алдында ғана тұрған міндет емес, барлық білім беру жүйесіне қатысты. Мысалы: дәстүрлі
оқытумен салыстырғанда проблемалық оқыту барысында объективті себептерге
байланысты нақты материалдың аз ғана кӛлемі оқылады және проблемалық сипатты беру
оқыту оқушылардың әрекеттерін белсендіру мен ынталандыру негізіндегі педагогикалық
Қорыта айтатын болсақ, проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі – оқушылардың
білетіні мен білмейтіндерінің арасында қайшылықтардың пайда болуы және берілген
мәселені міндетті түрде шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық жағдай пайда
болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекеті мен ынта-ықыласы күшейе түседі.
түрі – проблема, проблемалық жағдай, проблемалық есеп, проблемалық сұрақ,
проблемалық жағдай немесе жағдаяттар сияқты ұғымдарды қамтиды
Бақылау сұрақтары:
1. Проблемалық оқыту теориясы дегеніміз не?
2. Педагогикалық технологиялардың арасында проблемалық оқыту қандай орын
алады?
3. Проблемалық оқытудың қандай негізгі ұғымдары бар?
4. Проблемалық оқытудың негізгі мақсаты неде және ол қандай кезеңдерден тұрады?
5. Проблемалық оқытудағы мұғалімнің ролі қандай?
Саралап оқыту технологиясы
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай мұғалімдердің алдында тұрған оқу-тәрбие
жұмысын жетілдіруде, оқушының ӛзіндік,шығармашыл ойлауын дамыту және білім
деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз ету міндеттерін маңызды күрделендірді. Кӛп уақытқа
дейін барлық оқыту және тәрбие әдістемесі оқушының орташа деңгейіне бағытталды.
Онда оқушылар жекелеген тұлғалардан тұрады, яғни олардың әрқайсысы ӛзіне
психологиялық және адамгершілік ерекшеліктері, ӛзінің қызығушылығы мен бейімділігі
бар. Мұндай құбылыстың себебі тәрбиелей және дамыта отырып оқыту тұлғаға тікелей
емес, оның дамуында «ішкі жағдай» арқылы әсер етті.
Ішкі әлемнің алуан түрлілігі әр баланың ерекшелігін анықтайды.Оқушушылардың оқу
процесін ұйымдастыруда мұндай факторларды жеткіліксіз есептеу «оқу үлгерімі орташа
оқушының» пайда болуына әкелеі. Әрбір оқушының ішкі дүниесінің бірегейлігі,оның
ерекше дүниетануы мен танымдық мүмкіндіктерінің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Оқыту барысында оқушылардың барлық ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыратын құрал-
саралау болып табылады.
Саралаудың мәні-оқушыларды бӛлу емес,оларды біріктіруде дер кезінде кӛмек кӛрсету.
Тиімділігі-мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап қана қоймай, осы уақытта әрбір
оқушымен жекеше жұмыс жасайды. Мұнда оқушылар үш режимде: мұғаліммен бірігіп,
жеке және ӛз бетімен мұғалімнің жетекшілігімен жұмыс істей алады.
Отандық мектептерімізде,саралап оқыту технологиясының пайда болу жолын үш
кезеңге бӛлуге болады:
-бірінші кезең-1918-1930 жылдары,саралап оқытуды ұйымдастыруға жалпы амал,тәсіл
іздеу;
-екінші кезең-1930-1990 жылдар, мектептік білім беруді ұйымдастыруда және оны басқару
тұрғысында саралап оқыту пікірінің дамуы;
-үшінші кезең-1990-2000 жылдар,мектептік білім беруді бұқарашылдандыру жағдайында
саралап оқытуды жүзеге асыру үшін жаңа амалдарды анықтау.
20-жылдардың ортасына қарай жаңа тәсіл ӛңделді. Кеңестік мектепте саралап оқытудың
алғашқы формасы дарындылығы бойынша саралау болып табылады. Дарынды
оқушылармен жұмыс тәжірибесінде әдебиеттер мен әдістемелер болмағандықтан, саралап
оқытудың аталған формасы оқушының психикасына, яғни тым ашушаң, қызбалы болуына
әкелді. Бірақ оның жағымды да жақтары болды: үлгерімі нашар және даму жағынан кем
балаларды есіркеу және соған байланысты әдістемелер қолданылды.
Саралап оқытудың келесі формасы-еңбекке баулу курсымен үйлестіруде қабілеті
бойынша саралау. Бұл тәсілдің негізгі кемшілігі: жалпы білімділігін бағаламау. Бұл кезең
саралап оқытудың екі формасымен ерекшеленеді:
-дарынды дәрежесі бойынша саралау;
-еңбекке баулу курсымен үйлестіруде қабілеті бойынша саралау.
30-жылдары кеңестік үкімет барлық оқу-тәрбие процесінде қатаң тәртіп белгілеуді жою
туралы қаулы қабылдайды. Барлық орта білім беру мекемелеріндегі оқушыларды жалпы
білім беруге дайындауға және толық емес орта мектептер үшін бірыңғай талаптар
бекітіледі. Бұл жылдарда мектеп қызметінің бірыңғай оқу жоспары бойынша оқу-тәрбие
процесін құруға және оқу пәндерінің мазмұнын қалыптастыруға бағытталды.
50-жылдардың ортасында орта мектепте саралап оқыту бойынша эксперимент
жүргізудің
дайындық
жұмыстары
басталды.
Бұл
жұмысты
басқарушылар:
М.А.Мельников, А.М.Арсеньев, Н.К.Гончаров болды. Саралап оқыту бойынша
жүргізілген эксперименттік жұмысты ұйымдастырудың негізгі принципі тӛмендегілер
болды:кәсіптік, политехникалық және жалпы білім беру,саралауды жалпы білім берумен
шектемеу еді.
1996 жылы Кеңес министрінің «орта жалпы білім беру мектептерінің жұмыстарын әрі
қарай жалғастыру» қаулысы бойынша саралап оқытуда тереңдетілген білім, оқушылардың
қабілеттерін , қызығушылықтарын, кәсіптік хабарын жан-жақты дамытуға назар
аударылды.
Сонымен 60-70 жылдары мектеп тәжірибиесінде оқу процесіндегі саралаудың келесі
түрлері:факультативтік сабақ, арнайы сыныптар және гуманитарлық пәндердің биология,
физика, есептеу техникасы, метаматика пәндерін тереңдетіп оқытатын арнайы мектептер
пайда болды.
Ал 70-жылдың басында саралап оқытудың тиімді формасы арнайы мектеп және сынып
шегінде пәндерді тереңдетіп оқыту болып табылады. Саралап оқытудың осы формасының
кеңінен таралуында қиыншылықтар пайда болды. Сондықтан ӛз уақытында В.А.Орлов
және Э.И.Унт пікірлері бойынша, пәндерді тереңдетіп оқыту оқушыларға терең білім
берді.
Кеңестік мектепте саралап оқыту пікірінің құрылуының екінші кезеңін, мектептік білім
беруді ұйымдастыруда басқару тәсілі тұрғысында саралап оқыту пікірінің даму кезеңі деп
атауға болады. Ол саралап оқытудың екі формасымен ерекшеленеді:
факультативтік сабақтар;
пәндерді тереңдетіп оқыту бойынша арнайы сыныптар мен мектептерге бӛлу.
Саралап оқытудың барлық формаларын ұйымдастырудағы жетістіктер, олардың
барлығы негізінен оқушылардың типологиялық ерекшеліктеріне ғана бағытталған еді, ал
оқушылардың жеке ерекшеліктері толығымен ескерілмеді.
1985 жылы білімділігі педагогикалық дағдарыс мектептік білім беру тәжірибесінде
саралап оқытуды жүзеге асыруда жаңа амалдарды іздеуге итермеледі.
1990 жылдың басы саралап оқыту тұжырымдамасы және жаңа пікірлердің тууы,
мектептік білім беруде саралау мәселесінің дамуындағы жаңа кезең деп есептеледі.
Саралап оқытудың қажетті шартын халықтық білім беру жүйесінде болған әлеуметтік
келісілген тенденция және екі обьективті, яғни кеңестік мектепке бірыңғай талап және
тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау.
Жоғарыдағы авторлар саралап оқытудың мақсатын үш бағытта қарастырады:
психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және дидактикалық. Біз үшін саралап оқыту
мақсатының бірінші және үшінші бағыты қажет. Психологиялық-педагогикалық
кӛзқараспен саралап оқытудың мақсаты былай анықталады: әр оқушының
қызығушылығы мен бейімділігін дамыту және талаптарды анықтауға тиімді жағдай
жасауға негізделген оқытуды даралау.
В.М.Монахов, В.А.Орлов саралап оқытудың келесі формаларын ұсынады:
Достарыңызбен бөлісу: