Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, калыптасқан негізгі тәсілдері мыналар
2) аналитикалық тәсіл
3) лексика-семантикалық тәсіл.
Синтетикалық тәсіл. Сөзжасамның синтетикалық (морфология
лық) тәсіліне қазақ тіл білімінде әдетте арнайы қосымшалар арқылы жаңа сөз тудыру процесі жатады.
Аналитикалық тәсіл. Сөз тудырудың аналитикалық тәсілі сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру арқылы көрінеді де, сөзжасам проблемасының шеңберіне еніп, оның бір тәсілі болып табылады.
Лексика-семантикалық тәсіл. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең бастысы омонимдік қатарда келуі арқылы жасалады.
Морфема деп сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналарын білдіретін және өзіне тән мағынасы мен формасы бар сөз бөлшегін айтамыз.
Түбір морфема сөздің лексикалық мағынасының негізі, ұйтқысы, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі морфема болып табылады.
Қосымша морфемалар түбірге қосылып, оған үстеме лексикалық-грамматикалық мағына жүктегені болмаса, жеке-дара қолданылмайды, себебі -оның дербес мағынасы жоқ.
№ 8 дәріс тақырыбы: Грамматика, оның нысаны. Грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық форма және грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматиканың теориялық және практикалық мәні. Оның бастауыш сынып бағдарламасында алатын орны, маңызы. Грамматикалық категориялар және олардың сөз таптарымен қатынасы. Сөз таптары категориясы туралы жалпы түсінік. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру принциптері. Сөз таптарының дербес сөздер, көмекші сөздер болып бөлінетіні.
Достарыңызбен бөлісу: |