«Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары» пәні 10 дәріс


себеп-салдарлықтың негізгі заңы



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата25.05.2023
өлшемі0,74 Mb.
#97324
1   2   3   4   5   6
себеп-салдарлықтың негізгі заңы бұзылар еді: себеп әрқашанда
салдардың алдында болады. Бұл жағдайда Әлемдегі оқиғалардың қисынды байланысы бұзылар еді: олар
мүлде кездейсоқ және күтпеген жағдайда болар еді. Тегі, біз үшін ақпараттың жарықтан жылдам
тарамағаны тіпті жаман емес!
Бізді қоршаған дүниенің үш өлшемі бар екенін білеміз. Ньютонның көзқарасын қабылдай отырып, біз
уақытты өз бетінше тәуелсіз, тоқтамайтын, бірқалыпты ағатын ағын деп түсінеміз. Бірақ
салыстырмалықтың арнайы теориясы уақытты өз бетінше жеке және өзгермейтін бірдеңе деп алып қарауға
болмайтындығын дәлелдейді.
1907 жылы неміс математигі
Минковский (1864-1909) үш кеңістік және бір уақыттық өлшемдер өзара
тығыз байланысты деген болжам жасады. Әлемдегі барлық оқиғалар
төрт өлшемді кеңістікті-уақытта
өтуі керек.
Эйнштейн кеңістіктік-уақыттық бейнелеудің өзі ашқан, салыстырмалықтың арнайы теориясы үшін
маңыздылығын бірден байқады. Содан бері табиғаттың заңдары төрт өлшемдік тұрғыда жазылады.
Біздің Әлем - төрт өлшемді. Кеңістік пен уақытты тәуелсіз физикалық мәндер ретінде қарауға болмайды,
керісінше, олар өзара өте тығыз сипатта байланысқан.
Салыстырмалықтың арнайы теориясы кеңістікті, уақытты және Әлемді біздің түсінуімізде шын мөнінде
төңкеріс жасады. Бірақ бұл XX ғасырдың басындағы физикадағы жалғыз төңкеріс емес еді. Шамамен сол
кездің өзінде сәулелену мен заттың табиғаты туралы түсініктер түбірінен өзгерді. Бұл кванттық теорияның
немесе кванттық физиканың да қалыптасу мезгілі болды.


Әлемнің қазіргі космологиялық моделі (бейнесі).Үлкен жарылыс моделі. Хабллдың жаңалығы.
Космологияның Әлем жайлы жасаған қорытындылары Әлемнің пайда болу және дамуының моделі деп 
аталады.
Егер зерттелуші құбылыстардың барысы жайлы кез келген уақытта эксперименттер жасап, оны
тікелей бақылай алсақ және осы бақылаулардың нәтижесі әрдайым бірдейлігін негізге ала отырып,
зерттелуші құбылыстарға тән жалпы зандылықты ашсақ, тек сонда ғана зерттеу нәтижесі ғылыми
тұрғыдан толық негізделді, дәлелденді дей аламыз. Ал Әлем құбылыстарын зерттеуге бұл
методологиялық ережені қолдануға болмайды, өйткені олар жайлы эксперимент жасау мүмкін емес.
Екіншіден, ғылым жалпы зандылықтарды ашады, ал Әлем біреу-ақ. Сондықтан Әлемнің пайда болуы
жөне дамуы жайлы жасалған қорытындының ешқайсысын зандылық деуге болмайды — оларды
Әлемнің моделі, яғни түсіндірудің мүмкін бір варианты деп санауға тура келеді. Әлемнің бірінші
космологиялық моделін А.Эйнштейн 1917 ж. жасады. Ол Ньютондық космологияның механикалық
постулаттарының жарамсыз екенін корсете отырып, Әлемнің космологиялық моделі жалпы
салыстырмалылық теориясына негізделуі тиіс екенін дәлелдеп берді. Эйнштейннің космологиялық
моделінде Әлем уақыт жағынан алғанда шексіз, кеңістік жағынан шетсіз.


1922 ж. орыс математигі әрі геофизик А.А. Фридман кеңістікте “кеңейе беретін” Әлем моделін жасады.
Әлемнің Фридман жасаған үш үлгісі осы уақытқа дейін ең қазіргі заманғы ғарыштық құрылымдарға
негіз болып қызмет етеді. Фридман өте қарапайым екі болжам жасады: біріншіден, қандай
бағыттан бақыласақ та Әлем біркелкі болып көрінеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет