«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет69/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   134

 

 Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1.Комарова Т.С. «Обучение детей техническим навыкам и умениям» 

   М. Просвещение 1970г  

2. Косминская В. Б. Хомзова Н. Б. «Методика руководство изобразительной  

деятельности» М. Просвещение 1987г 

3.Никитин А. В. «Нетрадиционные техники рисования в детском саду

   Издательство «Каро» 2014г 

 

 



ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ - ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІ 

Тюлемисова Лайла Сериковна 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

 

Қазіргі заман ағымына қарай білім берудегі мақсат — өзгермелі даму үстіндегі ортада 



өмір сүруге бейім, қоғам мүддесіне үлес қосуда өзін — өзі белсенді етуге дайын, басекеге 

қабілетті,  шығармашыл,  білімді  тұлғаны  дамыту  және  қалыптастыру.  Қазіргі  педагогика 

ғылымында 

негізгі 


базалық 

ілімдердің 

бірі 

«құзыреттілік» 



болып 

отыр. 


Құзыр-бұл 

адамның 


бойындағы 

бар 


білік 

пен 


білім 

және 


қабілеттері. 

510 

 

510 



 

Құзырет–қойылған  мақсаттарға  жету  үшін  ішкі  және  сыртқы  ресурстарды  тиімді  іске 

асыруға  дайындық;  жеке  және  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мақсатында 

табысты  іс  әрекетке  дайындық.  Құзыреттілік  дегеніміз  –  бұл  адамға  берілген  немесе 

жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. 

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев «Қоғамның нарықтық қарым-

қатынасқа  көшу  кезінде  саяси-экономикалық  және  рухани  дағдарыстарды  жеңіп  шыға 

алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті 

жеке  тұлғаны  қалыптастыру-біздің  басты  мақсатымыз»-деп  өзінің  Жаңа  әлемдегі  жаңа 

Қазақстан атты жолдауында тұжырым жасады. Қазіргі өскелең талап бойынша әрбір оқу пәні 

бойынша білім, білік және дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз, жеке 

тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын, қабілет, білім, икем, дағды, 

тәжірибе, көзқарас болып табылады. 

Бүгінгі  қоғамада  оқушының  академиялық  –  энциклопедиялық  білім  жиынтығы 

жеткілікті  болғанымен,  күнделікті  өмірде  кездесіп  отырған  түрлі  жағдаяттарға  икемсіздігі 

байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзіреттіліктің  қалыптаспағанын 

айғақтайды.  

«Құзірет»  термині  қойылған  мақсаттарға  жету  үшін  ішкі  және  сыртқы  ресурстарды 

тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағы, құзіреттер. (іс - әрекет 

тәсілдері),  психологиялық  ерекшеліктер,  құндылықтар  жатады.  Мұны  былай  көрсетуге 

болады:  

- құзірет;  

- білім, білік (әрекет), дағды әрекет

- құзіреттілікер (игерілген іс - әрекет тәсілдері); 

- өзін - өзі басқару;  

- тұлға. 

Құзыреттілік - оқу нәтижесінде меңгерген білім мен дағдыны тәжірибеде қолдана алу, 

проблеманы  шеше  алу,  яғни  оқушы  дайындығының  сапасын  сипаттайтын  жаңа  сапалық 

белгісі. Білім берудің негізгі нәтижесі ретінде жеке тұлғада төмендегі құзыреттіліктер болуы 

тиіс:  


• Құндылықтарды бағалау құзыреттілігі 

Коммуникативті құзыреттілігі 

• Мәдениеттану құзыреттілігі 

Оқу-танымдық құзыреттілігі 

• Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі 

• Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі 

• Ақпараттық -технологиялық құзыреттілігі 

1.  Құндылықтарды  бағалау  құзыреттілігі  -  жаңа  қоғам  өмірінде  өз  ролін  таба  білу, 

біліктілігі, азаматтық белсенділігі, саяси жүйені түсіну, ең алдымен өз жерінің, Отанының 

патриоты болу. 

2.  Мәдениеттану  құзыреттілігі  -  өз  халқының  және  әлем  елдерінің  мәдениетін  түсіну, 

білу,  бағалау,  жалпы  адамзаттық  мәдениеттің  жетістіктері  мен  этномәдени  құбылыстарды 

тану. 

3. Оқу-танымдық құзыреттілігі – оқушының әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін 



қамтамасыз  ететін  кешенді  құзырлылық.  Әлемдік  ғылымның  бағытын  ізденушілік  - 

зерттеушілік әрекет арқылы игеру. 

4.  Коммуникативті  құзыреттілігі  –  адамдар  мен  өзара  іс-әрекет  және  қарым-қатынас 

жасау тәсілдерін білу, түрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеу. 

5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілігі - өз бетінше іздей білу, талдау, таңдап алып 

өзгерте білу, ақпараттық технологияны игеру. 

6.  Әлеуметтік  еңбек  құзыреттілігі  -  жанұяда,  еңбекте,  экономикада,  саяси,  қоғамдық 

азаматтық тәжірибе мен білімге ие болу. Әлеуметтік- қоғамдық жағдайларға нақты талдау 

жасап, шешім қабылдай білу. 


511 

 

511 



 

7. Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі – өзіндік қадір – қасиет сезімін ұйымдастыра 

білу, өз мүмкіндігін нақты даму жоспарларымен салыстыра білу. 

Коммуникативтік  құзыреттілік  проблемаларын  философиялық  тұрғыдан  зерттегендер: 

Г.С.Батищева, Л.П.Буевой, М.С.Кагана, О.В.Лармина, Г.П.Щедровицкого, К.Ясперса және 

т.б. ал, педагогика және психология ғылымдарында қарым-қатынас проблемасын іс-әрекет 

тұрғысынан зерттеген ғалымдар: Г.М.Андреева, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, А.А.Леонтьев 

және т.б., ал, жеке тұлғалық жағынан қарастырған зерттеушілер: Б.Ф.Ломов, А.Г.Ковалев, 

А.В.Петровский және т.б. [2] 

Құзіретті  адам  –  ол  жеке  тұлға.  Ол  туындаған  проблеманы  жеке  және  топтарда 

(коммуникативтік)  шеше  алуға,  өмірде  және  жұмыс  орнында  үнемі  жанашылдыққа 

ұмтылуға,  қабілетті болуға тиіс, өз бетімен және басқаның  көмегімен  қажетті  ақпаратты 

іздестіріп, қолдана алады.  Осы аталған сапалар мен қасиеттер кез келген іс  - әрекеттерге 

қажет.  Содан  да    олар  негізгі  құзіреттер  деп  аталады.  Оқушы  білімдік  процестегі  негізгі, 

құзіреттерге  оны  тәжірибеде  тиімді  қолданудың  нәтижесінде  қол  жеткізеді.  Негізгі 

құзіреттер іс - әрекеттен көрінеді.  

-

 

оқытудың  іс-  әрекеттік  сипаты,  яғни  оқитындарды  қандай  да  бір  іс-әрекетке 



араластырғанда: зерттеу, жобалау басшылық; 

-

 



оқу  процесін  оқушы  дербестігі  мен  өз  іс-әрекетінің    нәтижесіне  деген 

жауапкершілікке бағдарлау;  

-

 

өнімді топтың жұмысын ұйымдастыру; 



-

 

мұғалімнің құзіретті мінез – құлық танытуы. 



Тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы, ең әуелі мектептегі 

оқыту  үрдісінде  қалыптасады.  Қазақ  тілі  сабақтарында  оқушылардың  коммуникативтік 

құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор. Оқушылар қарым — қатынас 

моделдерін,  мәдениеттік  стереотиптерді,  мәдениет  образдары  мен  символдарын  білулері 

керек. Бұл оқушылардың қазақ тілінде емін еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады. 

«Коммуникативтік  құзыреттілік»  (латынның  «соmpetere»  —  қол  жеткізу,  сәйкес  келу, 

сөзінен шыққан) — қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте 

болу  тәсілдерін  білуді,  топта  жұмыс  жасау  дағдыларын,  ұжымдағы  әр  түрлі  әлеуметтік 

рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір 

таластыра т.б. білуі тиіс. Коммуникативтік құзыреттілік-екінші тілді үйренуші оқушыларға 

тілдің  заңдылықтарын  жаттанды  үйретпей,  сол  тілді  тілдік  және  қатысымдық  тәсілдерді 

орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани 

өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. 

Қазақ  тілі  сабақтарында  оқушылардың  бойында  коммуникативті  құзіреттілікті 

қалыптас- тырып, дамыту үшін тақырыпқа байланысты диалог, койылымдар әзірлеу, рөлдік 

ойындар ойнау т.с.с. тапсырмаларды орындатуға болады. 

Әдіскер  -  ғалым  Ф.Ш.  Оразбаева  коммуникативтік  әдістің  өзіндік  белгілерін  көрсете 

отырып,  оған  мынадай  анықтама  береді:  «Қатысымдық  әдіс  дегеніміз  –  оқушы  мен 

оқытушының тікелей қарым – қатынасы арқылы жүзеге асатын әдістің түрі». Бұл дегеніміз 

тілді  оқытуда  үйренуші  мен  үйретушінің  арасында  бір-бірімен  көзбе-көз  кездесу,  ауызба-

ауыз  тілдесу,  яғни,  тікелей  қатынас  болмаса,  сөйлесім  әрекеті  де  іске  аспайды.  Қазақ  тілі 

сабақтарында 

оқушылардың 

коммуникативтік 

құзыреттіліктерін 

қалыптастыруда 

қатысымдық әдістің маңызы зор екендігіне оқыту барысында көз жеткізуге болады.  

Сабақта  тілдік  қатынас  үш  түрлі  жолмен  іске  асыруға  болады:  жұптық,  топтық, 

ұжымдық.  Топтық  жұмыстар  арқылы  оқушылар  бірлесіп  білім  алады,  тілдік  қарым-

қатынасқа  түсіп,  сөздік  қоры  молаяды,  шәкірттің  бойында  жауапкершілік,  сыйластық, 

достық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндіктің мол екендігін байқалады. Дәстүрлі сабақта 

мұғалім тек бірнеше оқушымен жұмыс істейді, ал топтық жұмыста барлық оқушылар өзара 

бірігіп тапсырманы орындайды, бір адам кем дегенде екі не одан да көп адамдармен бірден 

қарым  –  қатынасқа  түседі,  сөйлесуші  ойын,  пікірін  бірнеше  адамдарға  бірдей  жеткізеді. 

Осындай  сөйлесулерде  оқушылардың  өз  Отанына,  қаласына,  көшесіне  деген 


512 

 

512 



 

сүйіспеншіліктері,  мақтаныштары  байқалып,  қуантады.  Әрине,  бұндай  нәтижеге  алдыңғы 

сабақтарды тиімді, тартымды өтудің арқасында ғана жетуге болады. 

Білім  алушыларға  қазақ  тілін  үйрету  кезінде,  олардың  сөздік  қоры  болмайынша,  өзге 

тілде  сөйлеуі  мүмкін  емес.  Пәнді  оқытуда  қолданылатын  интерактивтік  әдістер:  сабақ 

презентация,  сынақ  сабақ,  зерттеу,  жоба  құру  сабақтары.  Тәжірибеде  қолданылатын, 

оқушылардың  белсенділігін  арттыратын  интерактивтік  тәсілдер  –  Миға  шабуыл,  кластер, 

синквейн,  инсерт,  эссе,  семантикалық  карта,  рөлдік  ойын,  әңгіме  -  дебат,  пікір  талас, 

жағдаяттарды  шешу,  жуан,  жіңішке  сұрақтар,  рефлексия  оқушылардың  тілін  дамытуға, 

сөздік  қорын  молайтуға  мүмкіндік  береді.  Оқушының  басқа  тілді  үйрене  алмаймын  деген 

сенімсіздігін сейіліп, тілді үйренуге ынтасын артады.  

Оқытуда құзіреттілік әдістерді қолдануда оқушылар белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей 

сезеді, өз-өзіне деген сенімділігі артады, ой еңбегі жетіледі, түрлі міндеттер қатарын шешуге 

мүмкіндіктері  ашылады,  берілген  тапсырмаларды  саналы  орындайды,  оқуға  деген 

белсенділігі  артады,  шынайы  ақыл-ой  әрекет  жасайды.  Әрекеттің  жалпы  негізін  ұғыну 

арқылы құзіреттілігі артады, шығармашылық деңгейге дейін жетуге  ұмтылады. Өзін жеке 

тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді.  

Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру 

— заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, 

қазақ  тілінде  өзіндік  ой-толғамын  жеткізе  алатын,  кез  келген  адаммен  тілдік  қарым- 

қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін 

оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында. 

Қорыта келе, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» стратегиялық 

бағдарламасындағы білім саласына қатысты тапсырмаларын жүзеге асырушы тұлғалардың 

әрқайсысы еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігімен ерекшеленуі тиіс. 

Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі екені белгілі. Қоғамға 

ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт нық әрі сенімді болу үшін бәсекеге 

қабілетті маман дайындау орта арнаулы және жоғары оқу орындарынан бастау алмақ. 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.

 

Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007 



2.

 

Куламихина  И.В.  «Педагогическое  управление  развитием  коммуникативной 



компетентности  студентов  в  образовательном  процессе  торгово  экономического  вуза» 

Автореф. Дис. кан. пед. наук. Омск, 2007. 

3.

 

Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 



тұжырымдамасы. 

4.

 



Левитан, К.М. О содержании понятия "коммуникативная компетентность". Перевод и 

межкультурная  коммуникация.  /  К.М.  Левитан.  Екатеринбург.:  Издательство  АБМ,  2001. 

№.2.89-91б 

5.

 



Пассов, Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. - М., 1991. 

 

 



ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА ӘЛЕМІ 

 

Төкен Н.С., Альжанова К.Ж. 

Қарағанды қаласы, КМҚК «Толағай» балабақшасы 

 

Бүгінгі күні мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мен тәрбие беру үдерісі балалардың 



жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне ғана емес, білім беру жүйесінің ұйымдастырушылық 

жағына да аса байланысты болып келеді. Балабақшада математика пәнін оқыту барысында 

балалардың пәнге деген қызығушылығының болмауынан, түсінбеуі салдарынан педагогтың 

жұмысында  көптеген  қиыншылықтардың  кездесуі  де  әбден  мүмкін. Егер  білім  берудің  әр 



513 

 

513 



 

сатысының арасында пәннің мазмұны, оқыту  әдістері,  оқыту құралдарының сабақтастығы 

толық орындалып отырса, яғни білім берудің әр сатысында берілетін математикалық білім 

бір – бірімен сабақтас болған жағдайда бұл қиыншылықты, әрине, жеңуге болады. Педагог 

негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, балалардың математикадан алған білім, 

білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттыруды 

басты мақсат етеді.  

Қазіргі  заман  технологиялық  үрдістер  дамыған  білімділер  заманы  болуы  себепті 

бүгінгі  күні  зерделі,  ой-өрісі  кең,  жан-жақты  дамыған  ұрпақ  легін  қалыптастыру 

мемлекетіміздің алға қойған маңызды міндетіне айналып отыр. Тәрбие мен білімнің алғашқы 

дәне  –  мекепке  дейінгі  мекемелер  –  балабақшалардан  бастау  алады.  Сол  себепті 

балабақшаның  басты  міндеті  –  оқыту,  тәрбие  беру  мақсатында  балаларды  дамыту,  сөздік 

қорларын молайту, ақыл-ойын жетілдіру болып табылады. 

Балалардың  танымдық  қабілеттерін  дамытып  пәнге  деген  қызығушылықтарын 

арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар беру 

деп  білемін.  Балаларға  берілетін  есептер  оларды  зерделілікке,  қиялдауға,  тапқырлыққа, 

шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс. Бүгінгі күні ғылым мен техниканың 

дамуында математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр адамда математикалық 

сауаттылығы болуы керек десек, ол міндетті түрде балабақшадан бастау алады. Ал ол  ересек 

топтағы  балаларға  математикалық  білім,  білік,  дағдыларын  игерту,  шығармашылық 

қабілеттерін арттыру, зейінін, еске сақтау, байқағыштық, бақылағыштық, қиялдау, танымдық 

іс  –  әрекеттерімен  өздігінен  білім  алуға,  ізденуге  бейімдеуден  басталады.  Сонымен  бірге, 

баланың  ақыл  –  ойын  және  ерік  пен  сезім  белсенділігін  арттыру,  логикалық  ойлау 

қабілеттерін  дамыту,  математикалық  тілде  сөйлеу  машығын  қалыптастыру,  танымдық 

қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру математиа пәнінің басты мақсатына айналады. 

Ең  бастысы,  берілген  материалдар  мен  тапсырмалар  балалар  қызығатындай,  есептер 

күнделікті өмірден алынып отырылуы қажет. 

Мектепке  дейінгі  мекемелерде  балалардың  пәнге    қызығушылығын    оятатын, 

математикалық  ой-өрісінің,  шығармашылық  қабілетінің  дамуына    дәнекер    болатын  және 

өздігінен  жұмыс  істеу  дағдысын    қалыптастыратын    жұмыстарды  қамту  аса  маңызды. 

Әртүрлі  есептер,  ребустар  мен  жұмбақ  есептер  шығарту  балабақшадағы  ересектер 

тобындағы балалардың қызығушылығын арттыра түсетіні анық. Математика сабағы баланың 

танымдық қабілеттерін дамытуға, оның ой-өрісін тереңдетуге мүмкіндік береді. 

Балабақшадағы  ересектер  топтарына  арналған  қарапайым  математикалық 

түсініктерді    дамыту  жөніндегі  бағдарламаларда  балалардың  алған  білімдерін    жалпылау, 

жүйелеу , кеңейту және тереңдету міндетті түрде қарастырылуы тиіс. Сонымен бірге, балалар 

мектеп табалдырығын аттайтын кезеңге қарай  жиын мен сан, пішін мен шама туралы өзара 

байланысы бар түсініктерді меңгеруі, кеңістік пен уақытты бағдарлай алуы қажет. 

Математикалық  байланыстар  мен  байланыстылық  туралы  түсінік  қалыптастыру, 

тиісті амалдарды меңгеру даярлық тобындағы  балалардың  көрнекті – бейнелі ойлауын жаңа 

деңгейге  көтеруге    мүмкіндік  береді.  Балалар  көзбен  көріп,  іштей  есептеуге  үйренеді, 

олардың көз мөлшер, пішінді шамалау жылдамдығы арта түседі. 

Бұл  жас мөлшерінде  ойлау қабілетін , ойлау дербестігін  дамыту, талдау, салыстыру, 

қорыту секілді ойлау әрекеттерін дамытудың да маңызы зор. Мұның бәрі мектепке дейінгі 

мекемелерде қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға қосымша балалардың 

математикалық білімін кеңейтіп, математикаға деген қызығушылығын арттыру үшін қажет. 

Ал  кеңістік,  уақыт  арқылы  бағдарлау,  заттарды  санау,  сызықтар,  қазақ  халқында  жиі 

қолданылатын  сандар,  сандар  қатары,  математикалық  ертегі  логикалық  тапсырмалар, 

қызықты  жаттығулар,  дидактикалық  ойындар,    есептер,  геометриялық  пішіндер  туралы 


514 

 

514 



 

танымдық  қабілеттерін  дамытуға  мүмкіндік  береді.    Сандар  мен  оларға  қолданылатын 

амалдар, шамалар, есептер және геометрия элементтерін де қамтып отырса құба-құп. 

  

Балабақшада  математика  сабағын  аса  қызықты  етіп  өткізу,  пәнге  деген  ынта-



ықыласын  арттыру  мақсатында  балалардың  танымдық,  шығармашылық  қабілетін  дамыту, 

ақыл-ойының  математикалық  стилін,  интеллектуалдық  және  ерік  пен  сезімге  қатысты 

сапаларын дамыту жұмыстары қоса жүргізіледі. Сонымен қатар меңгерген математикалық 

білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру мақсаты көзделуі тиіс.. 

Математика  сабағын  өз  деңгейінде  өткізе  білген  педагог  баланың  тұлға  ретінде 

қалыптасуына,  оқушының  ақыл-ойын  дамытуға,  интеллектуалдық  және  ерік  пен  сезімге 

қатысты  белсенділігін  қалыптастыруға  мүмкіндік  туғыза  алады.  Математиканың  өмірде 

болып  жатқан  нақты  құбылыстарды  жалпылауға  жөне  қоршаған  болмысты  танып-білуге 

көмектесетін  ғылым  болып  табылатыны туралы  түсініктердің  қалыптасуына  ықпал  ету  де 

маңызды міндеттердің бірі. 

Мен  өзім  еңбек  ететін  «Толағай»  балабақшасында  ересектер  тобына  өткізетін 

математика сабақтарын балалар үшін аса қызықты етіп өткізуді, балалардың өз беттерімен 

ойланып, есеп шешімдерін өздері табуына тырысу қасиеттерін дамытуға көңіл бөліп келемін. 

Мысалы,  «Қызықты  математика»  сабағында  балалардың  сан  санау  ұғымын  кенейтіп, 

дамытуға мән беремін. Салыстыру, санау, санамақ айту арқылы сөздік қорын молайту да аса 

қажет.  Мұнда  мен  көрнекілік  ретінде  суреттер,  сандар  таңбасы,  санайтын  таяқшаларды 

көбірек пайдаланамын. Сабағымды сұрақ - жауап, салыстыру әдіс-тәсілдеріне құрамын. Бұл 

жерде оқу әрекеті мен бірге тәрбиешінің іс– әрекеті, ұйымдастырушылық ізденушілік пен 

ұйымдастырушылық оятушылық әдіс-тәсілдері балалардың іс – әрекетімен тығыз ұштасып 

жатуы қажет. Балалар шаттық шеңберіне жиналады. Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты.  

Мысалы, қызықты математика сабағында «Доп лақтыру» ойынын ойнату барысында:  - Бір 

аптада неше күн бар? Бір аптада 7 күн бар. Апта деген ағайдың жеті бірдей ұлы бар. Біріншісі 

– дүйсенбі. Екіншісі – сейсенбі. Үшіншісі – сәрсенбі. Төртіншісі – бейсенбі. Бесіншісі – жұма. 

Алтыншысы  –  сенбі.  Жетіншісі  –  жексенбі,  -  деп  балалардың  алдымен  пәнге  деген 

қызығушылығына, ойлана бастауына жол беріп аламын. Сонымен қатар:   - Бүгін қай күн? 

Бейсенбі.  -  Бүгін  ауа  -  райы  қандай?  -  Ашық,  жылы,  тамаша  –  деген  сұрақ-жауап  әдісін 

қолдана  отырып,  балаларды  қызықты  математика  еліне  саяхатқа  шығарамын.  Саяхат 

барысында  көлігіміз  тоқтап  қалып,  Бағдаршамның  көмегіне  жүгінеміз.  -  Бағдаршамның 

қызыл  көзі  жанып  тұр.  Ол  неге?    -  Бағдаршамның  көлемдері  қандай?  –  деген  сұрақтар 

қойылады. Балалар: -Домалақ, шеңбер, - деп жауап береді. Ал  түстері қандай? Қызыл, сары, 

жасыл,  тіпті  әдемі,  -  деп  те  шулайды.  Сонымен  бірге,  балаларды  жол  ережесі  бағдаршам 

туралы  қосымша  түсініктер  беріп,  таныстырып  өтемін.  Ал  «Қызықты  математика  елі» 

сабағында  балалардың  алғырлық,  тапқырлық,  шапшаңдықтарын  сынға  аламын.  Ол  үшін 

мынадай Ттапсырма беремін. Қоян мен қожықтың сүйікті тағамы қандай? Балалар қояндікі 

–  сәбіз.  қонжық балды  жақсы  көреді,  -  деп  жауап  береді.  Тағы  да,  балалар  суретте  қанша 

күшік  тұр?  Неше  сүйек?  Әр  күшікке  қанша  сүйектен  бөліп  береміз?  –  деген  сұрақтарға 

балалар 4 күшік, 4 сүйек. 1 күшікке, 1 сүйектен, - деп дәл есептеп жауап бере алатын болады.  

Мектепке  дейінгі  мекемеде  балаларды  санауға,  қосуға,  алуға  үйрету  алдымен 

жүргізілуі тиіс. Мұнда балалардың логикалық ойлау, ауызша есептеу дағдыларын дамытуға 

назар аударылады. Ой-өрісін, шығармашылық шеберлігін байыту, геометриалық  пішіндерді 

анықтаумен,  көлік  түрлерін  құрастырып,  санамақтар  айтқызу  да  пайдалы  әдіс-тәсілдердің 

бірі. 


«Толағай» балабақшасында еңбек еткен жылдарымда ересектер тобында тәрбиеленіп 

отырған  балалармен  математика  сабағын  өткізу  кезінде  көрнекіліктерді  барынша    тиімді 

қолдануға  аса  мән  беруге  тырыстым.  Мысалы,  математикалық  алғашқы  ұғымдарын 

қалыптастыруда  геометриялық  фигураларды  кеңінен  пайдаландым.  Геом  етриялық 

фигуралардың құрылымы мен құрылысының өзі-ақ балаларды тартып, қызығушылықтарын 

тудыратынын, оларды ойлануға жетелейтінін байқадым. 



515 

 

515 



 

Қазіргі  замандағы  білім  беру  тенденциялары  да  жаңаша  оқыту,  білім  алу  және 

өздігінен  білім  алу  негізінде  адам  қабілеттерін,  икемділіктерін  дамыту  болып  табылады. 

Жаңа  білім  алу  бағытында  балалардың  қызығушылықтарын  қамтамасыз  етуде  тұтастық, 

бағыттылықпен  бірге  мықты  негізділік  те  шешуші  рөлге  ие.  Осының  бәрін  саралай  келе, 

балабақшада математика пәнін заманауи технологияларды орынды қолдана отырып өткізу 

балалардың математика сабағына қызығушылығын арттыра беретіні сөзсіз. Өмірден алынған 

көрнекіліктермен 

бірге 

түрлі 


слайдтар, 

Монтессорий 

технологиясы, 

Дамыту 


технологияларын  пайдалану  арқылы  математика  сабақтарын  балалар  үшін  қызықты  бір 

әлемге  айналдыру  –  бүгінгі  күнгі  педагогтардың  басты  мақсаты,  балаларға  сапалы  білім, 

саналы тәрбие беру жолында қол жеткен табысы болып табылады. 

 

Әдебиеттер тізімі: 



1.

 

Т. Кенжебаев, М. Абдиров «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы, 1985ж 



2.

 

«Бала мен балабақша» журналы №1, 2011ж 



3.

 

Мектепалды даярлық журнал №1, №2, №3 2004ж 



4.

 

«Балақай» республикалық журнал №1, 2009ж 



5.

 

Никитин Б. П. Балабақшадағы математика – М; 2003 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет