Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие процесінде оқушыларды педагогикалық қолдау



бет4/10
Дата05.04.2023
өлшемі173,19 Kb.
#79688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Пед қолдау №8

«қолдау» сөзі балаларға білім берумен байланысты проблемалар төңірегінде жиі қолданылып жүр: әлеуметтік-педагогикалық қолдау, психологиялық-педагогикалық қолдау, әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қолдау, медициналық-педагогикалық қолдау, медициналық-психологиялық қолдау және т. б.

Бүгінгі таңда тәрбие беруде балаларға деген көзқарасты өзгерту керек. Мектеп тәжірибесі көрсеткендей, оқушыларды мектеп қанағаттандырмайды, олар көпшілік жағдайда пәндерді оқуға қызықпайды, тіпті кейбіреулерін мектеп өмірі қызықтырмайды, ал жоғары оқу орындарында студенттердің өздері алған білімдеріне қанағаттанбайды. Бұның себебі не де?

Себебі мектеп, отбасы, мұғалімдер оқушыларды тұлға ретінде дамытуға күш салмайды. Мұғалімдер (университетте де) оқушылардың біліміне ғана көңіл бөледі, оқушылар мен студенттер тапсырмаларды “баға үшін” орындайды (барлығы бірдей емес). Басты мәселе мынада. Оқушылардың өзіндік белсенділігі, тәжірибесі мен беталысы, өзін дамытуға ұмтылысы, өзінің іс әрекетін жоспарлай білу іскерліктері, қызығушылықтары, бейімі мен түрткісі (мотивациясы) т.б. жеке дара ерекшелігі ескерілмейді.

Мысалы, мектеп бітіретін кезде оқушылардың өзі мамандығына, болашағына деген көзқарасы қалыптасады. Осыған сәйкес, пәндерге деген қызығушылығы, таңдауы өзгереді. Бұндай жағдайға кейбір мұғалімдер неқұрайлы қарайды. Өздеріне тиісті пәнді таңдатқысы келмейтіндері де болады. Түркістандағы мектеп те мынандай жағдайлар жиі кездеседі. Оқушы өлең жазады. Өлеңдерінің барлығы дерлік махаббатқа арналған. Бұндай жағдайда сынып жетекшісі мен ата-анасы оған былай деп ақыл айтады: “Сен әлі жассың! Махаббатқа саған ерте. Бұлай істеме енді, теріс жолға түсіп кетесін”. Немесе мынандай жағдайдың кездескеніне куә болдық. Жас жеткіншек қыз анасымен және өгей әкесімен бірге тұрады. Ол бұрын өз әкесі және өгей анасымен бірге тұрып, өз анасына келген. Анасы мектептегі педагог психологтан “Қызыма өгей әкесі мен жоқта ұрсады! Мен оның болашағына алаңдаймын. Мен не істесем болады?” деп көмек сұраған. Ал мектеп оны басқа мектепке ауыстыруға тырысады. Себебі, жауапкершіліктен қашады және осындай жағдайда балалармен қалай жұмыс істеу керек екенін білмейді. Ортақ тәжірибе де жоқ. Сондықтан не істеу керек деп ойлайсыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет