Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі


Жоғарғы оқу орындарындағы тәрбие жұмысының бағыттары



бет37/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
Жоғарғы оқу орындарындағы тәрбие жұмысының бағыттары.

Тәрбие саласы мемлекеттік саясаттың білім беру саласындағы басым бағыттарының бірі болып табылады. Жоғары оқу орнында жастардың тұлға ретінде қалыптасу мәселелері студенттік топтардағы тәрбие жұмысының тиімді жүйесінсіз жүзеге асуы мүмкін емес.


Қазіргі қоғамдық сұраныс – өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын бүгінгі студент, ертеңгі маманды тәрбиелеуді талап етеді.
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру.
Тәрбие – тұлғаны қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірге белсене қатыстыруға жүйелі де мақсатты түрде бағыттайтын дайындау үрдісі.
Тәрбие әдісі – тәрбие міндеттері шешіміндегі көптеген жалпы әдістер жиынтығы мен тәрбиенің өзара әрекеттерін жүзеге асыру.
Тәрбие үрдісінің мақсаты – студенттер тұлғасының жан-жақты үйлесімді дамуы. Ол келесідей бағыттарға негізделген:
- тұлғаның оң сапасын тәрбиелеуге;
- белсенді өмір көзқарасына дағдыландыруға;
- өзін-өзі тәрбиелеу, қалыптастыру және өзін-өзі бақылау қабілетіне;
- жеке құндылық сезімін тәрбиелеуге;
- Қазақстан Республикасының дамуы мен жандануына деген намыс, мақтаныш көзін дамытуға;
- рухани және адамгершілік қабілетін қалыптастыруға;
- дене шынықтыру жағынан жетілдіруге;
- экологиялық мәдени өмірге.
Бұл бағыттар академиялық топ кураторлары жүзеге асыратын бірқатар басқару факторларымен айқындалады.
Студенттік топ жоғары оқу орнындағы студенттердің өмірлік қызметі құрылымының ұйымдастырушылық негізі болып табылады. Мұнда студенттердің аса маңызды өзін-өзі тануы, қарым-қатынас, басқа тұлғаларды бағалау, тұлға ретінде өзіне баға беру сияқты әлеуметтік қажеттіліктері жүзеге асырылады. Топтың бірлігіне, оның мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынас, көшбасшылардың беделі көптеген жағдайда оның ұжым ретіндегі даму деңгейіне байланысты болады, яғни әрбір студенттің тұлғалық әлеуметтену үдерісіне тиімді ықпал етеді. Сондықтан да топ университеттің бүкіл оқытушылар ұжымының жүзеге асыратын тәрбие жұмысының негізгі нысаны болуы тиіс.
Куратор-эдвайзердің тәрбие қызметінің аса маңызды бағыттары бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделуі, студенттерге әлеуметтік-тұрмыстық және бос уақытты ұтымды өткізу мәселелерін шешу барысында көмек көрсету, студенттік топта достықты, қайырымдылықты, бірлікті, өзара қолдауды қалыптастыру, бірегей жоғары оқу орны қауымдастығының оқытушылары мен студенттеріне қатыстылығын сезіндіру, бірыңғай әрі біріктіріле ұйымдасқан мәдениетке, жүйеге және көзқарастар мен қиындылықтарға тиістілігін ұғындыру болып табылады.
Сондай-ақ куратордың міндеттері одан ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеттерді, оқу-тәрбие материалын оқытушы ретінде оңтайлы үйлестіре білу дағдыларын талап етеді. Куратор-эдвайзер өзінің педагогикалық қызметін, тұлғалық өсуі мен өзін-өзі көрсетуі барысындағы ұмтылысын ұтымды бағалауы және талдауы аса маңызды болып табылады.
Эдвайзердің функционалдық міндеттері:

  • білім алушылардың кәсіби бағдарына және пән мен оқытушыны таңдауына көмектесу;

  • Оқу жоспары және бағдарламалар бойынша комиттетердің мамандықтың жұмыс оқу жоспарын және білім беру бағдарламасын жасау жұмысына қатысу;

  • Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша қажетті ақпараттық материалдарды дайындауға қатысу және оларды студенттерге электронды тасымалдаушта беру;

  • жеке оқу жоспарын жасау және түзеу кезінде студентке көмектесу;

  • оқылып жатқан пәндер бойынша студенттерге уақытылы силлабустардың берілуін бақылау, мамандықтың барлық оқылатын пәндерден межелік бақылау және атестаттау ережелерін орындау;

  • жолсерік-анықтамасын, элективті пәндер каталогын құрастыруға қатысу;

  • студенттердін рейтингін тексеру;

  • білім алушылардың академиялық үлгерімі сұрақтары бойынша деканаттың отырысына қатысу;

  • студенттердің пәндерге тіркелуге және жеке жоспарларына өзгерістер енгізуге тапсырыстарын уақытылы беруіне жауап беру;

  • мамандықтың типтік, жұмыс оқу жоспарларымен, элективті пәндер каталогымен (пәндердің пререквизиттерімен және постреквизиттерімен) таныстыру;

  • пәнді таңдау және оған жазылу рәсімі бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және кеңес жұмыстарына қатысу;

  • білім алушыларды білім беру үрдісін ұйымдастыру ережелерімен таныстыру;

  • білім алушылардың приоритеттерін, бейімділігі мен мүмкіндіктерін анықтау;

  • оқу ақысын және пәнді қайта оқу ақысын уақытылы төлеуді, оқу жоспарындағы айырмашылықты тапысуды бақылау;

  • ЖОЖ-ға сәйкес оқу жоспарындағы айырмашылықтарды және академиялық қарыздарды тапсыру мерзімін анықтау;

  • GPA есептеуде және транскрипті толтыруда тіркеуші кеңсесіне және деканатқа көмек көрсету;

  • Білім алушылардың сұрауы бойынша жаңа элективті пәндерді еңгізуге ұсыныстар жасау;

  • Орташа өлшемді бағаны (GPA) есептеу әдістемесін және кредиттер санын жинаудың дұрыстығын түсіндіру;

  • Бекітілген білім алушылармен академиялық үлгерімі, тәртібі және ағымдағы аттестаттау сұрақтары бойынша тәрбие жұмысын жүргізу.

Куратор оқу-тәрбие жұмысын жүргізеді, университет әкімдігімен, қоғамдық ұйымдармен, университеттің оқу персоналымен топ студенттері арасында тығыз байланыс орнатады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет