Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз



бет61/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Үшіншісі, Ұлы Отан соғысының тылдағы жайы. Шерхан Мұртаза соғыс салған қасіретті көріп өскен ұрпақ өкілі. Ол шығармасында 1941-1945 жылдар сипатын "соғысқа аттану, қаралы қағаз, майданға көмек көрсету, тылдағы тынымсыз еңбек" деген ұғымдармен ашып көрсетеді. Ер біткен соғысқа кетіп жатқан шақта әйелдер қауымы тылдағы ауыр енбекті арқалады десек шындыктан алыс кете қоймаспыз. 1940 жылы әйелдердің еңбектегі үлесі 48% болса, 1942 жылы 75%-ға дейін артты. Сандардың өзі сөйлеп тұр. Ал "Ай мен Айшадан" жесір қалса да, жеңісті жақындату үшін тылда аянбай еңбек еткен, балалардын баянды болашағы үшін сұрапыл соғыстың зардабына көндіккен әйел-аналар бейнесін жиі көреміз. Айша - солардың жиынтық бейнесі. Қазақ әйелінің тектілігі мен қайсарлығын, адалдығы мен жанкештілігін бір бойына жинақтаған. Шағарманың қуаттылығы да Айша образынын мықтылығында.
С.Сейфуллиннің « Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық туындысы мұнда 1916 жылғы халықтық қозғалыс пен азамат соғысының қиын күндерін нақтылы тарихи фактілерге сүйене отырып суреттеген де, күрес үстіндегі революционерлердің қайтпас қажырлылықтарын зор оқиғаның ауқымынан алып көрсеткен. Анталаған ақ гвардейцтер мен іштен шалмақ болған ұлтшыл-байшылдардың революция табыстарын жоқ етпек болып, жанталасқан әрекеттерін жазушы өз көзімен көріп, өзі атқарған істерге байланыстыра баяндаған. Осы шығарма төңірегінде С. Мұқанов «Түр жағынан бұл мемуарлық (естелік) шығармалардың тобына қосылады» - деп санайды. Ал Ғ.Мүсірепов «Бұл осы күнге дейін маңызын жоғалтпаған, келешекте де үлкен орны бар еңбек. Рас, бұл бір жағы көркем әдебиетке, бір жағынан публицистикаға жатады. Рас, бұл басынан аяғына дейін сұрыпталып шыққан біріккен де нәрсе емес. Әйткенмен, бұл Қазақстан топырағында, Одақ пролетариаты етегінде жүріп Октябрь төңкерісін орнатуға Қазақстан еңбекшілерінің қалай күрескендігін толық көрсете алатын еңбек... Әрине, бұл еңбектің мазмұнында да, көркемдігінде де сынайтын нәрселер бар. Әйткенмен, Октябрьдің Қазақстан жеріндегі сипатын бұл кітаптан толық көретінімізге оның өте қомақты, ірі еңбек екеніне ешкім таласа алмайды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет