1-ақпараттық көрсеткіш Балалар үйінің 10 жыл ішіндегі көрсеткіші
Соңғы мәліметтерге сенетін болсақ, 6 айда балалар арасында 105 суицид саны болған деп хабарлайды ASTANA NEWS[9].
1-гистограмма Балалар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші
Дәл осы сәтте 2020жылы 14желтоқсанында өткен балалар арасындағы суицидтің алдын алу іс-шарасында балалардың күнделікті өмірдегі мінез-құлқын, кез келген туындаған мәселеде өз-өзін ұстай алу қабілетін зерттей отырып, алдағы таңда суицидтің орын алуына қарсы тренинг өткізген болатын. Ондағы басты мақсат – Қазақстанның жастарын, келер ұрпақты қорғау мақсатында дұрыс бағытта тәрбие беру, қоғаммен осы мәселемен таныстырып, өзектілігін көрсету, ең бастысы отбасы мүшелер арасындағы кикілжіңнің болдырмауын алдын алу болып табылады. Құрылған ұйым мен өтілген іс-шараның жұмысы мен атқарылған еңбегі күтілетін нәтижеге әкелді, мәселен интернет кеңістігінде түрлі челлендждердің пайда болуы (көбінесе еріктілікті ұран ету және спорттық шараларды дамыту мақсатында), түрлі байқаулардың өткізілуі (бейнероликтер түсіру, көптеген өнер түрімен қойылым көрсету) және т.б.
Балалар құқығын қорғаудың тағы бір жолы – «Халықаралық Балалар Күнін» тойлап өту. 1949жылы Халықаралық Әйелдер Форумында өткен сессия бойынша 1-маусым күнін Балалар Құқығын Қорғау күні болып жарияланды. Алайда, мемлекет тарапынан жыл сайын балаларды қорғауға қаншалықты ақша жұмсалғанын айтпауы үлкен күдікті тудыртады. Аружан Саин, қайырымдылық қоғамының директоры, тележүргізуші, «Балаларға жұмсалатын мемлекеттік бюджет қаржысы ашық көрсетілуі қажет» деп мәлімдеді. Аружан Саинның сөзіне тоқталар болсақ, балаларға жыл сайын спорт, медицина, мәдениетке деп бөлінетін ақша туралы мүлдем нақты мәліметтің жоқтығын айтады. Сол бір күдікті халық арасында сейілту мақсатында Аружан Саин тікелей Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазғанында ашық айтты.
2015жылы Қазақстан Республикасының бюджетінен балалар үйіне 10миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бір баланы асырауға мемлекет ай сайын 150мың теңгеден астам қаржы бөледі немесе жыл сайын 1,5миллион теңгеден астам қаржы бөледі[10]. Ал 20 балаға 30млн теңге кетеді, бірақ 1,5миллионның бәрі баланы асырауға бара бермейді. Соманың бір бөлігі ғимаратты пайдалануға, жөндеуге, жабдықтарды, инвентарларды сатып алуға, қызметкерлердің жалақысына және т.б. кетеді деп есептелінген. Алайда, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары анықтағандай, олардың барлығы мақсатты түрде жұмсалмаған. Қазақстандық жетім балалардың балалық шағы соншалықты бұлтсыз өткенін анықтауға шешім қабылдаған қоғамдық ұйымдардың деректеріне сүйенсек, жетім және мүгедек балалар жылдар бойы жәрдемақы мен алимент алмаған, тамақтанбаған, балаларына мемлекеттік киім киіп жүргені белгілі болды. Дәл осындай мәселелер туындап жатқанда Қазақстандағы Жоғары Билік өкілдері өз жұмысын қаншалықты адал, қаншалықты дұрыс істеп жатқанына күмәнмен қарайтындар саны артады. Сол себепті, бір ел, бір халық болып ұрпағымыздың болашағын дамытуға үлес қосқан жөн.