Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі


Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсіби білімнің рөлі, маңыздылығы, мәні



бет3/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
ЖМП 1-75 (1)

Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсіби білімнің рөлі, маңыздылығы, мәні.

Елімізде білім саласында ең алдымен қолға алғанымыз-ол заң саласы. Мәселен, білім туралы, жоғары білім туралы заңдар өмірге келді. Заңдарға сай бағдарламалар, тұжырымдамалар жасалынды. Осыларға сәйкес білім реформалары жүзеге асырылып жатыр.


Экономикалық реформалардың тез жүзеге асуы арқасында еліміздің дамуы аса жылдам қарқын алуда. Әлемдік білім кеңістігінде өз үнің болу үшін бүгін де тағы ірі өзгерістерді қажет етудеміз. Онда білім саласының 2015 жылға дейінгі мәселесі қамтылған.


Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын белгілеген Елбасы Жолдауында осы заманғы білім беруді дамыту жүйесіне зор маңыз берілген. Онда барлық деңгейлерде жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары, білім беру процесінің құрылымы мен мазмұны жетілдіріледі және үйлестіріледі, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады.


Өмір мұраты мен уақыт талабына, кезең шындықтарына тура көзбен ден қойсақ, еліміздегі білім-ғылым жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, өзара бірлік-байланыста интеграциялаудың қажеттілігі күн өткен сайын айқын аңғарылып келеді. Бұдан, әрине, жаһандану үдерісі, дамыған елдердің үздік үлгісі, ықпалы сезілмейді деуге болмайды. Оны да ескеріп, бақылап-зерделеп, содан кейінгі тұстарда ұлттық ерекшеліктерімізге сай ұтымды, тиімді жақтарды өмірге, тәжірибеге батыл енгізуге болады. Мұның біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға, ғылымды нақтылы бағыттар төңірегінде дамытуға септігі тиері сөзсіз.


Осы реттен келгенде орта және жоғары мектеп жүйесін белгілі бір бағытқа бұрып, оқу-ғылым ісін ортақ мақсаттар төңірегінде топтап, қатар дамыту-іргелі ізденістерге, нәтижелі істерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бұл іс өз деңгейінде дамып, оңды нәтижесін беріп тұр деп толық айта алмаймыз.


ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз инновациялық экономика құра алмаймыз.


Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті-әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемге танылуға тиіс. Ол үшін берілген бағдарламаларды толықтай орындауға жағдайлар жасау қажет.


Қазіргі уақытқа қарай қалыптасқан қазақстандық ұлттық білім жүйесі жүйелі сипат алған реформалардың нәтижесі болып табылады. Бұл орайда мемлекеттік тәуелсіздік алған Қазақстандағы білім реформаларының себептері экономикалық және саяси өзгерістердің алғышарттарынан мүлде бөлек.


Еліміздің білім жүйесін ілгерілету бағытында әр алуан ізденіс, көзқарастардың бары анық. Кейінгі жылдардағы осы бағыттағы реформалардың да түпкі мақсаты білім кеңістігіне қозғау салып, келешек көкжиегіне құштарлық, ұмтылыстардан туған. Бұл бағытта, әрине, көп сатылы оқу жүйесі (бакалавриат, магистратура, докторантура), тест тәсілі, кредиттік саланың да қоғамдық көзқарастың әрқилылығына қарамастан, өмірге батыл енуі-уақыт алға тартқан өмір шындықтарының бірі. Білім беру жүйесіндегі мұндай оң өзгерістер халықаралық стандарттарға, жаңа технологияларды батыл енгізуге мол мүмкіндіктер береді.


Халықтың жаппай сауаттылығы орта білімнің жалпыға бірдейлігі мен жоғары білім алу мүмкіндігінің жоғары деңгейі, барлық сатылардағы тегін оқу, білім беру бағдарламаларының ғылыми сипаты мен тереңдігі, ғылыми-зерттеу бағыттарының жан-жақтылығы, кез келген халықаралық өлшем бойынша білім мен ғылымдағы орасан үлкен кадрлық әлеует (потенциал) кеңістік кезеңдегі даусыз тарихи жетістіктер болып табылады. Оқу орындарының желісін жетілдіру үрдісі олардың құрылымдарын жақсартумен қатар жүгізіліп отыр. барлық жоғары орындарында кафедралар мен факультеттерге ірілендіру жүргізіліп, артық құрылымдық бөлімшелер таратылды.


Жоғары кәсіби білім берудің бәсекеге қабілеттілігін және оны интернационализациялауды арттыру үшін білім беру қызметтерінің сапасын кезең-кезеңімен арттыру, «еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі» және «жоғары оқу орны мен мамандық мәртебесіне байланысты гранттың құнын сараландыру» қағидаттары негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, мемлекеттік-жекеше білім беруге кредит беру жүйесін одан әрі жетілдіру; жетекші шетелдік оқу орындарымен әріптестікті дамыту; техникалық білім беруді дамыту жөніндегі күш жігерді шоғырландыра отырып, жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру жөніндегі шаралар жүзеге асырылады. Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізуге тиіс. Біз әрбір Қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы мүмкіндікке кепілдік беруіміз керек.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет