қатысушылардың дағдыларын бекітуге бағытталған; анықтаушы- кәсіби шеберлік
алумен байланысты; 4) имитациялық ойындар – белгілі бір шарттарда әрекет ету
ойындары – қатал ережелері жоқ, қатысушылардың рольдері жоқ ойындар, ол
жүйесіндегі инновациялық идеялары алға шығарады, ӛзіндік ұйымдастыру
бойынша тренингтерді қосады; 7) ансамбль түріндегі ойындар – қатысушылардың
басқару ойлауын қалыптастырады, олар қызметті басқарушылардан тұратын,
топтардың ынтымақтасуы, іскер серіктестікті ұйымдастыру әдісі бойынша
кәсіпорынның нақты мәселесін шешуге бағытталған.
Іскерлік ойынның негізгі элементі – сценарий болып саналады. Іскерлік ойынның
сценарийі оны ӛткізудің басты құжаты болып табылады. Оны ӛңдеу үшін құрылған
арнайы мамандар тобы келесілерді қарастырады: әрбір кезеңін, оның фрагменттерін,
мазмұнын, оқу мақсатын нақты анықтайды, әрбір ойыншыға және сарапшыға нұсқау
жасалады, толық рольдерді, ойын уақыты мен ӛтетін орнын анықтайды, алдын-ала ойын
ережесімен танысу материалы беріледі, техникалық құралдарды қолдану тәртібі
талқыланады және т.б.
Іскерлік ойынды құрастыру барысында әдіснамалық қиыншылықтар да кездеседі.
Іскерлік ойынды ӛңдеушілер мен кӛптеген зерттеушілер іскерлік ойынды жобалауда, оны
қолдануда кездесетін бірқатар қиыншылықтарды кӛрсетеді, олар:
Іскерлік ойынның жалпы қабылданған тұжырымдамасының жоқ болуы;
Іскерлік ойын технологиясын басқа пән тәжірибесіне ауыстырғанда оны сынамау;
Әр түрлі іскерлік ойынның тиімділігін бағалау кезіндегі әдіснамалық
қиыншылықтар;
Осы қиыншылықтарды жою мақсатында зерттеушілер оқытушыларға іскерлік ойын
технологиясын қолданушы және оны құрастырушы ретінде тӛмендегідей практикалық
кеңестер береді;
1. Іскерлік ойын кӛп еңбекті керек ететін және ресурстық шығындалатын оқыту формасы
болып келеді. Сондықтан да оны қойылған білім берудің мақсаттарына оқытудың басқа
формасы мен әдіс-тәсілдері арқылы жете алу мүмкін емес жағдайларда ғана қолданған
жӛн. Іскерлік ойынды келесідей жағдайларда қолдану ӛте маңызды болып саналады,
мысалы:
Болашақ кәсіби әрекетті орындауда толық тәжірибе алу;
Оқушыларда бар білік пен дағдыны толық жүйеге келтіру;
Әлеуметтік қарым-қатынас тәжірибесін орнату;
Кәсіби шығармашылық ойлауын қалыптастыру.
2.Оқу процесіне ойын технологиясын енгізу оқытушыға барлық қолданатын оқыту
әдістемесін қайта құру қажеттігін туындатады. Студенттер немесе оқушыларда іскерлік
ойынның кӛрінісі, сипаттамасы болмайтын ойынды ойнатуға болмайды, себебі ол
ойынның қадірін кетіреді.
3.Бір жағынан тренажер, екінші жағынан құмар ойындарға қызмет ойындарынан ӛзгеше
болады.
4.Оқыту ойынды ӛңдеу, дайындау мен оларды бағалау кезеңдерінде ғана неғұрлым
белсенді роль атқарады. Басқаша айтқанда, оқытушы ойын процесіне неғұрлым азырақ
араласса, соғұрлым ойынның оқыту құндылығы жоғары болады.
5. Іскерлік ойын студенттер (оқушылар) тәртібінен дәстүрлі кӛрініске қатынасында
ӛзгерістерді талап етеді. Ең бастысы ойын ержелерін сақтау, ал іскерлік ойынның тәртібін
бұзу дәрежесін кетіреді.
6.Іскерлік ойынның ұзақтылығы шамамен 4 сағатқа дейін созылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Іскерлік ойын дегеніміз не?
2. Коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруда іскерлік ойын қандай роль
атқарады?
3. Ғалымдар іскерлік ойынды қандай белгілері бойынша жіктейді?
4. Оқу-тәрбие процесінде іскерлік ойын технологиясын қолдану қандай мүмкіндіктер
береді?
5. Іскерлік ойынға қатысушылардың қызығушылықтарын қалай арттыруға болады?
Проблемалық оқытудың теориялық негізі.
Проблемалық оқытудың мәнін жақсырақ түсіну үшін, оны зерттеу жұмыстарына талдау
жасау керек. Оқытудың бұл түрі жаңа педагогикалық құбылыс емес. Проблемалық
оқытудың алғашқы элементтерін Сократ қолданған. Әсіресе бұл идеяны жақын
қарастырған К.Д.Ушинский «Сократ қолданған және оның есімімен аталған әдіс барлық
жастар, әсіресе балалар үшін механикалық комбинациялардың дұрыс қылыққа
ауысуындағы жақсы тәсіл болып табылады. Ол ӛзінің ойын тыңдаушыларға зорлап
тыңдатпады, бірақ сұрақтармен қайшылықтарды шақыра отырып, олармен кездестіруге
немесе бірін-бірі жою» - деп қарастырады.
Проблемалық оқытудың тарихы кӛптеген ережелерді буржуазиялық педагогикада
американ психологы және педагог Дж. Дьюи ӛңдеген зерттеу әдісін енгізуден басталады.
Ол ӛзінің эксперименттерін 1895 жылы бастады және оқушылардың жеке белсенділігін
дамытуға ерекше назар аударды. Оқушылардың қызығушылықтарын ескеріп құрылған
және олардың ӛмірлік қажеттіліктерімен байланысқан оқыту – білімді есте сақтауға
негізделген «вербалды» оқытуға қарағанда неғұрлым жақсы нәтижелер беретіндігін
дәлелдеді.
Қазіргі педагогикадағы проблемалық оқытудың тұжырымдамасын тереңінен зерттеу
Ресейде ХХ ғасырдың 70-жылдары басталды, ал дәстүрлі оқыту жүйесі белсенді
оқытудың және оның тұжырымдамаларының ықпалымен үлкен ӛзгерістерге ұшырады.
Сӛйтіп, бірте-бірте проблемалық оқытудың теориясы мен практикасы бір-бірімен ұштаса
отырып дамыды.
Проблемалық оқыту тұжырымдамасы білім беру процесінде оқушының ролін күшейту
мен жеке тұлға ретінде даму қажеттіліктерін түсіну тенденцияларына бағытталады.
Қазіргі уақытта педагогтың алға қойған мақсаттарына байланысты проблемалық
оқытудың да алуан түрлері бар. Мысалы, ол білім, білік пен дағдыны оқушылардың
Достарыңызбен бөлісу: