80. Ғұмырнамалық (мемуарлық) шығармалардағы автор бейнесі
Мемуарлық шығарма, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Ғұмырнамалық шығармалардың бір жүйесі – «автобиографиялық» туындылар. Бұл жүйедегі шығармалардың авторы кейіпкері атының өзі-ақ айтып тұрғандай – өмірі сипатталатын адамның өзі. Автобиографиялық туындылардың бір ерекшелігі – автор мен кейіпкер бір болып келеді. Автор көбіне өз өмір дерегінен ауытқымай, формасын тауып сөйлейді. Автобиографиялық шығармалар көп желілі болмай, көбіне бір-екі тармақты ғана болып өрістейді. Мәселен, Ғабит Мүсіреповтің өз өмірінен жазған шағын формалы туындысын «Автобиографиялық әңгімесі» деп атағанын білеміз. Ғұмырнамалық шығармалардың тағы бір жүйесі – мемуар.
Қазақ ғұмырнамалық романдарының ішінде көлем мен көркемдігі тұрғысынан ерекше деп танылатын Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым», М. Мағауиннің «Мен», Қ. Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» романдарының қоғамдағы тарихи кезең ақиқатын бейнелеудегі шеберлік қырлары ерекше. Мемуарлық шығармада автор сол суреттеліп отырған кездегі мәселелердің өзінің басынан қалай өткенін көрсетеді. Мысалы, Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы Барсханның (автор) әкесіне «халық жауы» деген жала жабылуы, әкесінен айырылып қалуы, анасы мен бауырларының азап шегуі, ақшаның жоқтығы, соның саларына туған аштық. Сол кездегі адам еңбегінің, ерлігінің бағаланбауы. Әйел азаматтарының аянбай еңбек етуі, оттықтың, жем- шөптің жоқшылығы сынды мәселелер көрініс табады. Және мұның бәрі автордың басынан өткен негізгі оқиғалар . Шығармадағы заман шындығын негізгі үш топқа бөлуге болады.
Біріншісі: 1932 жылдардағы аштық.
Екіншісі, аштықтың ізін шала келген кесапат 1937 жылғы "халық жауларын" қудалау. Автор «Сол бір жаламауыз күн 1937 жылдың қысы еді»,- деп әкесі Мұртазаны жазықсыз қаралаған күнді баяндайды. Ал статистика 1937-1938 жылдары 135 мың қазақ интеллегенциясы саяси репрессия зобалаңының құрбаны болды дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |