Оқытушыныңкоммуникативтікбіліктілігі тілдік — әдеби тілдік норманы; кәсіби – білім, білік, дағды, іскерлік қасиеттерді; қоғамдық-мәдени-ұлттық және әлемдік мәдени ерекшеліктерді игеру, қоғамдағы ұстамдылық, тілдік этикетті сақтау сияқты құзыреттіліктер тұтастығынан көрініс береді. Соңғы жылдары білімнің бұл түрі «риторикалық білік», «сөйлеу мәдениеті» терминдерімен беріліп жүр.
Қазіргі Қазақстандағы коммуникативтік мәдениеттің құлдырау жағдайларында жалпы білім беретін мектептің филолог-мұғалімі Қазақстан балаларының тіл мәдениетін арттыруда және тілдік, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ерекше рөлге иемденіп отыр. Мектептің міндеті әлеуметтік қатынас жасаудың алуан түрлі жағдайларында тілді жетік меңгерген тұлғаны даярлап шығу болып табылады. Қазақ тілінің мектептік курсының түпкі мақсаты – мектеп оқушыларында ана тілін, оның әр түрлі стильдері мен жанрларының ауызекі және жазбаша түрлерін еркін меңгеру дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар ана тілін шебер қолдана білуге үйрету, дәл, дұрыс және мақсатқа лайықты, мәнерлі сөйлей алатын тілді таратушыларды тәрбиелеу болып табылады.
Жазбаша және ауызекі түрдегі тілдік қатынас жасауды еркін жүзеге асыратын тілдік тұлғаны даярлау қазақ тілін мектепте және жоғары оқу орнында оқып-білудің, зерттеудің жаңа, коммуникативті бағытталған курсын құруды талап етеді, сондықтан да болашақ мұғалімді педагогикалық қызметке даярлау барысында оның коммуникативтік құзыреттілігін арттыру педагогикалық қатынас жасаудың жұмысқа, қызметке ілесе жүретін, жалғаспалы фактордан кардиналды, түпкілікті, кәсіптік маңызды санатқа айнала бастағандығымен анықталады. Педагогикалық қызметтің негізінде, мұғалім көмегімен білім беріп, ақпарат алмасуды ұйымдастыратын, оқушылардың танымдық-практикалық қызметін басқарып, оқып-үйренушілер арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын, олардың ерік-жігеріне , ой-санасына, сезімдеріне және т.б. әсер ететін коммуникативтік қызмет жатқандығы баршамызға мәлім.
Коммуникативті қабілеті коммуникацияның барлық түрін ұтымды қолдана білу, айтатын сөзін дұрыс жоспарлай білу, сөйлеу мәнері мен қажетті сөздерді ұтымды қолдана білуінен байқалады.
Педагогикалық өзара әрекет вербалды және бейвербалды амалдар арқылы жүзеге асады. Қарым-қатынас тілдік қатынасқа қоса хабарға немесе сөйлесімге көмекші қызмет атқаратын бейвербалды амалдарды қажет етеді. Себебі қатынас немесе көркем мәтін тілдік қарым-қатынастың сыртында дауыстың құбылмалы реңктерінен, тембрінен, қарқындылығынан, қимыл-әрекеттерінен, дене қимылдарынан, бет-әлпеттегі өзгерістерден де құралады.
Коммуникативтік мәдениеттің технологиялық жағын арнайы жаттығулар арқылы жетілдіруге болады. Педагогтің коммуникативтік тренингінен тұратын жаттығуларды пайдалану жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі.
62 Педагогикалық менеджмент қызметтерінің мәні мен ерекшеліктері
Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-танымү рдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері,әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені. Педагогикалық менеджмент – бұлбілім беру процесінбасқарудыңкешендіпринципі мен технологиялықтәсілдер, ол тек білім мекемелерінетиімдібасшылықтыңшығармашылықпотенциалынкөрстеіпқанақоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзінетәнміндеттерауқымынжүктейді.
Педагогикалық менеджмент міндеттерібасқарумазмұныменанықталады. Басқарумазмұныбасқару функциясыныңмынатөмендегікомпоненттерініңөзараүйлесімділігікелесілер:
- жоспарлау; - ұйымдастыру; - реттеу; - бақылау; - есеп жүргізу; - талдау.