«Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары» пәні 10 дәріс


Салыстырмалықтың арнайы теориясы ережелерінен шығатын қорытындылар



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата25.05.2023
өлшемі0,74 Mb.
#97324
1   2   3   4   5   6
Салыстырмалықтың арнайы теориясы ережелерінен шығатын қорытындылар:
1. Ұзындықтың қысқаруы. Аса ірі физик теоретиктердің бірі Лоренц (1853-1928) айтқандай, кез
келген обьектінің қозғалысы оның ұзындығының өлшенген мөлшеріне әсер етеді. Егер ғарыш
кемесі қимылсыз тұрған бақылаушының жанынан үлкен жылдамдықпен зымырап өте шықса, онда
бұл бақылаушыға кеменің ұзындығы оның жылдамдығына қатысты мөлшерде қысқа болып
көрінеді. Кеменің жылдамдығы жарық жылдамдығына жақындаған сайын бұл әсер көбірек
байқалатын болады және егер ғарыш кемесі нақты жарық жылдамдығымен қозғала алатын болса, 
оның бақылауға болатын ұзындығы нөлге тең болар еді.
2. Уақыттың кідіруі. Жылдам ұшып келе жатқан ғарыш кемесінде уақыт қимылсыз бақылау
зертханасындағыдан гөрі баяу жылжиды. Егер жерде тұрған бақылаушы зымырап бара жатқан
ракетаның ішіндегі сағатты қадағалай алатын болса, онда ол ракетадағы сағаттың өз сағатынан баяу
жүретіндігі туралы қорытындыға келер еді. Егер ракета жылдамдығын жарық жылдамдығына
жеткізе алсақ, оның ішіндегі уақыт "тыныш тұрған" бақылаушы үшін тоқтап қалғандай болар еді. 
Ракета бортындағы уақыттың баяулау әсері процестерді қоса есептегенде барлығына да, тіпті, 
экипаждың биологиялық ырғақтарына да қатысты. Басқа сөзбен айтқанда, жердегі бақылаушы
көзқарасы тұрғысынан қарағанда, ғарыш кораблінің экипажы өздерінің жерде қалған ғарыштық
әріптестерінен гөрі баяу қартаяды. Егер екі егіздің бірі жарық жылдамдығына жақын
жылдамдықпен ұзақ ғарыштық сапар шексе, Жерге қайтып келгенде ол оз туысының бұдан
әлдеқайда қартайып кеткендігін байқайды («егіздер парадоксы»). Уақыттың баяулау әсері ғарыш
сәулелерімен жасалған көптеген эксперименттермен дәлелденген


.
3. Массаның артуы. Салыстырмалықтың арнайы теориясымен Ньютонның екінші
заңын сәйкес келтіруге тырысқан Эйнштейн өз теориясының тағы бір салдарын
байқады: дененің салмағы оның қозғалысының жылдамдығына тәуелді. Қимылсыз
бақылаушы көзқарасы тұрғысынан қозғалыстағы дененің салмағы осы дененің
тыныштықтағы салмағынан көп болып шығады. Дененің жылдамдығы жарық
жылдамдығына жақындаған сайын оның салмағы да арта түседі және егер дене
жарық жылдамдығымен қозғала алатын болса, онда оның салмағы шексіздікке дейін
өсер еді. Бұдан шығатыны, салмағы нөлден өзгеше ешқандай денені жарық
жылдамдығына дейін жеткізу мүмкін емес, өйткені бұл үшін шексіз энергия қажет
болар еді.


Салыстырмалықтың арнайы теориясының шешуші сәті сонда, ешқандай ақпаратты жарық жылдамдығынан
тезірек беруге болмайды, әйтпесе


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет