Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі


Болон декларациясы. Болондық үдеріс: мақсаты мен міндеттері, бағыттары



бет4/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Болон декларациясы. Болондық үдеріс: мақсаты мен міндеттері, бағыттары.

Болон процесінің толыққанды қатысушысы болып 2010 жылдың 11 наурызында Қазақстан Болон декларациясына қол қойды. Қазақстанның Болон процесіне қатысуының негізгі мақсаты - европа біліміне қолжеткізуді кеңейту және оның сапасын кӛтеру.


Қазақстанның Болон процесіне қатысуының негізгі мақсаты – еуропалық білім беруге қол жетімдігін кеңейту, отандық білім сапасын ары қарай жоғарылату, жоғары білімнің тиісінше сатыларын енгізу және кредиттер жүйесін қолдану, отандық жоғары оқу орындарын бітірген түлектерге жалпы еуропалық диплом қосымшасын беру арқылы студенттер мен оқытушылық құрамның академиялық икемділігін жоғарылату.
Болон процесіне қосылу Қазақстанның жоғары мектебінің дамуының негізгі бағыттары мен артықшылығын анықтады. Әлемдік білім кеңістігіне ену ұлттың зияткерлік потенциалы мен бәсеке қабілеттілігі қарқынды түрде ӛсуіне себепкер болады.
Қазақстан ӛзіне алған міндеттемелері бойынша 2020 жылға дейін келесі іс-шаралар атқарылуы тиіс: «ашықтылықты» қамтамасыз ету, біртипті білім циклдерін кең ауқымды тарату арқасында барынша жоғары түрде салыстыру, бірыңғай білім несиелерінің жүйесін енгізу, алынып отырған біліктілікті арттыру мамандықтарының бекітілген қалыптарының бірдей болып келуі және екіжақтылығын қабылдау, мамандардың білім сапасын қамтамасыз ететін дамыған құрылымдарды құру және т.б.
Болон декларациясы барлыгына түсінікті және бір-бірімен сәйес келетін академиялық дәрежелерді бекітті, ол дәрежеге дейінгі және дәрежеден кейінгі. Осыған байланысты Қазақстан 2004 жылдан бастап жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру құрылымын енгізді: бакалавриат- магистратура-докторантура (PhD). Бұл құрылым 2007 жылдың 27 шілдесінде қабылданған «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында бекітілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанның жоғары білім жүйесінің Болон процесіне қатысушы мемлекеттердің білім жүйесіне барынша ұқсас, жақын болып келуі бойынша айтарлықтай үлкен жұмыс атқарылуда.
1997 жылғы Лиссабон конвенциясының және 1999 жылғы Болон декларациясының ереже, талаптарына сәйкес 2003-2004 оқу жылдарынан бастап Қазақстанның бір қатар жоғары оқу орындарында кредиттік оқу жүйесі енгізілді. Қазақстан Республикасы жоғары білім беру саласына кредиттік оқу жүйесін енгізудің басты мақсаты ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне тереңдеп енгізу және ҚР оқу орындарын бітіріп шығушы мамандардың алған дипломдарын әлемдік еңбек нарығында ешқандай шектеусіз қолдануға болатынына қол жеткізу.
Кредиттік оқу жүйесінің негізгі бағыттары: - жоғары оқу орындарының классикалық дәстүрлерін сақтай отырып жоғары сапалы білім беру: алған білімнің іргелілігі, жүйелілігі, білім беру үрдісінің сабақтастығы, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беретін кӛп нұсқалылығы; - басқа білім беру мекемелерімен білім беру нәтижесін салыстырып, оның жақсы нәтижелерін бірлесе мойындай отырып іске асыру үрдісіне енгізуге қол жеткізу;
- білім алудың сабақтастығына үнемі қолдау жасап отыру;
- білім берудің тұлғаландырылған (жеке тұлғамен тікелей жұмыс істеу) қағидасын жүзеге асыру;
- студеттердің ілімді жылдам қабылдауға қалыптасуына қол жеткізу.
Қазақстанның Болон процесіне қосылуы қазақстандық білім беру бағдарламаларының танылуын, студенттер мен оқытушылардың академиялық икемділігін, отандық дипломдардың еуропалық аймақта мойындалуын, отандық түлектердің кез-келген елде жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді.
«Академиялық икемділіктің» дәстүрлі шетелдік іссапарлардан айырмашылығы біріншіден, студенттер шектеулі болса да ұзақ мерзімдерге, яғни бір семетсрден бір жылға дейінгі мерзімге барады, екіншіден, ондай тағылымдама кезінде олар тек тілді емес, толыққанды сабақ оқып мамандық бойынша білім мен біліктерді меңгереді, ол жерде меңгерілген кредиттер оған отандық ӛзі түскен оқу орнындағы оқу жүктемесіне енгізіліп есептеледі.
Қазақстанның Болон процесіне қосылуы қазақстандық университеттер үшін екі дипломдық білім беру, академиялық курстарды ӛзара тану, халықаралық аккредитация сияқты және т.с.с. бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру үшін зор мүмкіндіктер ашады.
Білім берудегі сәйкестілік келесі мақсаттарды жүзеге асыруға жағдай жасайды:
- оқу үрдісінің барлық негізгі элементтері келісілген оқу бағдарламаларын қалыптастыру (оқу жоспары, оқыту мен бағалау әдістері, курстар мен оқытушыларға қойылатын талаптар);
- серіктестіктің барлық мүшелерімен, серіктес-университетте оқыту нәтижелерінің автоматты түрде танылуы, ол білім беру үрдісіне икемділік элементін енгізудің негізгі кепілдігі болып табылады;
- бағдарламаны басқарудың жалпы органын құру; оқуды аяқтаған соң қатысушы-университеттердің бірлескен дипломын (бағдарлама мүшелері атынан) немесе дипломдарын беру.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет