Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі


Студенттердің оқу ортасына бейімделу мәселесі



бет39/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49
Байланысты:
ЖМП 1-75 (1)

Студенттердің оқу ортасына бейімделу мәселесі.

Бейімделу - жеке тұлғаның әлеуметтік ортаның талаптарына және шарттарына икемделуі. Ал, студент - қоғамның мықты интеллектуалдық әлеуеті. Қазіргі заман талабы білімді, білікті, бәсекеге қабілетті және өз мүмкіндіктерін қолдана алатын тұлға болу. Тұлға болуға бағыт бағдар беру және қалыптастыру білім ошақтарындағы педагогтар мен психологтардың негізгі міндеті. Бейімделуді зерттеу Ж. Пиаженің, И.П. Павловтың, И.М. Сеченовтың, Ч. Дарвиннің еңбектерінде кездеседі. Мәселені тек психологтарды ғана емес педагогтар мен әлеуметтанушыларды да бейжай қалдырмады. Педагогика саласында В.Л. Бозджиевтің, В.М. Дугинцтің, Л.А. Носовтың, В.В. Лагеревтің еңбектерінен, әлеуметтік тұрғыдан Ф.Б. Березин, О.С. Гребенюк, В.В. Синявский еңбектерінен көруге болады. Оқу орнындағы оқудың басталуының өзінде ақ, көптеген студенттердің тез шаршайтындығы, үрейліліктің жоғары деңгейі байқалады. Бұған себептер жоқ емес. Біріншіден, студенттердің мамандық таңдауда қателесуі. Бұл мәселені шешу үшін мектептегі психологиялық қызмет деңгейін және сапасын көтеру тиіс. Яғни, тек қағаз жүзінде емес практикалық тұрғыдан балаға өз мүмкіндіктерін қолдануға және шешім қабылдауға бағдар беру керек. Менталитеттің әсері ме, әлде әлеуметтік статустардың маңыздылығы ма жас ұрпағымызды болашағы үшін емес жеке әлеуметтік репутациясы үшін өмір сүретіндей. Бір сөзбен айтқанда, студенттер өзіне не керек екендігін түсіне алмай жатады. Студенттерге бұл мәселені шешу үшін амирикан психологы А.Х. Маслоудың «Қажеттілік пирамидасын» ұсынсақ болады.


Оқу формаларының тиімділігін арттыру мақсатында интербелсенді әдістерді оқу процессінде қолдануға болады. Үшіншіден, студенттердің оқытушылар мен оқу орынының әкімшілігімен қарым-қатынасы бейімделу процессіне өз ықпалын тигізеді. Адамдардың әрқайсысының белгілі бір позицияны ұсынып, өзара қарым-қатынастың бірлігі-трансакция деп аталады. Америкалық психиатр Э. Берн адамның өмірлік позицияларға қатысты трансактілі анализ теориясын жасаған. Трансактілі анализ - тұлғалық және топтық өсудің психотерапиялық әдісі. Берннің теориясы тұлға құрылымын талдап, тұлғалық өзерістерге бағытталған. Бірақ жеке адамды түсіну мәселесін қарастырмайды. Қорыта айтқанда, студенттерді әлеуметтік топ ретінде қарастырып, танымдық үдерісінің ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие үдерісіне бейімдеу білім сапасын арттыруда үлкен маңызға ие.

Бұл теория адамның психологиялық дамуы мен өсу сатыларын айқындайды. Маслоудың түсіндіруі бойынша, әрбір саты келесі сатыға көтерілу үшін, алдыңғы саты толық орындалуы және толық қанағаттануы қажет. Бірініші курс студенттеріне оқу-тәрбие процесі барысында «Мамандығың өзіңе ұнайма?», «Мамандықты таңдауға кім ықпал етті?» деген секілді сұрақтар қойылады. Көптеген студенттер «Грант болғасын түстім» немесе «Ата-анамның ықпалымен» деп жауап беріп жатады. Осы тұрғыда студенттер өзі қаламаған мамандықта оқуы әлеуметтік статусына сай ортасына бейімделу кезінде кедергі келтіретіні анық. Ал бейімделе алмау эмоционалдық дағдарысқа әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Екіншіден, студенттің оқу процесіне икемделе алмауы. Маман даярлайтын оқу орындарының оқу бағдарламасы мектеп бағдарламасынан өзгеше және күрделірек. Ақпараттың күрлелігі, көптігі студенттің танымдық үрдісіне өз ықпалын тигізбей қоймайды. Сол себепті, бірінші курс студенттері болашақ мамандығына ғана байланысты пәндерді оқығысы келеді.



54..Тәрбие үрдісінің мәні, заңдылықтары және ұстанымдары.
Табиғат пен қоғам дамуы адамның еркінен тыс өмір сүретін объективтік заңдардың қатарына жатады. Бірақ адамдар ол заңдарды ашып, пайдалана білгендіктен олардың іс — әрекеті саналы, бағытталған іс — әрекетке айналады.
Адамды табиғаттың құрамды бір бөлігі ретінде оны танып білу, оған тәрбие арқылы әсер ету өте күрделі педагогикалық процесс.
Педагогика болса диалектиканың барлық заңдылықтарын өз бойына жинақтаған ғылым.
Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама – қайшылығында ашылады.
Педагогикалық процестің заңдылықтарын кезінде К. Д. Ушинский өзінің “Педагогикалық антропология” деген еңбегінде ескертіп айтқан, педагогикалық қағидаларды құр жаттап алу ештеңеге қол жеткізбейді, пайда бермейді. Оның ғылыми негіздерін зерттеу керек, содан шығатын ережелерді білу керек деген. Ол психикалық құбылыстардың заңдылықтарын, оны басқарудың жолдарын зерттеуді, сол заңдарды ой елегінен өткізе отырып, жағдайларға байланысты, пайдалануға болады деген.
Педагогикалық процестің заңдылықтары көрнекті педагогтардың Ю.К. Бабанскийдің, И.Я. Лернердің, И.Ф. Харламовтың еңбектерін кең көлемде баяндалған.

  1. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері, оларға мінездеме.

Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс заңдылық деп аталады. Педагогикалық заңдылық деп – педагогикалық процестің тұтастығын айтады.
Тәрбиенің заңдылықтары:

  1. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік – экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамуына игі әсер етеді.

  2. Тәрбие мен өзін — өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым – қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін — өзі тәрбиелеу белсенділігі.

  3. Тәрбие іс — әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші рөлі заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру іс — әрекетіне байланысты. Іс — әрекеттің мынандай түрлері бар. Олар: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық – саяси іс — әрекеттері т.б. жатады.

  4. Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы. Жас ерекшеліктері мынандай жағдайда еске алынады:

а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын
т.б. жасағанда;
ә) ағзаның дене және психикалық дамуына байланысты;
б) оқу, тәрбие процесінде.
Жеке адамның дербес ерекшеліктері;
а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) ;
ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер.
Қабілет – адамның түрлі іс — әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.


55.Тәрбие әдісі, формасы, құралы туралы жалпы түсінік, олардың мәні
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.

Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтатуға үйретеді.
Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.

Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.
Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардық кимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс-қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне-өзі баға беруді қалыптастырып қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді.
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);
• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
• бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау құралдары.
56. Ақпараттық технологиялар
Оқытудың ақпараттық технологиялары (ОАТ) оқыту қызметін іске асыру үшін пайдаланылатын электрондық құралдар мен олардың жұмыс істеу тәсілдерінің жиынтығы ретінде анықталады. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың (БТҚ) жіктемелік белгілері ретінде:
 дидактикалық бағыттылық
 бағдарламаны жүзеге асыру
 техникалық жүзеге асыру
 қолданудың пәндік саласы
Осы кешендердің негізіне қойылған және оқыту үдерісін қолдау үшін қолданылатын технологиялар декларативті болып табылады. Оларға жатқызуға болады: • компьютерлік кітаптар; • оқу деректер базасы; • білім алушының оқу мақсатындағы ақпаратты дұрыс меңгеруін сақтауға, беруге және тексеруге мүмкіндік беретін тестілік және бақылау бағдарламалары мен басқа да компьютерлік құралдар; • қолданбалы бағдарлама пакеті (ҚБП); • компьютерлік тренажерлар (КТ); • лабораториялық практикумдар; • іскерлік ойындар бағдарламасы; • білім алушыға оқу зерттеу барысында оқытылатын пән саласы бойынша білім алуға мүмкіндік беретін сараптамалық-оқыту жүйелері (СОЖ) және басқа да компьютерлік құралдар.
57. Кредиттік оқыту технологиясы. Дублин дескрипторы: оқыту нәтижелері
Кредиттік оқыту технологиясы ағымдағы оқу жылына профессорлық-оқытушылық құрамның оқу қызметін және білім алушылардың жеке білім траекториясын жоспарлауды көздейді.
Оқытудың бес негізгі нәтижесі:
*Білу және түсіну
* Білім мен түсінікті қолдану
* Пікірлерді қалыптастыру
* Қарым-қатынас дағдылары
* Оқу дағдылары немесе оқу қабілеті
Білім беру бағдарламасының нәтижелері оқушылардың жоспарланған нақты жетістіктері болып табылады. Олар бағдарламаны аяқтағаннан кейін студенттердің қандай білім, білік, дағдыға ие болатынын, қандай құзыреттерді дамытатынын сипаттайды. Оқытудың әртүрлі түрлерінде нәтижелер өзінше анықталады.
58. Кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктері. Дублин дескрипторы: құзыреттіліктер
Кез келген оқу процесінің негізінде эдвайзердің көмегімен білім алушының алдын ала құрастырылатын Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) жатыр. ЖОЖ құрастыру үшін негіз білім берудің тиісті Мемстандартына (МЖБС) және ЖОО ұсынатын элективті пәндер каталогына (ЭПК) кіретін типтік оқу жоспары (ТОЖ) болып табылады. Жеке оқу жоспарлары еңбек нарығының қажеттілігін, жұмыс берушілердің талаптарын және білім алушылардың мүдделерін көрсетуі тиіс. Сонымен қатар олар бакалаврларда кеуде нарығында еркін бағдарлау және кейін білім алуды жалғастыру мақсатында жалпы білім, әлеуметтік-тұлғалық, экономикалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, жалпы ғылыми, кәсіби, арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал етеді. Осыған байланысты нақты мамандықтар бойынша жеке оқу жоспарларын жасау кезінде жоғары оқу орындарына білім алушыларға мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында айқындалған кәсіптік құзыреттілікті толық меңгеруге мүмкіндік беретін пәндер тізбесін белгілеу ұсынылады. Сонымен, техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды кәсіби даярлау жаратылыстану-ғылыми пәндерді, ақпараттық технологияларды, инженерлік графика мен т. б. зерттеумен байланысты жалпы техникалық білім алуды көздейді.
59. Кредиттік оқыту ұстанымдары. Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі (ECTS).

ECTS немесе Еуропалық несиені аудару және жинақтау жүйесі – еуропалық несие беру және жинақтау жүйесі. Әрбір семинар мен курс ECTS ұпайларымен – кредиттермен бағаланады. Кредиттер студенттің пәнді оқуға жұмсаған сағат санына қарай есептеледі. Бір кредит шамамен 25-30 сағатты құрайды.


ECTS кредиттік жүйесі Болон жүйесін қабылдаған 48 EHEA мүше елдерінде қолданылады. Келісімге ЕО, Азия және ТМД елдері, соның ішінде Беларусь, Қазақстан, Түркия және т.б. Ресей 2022 жылдың 12 сәуірінен бастап Болон жүйесіне кірмейді[1].

ECTS жүйесі жиі қажет:

Бір елдегі жоғары оқу орнынан осы жүйені қабылдаған басқа елдердің университеттеріне ауысқанда. Университеттерге кредиттік бірліктерді қайта есептеу қажет емес және студент оларды екі рет қабылдамауы үшін бірдей пәндерді санау оңайырақ.
Магистратураға немесе докторантураға түскен кезде. Болашақ магистрлер мен PhD докторларына қойылатын талаптар көбінесе студент оқудың алдыңғы кезеңінде алуы тиіс кредиттер көлемін көрсетеді. Мысалы, магистратураға көбіне 180 ECTS сұрайды, ал докторантураға – 240.
Жұмысқа өтініш бергенде. Жұмыс беруші студенттің мамандандырылған пәнге қанша сағат жұмсағанын көре алады. Бұл несиелердің санына қарай анық болады.
Оқушылардың ұтқырлығын арттырады. Егер сіз оқып жатқан елде кредиттер қолданылса, ECTS жүйесін мойындайтын басқа елдегі университетке түсу немесе ауысу оңайырақ. ЖОО-ларға аяқталған пәндерді санау оңайырақ. Мысалы, француз бакалавриат университетінің бакалавр дәрежесімен Испаниядағы магистратураға түсу оңайырақ, өйткені екі ел де несиелерді пайдаланады.
Ұқсас курстарды қайталаудың қажеті жоқ. Егер сіз оқуды тастасаңыз немесе басқа университетке ауыссаңыз, жинақталған кредиттеріңіз аяқталмайды және оны қайта оқуға түскен кезде пайдалануға болады. Осылайша, бір курсты екі рет қабылдауға тура келмейді.
Сіз өзіңіздің кестеңізді жасай аласыз. Студенттердің міндетті және таңдау пәндері бар. Олар бір семестрде қанша пәнді оқу керектігін таңдап, оқу сағаттарының санын реттей алады. Ең бастысы, бағдарламаның соңына дейін қажетті несиелер санын алу.
Жұмысқа орналасу оңайырақ. Кредиттер санына қарай жұмыс берушілерге студенттің курсты оқуға қанша уақыт жұмсағанын түсіну және оның құзыреттілігін бағалау оңайырақ.
Дипломсыз несие алуға болады. Егер бакалавриат түлегі магистратураға оқуға түссе, бірақ белгіленген мерзімде дипломын бітіруге үлгермесе, ол транскрипт бере алады. Мысалы, студент 3 курстың 2 семестрінде оқиды және қазірдің өзінде 150 кредит алды. Транскриптте бұл көрсеткіш және бакалавр дәрежесін сәтті аяқтаған кездегі кредиттер саны көрсетіледі - 180.

60 Студенттің өзіндік жұмыстары және оны ұйымдастыру технологиясы.


Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студент білімінің
тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне
ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі.
СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді
мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты
дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және
меңгереді.
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша студенттің өзіндік жұмысының статусы
жоғарылайтыны белгілі. Талап бойынша, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) оқытушының қатысуымен белгіленген уақытта және оқытушының қатысуынсыз (СӨЖ) да берілген тапсырмаларға сәйкес орындалады. СӨЖ-дің тақырыптары, тапсырмалары, өткізілу тәртібі,сағат
саны пән бойынша құрастырылған силлабустарда аладын-ала көрсетіледі. Студенттің әрбір өзіндік жұмысы пән бойынша\ жоспарланған жұмыс бағдарламаларымен ұйымдастырылады
Курстың көлемін және оның күрделілігін, маңызын
ескере отырып студенттердің өзіндік жұмысының және
жеке тапсырмаларының әртүрлі формалары жасалған:
• реферат;
• бақылау жұмысы;
• коллоквиум;
• дискуссия (кейстер);
• кроссвордтар0;
• тесттік тапсырмалар.
СӨЖ-ді дұрыс және тиімді өткізу үшін:
- студенттің өзіндік жұмысына қажетті оқу-әдістемелік
нұсқау беру;
- СӨЖ тапсырмаларын оқу жылының басында беру;
- ағымдық және аралық бақылау түрлерін өңдеу;
- СӨЖ бойынша консультациялар күнін белгілеу

Жоғары оқу орындарында СӨЖ ұйымдастыру
сыртқы және ішкі мақсаттарға сәйкес қызмет
атқарады және дамытылады. СӨЖ атқарудың сыртқы
мақсаты қоғамның мамандарды даярлауға қоятын талаптарымен анықталады.
Мамандарды дайындаудың сапасын арттыру міндетін шешудің
негізі оқыту сапасын күшейту болып отыр. Ол
бірнеше факторлармен айшықталады. Ең бастысы,
маманды даярлау деңгейіне нарықтың қояр талабы
және оқытудағы экстенсивті және интенсивті
факторлардың арақатынасының өзгеруі болып
табылады.
61Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет