Қазіргі түркі тілдеріндегі сөзжасамдық Үдерістер шойбекова ғазиза бейсенбекқызы


Сөзжасамдық үдеріс және туынды сөз



Pdf көрінісі
бет21/54
Дата22.05.2022
өлшемі1,7 Mb.
#35309
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
Сөзжасамдық үдеріс және туынды сөз 
Қазақ тіліндегі семантикалық тәсіл арқылы дамыған 
сөздер түбір тұрғысынан зерттеліп жүр. Бірақ буын 
санына байланысты семантикалық тәсіл арқылы 
дамыған сөздердің зерттелуі кездеспейді. Тілдік 
бірліктер түрлі сөз тудырушы аффикстер жалғанып 
күрделенген сайын олардың семантикалық даму сипаты 
қиындай түседі. Бұл тілдік бірліктерге ғана тән сипат 
емес, сонымен қатар табиғаттың өзінен алынып отырған 
шынайы ақиқат. Күрделі құбылыстар, заттар мен 
нәрселердің өзі динамикаға икемді болып келмейді. Ал, 
керісінше, икемділікке бейім құбылыстар жекелікке, 
жалқылыққа тән. Сол себепті тіліміздегі сөздердің 
семантикалық дамуын буын санына қарай зерттеп қарау 
қажет. Тілімізде бір буынды сөздерден бастап, төрт-бес 
буынды сөздерге дейін семантикалық жақтан дамыған 
тұлғалар бар.
Қазақ тіл білімінде бір буынды сөздердің мағыналық, 
тұлғалық 
жақтан 
дамуын 
қарастыру 
түркітанушылардың есімдерімен тығыз байланысты. 
«Семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды 
сөздердің зерттелуі» атты тараушада тақырыпқа 
қатысты зерттелген еңбектер түгел берілген болатын. 
Ал қазақ тіл білімінде бір буынды сөздердің 
архитүбірінің тұлғалық, мағыналық өзгерісін сипаттау
Б.Сағындықұлының, Ә.Т.Қайдардың, Ж.Манкееваның, 
А.Б.Салқынбайдың, Е.Саурықовтың, Б.Р.Есімсейітовтің 
еңбектерінен көрініс табады. Б.Сағындықұлының 
еңбегінде кейбір түбір деп танылып жүрген сөздердің 
іштей түбір және қосымшаға ажырайтындығы бұр, тұр, 
йор т.б сөздер арқылы көне және жаңа түбірлердің 


104 ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
байланысы жайлы пікірлер келтіріледі. Атап айтқанда, 
ғалымның қазақ тілі лексикасының ішкі даму 
заңдылықтарын, соған негіз болған түбірлердің 
ғасырлар бойы өзгеру, бір қалыптан екінші қалыпқа 
көшу эволюциясын анықтау үшін қазақ тілінің 
деректерін түркі тілдері мен көне түркі жазба 
ескерткіштерінің материалдарымен салыстыра зерттеп, 
соның негізінде бұрын жеткілікті көңіл бөлінбеген
әсіресе, этимологияға қатысты дыбыстық сәйкестіктер 
генезисі туралы, жалғамалы тілдер деп қана қаралатын 
түркі 
тілдеріндегі 
флексия 
құбылыстарының 
қалдықтары туралы, лексиканың дыбыстық кешенінің 
қалыптасуына қатысты үнемдеу заңының тілдегі 
көрінісі туралы жазылған еңбектің ғылыми құндылығы 
шексіз. Ә.Қайдар бір буынды түбір және негіз сөздердің 
тұлғалық, мағыналық құрылымын, моносиллабтардың 
фоно-морфо-семантикалық табиғатын ашу мақсатында 
жазылған еңбегінде бір буынды сөздердің мағыналық 
дамуы 
фонетикалық, 
морфологиялық 
тұрғыдан 
сипатталады. Бұл монографияда моносиллабтармен 
қатар тарихи туынды түбірлер, өлі түбірлер қоса 
берілген. Алғашқы түбірлерді реконструкциялау жайын 
ғалым 
Ж.Манкеева 
қолға 
алды. 
Ол 
өзінің 
«Реконструкция первичных глагольных основ в 
казахском языке» атты еңбегінде жорт, түрт, арт және 
т.б. көптеген сөздердің реконструкциясын жасайды. 
Б.Р.Есімсейітов бір буынды салт етістіктері негізінде 
жасалған бір сөзжасамдық ұядағы сөздерді жинақтап, 
олардағы сөзжасамдық тізбектерді анықтайды. Бір 
буынды 30 салт етістікті алып, олардан қанша 
сөзжасамдық тізбек таратылатындығын статистикалық 
талдау 
арқылы 
көрсетіп 
береді. 
Сөзжасамның 
синтетикалық тәсілінің қызметі бұл еңбекте айқын 


105
көрініп тұрғанмен, бір буынды сөздердің зерттелу 
тарихында өзіндік орны бар деп есептейміз. Сонымен, 
бір буынды сөздердің мағыналық дамуын екі, үш, төрт 
буынды сөздермен салыстырып көрсек төмендегідей 
сипатта анықталады.
Бір буынды сөздердің семантикалық тәсіл негізінде 
дамуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет