Саралау жұмыстарын ұйымдастыру үшін тӛмендегідей кӛрсеткіштерді ескеру керек:
зейін, ерік, жұмысқа қабілеттілік, логикалық ойлау, танымдық мотивация, сӛйлеудің
Сонымен, саралап оқытуда әлсіз оқушылармен жұмыс барысында сабақтан соң қосымша
дайындалуды талап етпейді. Саралап оқыту процесінде оқушылардың бір топтан екінші
топқа кӛшуі мүмкін. Кӛшу немес ауысу оқушының даму деңгейінің ӛзгеруінен, сабақта
білім алуда қызығушылығының тууына, талаптануда, оқу бағыттылығының жоғарылауы
Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту (RWCT) технологиясы
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезеңін әлемдік деңгейдегі
білім беру тенденциясынан бӛліп қарауға болмайды. Бұл әлемдік деңгейдегі қатынастың
күшейе түсуіне байланысты.
Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі ӛзгерістер үшінші мыңжылдықтың
білімді, саналы жастарын тәрбиеленушілерге үлкен міндет жүктері сӛзсіз. Жас ұрпақтың
жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына,иәлемдік сапа
деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру
– жалпы білім беру жүйесіндегі ӛзекті мәселенің бірі.
Қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің дамуы мен тенденцияларын қамтитын
елуден астам оқыту технологиялары қолданылып жүр. Педагогикалық технологияларды
таңдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:
алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайына сай
болуы;
тиімділігі мен жүйелілігі;
педагогикалық ұжымдар ӛздерінің қалауына сәйкес түрлі үлгі бойынша қызмет
етуіне мүмкіндік алуы.
Қазіргі кезде ортамызда орын алып жатқан оқытудың жаңашыл жобалары осындай
философиялық негізді басшылыққа алған. Олардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап
етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» (RWCT) жобасы.
Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілеттерін аңғаруға топтық жұмыс ӛте тиімді, яғни
сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның
сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін, бақампаздығын дамытып, жеке
тұлға болып дамудың биіктігіне шығуы. RWCT жобасы бұл:
жеке,
жұптасып, топта,
бірлесіп жұмыс істей білу;
оқуда білімді ӛз бетінше іздеу;
білімді терең ұғыну;
теория
мен практиканы біріктіру;
бір-біріне құрметпен қарау, мәдениетті
қарым-қатынаста болу;
ӛз пікірін жақтай,
дәлелдей білу;
ізденіс,
еркін тыңдау,
жеке пікір,
топпен талқылау;
қажет жағдайда кӛзқарасын ӛзгерту және т.б.
Ӛткені сын тұрғысынан ойлау- ең алдымен шығармашылық ойлау болып саналады.
Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың қызығушылықтарын ояту,
Достарыңызбен бөлісу: