Тіл білімі (лингвистика) – тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл – қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау, сөйлесу құралы
Тілдің әртүрлі жақтары: дыбыс жүйесі (фонетика), сөздік құрамы (лексикология), грамматикалық құрылысы (грамматика) бір-бірімен тығыз байланыста болады және бір-бірімен тығыз бірлікте сөз етіледі.
№ 1 дәріс тақырыбы: Тіл біліміне кіріспе. Тіл білімі және оның салалары. Басқа ғылымдармен байланысы. Тілдің қоғамдық мәні мен қызметі. Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тілдің құрылымы, оның жүйесі.