Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама


Сұхбатқа қойылатын талаптар



бет22/24
Дата23.01.2023
өлшемі55,07 Kb.
#62405
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Қазіргі таңда ғылымға берілетін анықтама-1

44.Сұхбатқа қойылатын талаптар
Мұғалім мен оқушының арасындағы педагогикалық сұхбат ең жылы, ең ыстық, мәдениетті болып келеді. Соған қатысты ұстаз бен шәкірт тілдесімі мәдениетті, үлкен әдеп қағидалары сақталған, инабаттылық, имандылық, кішіпейілділік, адамгершілікті танытатын үлгі болып табылады. Ұстаз бен шәкірт сұхбаттасуы – ерекше құбылыс. Ұстаз шәкіртінің бойына білім, көкейіне түйсік енгізіп, бұларды өмірде дұрыс және орынды қолдана білуіне көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отырады, яғни ұстаз шәкіртке қарағанда білімі, тәжірибесі мол, салауатты, маман кісі. Сондықтан да мұғалім мен оқушы педагогикалық сұхбат орнауында мұғалімнің басымдық ролін атап кеткен жөн. Мұғалім мен оқушылар білімдеріндегі, тәжірибелеріндегі т.б. айырмашылықтар, ерекшеліктер ұстаз – шәкірт сұхбаттасуында өз көрінісін табады. Мұғалім мен оқушыларының арасындағы жас ерекшеліктері, жеке дара ерекшеліктері зор болғанымен, осы ерекшеліктер мұғалім тарапынан ескеріліп отырады. Сондықтан мұғалім мен оқушы педагогикалық сұхбаттың психологиясын анықтау – қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымдарының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.


45. Озат педагогикалық тәжірибе дегеніміз
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
• оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;
• өз беттерімен білім ала білуі;
• білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;
• оқушылардың жалпы дамуы.
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.
Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет