Қазіргі заманғЫ Қазақ тілінің негізі



бет31/31
Дата08.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#27264
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Қазіргі заманғы қазақ тілінің негізі

1. Дара: Омар қырман басында жүр.

2. Күрделі: Күле беру ыңғайсыз.

3. Үйірлі: Билеті барлар орындарына жайғасты.

1.Зат есім: Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті.

2. Есімдік: Өзіміз де жүргелі отырмыз.

3. Сын есім: Көп қорқытады, терең батырады.

4. Сан есім: Берерменге бесеу көп.

5. Есімше: Әке көрген – оқ жонар.

6. Тұйық етістік: Тыңдау – мәдениеттіліктің белгісі.

7. Одағай: “Ә, құдай!” – күйзелгеннің белгісі.

8. Үстеу: Шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді.

9.Шылау. «Да» - жалғаулық шылау.

Баяндауыш. Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Олардың грамматикалық белгілері мыналар:

А) баяндауыш бастауышқа қатысып, сол мүше білдіріп тұрған субъектіге тән предикативтік істі, сапаны айтады. Қуандықтың екі көзі күлімсіреп, ақша беті бал-бұл жанады.

Ә) баяндауыш мүшеге тән грамматикалық формалар бар. Олар – шақтық, жақтық, модальдық форма. Жастар тегіс телміре қарап, үн тыңдап қап еді.

Етістік: Сен қайда жүрсің?

Сын есім: Ел тоқ.

Зат есім: Ат – көлік, қамшы – қару.

Сан есім: Үш жердегі үш – тоғыз.

Есімдік: Медеуі – мен.

Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз: От жылт етті. Мылтық тарс етті.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Толықтауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш

Анықтауыш

Сын есімнің атау түрі

Сан есімнің атау,

туынды түрі

Зат есім

Есімше


етістік

Ілік жалғауында

(ашық, жасырын)

Еліктеуіш

сөздер

Есімдіктер



Шылау, одағай

Анықтауыш болатын сөз таптары мен сөз тұлғалары:

АЙҚЫНДАУЫШ











Анықтауыш анықтайтын сөзінің алдында тұрып, оның өзіне тән, басқа заттан ерекше сынын, сапасын білдірсе, айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып, көбінесе оның лексикалық мағынасын, мүшелік қызметін басқа сөздермен дәлдеп толықтырады немесе қосымша, көлденең сапасын көрсетеді.

АЙҚЫНДАУЫШ

Қосарлы

Қосалқы

Оңашаланған

Толықтауыш. Толықтауыш деп нәрсе амалын, жайын, болмысын толықтыру үшін айтылатын сөзді айтамыз.

Толықтауыштар тұлғасына, мағынасына және синтаксистік қызметіне қарай екіге бөлінеді: тура және жанама толықтауыш.



Тура толықтауыш. Мағыналық жағынан етістіктің сабақты түрінен болған іс-әрекетке тікелей байланысты болып, сонымен ғана бір тіркес құрайтын заттық-объектілік қатынастағы толықтауыш түрін тура толықтауыш деп атайды. Тура толықтауыш табыс септігінің сұрағына жауап береді.

Жанама толықтауыштар. Өзін меңгеретін сөздермен атау, ілік, табыс септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысып, сөйлемді мағыналық-мазмұндық жағынан қосымша, жанамалай толықтырып тұратын толықтауыш түрін жанама толықтауыш деп атаймыз.

Пысықта

уыштың түрлері

Себеп пысықтауыш

Мөлшер пысықтауыш

Мақсат пысықтауыш

Мезгіл пысықтауыш

Мекен пысықтауыш

Амал пысықтауыш

Хабарлы сөйлем

Сұраулы сөйлем

Лепті сөйлем

Бұйрықты сөйлем

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері



№ 14 дәріс тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем. Синтаксистен бастауыш сыныпта берілетін материалдар және оларды оқыту

Жай сөйлемнің құрылымдық типтері

1. Жалаң және жайылма сөйлемдер.

2. Жақты және жақсыз сөйлемдер.

3. Толымды және толымсыз сөйлемдер.

4.Атаулы сөйлемдер.

5.Күрделенген сөйлемдер.

6.Бір мүшелі сөйлемдер.

Құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілері:

2.Құрмалас сөйлем компоненттерінің білдіретін мағыналары бір-біріне жақын, белгілі бір дәнекерлер арқылы ұштасып жататын желілес, күрделі ой болады.

3.Құрмалас құрамына енетін әр компонент жалпы сөйлемге тән қасиеттерге ие болуы

шарт: коммуникативтік мән, екіншіден, модальдық сипат, үшіншіден, предикаттық қатынас болуы.

4.Құрмалас сөйлем компоненттерінің әрқайсысының өзіндік интонациялық кідірісі болу керек.

Құрмаластың жасалуына қарай түрлері

Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем

Аралас құрмалас сөйлем

№ 15 дәріс тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті туралы түсінік. Тілдік норма, оның тіл мәдениетіне қатысы. Бөгде сөз, оның түрлері. Емле және тыныс белгілері. Қазақ емлесінің кейбір мәселелері. Тыныс белгілерінің мәні мен атқаратын қызметі. Тыныс белгілерінің түрлері және олардың қолданылуы.

Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Тілдік қатынас жетіліп, әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне көтерілуі үшін белгілі бір нормаға түсуі тиіс. Норма – белгілі бір жүйе, заңдылыққа негізделген бірізділік.

Тілдің ауызша айтылуын орфоэпия, ал жазбаша түрін орфография қарастырады. Орфоэпия – сөздер мен сөз тіркестерінің бірізді дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы дегенді білдіреді.

Орфографияның ережелер жүйесі:

дыбыстарды әріптермен беру;

сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу;

сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу;

бас әріпті пайдалану;

тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды.

Біршама аяқталған ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлемдерден кейін олардың мағыналарына, айтылу саздарына қарай нүкте, сұрау, леп, көп нүкте белгілерінің бірі қойылады.



Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілері

Сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілерінің атқаратын негізгі қызметі – оқушыларға сөйлемнің құрамын, оның қандай бөлшектерден құралғандығын, ол бөлшектердің бір-бірімен мағыналық және синтаксистік қатынастарын байқату. Оларға үтір, нүктелі үтір, қос нүкте, сызықша, тырнақша, жақша жатады.


Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет