Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет25/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
Өс сөзі өсім, өсімдік, өсімтал, өспірім лексикалық 
бірліктеріне уәж болумен қатар өсек, өсек-аяң, өсек-
өтірік, өсекші, өсекшіл сөздеріне де төркін болған. 
Уәждеменің ортақ сипаты саналатын уәждемелік 
қатынастар көпмағыналылық, антонимдік, омонимдік 
негізде іске асады.  Өс сөзжасамдық ұядағы сөздердің 
мағыналарының 
бір-біріне 
антонимдік 
сипатта 


117
өрбігенін байқауға болады: өскө - күн өскөр келді – күн 
жоғары көтерілді; өскүр - өсіру; өспүрім – жасөспірім, 
жеткіншек; өскүре – 1) жетім қалу, 2) солу, өшу; өскүс – 
жетімсіреген [В.В.Радлов сөздігі бойынша].
Қазақ тіл білімінде сөздердің фонетикалық тәсіл 
негізінде 
сөзжасамдық 
қалыптар 
арқылы 
дамитындығын ғалым А.Б.Салқынбай өз еңбегінде 
көрсеткен болатын. С ~ ш сөзжасамдық қалыптары 
негізінде жасалған өс - өш сөзеріндегі антонимдік 
мағыналар да сөз дамуына критерий бола алады. 
Екеуіне ортақ мағына – белгілі бір бағытта қозғалыс 
жасау. Өс сөзіндегі бағыт жоғары қарай бағытталса, өш 
сөзінде төмен қарай бағытталады. Антонимдік 
мағыналық сипатта дамыған  өс – өш көр (көре алу) – 
көр (көре алмау, қараңғы), ас (тамақ) – аш (тамақ 
жоқ), кел – кет, жет (діттеген жеріне жету), жет 
(соңына дейін жете алмай орта жолда жетім болып 
қалу) секілді сөздерді мысалға алуымызға болады. 
Демек, сөздер ұғымдық, тұлғалық, мағыналық жақтан 
дамығанда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдарды бір тұлға 
түрінде (фонетикалық өзгеріске ұшыраған) атаулардың 
пайда болуын тілдегі сөзжасамдық процесс деп 
танимыз.
Өш ~ өш ~ өш сөздерінің семантикалық тәсіл негізінде 
дамуы және олардың уәжділігі. 
Көне түркі сөздігінде өс сөзіне қарама-қарсы 
антонимдік мағынадағы өш сөзінің мағыналық тармағы 
мынадай: Өч 1. өшу, жоғалу. 2. өлу [ДТС]. Жоғарыда 
берілген 
В.В.Радловтың 
сөздігінде 
өс 
сөзінің 
мағыналық парадигмалық шебінде өсу, жоғарылау, 
көбею, үлкею мағыналарымен қатар өшу, сөну, өлу 


118 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
мағыналары көрсетілген болатын. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігінде:
Өш 1. Жануын тоқтату. 2. Бір заттың бетіндегі жазу, 
бояуы кету, жоғалу. 3. Ауыс. Құру, кему, жоғалу. Аты 
өшті ескерусіз қалды, ұмытылды, тұяғы қалмады. 
Өкпесі өшті – тынысы тарылды. Өш сөзі өшу, өшір, 
өшіргіш сөздеріне негіз болған.
Сонымен, өс=өш сөздері арасында антонимдік уәжділік 
қатынас жүріп, мағыналары қарама-қарсы бағытта 
дамығаны байқалады. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық 
процесс адам танымындағы ұғыммен, болмыспен 
байланысты болғандықтан күрделі процесс саналады. 
Осы күрделілігіне орай сөздердің мағыналары да 
күрделі, сан-салалы, көп қырлы, әр жақты болып келеді. 
Оған екі қарама-қарсы бағытты меңзеуші бір қимылды 
атаушы  өс және  өш  сөздерінің мағыналық жіктелістері 
куә. Сөздерді танымдық тұрғыдан қарастыру әлемнің 
объективті бейнесін, сөздің гендік дамуын тануға 
жетелейді. 
Сөз мағыналарының дамуында бір-біріне қарама-қарсы 
бағытта қолданылатын, симметриялы жатқан сөздер тіл 
білімінде жиі кездеседі. Бұл сөз мағыналарының 
антонимдік негізде дами алатындығының көрінісі. 
Тілімізде тек тарихтың қатпарларында туыстас, 
мағыналас, шектес болған сөздер көп.
Қазіргі қазақ тілінде қолданыста жүрген қаз қимыл 
мағыналы сөздің көне түркілік мағыналарына назар 
аударып көрейік. Бұл сөз екі дыбыстық өзгеріс түрінде 
берілген: біріншісі – Qas, екіншісі – Qaz. 


119


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет