Грамматика
лық форма. Сөздің негізгі лексикалық мағынасына қосымша грамматика
лық мағыналар сөздің сыртқы формасын өзгерту арқылы да беріле береді.
Грамматикалық категория. Грамматикада грамматикалық мағына, грамматикалық формадан өзге және бір термин, грамматикалық категория қолданылып жүр. Бұл – категория термині сол грамматикалық мағына мен формадан келіп туындайтын тілдік құбылыс.
Атауыш сөздер басқа сөздерге негіз бола отырып әрі өздеріне тән лексикалық, грамматикалық мағыналары бар, өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсе алатын сөздерді айтады. Атауыш сөздер сөз таптарының ішіндегі ең ұйытқысы болғандықтан, басым көпшілігі осы топтағы сөздер. Олар есімдер және етістіктер тобы болып бөлініп, есімдер тобының өзі атауыш есім, үстеуші есім (үстеу, еліктеу) болып бөлінеді.
Көмекші сөздер тобына өз алдына дербес сөз бола алмайтын, лексикалық мағыналары солғындап, грамматикалық мағыналары басым болып, әр қилы грамматикалық қымет атқаратын сөздер тобы (жалғалық, септеулік, демеулік, көмекші есім, көмекші етістік).
Одағай сөздер – ақиқат ұғымдарда емес, адамның түрлі көңіл күйлерін білдіретін, өзге сөздермен грамматикалық қатынастарға түспейтін сөздер тобы.
Достарыңызбен бөлісу: |