Сөздегі бір буынның көтеріңкі айтылуы екпін деп аталады. Мысалы: келді, аспаннан, ауданда, қаздар т.б. осы мысалдардағы -ді, -нан, -дар, -да буындарына екпін түскен. Графика. Графика тілдегі дыбыстардың жазуда берілу жолын көрсетеді, жазу таңбалары мен дыбыстардың арасындағы қатысты айқындайды. Дыбыстық жазудағы негізгі таңба – әріп. Әріп – тілдегі дыбысты жазуда белгілейтін графикалық таңба. Тілдегі дыбыстарды белгілейтін әріптердің белгілі тәртіпке салынған жинағын алфавит (әліпби) деп атаймыз.
Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы.
Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылу заңдылығы.
№ 4 дәріс тақырыбы: Лексикология. Сөз бен дыбыстың, сөз бен мағынаның және ұғымның өзара бірлігі мен айырмашылығы. Сөзге тән белгілер. Семасиология. Сөз мағынасының түрлері
Сөздің тура мағынасы -затпен тікелей бірліктегі әрекет пен құбылысты, адамның ойымен байланысты түсініктерді, түйсікті білдіретін негізгі мағынасы.
Сөздің ауыспалы – келтірінді мағынасы – сөздің әдеттегіден тыс, табиғи емес мағынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |