3.2 Зерттеу әдістері:
Зерттеу барысында қолданылған барлық материалдар электронды ақпарат құралы – БАҚ, ондағы материалдар ресми сайттан алынғаны және шындыққа жанасатыны расталған. Ақпараттың сенімділігін ақпарат сапасының көрсеткіші, оның толықтығы мен жалпы нақтылығы зерттеліп болған соң арнайы парақшаларға салынғаны белгілі, мысалы Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы жазылған ресми сайты, Дүниежүзілік ЮНИСЕФ ұйымының қазақ тіліндегі сайты, Қазақстан Республикасының Телевизиялық телеарнасы - АSTANA NEWS.
Зерттеу жұмысының тәжірибе бөлігінде қолданылған ақпараттарға сүйене отырып, сұхбат сұрақтары құрастырылған болатын. Оның біразы іріктеліп, алынған жауаптарға сүйене отырып, басты ақпарат пен халықтың жалпы пікірі негізделді.
Сұхбатты алудан бұрын керекті аудиторияны таңдау қиын болды, себебі мектеп жасына дейінгі балалардың құқығын қорғау деңгейі туралы көптеген адамдар беймәлім екені анықталды. Сол себепті халықтың атынан жауап беретін жоғары сынып оқушыларын (12 сынып оқушылары) таңдауға тура келді, сондай-ақ халықтың пікірі мен ойын қаншалықты шынайы, шындыққа жанасқанын анықтау мақсатында Керимбекова Салтанат Дуанбековна, Шымкент қаласының тұрғыны, «Бөбек» бала-бақшасының қызметкері, 6 баланың анасы және өз ісінің маманы ретінде сұхбат алынған болатын.
Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балалардың құқығын қорғау деңгейін арттыру мақсатында ат салысып жүрген Аружан Саин және оның командасы осы уақытқа дейін біршама адамдардың басын біріктіре отырып, елімізде аты танылған «Добровольное общество «Милосердие» фондын ашқан болатын. Оның сөзіне сүйенетін болсақ, Заң бойынша демеушілерден жиналған ақшаның 20пайызына дейін жұмсауға құқығы бар еді, бірақ «Балаларға өмір сыйла» жобасы бойынша 100пайызын тек сол үшін ғана бағыттады. Жалақыға ақша керек болса, демеушілерден қаражат сұрай отырып, еңбек ақысын төлеуге ақша керек екенін, емханаға құрал-жабдық алуға ақша керек екенін айта отыра ақша сұрағаны туралы ашық айтты.
Зерттеу сұрақтарынан алынған жауаптарды талқылайтын болсақ, 1-сұраққа 12 cынып оқушыларының ойы бір жерден шықты яғни Қазақстанда балалардың өмір сүруіне жасалған жағдай орташа деңгейден жақсы және болашақта біраз өзгерістер мен дамыту керек пункттарды жақсартады деген ойда. Ал, Салтанат Дуанбековна оқушылардың ойын қолдай отырып, біршама мысалдар келтірген болатын(бала-бақшалар санының артуы, жәрдемақының төленуі, бала денсаулығын жақсарту мақсатында ашылған аурухана, поликлиникалар, ойын-сауық орталықтары).
2-сұраққа келер болсақ, бала тәрбиесіне көңіл бөлінбеудің себебін модернизация, жаңа технологиялардың дамуы деп 1-оқушы жауап берсе, 2-оқушы «ата-ананың өмірінде болған жағдайлар әсер етуі мүмкін, мысалы бала кезінде зорлық көрген адам өскен соң сол нәрсеге байланысты ойы дұрыс қалыптаспауы мүмкін, сонымен қатар зорлық көрсету баланы тәрбиелеуде қажетті деп есептейтіндер де кездеседі» деп ойын жеткізді. Бұндай мәселенің алдын алу мақсатында өз ісінің маманы «мектеп кезінде немесе бала-бақшада ата-ана мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту мақсатында тренингтер жиірек өткізілуі керек» деп есептейді.
Ең қызығы – 3-сұрақта сұхбат алынушылардың ойы бір жақтан шыққан болатын яғни барлығы бала тәрбиесінде ұрып-соғу әдісін қолдау үлкен қателік екенін ата-аналарға жеткізу керек деп есептейді. Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары мәселені шешуде біршама креативті идея ұсынған болатын, мысалы үйдегі беріліп жатқан тәрбиеден бастау алып, мемлекеттер арасындағы бала құқығының бұзылу деңгейінің артуына байланысты дабыл соғып, ерекше қорғау мен күтімді қамтамасыз ететін организациялардың санын арттырумен аяқтау. Алайда, Салтанат Дуанбековна бұл жолдың оңай болмайтынын айтып, әр балаға әр ата-ана жауапты екенін біле отырып, болашақта Қазақстан Республикасына зиянын тидірмейтін шаралар жасау керек деп есептейді. Соңғы сұрақта оқушылардың «Баланың құқықтары - баланың заңды құқықтары» деген тіркеске ерекше көңіл бөле отырып, баланың жасына, өскен ортасына, тері түсіне, ұлтына байланысты кемсітушіліктер болдырмау қажет екенін айрықша көрсеткені таңқалдырды. Дәл осы тұста Салтанат Дуанбековна оқушылармен келісетенін және «Қазақстан бала құқығын қорғауда ешқандай әрекет жасамауда деген түсінікке толықтай келіспеймін» деп қорытындылаған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |