Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Басталуы: Ләйләнің терең сайға келіп, Аймен сырласуы. Байланысуы



бет58/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66
Басталуы: Ләйләнің терең сайға келіп, Аймен сырласуы.

  • Байланысуы: Әпкесі Қатираның зәбір көрсетіп, мазақ етуі.

  • Дамуы: Бала кездегі досы Құмарды тойда елестеуі, ойша би билеуі.

  • Шиеленісуі: Көрші аудан басшыларының келуі.

  • Шарықтау шегі: Ләйләнің жүрегі қан жылауы, төсек тартып қалуы.

  • Шешімі: Ләйләнің Аймен, өмірімен қоштасуы, Айдың тұтылуы.



    78. Бүгінгі күн тақырыбына жазылған шығармалар . Тақырып. Мазмұн ерекшеліктері
    Қазіргі қазақ әдебиетіндегі шығармаларға тәуелсіздік алған жылдан бері қарай жазылған шығармаларды жатқызамыз. Бұл шығараларды қазіргі замандағы негізгі мәселерді арқау ете отырып жазылған. Мысалы, Жазушы Қ.Әбілқайырдың «Ұмыт мені» кітабындағы «Қағаз қала», «Бәрін де Басекем біледі...» дейтін сатиралық әңгімелері бүгінгі қоғамдық-саяси жағдайлар мен соған сәйкес мінезқұлықтарды баяндайды. Ал қыста салынған 30 қабатты үй күн күрт жылынғанда, терлеп-тепшіп төмен түсе береді. Сӛйтіп, 25- қабатқа жетеді. Суықта қақырай жарылады. Бұл төтенше жағдай ешкімді селт еткізбейді. Келуге тиіс мекемелер мен жауапты тұлғалар жоқ. Келсе де кешігіп келеді. Айтатын уәждері ақылға қонбайды. Қысқаша айтқанда, тіл мәселесі, қауіпсіздік (жедел жәрдем, полиция, өрт сӛндірушілер т.б.), сосын құрылыс жұмыстарындағы жӛнсіздіктер ащы юмормен баяндалады. Осыған ұқса Ерболат Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік...» әңгімесін де жатқыза аламыз. Мұнда екі жастың қала аралап пәтер іздеуі, пәтер құнының қымбатшылығы, адамдардың алдап кетуі сынды мәселелер сөз етіледі.
    Қазіргі қазақ романдарына Д.Исабековтың «Қарғын», Ш.Мұртазаның «Қара маржан», І.Есенберлиннің «Ғашықтар», Шәрбану Құмарованың «Әйел шығарғы», Әкім Таразидің «Қорғауын жұлдыз», М.Мағауиннің «ЖАРМАҚ» сынды шығармаларды жатқыза аламыз.
    Ілияс Есенберлин “Ғашықтары” Аяужандай сүйгеніне адал болуға, қиындыққа мойымай, армандарың орындалуы үшін талмай еңбек етуге үйретеді. Аласы мен құласы көп қысқа ғұмырда ғашықтықтың машақатын бірге тартқан Жантас пен Аяужанның ұшқын сезімдері арқылы «Махаббат – адамның ұлы қуаты,ұлы сенімі» екінін көпшілік көрерменге жеткізу. Жас қыздарға сабақ болу мақсатында жазылған шығарма.

    Тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерген Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов, К.Ахметова, С.Жиенбаев, И.Оразбаев, Т.Медетбеков сияқты ақындардың қатарын бүгінде Г.Салықбаева, С.Нұржанов, Б.Үсенов, Б.Жақыпов, Т.Көпбаев, Ж.Әскербекқызы, Т.Досымов, О.Тұржанова тәрізді ақындар толықтырды.


    Тәуелсіздік тұсындағы қазақ прозасына белсенді араласып жүрген Ш.Мұртаза, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, Т.Рыскелдиев, Ә.Сараев, Т.Тілеуханов, Т.Нұрмағамбетов, Ұ.Доспамбетов, Н.Дәутайұлы, Ә.Асқаров, С.Асылбекұлы, Ж.Шаштайұлы, Р.Отарбаев, Қ.Түменбай, Н.Ақыш, М.Байғұт, К.Рахымжанов, А.Кемелбаева, Ж.Қорғасбек, А.Алтай, Д.Амантай, Д.Рамазан тәрізді жазушылардың қатары Мәдина Омарова, Лира Қоныс, Мақсат Мәлік, Дархан Бейсенбек, Арман Әлмембет, Алма Мырзахмет, Әлібек Байбол, Алмас Нүсіп, Әсем Қоспағарова, Үміт Зұлхарова, Мирас Мұқашев, Айнұр Шамшейітова, Аягүл Мантаева, Бейбіт Сарыбай, Ерболат Әбікенұлы, Мәлік Отарбай, Мәди Алжанбай, Қанат Әбілқайыр, Қанат Тілеухан, Нұрлан Қабдай, Мерей Қосын сынды жас жазушылармен толықты.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет