«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет84/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   134

Пайдаланған әдебиеттер  тізімі: 

 

1.   «Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін  дамыту» кітап   Л.П.Федеренко,  Г.А. 

Фамичева, В.К.Латарьев  М-1997ж.                                                      

2.   «Балабақшадағы  оқыту»  (А лматы  кітап – 1987ж).                                                       

3.

  Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы –кітап  1981 жыл.                                                                                                                       



4. «Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету» Баймұратова Б. Алматы. «Мектеп»  

1981ж.                                                                                                      

 5.  «Бала тәрбиесі»  №2 2006 ж, №4 2008ж.                                                                           

 6.  «Балабақшадағы оқыту» А.П.Усова                                                                               

7.  «Мектепке дейінгі педагогика». Меңжанова Ә, Алматы, 1992ж.                                     

8. «Балалардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту» Саубулатова С. «Отбасы және 

балабақша» журналы  №6  2006ж.                                                          

 9. Бәшен  Баймұратованың «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы 

кітабынан.                                                                                                                                  


617 

 

617 



 

10.Семья және балабақша № 11 1991 ж.                                                                             

11. Семья және балабақша № 12 1991 ж. 

 

 



ЖАС ЕРЕКШІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ БАЛАЛАРДЫҢ 

АДАМГЕРШІЛІК — ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕСІ                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

 

Акмолдина Ж.О. 



 

          Жаңа  кезеңдегі  білім  берудің  өзекті  мәселесі  жас  ұрпаққа-адамгершілік-рухани 

тәрбие  беру.  Құнды  қасиеттерге  ие  болу,  рухани  бай  адамды  қалыптастыру  оның  туған 

кезінен басталуы керек.  

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш 

болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.  Сондықтан  баланың  бойына 

жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді 

сіңіріп,  өз-өзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде  отбасы  мен  педагогтар  шешуші  роль  атқарады. 

Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.  

Бір  жағынан  ол  үлкендердің,  ата-аналардың,  педагогтардың  балаларға  белсенді 

ықпалын,  екінші  жағынан-  тәрбиеленушілердің  белсенділігін  қамтитын  қылықтарынан, 

сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, 

адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың 

нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.  

Адамгершіліктің  негізі  мінез-құлық  нормалары  мен  ережелерінен  тұрады.  Олар 

адамдардың  іс-қылықтарынан,  мінез-құлықтарынан  көрінеді,  моральдық  өзара  қарым-

қатынастарды  басқарады.  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  қоғам  игілігі  үшін  адам  еңбек  ету, 

өзара  көмек,  сондай-ақ  қоғамға  тән  адамгершіліктің  өзге  де  формалары,  бұл-сананың, 

сезімдердің,  мінез-құлық  пен  өзара  қарым-қатынастың  бөлінбес  элементтері,  олардың 

негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.  

Баланың  өмірге  белсенді  көзқарасының  бағыты  үлкендер  арқылы  тәрбиеленеді. 

Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру 

арқылы  нақтыланады.  Адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелеу  күнделікті  өмірде,  үлкендердің 

қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде 

іске асады.  

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, 

жан-жақты  іс  әрекетінде,  қоғамдық  өмірдің  құбылыстарымен  танысу  кезінде,  балаларға 

арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.  

Мұндай  мақсатқа  бағытталған  педагогтық  жұмыс  еңбек  сүйгіштікке,  ізгілікке, 

ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды 

және  жасалған  дүниеге  қуана  білуді  дамытуға,  үлкендер  еңбегінің  нәтижесін  бағалауға 

тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.  

Балаларда  ортақ  пайдалы  жұмысты  істеуге  тырысу,  бірге  ойнау,  бір  нәрсемен 

шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда 

болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге 

белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.  

Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің 

және  алдағы  күндердің  талабы,  оған  педагогтың  күнделікті  көңіл  бөлуі  талап  етіледі.  

«Балалар  бақшасындағы  тәрбие  бағдарламасы»  мектепке  дейінгі  балалардың  жан-жақты 

дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты 

ролді атқарады.  

Оның  тәртібі,  іс-қимылы,  балалар  және  үлкендермен  қарым-қатынасы  балалар  үшін 

үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның 


618 

 

618 



 

ықпалы  неғұрлым  белсендірек  болса,  баланың  сезімдерін  жан-жақты  қамтыған  сайын, 

олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.  

Мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  рухани-адамгершлік  дамуы  балабақшасы  мен 

отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. 

Әрбір  бала  қандай  да  болмасын  бір  міндетті  орындау  үшін,  өзіндік  ерекше  жағдайлар 

жасалады.  

 Мәселен,  ойында  ұнамды  әдеттер,  өзара  қарым-қатынастар,  адамгершілік  сезімдер 

қалыптасады,  еңбекте-еңбек  сүйгіштік,  үлкендер  еңбегін  құрметтеу,  сондай-ақ 

ұйымшылдық,  жауапкершілік,  парыздың  сезімі  сияқты  қасиеттер,  патриоттық  сезімдер 

жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.  

Мектепке  дейінгі  жаста  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі  міндеттері 

мына  жайлармен  түйінделеді:  ізгілік  бастамасымен  тәрбиелеу,  балалар  мен  үлкендер 

арасындағы  саналы  қарым-қатынас/  тұрмыстың  қарапайым  ережелерін  орындау/ 

кеңпейілдік,  қайырымдылық,  жақын  адамдарға  қамқорлықпен  қарау  және  т.  б./  [1,  87  б 

]Ұжымға  тәрбиелеу,  балалардың  өзара  ұжымда  қарым-қатынасын  қалыптастыру,  Отанға 

деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша 

мейірімділіктің  негізі  қаланады,  немқұрайдылықтың  пайда  болуына,  құрбыларына, 

төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.  

 Қарапайым  әдеттерді  тәрбиелей  отырып  педагог  балдырғаннның  бар  істі  шын 

пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан 

дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.  

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта 

әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.  

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі 

биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер 

қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат 

беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры 

бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.  

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның 

мінез-құлқы  қалыптасады,  ар-ұят,  өзін-зі  бағалау  және  адамгершілік  сапалары  дамиды. 

Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.  

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының 

нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке 

адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. 

Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы 

ұғымдарының  қалыптасыуна,  жақын  адамдардың  өзара  қатынасынан  басталады.  Баланы 

жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың 

әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.  

«Жақсымен  жолдас  болсаң-  жетерсің  мұратқа,  жаманмен  жолдас  болсаң-  қаларсың 

ұятқа...»  «Жаман  дос,  жолдасын  қалдырар  жауға»  —  деген  мақалдардан  көруге  болады. 

Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау 

адамгершіліктің  бір  негізі.  [2,  48б]Адамзаттық  құндылықтар  бала  бойына  іс-әрекет 

барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.  

Адамгершілік-адамның  рухани  байлығы,  болашақ  ұрпақты  ізгілік  бесігіне  бөлейтін 

руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық 

тәрбие болып табылады.  

 Ол  тұлғаның  қоғамдық  бағалы  қасиеттерімен  сапалары,  қарым-қатынастарында 

қалыптасады.  Адамгершілік  қоғамдық  сананың  ең  басты  белгілерінің  бірі  болғандықтан, 

адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.  

        Олар  адамды  құрметтеу,  оған  сену,  әдептілік,  кішіпейілдік,  қайырымдылық, 

жанашарлық,  ізеттілік,  инабаттылық,  қарапайымдылық  т.  б.  Адамгершілік-ең  жоғары 



619 

 

619 



 

құндылық  деп  қарайтын  жеке  адамның  қасиеті,  адамгершілік  және  психологиялық 

қасиеттерінің жиынтығы.  

        Адамгершілік  тақырыбы-  мәңгілік.  Ол  ешқашан  ескірмек  емес.  Жас  ұрпақтың 

бойына  адамгершілік  қасиеттерді  сіңіру-  ата-ана  мен  ұстаздардың  басты  міндеті. 

Адамгершілік  әр  адамға  тән  асыл  қасиеттер.  Адамгершіліктің  қайнар  бұлағы-  халқында, 

отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс 

— тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.  

        Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол 

бала солай бола алады», — дейді. [4, 182 б]Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, 

оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке 

тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.                                                                                          

Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған.  «Үлкенді сыйла», 

«Сәлем  бер,  жолын  кесіп  өтпе»  деген  секілді  ұлағатты  сөздердің  мәні  өте  зор. 

Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты 

болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.  

        Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, 

мейірімділік,  қайырымдылық,  кішіпейілдік,  қамқорлық  көрсету,  адалдық,  ізеттілік  сияқты 

қасиеттерді бойына сіңіру қажет.  Баланы үлкенді  сыйлауға, кішіге ізет  көрсетуге, иманды 

болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.  

         Еліміздің  болашағы-жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  бірінші  бесік-отбасы,  ата-ана 

тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам 

қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер 

етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру 

жұмысын  кешенді  ұйымдастыру  жаңа  технологияларды,  идеялар  мен  шығармашылық, 

инновациялық  жаңашылдықты  қажет  етеді.  Жас  ұрпаққа  білім  беруді  жетілдіру  мәселесі 

толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие 

–  барлық  тәрбиенің  бастамасы,  әрі  жан  –  жақты  тәрбие  мен  дамыту  ісінің  түпкі  негізін 

қалайтын  орын.  Бала  бойындағы  жақсы  қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ашып  олардың 

өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1.

 

Әбиев Ж. Педагогика тарихы- А., 2006. 



2.

 

Төреқұлов Н. Нақыл сөздеодің тәрбиелік мәні / Н. Төреқұлов– А.: мектеп, 1971 



3.

 

“Шаңырақ” энциклопедия. – А.: Ғылым, 1989 



4.

 

  Әлімбаев М. Тәрбие туралы әңгімелер / М. Әлімбаев– А.: Ғылым, 1979 



5.

 

 Ғаббасов С. Ізгілік әліппесі / С. Ғаббасов — А.: Ғылым, 1991 



6.

 

«Адамгершілік қасиет-ата-бабамыздан қалған мұра» «Отбасы және балабақша» 



2008ж 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ 



ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУ. 

 

Акчалова М.С. Касенова Л. А. 



                          «Қуаныш» балабақшасы. КМҚК, Қарағанды қаласы.  

 

Адамгершілік-Рухани  тәрбие  ең  жоғарғы  құндылық.  Халқымыздың  тұңғыш 



ағартушысы Ы Алтынсарин «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы-еңбек пен ата-ана үлгісі»-

деп мағыналы айтқан. 



620 

 

620 



 

Сондықтан  баланың  бойында  жастайынан  ізгілік,  мейрімділік,  қайрымдылық,  яғни 

адамгершілік  құнды  қасиеттерді  сіңіріп,  өз-өзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде  отбасы  мен 

педагогтар шешуші роль атқарады. 

Рухани-  адамгершілік  тәрбие-екі  жақты  процесс.  Бір  жағынан  ол  үлкендердің,  ата-

аналардың,  педагогтардың  балаларға  белсенді  ықпалын,  екінші  жағынан  -  әр 

тәрбиеленушілердің  белсенділігін  қамтитын  қылықтарының  сезімдері  мен  қарым-

қатынастарынан көрінеді. Баланың өмірге белсенді көз- карасының бағыты үлкендер арқылы 

тәрбиеленеді.  Адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелеу  күнделікті  өмірде  үлкендердің  қолдап 

келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. 

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-

жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбыластарымен танысу кезінде, балаларға арналған 

шығармаларымен,  суретшілер  туындыларымен  танысу  негізінде  іске  асады.  Мұндай 

мақсатқа  бағытталған  педагогтың  жұмысы  еңбек  сүйгіштікке,  ізгілікке,  ұжымдықпен 

патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған 

дүниеге  қуана  білуді  дамытуға,  үлкендер  еңбегінің  нәтижесін  бағалауға,  тәрбиелеуге 

мүмкіндік жасайды. Балаларды ортақ  пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау,  бір 

нәрсемен  шұғылдану,ортақ  мақсат  қою,  және  оны  жүзеге  асыру  ісіне  өздері  қатысуға 

талпыныс  пайда  болады.  Мұның  бәрі  де  баланың    жеке  басының  қоғамдық  бағытын 

анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады. 

    Бала  дүниеге  келген  күннен  бастап,  ата-анасы  және  айналасындағы  адамдармен 

тығыз  байланыста  өмір  сүреді.    Олар  күнделікті  өмірде  ересектермен  бірлесе  әрекет  ете 

отырып,  әрбір  іс-әрекеттің  мән-мағынасын,  мақсат-міндеттерін,  жасалу  жолдарын,  әдіс-

тәсілдерін,  қарым-қатынас  ережелерін  біртіндеп  меңгере  бастайды.  Өзін-өзі  тану-бұл  тек 

біліп қана қою емес, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба 

білуі,  өзін  тұлға  ретінде  сезіне  алу  болып  табылады.  Естияр  баланың  өзін-өзі  тануы 

адамгершілік-рухани білім алудың алғашқы кезеңі болып табылады. 

     Қазіргі білім беру саласының негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытуына, 

жалпы  дамуына  оптималды  жағдайдың  жасалуы  болып  отыр.        Бала  тәрбиесінде  жеке 

тұлғаның, отбасының, ортаның, оқу-тәрбие мекемелерінің, қоғамдық ұйымдар мен ақпарат 

құралдарының үлкен рөл атқаратындығы белгілі.  

        Орыстың  ұлы  педагогі  В.А.Сухомлинскийдің  Мейрімді  бала  аспаннан 

түспейтіндігі, оны да тәрбиелеу, әсіресе нәзік жүрегін даралап алмау қажеттігін баса айтқан 

пікірі  мәңгілік  ақиқат.  Тәрбиенің  өзі  де  жоспарлы,  мақсатты  жүргізіліп,  жеке  тұлғаның 

қалыптасуына,  адамгершілік  құндылықтар  мен  ережелерді,  мәдениетті  меңгеруіне,  жас 

адамның  қоғамдық  өмірге  дайындалуына  көмектесуі,  қажеттіліктерін  толтыруы, 

сұраныстарын қамтамасыз ете білуі қажет.    

     Мектепке  дейінгі  кезеңде  адамгершілік  құндылықтарға  сәйкес  баланың  жеке 

тұлғалық  мәдениетінің  негіздері  қаланады.  Сондықтан  баланың  бойында  туған-туыстары 

мен  жақын  адамдарына  сүйіспеншілік,  айналасындағы  жанды-жансыз  дүниеге  қайрымды 

көзқарастары мен сезімталдық қабілеттер сияқты адамгершілік сапаларды қалыптастыру аса 

маңызды. 

      Рухани-адамгершілік тәрбие ерте балалық шақтан басталу ала отырып, адамның әр 

кезеңдерінде жүйелі дами келе, осы тәрбие үрдісін дұрыс,  жүйелі ұйымдастыру нәтижесінде, 

рухани  бай дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға өріс ашады. 

    Өзін-өзі  білу,  өзін-өзі  дөп  басу  тану  жанның  тереңдігін  тілейді.  «Мен»,  «Менікі» 

деген  ұғымның  екі  түрлі  мағынасы  бар.  Адамда  «меншікті  мені»  бар,  «мендік  мені» 

бар,әлеуметтік  мені  бар.  Біздің  «Менікі»  деп  меншіктеп  жүрген  денеміз  «меншік  мен», 

«менікі» жалғыз денемен  тамам болмайды. Менің үй -ішім, әке шешем, олардың қызығы мен 

қуанышы,  қайғысы,  менің  қуанышым,  менің  қызығым.  Ендеше,  олар  да  «меншік  менге» 

киетін киімім, тұратын үйім, кітабым, құрал-жабдығым, «меншікті» мүліктің бәрі –«меншік  

менге» жатады. Сондықтан, мектепке дейінгі балалардың өзін-өзі тануын тек адамгершілік 

қалыптастыру негізінде ұйымдастыру жеке тұлғасының дамуына әсер етеді. 


621 

 

621 



 

   Әр жас өспірімнің бойында саналы тәрбие мен байыпты мінез қалыптастыру, рухани 

дүниесі  бай  интеллекті  тұлға  тәрбиелеу  ұстаздың  мақсатқа  бағытталған  іс-әрекетіне 

байланысты тәрбиенің міндеті-қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың бойында борыш, 

намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. 

«Адамгершілік»-адам  бойындағы  «ізгілік»,  «сыйластық»,  «инабаттылық»  сөздерімен 

мәндес.  

    Ізгілік-отбасынан  бастау  алады,  оған  ата-ананың  берген  тәрбиесі,тұрмысы  ықпал 

етеді. Халықтық мақал «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтқандай адамгершілік 

тәрбиенің негізі отбасында қалыптасатынын көрсетуде. 

Халық,  жанұя  құндылықтарын  ауызша  халық  шығармашылығы  арқылы  тапсырады, 

мысалы аңыз ертегілерді, салт-дәстүрлерді қолданады. 

     «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз білім-адамзаттың қас жауы, 

ол  келешекте  оның  өміріне  апат  әкеледі»-деп  Әл-Фараби  айтқандай,  педагогика  ғылымы 

зерттейтін  негізгі  категорияларының  бірі-  тәрбие.  Тәрбие  адам  тағдырын  ойластырады, 

болжайды, алдын-ала адамның рухани өмірінің негіздерін сақтайды, тәрбие алыс пен жақын 

адамдарға  және  өзін  қоршаған  ортаға  қатынас  орнатады.  Тәрбие  ұлылар  өсиетін  сақтата 

отырып,  олардың  адамгершілік  құндылықтарын  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізеді.  Адам 

тіршілігіне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие адамзат тіршілігінің міндетті 

шарты. Тәрбие мәдениеті-өмірдің өзі сияқты күрделі де көп қырлы. Тәрбие үрдісі балаларға 

мінез  бен  қарым-қатынастардың  адамгершілік  жағын  ұғынуды  қамтамасыз  етуі  тиіс. 

Балалардың  өз  әрекеттері  мен  өзгелердің  әрекеттерін  түсінуі  адамгершілікті  бағалауына 

және өзін-өзі бағалауға үйренуіне мүмкіндік береді. 

       Тәрбие  жүйесінің  тиімділігінің  аса  маңызды  көрсеткіші  жасөспірімнің 

адамгершілік  жағынан    жетілуі.  Оның  рухани-адамгершілік  қасиеттерінің  елеулі  өзгеруі 

болып  табылады.  Адамгершіліктің  дамуы-тәрбие  жүйесінің  жемісі.  Бұл  жүйенің  жемісі-

тәрбие жұмысының пәрменділігі. 

     В.Соловьев: «Адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай салатын заты емес,ол 

өзінің  тәжірибесі  арқылы  ғана  жететін  адамның  ішкі  жағдайы»-деп  адамгершіліктің 

құндылығына ерекше тоқталған.  

     Әдет  адамның мінез-құлқының фундаменті болып табылады. Әдет  негізінде мінез 

қалыптасатынын А.С. Макаренко мінез-құлықта дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенін атап 

көрсеткен. Жасөспірімдердің мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтарының және 

ересек  адамдармен,  құрбы-құрдастарымен  қатынастарының  формалары,  адамгершілік 

білімдері  мен  сезімдері  негізінде  жасөспірімдерге  адамгершілік  көзқарастардың,  мінез- 

құлықтың, сезім мен сананың жаңа формалары одан әрі дамытылады.  

   Әдеп  адамның  ешбір  күш  салуынсыз  пайда  бола  береді.  Әдептерді  белгілі  бір 

мағынада бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: адамгершілік немесе моральдік (әрқашан шын 

сөйлеу,достарына  адал  болу),мәдени  мінез  құлықтары  (сыпайы  болу,кішіпейілдік,үлкенді 

құрметтеу,кішіге қамқорлық). 

     «Әдет-дейді А. Макаренко әрдайым жаттығып отырудың нәтижесінде қалыптасады, 

сондықтан жаттығуды дұрыс ұйымдастыру қажет».  

     Адамгершілікке  тәрбиелеу    мақсатында  жоспарлы  түрде  әр  қилы  әрекеттерді 

ұйымдастыру  керек.    Бала  дамуының  алғашқы  кезеңінен  яғни  адамгершілік  туралы 

ұғымдарды саралап, санасына сіңіре бастаған жөн.  Тәрбиенің дәстүрмен тығыз байланысты 

тұңғыш  қарастырушы  К.Д.Ушинский  болды.  Ол  өз  еңбектерінде  тәрбиенің  халықтық 

сипатына,  еңбектің  тәрбиелік  және  психикалық  сипатына  және  тәрбиедегі  адамгершілік 

мәселелеріне  көңіл  бөле  отырып  «Тәрбие  көзі-халықтық  педагогика»  деген  тұжырымға 

келген. Осы идеяны қазақ жерінде жалғастырушы педагог Ы.Алтынсарин адамгершілік пен 

азаматтықтың  түрлеріне  7  жақсы  қасиетті  жатқызады.  Олар:  адалдық,  жомарттық, 

қайырымдылық, мейрімділік, ұстамдылық, қамқорлық. 

       Жалпы  осы адамгершілік мәдениеті мәселесі төңірегінде педагогика классиктері: 

Я.А.Каменский, Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой еңбектері ерекше орын алады. 


622 

 

622 



 

Қазақ  зиялы  қауымнан:  А.  Құнанбаев,  Ш.Құдайбердиев,  А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  Ж. 

Аймауытов жалғастырған. 

     М.Әуезовтың  педагогика,  методика  мәселелері  жайлы  мәселе  көтергені  белгілі. 

«Ғылым» атты еңбегінде: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, 

алған  үлгі,  өнеге  білетіндігінен  және  түзелу,  бұзылу  жас  уақытта  болады.  Көпшілікті 

адамгершілікке тәрбиелеу үшін жас буынды тәрбиелеу қажет.... Адамшылықты таза жүргізу 

үшін-көп  ой  керек,  ойлау  үшін  оқу  керек  және  оқу  әр  тараптан  мағлұмат  беріп,  ақиқатқа 

баланың көзін жеткізіп, көңіліне жақсылықпен тәрбие беру керек». 

Ал  Б.Т.  Лихачев  жеке  адамның  мәдениетін  қалыптастыру  қажеттілігі  мәселесін 

қарастыра келіп, мектепке дейінгі жасынан бастап бұл Я.А.Каменскийдің өсиет етіп кеткен 

тәрбиенің табиғатпен байланыстылығын адам тәрбиесінің жетекші құралы деп түсіндірді. 

     Адамгершілік  ілімінің  және  адамгершілік  тәртіптің  сәйкес  келуі-азаматтың, 

оқушылардың  жоғары  адамгершілігінің  дамығандығының  айғағы.  «Адамгершіліктерің 

жоғары болсын. Бұл сендердің басты міндеттерің» деп жазды филосов жазушы Ж.Ж. Руссо. 

Ал Абай: «Досыңа достық-қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол» деп жырлаған болатын,өмірде адам 

неғұрлым  ақылды,  мейрімді  болған  сайын,  соғұрлым  өзгенің    жақсылығын  да  бағалағыш 

келеді. 


      Өзіміздің  өркениетті  ел  қатарына  қосылу  бағытындағы    үлкен  мәселелердің  бірі 

келешек  ұрпақтың  дамуы.  Адамгершілік,  азаматтық  ұғымы  ізгілік,  гуманизмнің  синонимі 

ретінде  адамның  игі  мақсатына  айналғанда  пайда  болатын  қарым-қатынастар  жүйесі  мен 

қоғамдық  ахуал  ретінде  неғұрлым  кең  мағынада  қолданылады.  Адамдарды  сүю,  оған 

жақсылық жасау, жанашыр болу-адамгершіліктің азаматтықтың белгісі. Адамның шынайы 

байлығы затта емес, рухани қазынада –дейді (В. Сухомлинский). 

     Ал  рухани-адамгершілік  құндылық  белгілі  бір  бағытта,  мақсатты  жүйелі  ұлттық-

көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе. 

Адамгершілік пен азаматтық құндылықтары-адамдық қасиетінің өлшемі. Оның жақсылыққа 

талпынуы,өзге адамға жанашырлық білдіруі. Айналадағы адамдарға қайырымы, өмір сүру 

мәселелері жайында ізденуі, өзін-өзі танып сол арқылы дүниені-әлемді тануы. 

     М.  Шоқайұлы  былай  деген:  «Мәдениет-адам  әлемі.  Мәдни  көріністерде  адамдық 

парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құрылған. Сонымен 

бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал». 

    Атақты  орыс  ғалымы  Н.И.Пирогов:  «Пайдалы  азамат  болуға  дайындалған  адам  ең 

алдымен адамшылыққа үйренуі тиіс» деп жазады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет