Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие процесінде оқушыларды педагогикалық қолдау

бет2/10
Дата05.04.2023
өлшемі173,19 Kb.
#79688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Пед қолдау №8

Оның басты еңбектерінің бірі «Ізгілік педагогикасы жайлы ойлар» деп аталады. Бұл еңбегінде ол авторитарлы білім беруді қатты сынға алады. Ол өз еңбегінде көп жағдайда экперименталды-педагогикалық процеске жəне оның нəтижесіне сүйенеді. Авторитарлы жүйенің қалыптасуын тарихи салдармен байланыстырады, яғни консерватизмнің басымдылығы. Сондықтан да ол көптеген идеялардың, бастамалардың дамуына тосқауыл болды. Əр бала туылғаннан бастап белгілі бір миссиямен туылады деп санайды, яғни əр бала өзіне тəн қабілет, нышан,белгілермен туылады дейді. Сол ерекшеліктерді дамыту үшін авторитарлы білім беруді жойып, ізгілендіру арқылы жүргізіледі деп атап өткен. Сонымен гумандық педагогика баланы өзіндік табиғи ерекшеліктерімен қабылдайды.

Оқытудың мәні - әлем туралы білім, тәрбие мәні - әлеуметті және мәдениетті құндылықтар, адамгершілік нормалар мен қатынас екенін біз білеміз. Осы тұрғыдан алғанда педагогикалық қолдаудың мәні – тұлғалық таңдау, өзін - өзі табу немесе өзін өзі дамыту. Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Яғни, мамандық таңдауда т.б. оқушылардың алдына қойған мақсатын айқындауында мұғалім мен оқушының бірлесіп әрекет ету. Шешім қабылдайтын оқушы.

«Бала жақсы оқу үшін, оның оқу үлгерімі жақсы болу тиіс. Бірақ бұл парадокста педагогикалық істің маңыздылығы бар. Оқуға деген қызығушылық тек табыстан туған шабыт бар жерде ғана болады», - деген ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Табыс – оқытудың ең маңызды және әсерлі дәлелі. Әр оқушы табысты болуы үшін мұғалімдер мен ата – аналар тарапынан қолдауды сезінуі тиіс. Бұл жерде өзара ынтымақтастық пен гуманистік, сүйіспеншілік қатынас ғана табысқа жетелейді. Педагогикалық қолдау әр жағдайатта, оқушы өзінің дағдыларын жанжалда, қиын жағдайатта жаттықтыру, өз қабілетін дамыту үшін қажет, яғни өзінің даралығын табу, анықтау және құрастыру үшін қажет [3].

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет