер Тəңірі болса, бұл шығармада Алла бейнесі берілген. «Ұят туралы аңызда» Тəңірінің екі періштесі Кесепат пен Шарапат болса, Ғ.Мүсіреповтің «Ана туралы жыр» повесінде Алланың бес періштесі болады. Екі повесте де бір Құдіретті күшке бас ию, тағзым етіп табыну. Екі автордың да авторлық идеясы – бағзы заманнан келе жатқан Тоныкөк, Күлтегін жырларымен үндесіп жатқандай.
«Жоғарыдағы Көк Тəңірі, Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің ортасында адам баласы жаратылған...»
Бұл повесті көне діни аңыздық сюжетке құрылған, мифтікбейнелермен толықтырылған жасампаздық рухани шығарма деп қарастыруға болады. Сонымен қатар бұл шығармада ар, ұждан, ізгілік, ақыл, қанағат ұғымдарын мəңгілік мəселелерді қамтиды. Егер адам бойындағы қанағат аттымінез өз күшін жойса, ардан, ұяттан безіп күнəға бататындардың жосықсыз көбейетінін мегзейді.
Ə.Кекілбаевтың «Күй» повесінде ежелгі аңыз-əңгімені, өткен күннің елесін ой елегінен өткізіп, бүгінгі күннің көкейкесті мəселелерін қозғайды. Жазушы ескі аңызды қайта жаңғыртып, қайта баяндап қана қоймайды, оған философиялық, психологиялық реңк үстемелей отырааңыздың əлеуметтік сипаты, (қырын) ашады. Шығармада ежелден қоңсы отырған бірде жауласып, бірде татуласып, талас-тартыспен күшін көрген қазақ пен түркімен арасындағы бітіспеспен жаулығы сөз болады. Бітімгекелмей, тек қана жауласумен болған, өзара сыйыса алмай, ұғыса алмай өткен екі бауырлас жұрт талай тауқыметті бастан кешіріпті, бірінбірі кешіре алмапты. Автор талайзамандар бойы қазақ даласы мен түркімен құмдарындағы зорлық-зомбылықтың неше алуан түрі: алып кету, шауыпкету, жер дауы, жесір дауы, жазушының ең ауыр сұмдық түрі – мəңгүрт жасау сияқты аңыздық желілерді шеберқолдана білген.
Шығармада түркімен батыры Жөнейттің қолға түскен тұтқын жас өспірімдерді мəңгүртке айналдырып, жаулықтың, дұшпандықтың ең ауыр да сорақы үлгісін көрсетеді. Бағзы заманнан адам баласына неше түрлі қиянат зұлымдық-əрекеттер жасаудың ішіндегі ең сұмдығы, ең шектен шыққаны – адамды қинап, мəңгүрт жасау болыптабылады. Мəңгүрттіктің қасында басқа зұлымдық, жауыздық дегеніңіз түк емес. Бұл қорлау – мəңгүрт жасап, жеңген жауының тұқымын құрту, болашақтың тамырынабалта шабу мақсатында жасалған мəңгілік азап. «Кенеттұтқын балалардың бірі артындағы тұтқынның кеудесіне екішекесін алма кезек ұрғылап шыңғырып жіберді. Ақ тайлақтың терісі күнге күйіп, тырысып барады. Қаудырап кеуіп жатқан түйенің кеуі бас сүйекті сытырлатып шаға түсті. Қазір-ақ ұн қылып уатып жіберетіндей. Басқа тұтқындар да бебеулей бастады» [5. 225].
Автор повестің сюжет желісіне мəңгүрттік туралы аңызды орынды ала білген. Жауласқан елдер тарихында мəңгүрттік жəне мəңгүрт жасау ежелден бар екендігі белгілі. Бұл жайлы кейбір мəліметтер ауыз əдебиеті нұсқаларында кездеседі. Мысалы қырғыздың əйгілі «Манас» жырында да жас балаларды алып қашып кетіп, олардың басына шіребайлайтыны жайлы айтылады. «Кепеш кигізу», «шіребайлау» дегенді мəңгүрттікпен қатарластыра алуға болады. Төл əдебиетімізге, жалпы өз кезеңінде, одақтық əдебиетке мəңгүрт ұғымын алғаш алып келген қаламгер Əбіш Кекілбаев.
«Олар бір апта бойы осылай зар илеп, шыңғырды да жүрді. Сосын бастарына шаш шықты, ол түйенің көнінен өте алмай, қайтадан бастың құйқасын тесіп кері өсті. Алтытұтқын елі қайда, жері қайда екенін білмейтін мəңгүртке айналды. Жүре-жүре тілден де айырылды. Түйемен біргеөреді, түйемен бірге келеді» [5. 225].
Автордың айтпағы əр заманның, əр қоғамның өз мəңгүрті болады деп ой түйдіреді. Патша үкіметі тұсындағы бертінкеле, Кеңес Үкіметі тұсындағы күшпен енгізілгенотаршылықтың таз кепеші мəңгүрт болып жалғасын тапты. Бүгінгі күні ешкімнің зорлық-қорлығынсыз-ақ туған тілімізден, дінімізден айырылған, тегін білмейтін «шала қазақ» дейтін - «рухани мəңгүрт» ұрпақ дүниеге келді. Автор танымы рухани мəңгүрттік мəңгүрттіктің ішіндегі аса қауіптісі деген байламға көз жеткізеді. Ежелгі аңыздағы тарихи шындыққа сүйеніп, жазушының өткенді шолып, болашаққа жасаған ишара – тұспалы аңызбен астасып, қазіргі күнмен үндесіп, психологиялық – параллелизм тұрғысынан мəні ашыла түседі.