Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы



Pdf көрінісі
бет24/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
«Өс» бір буынды сөзінің мағыналық дамуы және өзге 
сөздердің тууына себепші уәж болуы. 
Өс ~өс ~ өс сөздерінің семантикалық тәсіл арқылы 
дамуы 
«Өс» сөзі негіз болған, мағыналық байланысы үзілмеген 
тұлғаларға талдау жасап көрейік. Қазіргі қазақ тілінде 
бұл сөздің мынадай мағыналық қырлары бар: 
Өс 1. өсімдіктің жан-жаққа тамырларын таратып, 
жапырақ жайып, өсіп-өнуі. 2. Адамзат, жан-
жануарлардың үлкейіп, ер жетуі. 3. Сан жағынан арту, 
молаю, 
4. 
Ауыс. 
Қызмет 
дәрежесінің, 
атақ 
лауазымының жоғарылауы. 5. Ауыс. Алға басу, даму, 
өркендеу. 6. Бойы өсіп, бұғанасы қатты. Ер жетті, 
есейді. Бірге өсіп, біте қайнады – құлын-тайдай тебісіп 
қатар жүрді; Көзінің еті өсті – Дандайсыды, менменсіді, 
менсінбеді. Көңілі өсті – Еңсесі көтерілді, қуанышы 
артты, масаттанды, шаттанды. Өркенің өссін – тұқымың 
көбейсін; Өсе келе – дами келе, қалыптаса келе; Тел өсті 
жұбын жазбай қатар өсті, бірге өсті. Түсіндірме 
сөздікте көрсетілгендегі сөздің мағыналарының дамуын 
ескерсек, өс сөзі мынадай тізбе құрайды:
Байқап отырғанымыздай, бұл сөздің мағыналық 
қырлары өте көп және олардың арасында семантикалық 
байланыс үзілмеген. Бәріне ортақ мағына – белгілі бір 
нысанның дамуы, жоғары жаққа қарай бой ұзартуы, 


115
өсуі. Көне түркі тілінде де негізгі мағынасын сақтап 
қалған: Өs - өсу [ДТС]. В.В.Радловтың «Опыт словаря 
тюркских наречий» атты сөздігінде  өс сөзінің бірнеше 
мағыналары бір сөзжасамдық ұяда берілген: 1) Өс=ус, 
2) өс=ос - өшу, сөну, 3) өс=өз, өзі, сол адамның өзі, 4) 
өс: а) өсу – бойы өсу, баланың өсуі, ә) өсу – көбею, 
үлкею. 
«Өс» сөзжасамдық ұясындағы екінші  өшу, сөну және 
төртінші мағыналары  өсу, көбею мен бірінші  ус  және 
үшінші өз, адамның өзі мағыналарының арасында 
қазіргі қазақ тілі тұрғысынан тек тұлғалық байланыс 
болмаса мағыналық байланыс жоқ. Олардың мағыналық 
жігінен генетикалық-семантикалық кодтың нышаны 
байқалмайды. Ал өс - өшу, сөну мағынасы мен өс - өсу, 
үлкею, көбею мағыналарының арасындағы уәжділік 
қатынастардың барлығына күмән келтірмейміз. “Өс” 
сөзі қазіргі қазақ тілінде бірнеше сөздерге негіз болған: 
өсім, өсімдік, өсімтал, өспірім, өсек (өсіріп айтылған 
сөз), өсекші, өсек-аяң т.б. О.И.Блинованың жоғарыдағы 
сөздердің уәжделу жолын белгілеген сызбасын ескере 
отырып, өсім сөзінің уәжделуін түсіндіруімізге болады. 
Өсім ~ өсім сөздерінің семантикалық тәсіл арқылы 
дамуы және уәжділігі: 
1. Өсім сөзі ө+с+і+м дыбыстық жамылғысынан тұрады.
2. Дыбыстық жамылғы белгілі бір пішін құрайды: 
ӨСІМ.
3. Уәжділік пішіннің өзіне тән мағыналары болады. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мына төмендегідей 
уәжділік мағыналар тармақталған: 
Өсім. 1. Адам, жан-жануарлардың өсіп-өнуі, яғни өткен 
шақ мағынасындағы өсіп болған дайын өнім, өсім. 2. 


116 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
Қосымша түсетін жанама пайда, өнім, экономикалық 
термин - өсім. Өсімге берді – артығымен көбейтіп 
қайтаруға келісім-шарт жасады. 
В.В.Радловтың сөздігінде: Өсум 1. Өсім – мал өсімі. 2. 
Процент (өсім) мағыналары бар. Анықтамада Өсум (von 
oc+ym) деп көрсетіледі. Бұл өсім сөзінің түп-тамыры өс 
сөзі екендігін дәлелдейді. Өсім сөзіне уәж болған сөз өс 
сөзі болса, оған жұрнақ жалғану арқылы өсім сөзі пайда 
болған. Демек, өс сөзінің құрылысы өзгеру арқылы өсім 
- құрылымдық уәждеме пайда болған. Өсім сөзінің 
құрылымдық уәждемесі жолымен қазақ тілінде тіл+ім, 
кес+ім, түс+ім сияқты құрылымдық қалыптағы сөздерді 
атауымызға болады.
Бұл жағдайда өс – негіздеуші сөз болса, өсім (4 – 
сызбаның төртінші реті) толық лексикалық мағынаға ие 
негіздеуші сөз ретінде танылып отыр. Өсім сөзі 
негізделіп, жаңа лексика ретінде танылғаннан кейін 
өсімдік, өсімтал сөздерінің дамуына уәж болған.
Атаудың мұндай жолмен түсіндірілуі кез келген 
сөздердің сөзжасамдық белгілеріне сай келеді. Себебі 
сөздің сыртқы жамылғыштан, одан белгілі бір пішін 
пайда болатындығы, пішіннің өзіне тән мағынасы 
болады, ол мағына қолданыла келе лексикалық мәнге ие 
болатындығы осылай нақтыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет