Қазіргі әлемдегі Қазақстан Курстық жұмыс Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты



бет3/10
Дата15.02.2023
өлшемі343,97 Kb.
#68267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қуатбай Гульвира 12B

1-диаграмма.
Зиян кешудің түрлері

Берілген диаграммадан алынған ақпаратты қорытындылайтын болсақ, зорлық-зомбылықтың жарты пайызын Көңіл бөлмеу, елемеу бөлігі алып тұр (57.41%), бұл бізге балаға көңіл бөлудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді яғни барлық нәрсе қарапайым нәрседен басталып, ары қарай өрбуі мүмкін. Екінші кезекте физикалық күш көрсету яғни ұрып-соғу 19.66%көрсетті, мектеп жасына дейінгі бала үшін ұрып-соғу өмір бойына қалатын жаман естелік, психологиялық ақауларға әкеп соқтырады. Тіпті, сүйіспеншілікті сезіне алмаған бала болашақта өз ұрпағына ашылуы қиын болады. Үшінші орында 18.50%бен эмоционалды қорлау яғни баланың жеке өміріне өтіп, оны мазақ қылумен қатар кекету, ата-анасына байланысты ауыр сөздер айту секілді баланың санасын улау. Соңғы кезекте жыныстық жолмен қиянат келтіру - 4.43%, бұндай жағдайлар Қазақстанда көптеп кездеседі, мысалы 2019жылы аты шу болған 5 жасар қыз бен оны зорлап келген әкесі туралы еді, ондағы қыздың жүкті болып қалуы халықты үлкен уайымға салдырған болатын. Жалпы, бұндай жағдайлардың болып жатқаны қаншама, біреуісі мәлім болса, біреуісі үндемеуді жөн санаған адамның жүрегінде шу болып қалатыны сөзсіз.



  1. БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТАПТАЛМАУЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ, ШЕШУ ЖОЛДАРЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

    1. Мәселенің тиімді шешілуі және мемлекет тарапынан жасалып жатқан қадамдар

Балалар құқығын қорғауға келгенде Қазақстан Республикасының балалар құқығы туралы қабылданған Заң мен Конвенцияны айтып өту жөн. Жалпы, Заңда балалар құқығы туралы 10 тарау, 53 бап бар. Балалар құқығын қорғау жөніндегі барлық шешімдер мен әрекеттер Қазақстан Республикасының Үкіметімен жүзеге асады. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 10-тарау 50-бабында Заңға қайшы әрекет, балалар құқығын бұзушылық орын алған жағдайда кінәлі адамдар жасаған қылмыстың ауырлығына қарай жауапқа тартылады, мысалы ата-ана міндетін талапқа сәйкес орындамаған жағдайда ата-аналық құқығынан айырып қана қоймай, соттың шешімі бойынша төлемақы төлеуі қажет болады[7].
Қазақстанның балалар үйінің статистикасына келер болсақ, Жетім Балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған 101ұйым, Денсаулық Жүйесіне қарасты 20ұйым, Халықты Әлеуметтік Қорғау Жүйесіне қарасты 18 ұйым, Білім Беру Жүйесіне қарасты 63 ұйым бар. Қазіргі таңда бұл ұйымдар өзіндік функциялары атқару арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың құқығын қорғауына үлкен үлес қосуда[8].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет