Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Тақырыбы: Балалық шақтың пәктігін, балауса кездің шаттығын жырлау Идеясы



бет66/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

Тақырыбы: Балалық шақтың пәктігін, балауса кездің шаттығын жырлау
Идеясы: өз таңдауы арқылы қазіргі қоғам жағдайынан хабардар ету, қала өмірінен сыр шерту
Өлеңдегі көңіл күй: Сағыныш, өкініш, жатсыну жалғыздық
Жатсыну/жалғыздық: 
Қайыр таппай қам көңіл қамыққанда
Даңғазадан ми шаршап жалыққанда;
Аңсап жатып ауылды ұйқтаймын да, 
Мал баққым кеп оянам жарық таңда.

90. 1960-90 жылдардағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері
Жалпы қазақ әдебиетінің даму тарихына көз жүгіртсек, әріден келе жатқан ақын-жыраулар кезеңін алмай, діни-ағартушылық, демократтық, ұлт-азаттық көтеріліс, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі әдебиетпен салыстырғанда 1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиет өзіндік ерекшеліктерге ие.
Бұл ерекшеліктер: жаңашыл көзқарас, жаңа заман, жаңа бағыт.
Қаламдары қатая, шығармашылықтары шыңдала түскен қылқалам шеберлері мен шалқар шабыт иелері тудырған шығармаларда енді жаңашыл пайымдаулар, көзқарастардың белең алуы айқын аңғарылады. Сонымен қатар бұл кезеңдегі әдебиетке тән ерекшеліктердің бірі-жазушышыншылдығы, туынды тарихилығы, шығарма ақиқаттылығы, яғни кешегі күнде көлеңкеде қалып қойған ащы шындыққа сәуле нұрын шашып, өмірді күңгей жағынан алып, боямалап көрсетпей, қоғамдағы маңызды мәселелерді барынша шынайы көре аламыз.
Кешегі күнде әдебиеттің қайнар көзі болған ел тағдыры, жер тағдыры, отарлау саясаты, майдандағы жауынгертағдыры сынды мәселелер енді қазақ қоғамына келебастаған жаңашылдыққа ұласа бастады. Сол тұста жарық көрген роман болсын, өлең сөз туындылары болсын тек тақырып жағынан ғана ерекшеленбей, сонымен қатар сюжеттік-композициялық, идеялық-көркемдік тұрғысынан да, яғни шығармадағы каһарман бейнесін сомдауда, дәуір ерекшеліктерін танытуда өзіндік жаңалықтарға ие.
Тілге тиек еткен мал шаруашылығы, тың игеру, егіншілік, өндіріс жұмыстары, күнделікті күйбең тіршілікқарбаласындағы қара жұмыс адамының образын жасаубарысында сол кездегі дәуір көрінісін бейнелей келе, әдебиетте қазіргі заман шындығын суреттеп, адамның бүгінгі бейнесін танытуға ұмтылады. Сонымен қатар осы кезеңдегі әдебиетке тән бір ерекшелік, бұл-адам психологиясы, яғни адамгершілік қасиеттер: ар-намыс, қажырлылық, жігер, ұят, борыш, еңбекқорлық сындырухани құндылықтар мен іштарлық, көре алмаушылық, жемқорлық, жағымпаздық сияқты жағымсыз мінездерарпалысып, замана сомдаған адам бейнесін айқын танытады.
1960-90 жылдардағы қазақ әдебиетінің әдеби эстетикалық,саяси әлеуметтік дамуы қадамдай, қарыштай қарқындады. Қаламгерлер қатары молайып, 600-ге жетті. Жалпы қазақ әдебиетінің сол кездегі бүкіл әлемдік көркемдік дамуға қосқан өзіндік өзгешелігін пайымдағанда, ең алдымен, оның жоғары идеялы, асыл мұратты әдебиет екені ойға оралады. Адамзаттың рухани қазынасына айналған шығармалар тек белгілі бір құбылыстар мен байланыстардың, күрестер мен тартыстардың шыншылшежіресі ғана жасап қоймай, сан миллион еңбекші қауымға әділ ұстаз, тамаша тәлімші қызметін де атқарып келеді.
1960-90 жылдардағы қазақ әдебиетінің дүниеге әкелген жаңалығы- билеушісі жағдайдың құлы емес, болашаққа сеніммен қарайтын, халықпен ынтымақтас, өз мүддесін көптің мүддесімен бірлестіре білетін жаңа қаһармандар. Әдебиетіміздің бүкіл өзіндік жүрістері мен келістері, айрықша ажары мен көркі де осы қаһармандарға байланысты. Халықтың қалың ортасынан шыққан еңбекқор, кертартпа кесел атаулымен мәмілеге келмейтін жігерлікүрескер адам–әдебиетіміздің орталық тұлғасы болыпкеледі.
1960-90 жылдардағы әдебиетте проза саласының қарқын алып дамуына үлкен үлес қосқан қаламгерлер М.Әуезов, Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов, С.Жүнісов, З.Шашкин, І.Есенберлин, Қ.Исабаев, тағы басқалар қатарына сөз өнерінің жас күштері Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Ә.Тарази, Қ.Жұмаділов, Д.Исабеков, Ә.Әлімжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Нұршайықов, Х.Есенжановтар қосылды.
Ұлы Отан соғысы тақырыбы сол соғысты басынан кешкен М.Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым»(1947),Б.Момышұлының «Төлеген Тоқтаров», «Біздің генерал» (1963), Ә.Шәріповтің «Ормандағы от», ҚҚайсеновтің «Жау тылында» (1967) атты публицистикалық толғау,роман,повесть,әңгіме, партизан ақын Ж.Сайнның «Жорық жолдары» (1970), Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін»(1973),Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар»(1970), «Ақиқат пен аңыз»(1976), Т.Бердияровтың «Оқ пен гүл»(1967), т.б. алуан жанрдағы туындылардың көбеюі. 
Экологиялық күйзеліске ұшыраған ауылдың экономикалық, әлеуметтік, философиялық тұжырымы Т.Ахтановтың «Дала сыры»(1968),»Боран»(1968), Қ.Жұмаділовтің «Саржайлау»(1978), «Сәйгүліктер»(1984), С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй», Д.Исабековтің «Гауһартас», С.Шаймерденовтің «Селдің екпіні»(1977),З.Шашкиннің «Сенім», І.Есенберлиннің «Көлеңкеңмен қорғай жүр», т.б. шығармаларындағы көрінісі. 1960-90 жылдары жарық көрген Т.Әлімқұловтың «Ақбозат»(1962),»Кертолғау»(1973),»Тұлпарлар тағдыры»(1975) жинақтарында өнер адамдары мен тарландар тағдырының арқау етілуі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет