Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама


Индуктивті және дидуктивті әдістерді сиппатаңыз



бет19/24
Дата23.01.2023
өлшемі55,07 Kb.
#62405
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама-1

36.Индуктивті және дидуктивті әдістерді сиппатаңыз.
Индуктив және дедуктив әдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық әдістері. Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады. 


37.Теориялық деңгей әдістері;
1.Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы қрамды бөлігі болып табылады. Бл кез-келген ғылыми іс-әрекеттіњ алѓашқы кезені. Зерттеуші ѓылымныњ осы саласында оѓан дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесініњ бұрынѓы мен қазіргі жай -күйін және оѓан қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін тањдап алѓан тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысу қажет.
2. Анализ және синтез. Талдаудың эмперикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу обьектісін сипаты мен динамикасын анықтау сияқты түрлері бар. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір-біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатысы анықталмайды. Сондай-ақ ол қатыстық – қисынды сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір-біріне қатысы көрініс табады. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады, бұл ретте аулақтату ережесі қолданылады, яғни күрделі пікір болған жерде оның құрамды сөлемдері де керек. Конъюнкция ( лат. одақ, байланыс) ережесін қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Анализ бен синтез диалектикалық түрде бір – бірімен тығыз байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезіңде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге жүйеге кірерде және одан шығарда талдау жасап, салыстыруға болады. 
3. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар; талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талап қорыту – көптеген біріңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі. 
Дәріптеушілік – дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін немесе жаңа түсінік пен белгі береді. Дәріптелген обьектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы обьектерді, әсіресе, материалдық обьектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол.
4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмперикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар анықталады.
5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын анықтау үшін қолданылады. 
6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың модеоін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу обьектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір обьектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші обьект түпнұсқа болады да екінші обьект оның моделі болады.Зертеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заң бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын емес немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында бір ұқсастық болуы керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, анализ бен синтездің әртүрлі формалары қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты тұпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болуы керек. Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында моднльге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.
Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модеоьдің түрін таңдау зерттеу обьектісінің күрделігіне байланысты болады
7. Болжау әдісі зерттеушінің қатынасынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсетерге, кеселерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңейі мен дәрежесі қажет.
8. Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зертеу жиынтығын өңдеу үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы ауытқуларды, әртүрлілік коэффиценттерін есептеу үшін қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет