Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие процесінде оқушыларды педагогикалық қолдау

бет3/10
Дата05.04.2023
өлшемі173,19 Kb.
#79688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Пед қолдау №8

Педагогикалық қолдау – оқушымен бірлесіп оның қызығушылықтарын, мақсаттарын, мүмкіндіктерін және оған адамгершілік қасиетті сақтауға, өзін - өзі ұйымдастыруда позитивті нәтиже қол жеткізуге кедергі жасайтын мәселелерді жеңу жолдарын анықтау. Педагогикалық қолдау тек мамандық таңдауда емес, мектеп өмірінің барлық саласында болуы тиіс. Мысалы, оқушылардың қақтығысы, стресс, депрессия, отбасылық жағдай, сабаққа үлгермеу т.б.

Қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінсіз білім беруді жүзеге асыру мүмкін емес. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі – оқу-тәрбие үдерісінде әр баланың мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, әртүрлі мамандардың жүйелі ұйымдасқан әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетуі. Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау мектептің педагог-психологтар қызметімен байланысты. Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мектеп басшысының бұйрығымен құрылады. Қолдау қызметінің құрамына мектеп директоры, оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, логопед мұғалім, педагог-психолог, дефектолог мұғалім, әлеуметтік педагог, және т.б. кіреді. Бұл жағдайда мектеп директоры оқу-тәрбие үдерісін ғана емес, сонымен бірге психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын да басқарып, бақылауға міндетті. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары арнайы мамандардың жұмысын ұйымдастыру, оқушыны психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын әзірлеу және жетілдіруге бағытталған түрлі іс-шараларды жүргізуге міндетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет