Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттеріне мыналар жатады,
- қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс-қимыл стратегиясын әзірлеу; - басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сай бағдарламалар мен жоспарлау әзірлеу, олардың орындалу мерзімі мен жауапты қызметкерлерді нақты белгілеу; -жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру;
Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз – білім беру менеджерінің қызметіне тән маңызды талаптар мен ережелердің жиынтығы, басқарудың объективті заңдылықтарының көрінісі және жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа негізделген біртұтас педагогикалық процесс. - менеджменттің педагогикалық бағыттау приципі; - менеджердің диагностикалық қызметінің нақтылығы мен мақсаттылық принципі; - қызметтік мақсатқа лайықтылық принципі; - басқару процесінің пәрменділік принципі; - басқару қызметін өзара бөлісу принципі;
Жалпы менеджменттің ерекшеліктері Адами факторлардың болуы. 2. Уақыт кезеңіндегі ұйымның өзгеруі. 3. Менеджментті қарастыратын ғылым салалары: психология, социология, фәлсафа, математика, статистика, бухгалтерлік жазба және т.б. 4. Ұйымның жан-жақты болуына байланысты оны басқарудың алуан түрлеріде бар. 63Педагогикалық менеджменттегі басқару стильдері
«Менеджмент» ұғымы «басқару» терминінің баламасы, толық емес формадағы синонимі. Мысалы, «басқару» адамзат әрекетінің сан алуан түрінде (көлікті басқару); әртүрлі іс-әрекет саласында (жансыз табиғатты, биологиялық жүйені, мемлекетті басқару); әртүрлі басқару органдары (мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардағы, кәсіпорын мен бірлестіктегі бөлімдер) қолданылады. Басқару адамдардың кәсіптік қызметі, бұл ұжымға, жеке адамға, олардың бірлескен жұмысына (еңбекке) мақсатты түрде жүйелі ықпал ету. Басқару мақсатқа сай басқару объектісін реттеуге бағытталған шешімді дайындау, ұйымдастыру, бақылау, нақты ақпарат негізінде талдау жасау, қорытынды шығару.