«Қазіргі жасөспірімдер заңды білуде қаншалықты сауатты?»


Жеткіншектер арасындағы қылмыстың азаймауына не себеп?



бет12/18
Дата19.06.2023
өлшемі69,18 Kb.
#102276
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
барлық эссе

Жеткіншектер арасындағы қылмыстың азаймауына не себеп?
Жалпы жеткіншектер арасындағы қылмыс – бұл тәртіпсіздіктің орын алуы, яғни қылмыстың көбеюі.Қазіргі жеткіншектерде ойлау қабілеті дұрыс жетілмеген. Қылмыс түбі – жаза» демекші, кейбірі адам өлтіруге дейін барады. Оның дұрыс қылық еместігін бәріміз білеміз.Ендеше осы жеткіншектер арасындағы қылмыстың азаймауына не себеп болуы мүмкін? – деген сұраққа жауап берейік.
Менің ойымша,жеткіншектер арасындағы қылмысқа ата-анасының да қатысы бар.Егер әрбір ата-ана өз баласына жақсы тәрбие берсе, жеткіншектің қылмысқа бармауы әбден мүмкін еді.Қазіргі кезде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқықбұзушылықта алдына жан салмай тұрған өңірлер бар.Оның саны қазір өзгерген де болар. Кәмелетке толмағандар арасында кездесетін құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау, өскелең ұрпақтың адамгершілік – рухани қасиетін, салауатты өмір – салтын қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі.
Ең алдымен, мына баптарға назар аударатын болсақ, “54-бап: Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса ескерілуге міндетті;52-бап: Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.”Жалпы бұл баптарда жеткіншектердің мүддесі жайында екенін көріп отырмыз.Бұл баланың құқығын қорғаудағы міндеттемелер.
Сонымен қатар, біз Қазақстанның Орта Азиядағы балаларға арналған әділ сот жүйесіне көңіл бөліп отырған жалғыз мемлекет екендігін білеміз. Жасалып жатқан реформалар нәтижесінде 2009 жылдан бері бас бостандығынан айырылған балалар саны 449-дан 2017 жылы 49-ға дейін кеміген екен. Жеткіншектер арасындағы қылмыстар едәуір азайыпты. Бірақ, оларға қатысты физикалық әрі психологиялық қысым әлі де бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қоры мен Еуропалық Одақ және біздің Үкімет бірлесіп, сол мәселені түпкілікті зерттеп, түбегейлі шешуге кірісіп кеткен. Мамандардың пайымдауынша, елімізде балаларға қатысты жақсы заңдар қабылданып жатыр. Бірақ, заңның белгілі бір нормалары іске асырылмайды.
Қорыта келгенде, жеткіншектердің яғни заманауи жастардың жасап жатқан әрекеттеріне және тәрбиесіне баса назар аудару керек.Қазіргі жас жеткіншекке қамқор болу – әрбір ата-ананың міндеті.Жас жеткіншек өз жасап жатқан әрекетіне абай болуы тиіс.Қылмысқа көп бара бермей,мына қазақ жерінің мықты патриоты болатын азамат болады деп сенеміз!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет