Қазіргі әлемдегі Қазақстан Курстық жұмыс Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты



бет8/10
Дата15.02.2023
өлшемі343,97 Kb.
#68267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қуатбай Гульвира 12B

3.3 Зерттеу қорытындысы
Ғаламтордағы материалдар мен алынған сұхбат нәтижесі бойынша зерттеуге мынандай қорытынды жасалынды:

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың құқығын қорғау деңгейі орташа деңгейден жоғары: денсаулық бойынша поликлина, ауруханалардың ашылуы, арнайы жәрдемақы; білім беру бойынша жаңа мектептер мен бала-бақшалардың салынуы, Назарбаев Зияткерлік Мектептері, Кэмбриждік оқу бағдарламасы; көңіл көтеру бойынша ойын-сауық орталықтары, туристік мекемелер, жыл сайын өткізілетің спорттық және өнер іс-шаралары және т.б.

  • Өзге мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстан Республикасы алдыға және өскелең ұрпаққа деген жағдайы жақсартылған болашақпен қамтамасыз етуі: Құқықтық қабілеттілікке ие болу, Кәмелеттік жас, Пікірдің заңды күші, Кәмелетке толмаған балаларға күтім жасау, Кәмелетке толған азаматқа қатысты бала құқықтарының дәрежесін арттыру, Оқу процесінде мүгедек балаларды әлеуметтендіру және т.б.

  • Елімізде шынайы жанашырлар саны артуы: бала асырап алу, жетімдер үйінің азаюы, ақшалай көмек беру, Аружан Саинның фонды арқылы 30мыңдай балаға медициналық көмек берілгені және т.б.

  • Елімізде бала суициді жыл сайын артып келуде: себеп көп, алайда алдын алу шаралары мен шешу жолдарына қатысты нақты қадамдар шектеулі, себебі әр баланың өмірі әр бөлек.

  • Қазақстан Республикасының Конституциясындағы балалар құқығы туралы тарауында біршама өзгерістерді енгізу арқылы Бала құқығы – Адам құқығы екенін айқындай түсті.

  • Халық тарапынан елімізде болып жатқан біраз мәселелерден беймәлім екені анықталды, оған себеп – зардап көрген жақ үндемей қалуы, Жаңалықтарда көрсетілмеуі, халықтың болып жатқан жағдайға қызықпауы.

  • Бала-бақшадағы тәрбиешілердің балаларға қол көтеруі жиі болмайды, алайда ондай мәселенің орын алуына байланысты жұмыскерлерге қойылатын талаптың күшейгені туралы атап өтілді.



3.4 Бағалау
Керекті материалдар жинақтау барысында көкейімдегі пайда болған сұрақтардың жауабын алу мақсатында сұхбат сұрақтары құрылған болатын. Ғаламтор желісінде Қазақстан Республикасының мектеп жасына дейінгі балалардың құқығын қорғау деңгейі жыл сайын жақсарып келуі адамды қуантады. Сондай-ақ, Аружан Саинның бастауымен ашылған фондтың арқасында көптеген балалар халықтың көмегін көріп жатқаны жүректі жылытады. Алайда, дәл осы мәселеге қатысты ақпарат санының шектеулігі мен қазақ тіліне байланысты біршама қиындықтар туғызды. Оған шешім ретінде басқа тілде ақпарат іздеу керек болды. Барлық ақпарат сенімді сайттар мен арнайы парақшалардан алынған дереккөздер.
Алдағы уақытта тағы да зерттеу жұмысын жасау қажеттілігі туындағанда осы жұмысымның жалғасы ретінде балаларға көмек беріп жатқан ұйымдар мен ондағы қызметкерлермен танысу жоспарда бар, себебі бұл менің білім деңгейім мен мәселені шешуге деген дағдыны арттыруға ықпалын тигізеді.
Зерттеу жұмысы мемлекетіміздегі бүлдіршіндердің шынайы жағдайын анықтауға ықпалын тигізді. Болып жатқан мәселеге байланысты Қазақстанның әр облысында әртүрлі жағдай орын алатыны, көбінесе ірі қалаларда тұрмыстық жағдайдың басқа қалаларға қарағанда жоғары екені анықталды. Мәселенің өзектілігі артпас үшін Жоғары Билік Өкілдері жұмыла біршама стратегия мен шешу жолын іздену керек.
Бұл үшін GAP-талдау қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет