Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Антропологиялық тәсілде жазылған әңгімелерге талдау жасаңыз



бет15/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

23. Антропологиялық тәсілде жазылған әңгімелерге талдау жасаңыз. 
Көркем антропология  – төл әдебиетіміздің аз зерттелген саласы болып табылғанымен, оны өнертанудағы тіптен жаңа бағыт деп санауға болмайды. Өйткені ол жеке өнердің теориясы мен дағдысын зерттеуде антропологиялық ғылымның жетістіктерін жинақтайды. Көркем антропология өнертанудың басқа бағыттарымен тығыз байланысты болғанымен, әдебиет теориясының жеке бір бағыты ретінде де қарастыруға болады.Атап айтар болсақ, тарихи және теориялық поэтиканың – теориялық поэтика мен сюжетологиялық, характерологиялық, стилистикалық ауқымын саралауда көркем антропологияның орны бөлек екенін атап өту қажет.
Көркем антропологияны зерттеу, әр кезеңдегі әдеби процесстегі жазушылар шығармашылығындағы антропологиялық образдарды айырып қарау әдебиеттегі адам бейнесін тарихи, типологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы аспекте танып-білуге мүмкіндік береді.
Гүлзат Шойбекованың «Бұрым» әңгімесі шап-шағын, бар-жоғы екі-ақ беттік әңгіме. Әдемілікті қадірлей де, әдемілікке сүйсіне де білетін қазақ – қос өрім, тілерсекке түскен бұрымды көргенде үлкен-кішіміздің, еркек-әйеліміздің бәріміздің таңданып, сүйініп еріксіз көзімізбен қимай шығарып салатынымыз да рас қой. Шаш – әйел көркі. Бұрымды қыз бүгінгі ұрпақтың арасынан қырық қаздың ішіндегі жалғыз аққудай некен-саяқ.
Жалпы қазақ халқы адамның шашына үлкен мән берген. Қай халық та, қай ұлт та болмасын аяғы ауыр болған күннен бастап шашын қырықпай өсіретін аналардың ырымын жақсы білеміз. «Шашымды қырықсам, болашақ баламның өмірін қырққаным» деп қорқатын ана танымы қаншама уақыт, қаншама техника ғасыры келсе де еш өзгерген жоқ. Урбанизация, глоболизация , феминизм, гендерлік деп желпінетін, неге болса да даяр тұрған, жаңаның бәрін қабылдауға, еліктеуге даяр тұратын біздің әйелдік санамыз аяғымыз ауыр болған кезде шаш қырқпауға келгенде тым тұрақтымыз. Мейілі ол белгілі қоғам қайраткері, атақты өнер жұлдызы, тіпті қатардағы әйел, кешегі мектеп қабырғасынан шыққан жас ана болса да өздерінің жас ерекшеліктеріне қарамастан өз ұстанымдарына тым беріктігіне таң қаласыз. Қысқа шаш қиюдың себебін жас көрінеміз, заман талабына, сәндік сұранысқа сай және ыңғайлы деп сылтаурататын әйелдер қауымы аяғы ауыр кезде тым көнбіс, өз еркімен және саналы түрде көнгіш. Бұл да болса ананың баласының алдындағы асқан жауапкершілігінде, құдіретттілігінде жатқан шығар. Ауа райындай құбылмалы әйел психологиясының осы мәселедегі тұрақтылығына таң қаласыз.
Сәби дүниеге келгеннен кейін, оның қарын шашын ырымдап қолы-жолы жеңіл болсын деп сыйлы адамға алдырған және ол шашты адам аяғы баспайтын зәулім ағаштың түбіне немесе таудың ұшар басына көмген. Зәулім ағаштан, тау басында аспан тәңіріне жақын жатқан шаш айдың сәулесінен, күннің шуағынан күш-қуат алып, иесінің жолын ашады деп сенген.
Автор шағын әңгімесін:
«Бұрымыңды кескенің – ақылыңды кескенің», – деді әкесі.
«Бұрымыңды кескенің – өмір жолыңды кескенің», – деді анасы.
«Бұрымыңды кескенің – жаңа өмірге келгенің», – деді құрбысы
«Осы үшеуінің қайсысы әулие» деп ойлады ол». (1.) деп бастайды. Жазушы кейіпкерінің түн баласына бұрымынан қорлық көріп, кірпік ілмей шығатынын, қылқындыра тұншықтырып шошып оянатынын баяндайды.
Бұрымды қыздың жан арпалысы мына күрделі тіршілікте қайтсем, адамдарға соның ішінде туғандарына, тіпті өзіне зиянын тигізбей бұрымынан құтылсам деген ой. Оның шашын қимақшы болғанын әркім әр қалай түсініп, сол түсінігіне орай өз пайымдауларын қыз санасына сіңіріп әлек. Сондықтан да өз-өзіне сенімсіз, тіпті айналасындағы адамдардың айтқанынын қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін де ажырата алмай ойы сан-саққа кетіп басы қатып жүрседе сырт көзге біртоға көрінетін кейіпкер болмысының қалыпты күй-қалының өзі – жан мазасыздығы. Әңгіме адам жанының, тақырыпқа орай бұрсақ, әйел жанының дисгармониясы, оның арман-мұраты мен қимыл-қаракетінің дисгармониясы неден басталған деген сауал төңірегінде ой тастайды.
Гүлзат Шойбекованың «Бұрым» әңгімесіндегі қазіргі қазақ қызының типтік моделі өзгешелеу болып келеді. Жазушы бүгінгі әйел тағдырын ой өзегі ете отырып, уақыттың өзі тудырған бұл модельдің жан дисгормониясына үңіледі де, бүгінгі ұлттық таным шындығын мегзейді. Рухани тәуелсіздігін тәңір тұтқан, бұрымы – өмірінің мәніне айналған сезімтал жанның тағдырына, көңіл-күй амплитудаларына автор еріксіз көңіл тоқтаттырады.
Суреткердің алып отырған көркемдік деталі ұтымды шыққан. Бұрым – деталь қызметін атқарғанмен, символға айналып отыр.
Бұрым – қазақ әйелінің сұлулығының, ұлттық бет-бейнесінің, танымының белгісі іспетті.Шаштың құдіреті неде сонда? Фольклорлық туындыларымызда қазақ қызының архетипі жыр-дастандарда, өлеңде өшпес этнографиялық таңба болып асқақ бейнеленген.Фольклорда қазақ әйелінің асқан салтанаты, керім кербездігі өз көркемдігімен кеңінен орын алған.
«Ер Тарғын» жырындағы:
«...Бұқар барсаң қолаң бар,
Қолаңды көр де шашым көр.»(2.)
«Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты,
Шашының ұзындығы ізін басты.» (Қозы Көрпеш – Баян сұлу.226-б.,)
Бүгінгі таңда әйел затының жан дүниесінің, психологиясының, тіпті сыртқы түр-тұлғасының өзгеруі заман ағымынан туындап отыр. Жазушы адам бойындағы әлеуметтік, психологиялық өзгерістердің уақыт пен заман дамуынан туындап отыратынын да естен шығармайды. Құрбысының «Бұрымыңды кескенің – жаңа өмірге келгенің», – дегені де сондықтан шығар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет