3
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ)
тұрақты дамуы жөніндегі есеп компанияның
2015 жылғы қызметінің қаржылық емес
тұстары туралы ақпаратты ашады.
Назарыңызға ұсынылатын бұл есеп тұрақты даму
(бұдан әрі- ТД) саласындағы GRI G4 халықаралық
есептілік стандартының кеңейтілген нұсқасына
сәйкес дайындалып, ашық және айқын ақпаратты
ұсынуға бейімділігімізді көрсетеді.
Біз өз жұмысымызда барлық мүдделі тараптардың
қатыстырылғандығын арттыруға ұмтыламыз және
экологиялық, экономикалық және әлеуметтік аспек-
тілерді біздің күнделікті қызметімізге біріктіру үшін
барлық күшімізді саламыз.
Тиімділік көрсеткіштері қаржылық, әлеуметтік
көрсеткіштерді, сондай-ақ қауіпсіздік, денсаулықты
және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсет-
кіштер туралы ақпаратты қамтиды.
Біздің ықпалымыздың шекараларын анықтау,
сондай-ақ аспектілердің маңыздылығын анықтау
үшін біз талдау жүргізіп, енгілес тәуелді ұйымдар
(ЕТҰ) және бірлескен кәсіпорындар (БК) ақпаратын
біріктірдік.
ҚМГ қаржылық қызмет көрсеткіштері барлық ҚМГ
ЕТҰ бойынша шоғырландырылған деректерді өзіне
қамтиды. Әлеуметтік және экологиялық деректер
50%- дан астам қатысу үлесімен ҚМГ активтері
туралы ақпаратты қамтиды.
Ұйымның сыртқы ықпалы біздің қызмет ету
өңіріміздегі жергілікті қоғамдастықтарға эконо-
микалық және экологиялық салдарларын бағалау
және клиенттерден кері байланысты талдау арқылы
өлшеледі. Биотүрлену мен су көрсеткіштері ықпалы
тиетін өңірлер туралы ақпаратты аша отырып, ұйым-
нан тыс жердегі ықпалды қамтиды.
Сонымен қатар, еуропалық еншілес компания КМГ
International-дің көрсеткіштерін қосқан жоқпыз, өйт-
кені олар ЕО заңнамасы нормаларына сәйкес әрекет
етеді, сондай-ақ, GRI G4 стандарттарына сәйкес
тұрақты даму туралы жеке есеп жариялайды.
Біз өз көрсеткіштеріміз бен осы саладағы басқа
компаниялардың көсреткіштеріне бенчмаркинг
жүргізуге арналған IOGP стандарттарына сәйкес
есеп береміз.
Мұнай-газ саласында 80 000 астам жұмыс
орнын беретін ұлттық компания, ірі жұмыс
беруші, сондай-ақ Қазақстандағы энергия
ресурстарының басты өндірушісі бола тұра ҚМГ
экономикалық ықпалымыздың маңыздылығын
мойындап, қызметіміздің нәтижелері мен
жетістіктері бойынша ақпаратты кеңінен ашуға
тырысады. Ұсынылған ақпарат теңгерімделген,
біздің міндеттіріміз бен қиыншылықтарымызды
халықаралық және өңірлік деңгейде көрсетеді,
сондай-ақ әрі қарай даму үшін қызмет бағытта-
рын бөліп көрсетеді.
Мүдделі тараптармен қарым-қатынасты дамы-
туда халықаралық нарықтағы жоғары бәсеке-
лестік жағдайында салмақты шешімдер шығару
мен сенімгерлік қатынастарды сақтау үшін
айқындылыққа үлкен мән беріледі. Осы себепті
биылғы жылы есептілік ұлттық валюта теңгемен
де, АҚШ долларымен де ұсынылады.
Берілген деректер өзгерістер динамикасындағы
2014-2015 жылдардағы ҚМГ компаниялар
тобының қызметі туралы ақпаратты ашады.
Кейбір негізгі индикаторлар үшін соңғы 3 жыл-
дағы деректер жарияланды. Кейбір мәліметтер
бойынша құрлықтағы және теңіздегі жобалар
туралы мәліметтер жеке-жеке ашылады.
Есеп құрылымы ҚМГ тұрақты даму бойынша
жұмысының стратегиялық бағыттарына сәйкес
келеді: қауіпсіздік мәдениеті мен экологиялық
көрсеткіштерге басты назар салынған қызмет-
керлеріміз бен жұмыс орындарымыз. Сондай-ақ
қызмет өңіріндегі жергілікті қоғамдастықтар
үшін бастамалар мен серіктестерімізбен бірге
іске асырылатын жобалар бойынша практикадан
алынған мысалдар келтіріледі.
ҚМГ тұрақты дамуы жөніндегі есепті Директор-
лар кеңесі бекітеді және корпоративтік сайта
жариялау арқылы дәне баспа басылымдарын
таратумен мүдделі тараптарға мәлімделеді. Бұл
есеп сырттай куәландыруға жатпайды.
Мазмұны
Кіріспе
2
18
10
26
42
44
48
50
Тұрақты
дамуға деген
көзқарасымыз
Біздің
адамдар
Біздің қоршаған
ортаға әсеріміз
Біздің
бірлестіктер
Өнім
жауапкершілігі
Экономикаға
үлесіміз
Қосымшалар
Біздің есеп туралы
ҚМГ Басқармасы төрағасының үндеуі
Басқарма төрағасының бірінші орынбасарымен сұхбат
ҚМГ ТУРАЛЫ
Әдеп кодексі
Біздің қызметіміз және активтер
2015 - Еңбек және қоршаған ортаны қорғау жылы
Мүдделі тараптарымыз
Материалдық аспектілер
2016 жылғы жұмыс бағыты
Еңбек қауіпсіздігін қорғау
Денсаулықты қорғау
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
Адамдарымызға қамқорлық көрсету
Қызметкерлерді дамыту
Қызметкерлерді уәждемелеу
Қызметкерлерді бағалау
Адам құқықтары
Шағымдар механизмдері
Саясат және басқару
Энергетикалық ресурстарды пайдалану
Су ресурстарын пайдалану
Атмосфералық ауаны қорғау
Қалдықтарды басқару
Биотүрлілікке әсер ету
Мұнайдың төгілуінің алдын алу
Қоршаған ортаны қорғауға кететін шығындар мен
инвестициялар
Жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекет ету
Қайырымдылық және демеушілік көмек
Өнімді және қызметтерді таңбалау
Клиенттермен жұмыс істеу
Сатып алу тәжірибесі
Қаржылық және өндірістік көрсеткіштер
Қаржылық әсер ету диаграммасы
Қысқартулар
Есеп туралы тәуелсіз пікір
Экология және биоалуандық бойынша деректер
GRI Index
Мүдделі тараптар үшін кері байланыс нысаны
Байланыстық ақпарат
5
жаңғыруына үлесімізді қосамыз. Компания
ұлттық бокс, теннис, дзюдо федерацияла-
рына жыл сайын демеушілік көмек көрсете
отырып, спортты қолдауға және салауатты
өмір салтын қалыптастыруға көп көңіл
бөледі, Қазақстанның басты спорттық іс-ша-
раларына қолдау көрсетеді. Қайырымдылық
және демеушілік бағдарламаларына 2015
жылы 6,8 млрд. теңге жұмсалды.
Біз, ұлттық компания ретінде Тұрақты даму
саласындағы бағдарламаларды әрі қарайда
дамытуға ниеттіміз. Біздің санамызда
«табысты бизнес» пен «әлеуметтік жауапты
бизнес» мағыналас ұғымдар. Ақпараттық
ашықтық, экологиялық және өндірістік
қауіпсіздікті арттыруға бағытталған
іс-әрекет, болу өңірлеріндегі әлеуметтік
тұрақтылық – мұның барлығы табысты
және жауапты бизнесті жүргізу үшін міндетті
элементтер болып табылады.
Біз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
құрылымын дамытудағы рөлімізбен мақта-
намыз. Біз ҚМГ еліміздің тұрақты дамуына
ұзақ мерзімді және бағалы үлес қоса алады
деп санаймыз.
Құрметпен,
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Басқарма Төрағасы
Сауат МЫҢБАЕВ
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының үндеуі
Біз мұнайдың әлемдік нарығындағы
дағдарыс жағдайында қызметкерліміздің
саны мен дағдарысқа дейінгі әлеуметтік
кепілдіктер деңгейін сақтай отрып, жоспар-
ланған өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізе
білгенімізді ерекше атап айтқым келеді.
Еңбек ұжымымен кездесулер өткізу арқылы
өндірістік бөлімшелерімізде «әлеуметтік
тұрақтылық» бойынша мониторинг жүргізіп,
кәсіби одақтармен ұжымдық шарттар
жасаймыз.
Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша
2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда
ҚМГ әлеуметтік тұрақтылық рейтингін
тіпті өз қызметінің «дағдарысқа дейінгі»
кезеңімен салыстырғанда едәуір жақсартты.
Бұған көп жағынан персоналды дамыту
саласында Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін
әзірлеу, компанияның барлық тобы бой-
ынша кадрлық резерв құру, кәсіптер және
басқа да бірқатар анықтамалықтар жасау
сияқты жаңа бағдарламаларды енгізу ықпал
етті. Осы бағытта жүйелі түрде әрекет ете
отырып, біз көптеген ірі бөлімшелеріміз үшін
әділетті, үлгілік еңбекақы төлеу әдістемесін
құруға қол жеткіздік.
ҚМГ өндірістік болу өңірлерінде жұмыспен
қамту, білім беру, денсаулық сақтау, спорт
мәселелерін тиімді түрде шешіп келеді.
Жыл сайын біз ардагерлерге – еңбек сіңірген
мұнайшыларға, Ұлты Отан соғысының арда-
герлеріне демеушілік және қайырымдылық
көмек көрсетеміз. Компания тобынан атаулы
көмекті балалар үйлері мен интернаттар,
мамандандырылған әлеуметтік қолдау
қорлары, мүмкіндіктері шектеулі адамдар,
зейнеткерлер мен тұрмысы нашар адамдар
алады. Біз білім беру, баспа жобаларына
демеушілік көмек көрсетеміз, мемлекеттік
тілдің дамуына және мәдени мұрамыздың
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Басқарма төрағасы
Сауат МЫҢБАЕВ
Құрметті серіктестер мен акционерлер!
Іскери абырой сияқты көрсеткіштерсіз бүгінгі
күні компанияның нарықтық құнын арттыру
мүмкін емес, ал тұрақты даму индексі іскери
әлем үшін бизнесті өркениетті жүргізудің
маңызды көрсеткіші, компания қызметінің
қоршаған орта, еңбек қауіпсіздігі, корпора-
тивтік басқару, кадрлық және әлеуметтік
мәселелер аспектілері бойынша тікелей
нәтижесі болып табылады.
Қазақстанның мұнай-газ саласының жетекші
ойыншыларының бірі ретінде ҚМГ тұрақты
даму бағдарламалары мен әлеуметтік
жауапкершілікке ерекше назар салуын талап
етеді.
Біз назарларыңызға ұсынып отырған
қаржылық емес есептілік компанияның
экология, өндіріс қауіпсіздігі, әлеуметтік
жауапкершілік, персоналды дамыту және
жұртшылықпен байланыс саласындағы қыз-
меті туралы мәліметтерді қамтиды.
Есепті 2015 жыл бұл бағыттарды өөзгерту
белгісімен өтті. Жұмыстың бұл бағыттары
үшін жауап беретін бөлімшелеріміздің
тиімділігі едәуір артты. Бүгінгі күні біз
денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін қорғау
саласында едәуір өзгерістерге қол жеткізілді
деп сенімділікпен айта аламыз.
Экология саласында эмиссияны төмендету,
қалдықтарды қайта өңдеу және кәделеу
бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Біз
экологиялық қауіп-қатерлерге мониторнг
жүргізіп, үнемі қоғамдық тыңдалымдар
ұйымдастырамыз, сұхбаттасуға дайынбыз
және қоршаған ортаны қорғауды басқару
жүйесін тұрақты жетілдіріп отыруға
ниеттіміз.
7
Есептілікті айқындылығын арттыру бағдар-
ламасы аясында 2015 жылы біз қауіпсіздік
бойынша 24 аудит жүргіздік. Бұл орайда
жағдайдың едәуір өзгергенін айта кеткен жөн.
Біз есептілікті басқарудың жаңа үлгісін енгізіп
қана қоймай, проблемалы тұстарды анықтап,
оларды шешу жолдарын түсіне білдік.
Біз 2020 жылы қауіпсіздік көсреткіштері
бойынша мықты деген IOGP компаниялары-
ның жоғарғы квартилінде болуға тырыса-
мыз. Бұл мақсатқа жету үшін біз 5 жылдық
дамужоспарын жасадық, ол еңбекті қорғау
саласындағы жұмысты жақсартуға бағыт-
талған. Біз өз бастамаларымыздың арқасында
жарақаттану коэффициенті мен бақытсыз
жағдайлардың коэффициентін төмендетуге
тырысамыз.
Біз өз қызметіміздің қоршаған ортаға әсер
ететінін мойындаймыз, сондықтан біздің
мамандар климатқа түсетін ықпалды
жеңілдету және ресурстарды мейлінше
ұтымды басқару бағдарламасын әзірлеп, ол
жұмыс істеуде. Мәселен, жақын жылдары біз
компания тобы бойынша су жинауды азай-
туды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар,
біз энергоаудит жүргізіп, келесі 5 жылға
энергияны үнемдеу жоспарын әзірледік, бұл
бағдарлама арқылы энергияны тұтынуды
7%-ға азайтуға болады.
Климаттың өзгеруіне байланысты
проблемаларды шешуде қандай іс-
әрекеттер жасап жатырсыз?
Мұнай мен газ өндіру Қазақстанның әлеу-
меттік-экономикалық дамуы үшін маңызды
және біздің бизнесіміздің негізі бола бермек.
Алайда, орын алып жатқан климаттағы
өзгерістерді ескермей қызметімізді жүргізуді
жалғастыру қиындап барады. Сондықтан
стратегиялық шешімдерді қабылдамас бұрын
біз осы тұсты назарға алуымыз керек. Бізде
климаттың өзгеруіне қосатын үлесімізді
мейлінше азайту және осы мәселеге байла-
нысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерге ден
қою жоспары бар. Біздің негізгі мақсатымыз
ілеспе газды жақында 100% кәдеге жарату.
Сондықтан біз Дүниежүізілік банктің «Газды
бұрынғыдай алаулатып жағу практикасын
2030 жылға қарай толық тоқтату» бойынша
бастамасын қолдадық.
Сондай-ақ, біз парникті газдың таралуын
азайту бойынша мемлекетпен және серікте-
стерімізбен белсенді жұмыс жүргізіп отыр-
мыз. Бүгінгі күннің өзінде CO2 таралуының
азайғанын байқап отырмыз.
ҚМГ-нің тұрақты дамуды енгізу
саласындағы келешектегі жоспарлары
қандай?
Барлық деңгейде және барлық қызметкерде
корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға,
ЕҚОҚ саласында жақсы нәтижелерге қол
жеткізуге, жергілікті қоғамдастықтарды және
адам ресурстарымызды дамытуға негіздел-
ген тұрақты даму стратегиясы біздің табысты
болуымыз үшін маңызды мәнге ие.
800 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейтін
Қазақстандағы шамасы жағынан екінші
мемлекеттік компания және ірі салық төлеуші
ретінде ҚМГ үлгі болуға және еліміздің
энергетикалық қажеттіліктері мен экономика-
лық өсуін қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді
болашаққа дамуға міндетті.
Біздің мақсатымыз ҚМГ-нің ісіміздің
қаржылық және өндірістік қатынастағы
ғана емес, тұрақты даму тұрғысында да
көшбасшысы болуында, өйткені бұл іскери
серіктестерімізбен ұзақ мерзімді сенім мен
қатынастарымыздың беріктігін арттырады.
“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ үшін тұрақты
даму нені білдіреді? Сіз мұнай-газ
секторындағы «тұрақты дамуды» 2015
жылмен байланыстырғанда қалай
түсінесіз?
2015 жыл дүниежүзілік қоғамдастық үшін
маңызды жыл болды. Қыркүйек айында Адам-
заттың тұрақты даму саласында 2030 жылға
дейін тұрақты даму мақсаттары қабылданды.
Сондай-ақ, желтоқсан айында Парижде Тарап-
тар Конференциясының 21-ші сессиясы болып
өтті, оның нәтижесінде 2020 жылдан кейінгі
кезеңге арналған климаттың өзгеру пробле-
масы бойынша ғаламдық іс-қимылдар туралы
Париж келісімі жасалды.
Сонымен қатар, бұл жыл тікелей біздің сала
үшін күрделі жыл болды, он жылдан астам
уақыт кезең ішіндегі ең төменгі мұнай бағасы
осы жылы байқалды.
Бүгін өндірілген көмірсутек энергетикалық
ресурстарға деген әлемдік қажеттіліктің
80%-ынан астамын қамтамасыз етеді. Бұл
ретте Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде
12-орынға ие. Біз, ірі ұлттық мұнай-газ ком-
паниясы ретінде бізге түскен жауапкершілікті,
әсіресе, бүгінгі күнгі дағдарыс жағдайындағы
жауапкершілікті жақсы түсінеміз. Сондықтан,
компания үшін тұрақты даму (бұдан әрі – ТД)
бизнес-процестерді толықтырып қана қоймай,
қызметкерлеріміз бен қоршаған ортаны
қорғау үшін ұмтылуымыз қажет мақсат.
Қазіргі уақытта біз үшін ТД принциптерімізді
өндіру мен қайта өңдеуден бастап маркетинг
пен бөлшек саудамен сатуға дейінгі барлық
өндірістік процестерге біріктіру маңызды.
Біз үшін тұрақты даму дегеніміз қызметімізді
жауапты түрде, адамдар мен олардың
Біздің Басқарма төрағасының бірінші орынбасарымен сұхбат
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Басқармасы Төрағасының
бірінші орынбасары
Кристофер Хопкинсон
қауіпсіздігін, жергілікті қоғамдастықтар мен
қоршаған ортаға құрметпен қарау арқылы
жүргізу. Біз осы мақсатқа қол жеткізу үшін
барлық күш-жігерімізді салуға әрқашан
дайынбыз.
ҚМГ-нің Қазақстанның ең ірі мұнай-
газ компаниясы екенін ескерсек, оның
барлық еншілес компаниялары мен
мүдделі тараптарымен Сіз қалай өзара
әрекет етесіз?
Біздің бизнесті жүргізу жауапкершілігіндегі
маңызды принциптердің бірі - бұл біздің
жұмысымыздың айқындылығын қамтамасыз
ету. ҚМҚ ЕТҰ қолдау көрсетеді және олар-
дың қаржылық емес әсері туралы мәліметтер
ұсынады. Біздің мақсаттарымыз ортақ, оларға
бірге қол жеткізу үшін тұрақты даму сала-
сында күш- жігерлерімізді біріктіреміз.
ТД дегеніміз экономикалық, әлеуметтік және
экологиялық процестерді біріктіру болған-
дықтан, біз, мүдделі тараптарымыздың біз
ұшырасатын барлық қиыншылықтар мен
қауіп-қатерлер туралы білгенін қалаймыз.
Олардың білгендігі қауіп-қатерлерді азайтып,
компанияны әрі қарай дамыту жолында бір-
лесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Біздің ең маңызды серіктестеріміздің бірі –
жергілікті қоғамдастық болып табылады.
Біз бірге жұмыс істеудің арқасында керемет
нәтижелерге жететінімізге сенеміз. Міне
сондықтан да жобаларды іске асырмас бұрын
жұрттшылықпен консультациялар өткіземіз.
Біз, сондай-ақ, жергілікті қоғамдастықтардың
қажеттіліктерін ескере отырып әлеуметтік
және экологиялық ықпалдарымызға бағалау
жүргіземіз, қызықтырған барлық ақпаратты
ұсынамыз. Біз мақсаты өңірлердің әлеумет-
тік-экономикалық әл-ауқатын көтеру болып
табылатын бағдарламалар мен инвестици-
ялар туралы үнемі сұхбат жүргіземіз. Бұған
дәлел Қызылорда облысының әкімдігімен
Өзара түсіністік туралы меморандумға қол
қою, оған сәйкес жергілікті қоғамдастық
мүшелері табиғи газды жеңілдікті бағамен
сатып алады. Сонымен қатар, біз Маңғыстау
облысында бірқатар әлеуметтік бағдарла-
малар әзірлеп, жалпы $ 1 млн. жуық сомада
медициналық білім беру саласына қолдау
көрсеттік. Осы есепті шығара отырып, біз
барлық мүдделі тараптарымызға үндей
тастаймыз және біздің жетістіктерімізді баға-
лау және әрі қарай бірге жұмыс істеу үшін
кері байланысты күтеміз.
ТД саласындағы қызметтің негізгі
бағыттары 2015 жылы қандай болды?
Біз үшін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үнемі бірінші орында болады. Өкінішке
орай, еңбекті қорғау саласында қолданылған
барлық шараларға қарамастан өткен жылы 4
әріптесімізден айырылдық, ал 99-ы өндірі-
сте түрлі жарақаттар алды. Бұл мені қатты
қайғыртады, мұндай оқиғалардың қолайсыз
екені сөзсіз.
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету
компанияның әрі қарай тұрақты дамуы үшін
міндетті шарт болып табылады. Міне сон-
дықтан да біз қызметкерлерді оқытуға қаржы
салып, қызметкерлердің жітілігі мен қызмет-
керлеріміздің қауісіздігі мен активтеріміздің
тұтастығын қамтамасыз ететін басқа да
бірқатар активтерді арттыру үшін «Созыл-
малы күйбелектік» және «Алтын қағидалар»
сияқты ақпараттық кампаниялар өткіземіз.
9
Тәуекелдерді басқару тәсілі
ҚМГ компанияларының тобы біздің қыз-
метке қолданылатын заңнаманың, саясат
пен стандарттардың барлық нормаларын
толықтай сақтауды міндетіне алады. Біз қыз-
метімізге байланысты ықтимал тәуекелдерді
анықтау бойынша үлкен жұмыс атқарамыз
және олады жою бойынша барлық қажетті
шараларды қолданамыз. ҚМГ-да тәуекел-
дерді басқару жөніндегі жеке құрылымдық
бөлімше (департамент), Басқарма жанында
Тәуекелдер жөніндегі комитет және ДК
жанында Аудит жөніндегі комитет құрылған.
Компанияда ҚМГ Компаниялары тобы
бойынша Тәуекелдерді корпортивтік басқару
жүйесі саясаты, тәуекелдер картасы мен
тәуекелдер тіркелімі, сондай-ақ қаржылық
тәуекелдерді басқару саясаттары бекітілген.
ҚМГ ДК тоқсан сайынғы негізде компа-
нияның тәуекелдері бойынша есептерді
қарайды, ҚМГ тәуекел-аппетитін, ҚМГ
әрбір басты тәуекеліне төзімділік деңгейін
қайта қарайды және бекітеді, қабылданатын
тәуекелдердің деңгейін шектеу лимиттерін
белгілейді.
2002 жылы құрылған «ҚазМұнайГаз» ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамының
компаниялар тобының құрамына 202
еншілес ұйым кіреді. ҚМГ құрылтайшысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі
атынан Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік мүлік
жекешелендіру комитеті. ҚМГ акционерлері
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
(90%) мен Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі (10%-1 акция).
ҚМГ Директорлар кеңесі Топ қызметінің
басым бағыттарын айқындайды,
экономикалық, экологиялық және
әлеуметтік ықпалын ескере отырып
даму стратегиясын бекітеді, сондай-ақ
стратегияның іске асырылуына мониторинг
жүргізеді.
ДК қарауына енгізілетін мәселелер ДК
комитеттерінің отырыстарында адын
ала талқыланады. Корпоративтік хатшы
ДК жоғары басшылығының органдары,
Басқармасы мен ҚМГ құрылымдық
бөлімшелері арасын байланыстырушы
болып табылады. Ол қызметкерлерге тиісті
тапсырмаларды мәлімдейді және ДК-ға
оның шешімдерін орындаудың бақылауға
алынған мерзімдерін хабарлайды.
2016-2017 жылдарға арналған ҚМГ
корпоравтивтік басқару бойынша
іс-шаралар жоспары келесі бағыт-
тағы процестер мен стандарттарды
енгізуді қарастырады:
тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау;
менеджментке арналған
ПӘК әзірлеуді қоса алғанда,
тұрақты даму;
сыйақы беру және
сабақтастық;
Директорлар кеңесінің
тиімділігі;
Акционерлермен өзара
қатынастар;
ақпаратты ашу.
Біздің мақсатымыз – мұнай
және конденсант өндіру
саласында әлемдегі ең ірі 30
мұнай-газ компаниясы
қатарына кіру
Достарыңызбен бөлісу: |