«Қазпошта», «Эврикапресс», Подписной индекс по каталогам



Pdf көрінісі
бет21/37
Дата02.01.2017
өлшемі2,54 Mb.
#974
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37

Пайдаланған әдебиеттер:
1.  Молдабеков  Ж.  Қазақтану  және  жаңару  философиясы.  Алматы: 
Қазақ университеті. 2009.-282 б.
2.  Бурбаев  Т.Қ.  Қазақ  халқы  ментелитетінің  қазіргі  кезеңдегі  даму 
ерекшеліктері:  әлеуметтік-философиялық  талдау.  Док.дисс.  Алматы. 
2004.
3. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999.
4.  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жастар  саясатының 
тұжырымдамасы. 7 шілде, 2004ж.
Резюме
В  данной  статье  изложены  проблемы  мировоззрения  современной 
студенческой  молодежи  Республики  Қазахстан,  а  также  основные  на-
правления воспитательной работы с молодежью.
Summary
In this article are considered social-personal problems of modern students 
youth of Republic of Kazakhstan, also are given the main directs of upbringing 
works with youth.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРІНІҢ 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУҒА 
ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ РӨЛІ
Исабаева С.Н.
ҚазМемҚызПУ аға оқытушысы.
Қазіргі  таңда  біздің  қоғамымыз  дамудың  ақпараттық  қоғамға  бет 
бұрған  кезеңінде  компьютерлік  техника  мен  оған  байланысты  барлық 
ақпараттық  коммуникациялық  технологиялар  педагогтар  қызметінің 
барлық  салаларына  кірігіп,  оның  ақпараттық  ортасына  айналып 
отыр.  Мұндай  ақпараттық  ортада  АТ-ды  қолдануға    кәсіби  даярлықты 
қалыптастыру  үшін,  ең  алдымен,  педагогикалық  жоғары  оқу  орнында 
ерекше көңіл аудару қажет, себебі оқу үдерісін ақпараттандыруда орталық 
орынды болашақ оқытушы кадрлар мәселесі алады.
Бүгінгі  күні  психологиялық-педагогикалық  зерттеулерде,  студент-
тердің болашақ кәсіби даярлығын қалыптастыру және оны қалыптастыру 
әдістемесі  мәселелеріне  ерекше  назар  аударылады.  Соның  ішінде 
болашақ педагогикалық кадрларды даярлау мәселелері Ф.Н.Гоноболин, 
Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, Р.И.Хмелин, А.И.Щербаков, Ш.Т.Таубаева 
және  т.б.  жұмыстарында  қарастырылады.  Болашақ  мұғалімнің  жеке 
тұлғасын  қалыптастыру  үдерісінде,  студенттердің  кәсіби  даярлығы 
мәселелері  О.А.Абдуллина,  А.И.Пискунов,  Н.П.Радченок,  В.А.  Сласте-
нин,  П.Ф.Спирин,  И.В.Страков,  Қ.Қ.Жанпейісова,  С.М.Кеңесбав  және 
т.б. зерттеулерінде қарастырылған.
Аталған  ғалымдардың  жұмыстарындағы  педагогикалық  мамандық 
студенттерін дайындауға байланысты негізгі бағыттарын атап өтуге бо-
лады:
-  білім  алушылардың  қабілеттерін  анықтау    әдістері  және  таңдау 
критерийлері;
-  дайындық  түрлері  (дәрістер,  ЭЕМ  қолдану  арқылы  оқыту, 
бағдарламаланған  инструктаж,  өзіндік  оқыту,  шынайы  оқу  іс-әрекетін 
орындау барысындағы жаттығулар);
-  дайындық  құралдары:  кітаптар,  аудиовизуалды  құралдар,  өзіндік 
оқытуға арналған кабинеттер, оқытушы жабдықтар, тренажерлер);
- білім алушылардың саны, бір білім алушыға шаққандағы  жалпы 
білім алушылардың саны;
-  оқу  жоспарларын  құрастыру  әдістері  (мысалы,  оқу  жоспарын 
құрастырудың  формальды  әдістерін  құру,  оның  негізгі  мазмұны  іс-
әрекетті  детальды  эргономикалық  талдау  және  дайындық  объектілерін 
анықтаудан тұрады);
-  дайындық  деңгейін  өлшеу  әдістері  (критерийлер,  практикалық 
сынақтар, бағалау);
-  жаттықтырушы  жүйелердің  тиімділігін  анықтау  әдістері:  жүргізу 
қабілеті, білім алушылардың үлгерім деңгейі, жұмыстың орындалу сапа-
сы, шеберлік деңгейінің көрсеткіштері.
Бұдан басқа, педагогикалық әдебиеттерде болшақ мұғалімнің профес-
сиограммасы сипатталады, онда мұғалімнің білуі қажет типтік міндеттері 
анықталады:
- оқыту мен тәрбиенің мақсаттарын конструктивті сипаттау білігі, он-
сыз мақсатқа жету мүмкін емес (оқытудың мақсаты сәйкес  біліктердің 
тілінде немесе міндеттердің тілінде сипатталуы қажет);
- кәсіби іс-әрекетте  оқытуды құрудың қазіргі заманғы принциптерін 
қолдану білігі  - жүйелі, бағдарламалық, мақсатты сияқты;
-  білімді  меңгеруді  басқару  үдерісімен  байланысты  міндеттерді 
шешу  білігі  (ол  үшін  педагог  білім  алушылардың  білім  деңгейінің 
соңғы  көрсеткішін  анықтайтын  диагностика  әдістемелерін  меңгеруі 
БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ, ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ

235
234
БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ, ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ
қажет,  сонымен  бірге  психологиялық-педагогикалық  диагностиканың 
мәліметтеріне сәйкес оқытудың мақсаттарын жүзеге асыру және жоспар-
лау ерекшеліктерін білуі қажет).
Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану, педагогтың ал-
дында тұрған кәсіби міндеттері тізімін кеңейтеді:
- оқу үдерісінде АТ-ды қолданудың мақсаттары мен бағыттарын білу 
және түсіну;
-  қазіргі  заманғы  қоғамда  АТ-ды  қолданудың  негізгі  бағыттарын 
білу;
-  оқытудың  әдістері  мен  ұйымдастырушылық  формаларының 
өзгеру қажеттілігін түсіну, оқу үдерісінде АТ-ды енгізумен байланысты 
оқытылатын материалдың мазмұнын түсіну;
-  ЭЕМ-да  жұмыс  істеу  үшін  қолданушы  қажетті  біліктер  мен 
дағдылардың болуы.
Осы айтылғандармен қоса алғанда, педагог оқу үдерісінде ақпараттық 
технологияларды қолдану бойынша даярлықтың белгілі деңгейін меңгеруі 
қажет.  Осы  жағдайда  педагогтың  іс-әрекетінің  моделі  білім,  білік, 
дағдылар  кешені  түрінде,  информатиканың  фундаменталды  ұғымдары 
туралы  дүниетанымдық  бейнелері  ретінде,  қоғамды  ақпараттандыру 
үдерісінің әлеуметтік-экономикалық салдары және ғылыми пән ретінде 
даярлықтың деңгейін көрсетуі керек. 
Соңғы уақытта компьютер педагогикалық бағдарламалық құралдарды 
қолданудағы  оқыту  құралы  ретінде  қарастырылады.  Бұдан  басқа,  оқу-
тәрбие  үдерісін  ақпараттық-әдістемелік  қамтамасыз  етуді  автоматтан-
дыру құралдарын қолдану қажет. Бұл оқу үдерісін ұйымдастырушының 
қолдануы үшін ақпараттық-әдістемелік материалдың жалпы қолжетерлігін 
(мұғалім,  тәрбиеші,  әдіскер,  оқу  ісінің  меңгерушісі,  директор)  және  
қолданушылардың  әрбір  категориясына    қолайлы  формада  қажетті 
ақпаратпен  оперативті  қамтамасыз  етуді  жүзеге  асырады.  Жоғарыда 
айтылғандардан басқа, АТ қажетті  ақпаратты жүргізу, сақтау, жинақтау, 
талдау  үдерістерін  автоматтандыруды  қамтамасыз  етеді,  қарапайым 
элементтерден  құралған  күрделі  мәтіндерді  құрастыруды  қамтамасыз 
етеді  (әдістемелік  ұсыныстар,  авторлық  сабақтардың  конспектілері, 
бағдарламалар, іскерлік және рөлдік ойындар, сабақтын тыс іс-шаралар, 
ата-аналар  лекторийінің  материалдары  және  т.б.).  Бұл  баспа  материал-
дарын дайындау үшін, қажетті ақпараттын көшірмесін алуға мүмкіндік 
береді.
Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерін  аталған 
бағыт  бойынша  даярлау,  олардың  оқуға  бағытталған  бағдарламалық 
құралдардың  сапасын  сараптамалық  бағалау  бойынша  іс-әрекетті 
меңгеруді  қарастырады.  Бұл  оқу-тәрбие  үдерісіндегі  кең  тараған,  көп 
жағдайда педагогикалық тұрғыда сапасыз педагогикалық бағдарламалық 
құралдармен байланысты. 
БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ, ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ
Педагогтарда білім беруді ақпараттандырудың құралдарымен жұмыс 
істеу  үшін  қажетті  даярлықтың  болмауы,  оқу  үдерісінде  АТ-ды  тиімді 
қолдануды тежейтін негізгі себеп болып табылатыны айқын. Сондықтан, 
АТ-ды қолдануға кәсіби даярлықты қалыптастыру, оқу-тәрбие үдерісінің 
тиімділігін  арттыру  үшін,  олардың  мүмкіндіктерін  педагогикалық 
мақсатты қолдануға ықпал етуді шешетін, негізгі міндеттердің бірі бо-
лып табылады.
 Бұл мәселе бойынша білім беру тәжірибесін талдау, бастауыш мектеп 
үшін ғана емес, сонымен бірге мектепке дейінгі мекемелер үшін өзекті 
болып саналатын, ақпараттық технологиялар (АТ) саласын білікті маман-
дармен қамтамасыз ету мәселелерінің болуы туралы тұжырым жасауға 
мүмкіндік  береді.  Олай  болса,  мектепке  дейінгі  мекеменің,  бастауыш 
және орта мектептің педагогы, іс-әрекет моделінің инвариантты бөлігін 
құрайтын белгілі білім, білік және дағдылар кешенін меңгеруі керек.
Сонымен ғалымдардың зерттеу нәтижелерін ескере отырып, АТ-ды 
қолдану  арқылы  педагогикалық  іс-әрекетті,  қолданудың  педагогикалық 
мақсаттары  мен  бағыттарына  сәйкес,  мектепке  дейінгі  мекеме 
жағдайында АТ-ды құралдарын қолданатын педагогтың іс-әрекеті ретінде 
төмендегілерді тұжырымдаймыз:
-  балабақшадағы  оқыту  мен  тәрбиенің  бағдарламаларын,  мектепке 
дейінгі жастағы балаларды дамыту бағдарламалары туралы білім;
- балалардың компьютерлік ойындарға даярлығын анықтау білігі;
- сабақтың мазмұнын ескере отырып, заттық-ойын ортасын дайындау 
білігі;
- компьютерде балалардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру білігі;
- барлық балалардың және әрбір баланың мінез-құлқының ерекше-
ліктерін  көру,  талдау  және  бағалау  білігі,  оларды  ағымдағы  жұмыста 
уақытылы ескеру білігі;
-  оқуға  бағытталған  компьютерлік  бағдарламалрдың  сапасын 
сараптама лық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу білігі;
- балалардың зейінін басқа іс-әрекет түрлеріне аудару білігі;
- ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізу;
- біліктілік пен өзіндік білім алуды арттыруды анықтаймыз.
Кіші  мектеп  жасындағы  балалармен  жұмыс  істейтін  педагогтың 
педагогикалық іс-әрекетінің құрамына енетін:
- кіші мектеп жасындағы оқушының оқытудың бағдарламасын терең 
білу және дамытушы оқыту бағдарламаларын білу;
- балалардың компьютерлік бағдарламалармен жұмыс барысында ин-
теллектуалды және операционалды даярлығын анықтау білігі;
- сабақтың мазмұнын ескере отырып,  білім алу ортасын дайындау 
білігі;
-  оқуға  бағытталған  бағдарламалық  құралдардың  сапасы  бойынша 
сараптамалық-аналитикалық іс-әрекетті ұйымдастыру білігі;

237
236
БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ, ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ
- сабақтың барысында алуан түрлі педагогикалық тәсілдерді қолдану 
қабілеті және оларды тиімді бағалау қабілеті;
- алуан түрлі ситуациялар үшін қолайлы балалармен қарым-қатынас 
стилін таңдау білігі;
-  комьютерлік  бағдарламалармен  жұмыста  балалардың  мінез-
құлқының ерекшеліктерін бағалау білігі және оларды ағымдағы жұмыста  
уақытылы  ескеру білігі;
- білімділік пен үлгерімді диагностикалау үшін есептеу техникасының 
құралдарын қолдану білігі;
- сабаққа дайындалу үшін АТ құралдарын қолдану білігі;
- ата-аналармен ағартушылық, кеес беру жұмыстарын жүргізу;
- біліктілік пен өзіндік білім алу деңгейін үнемі арттыру.
Техникалық  және  бағдарламалық  құралдарды  меңгеру  бойынша 
педагогтың іс-әрекетінің құрамына енетін:
- қауіпсіздік техникасы ережелерін білу;
- дербес компьютердің құрамы мен техникалық сипаттамасын білу;
- компьютермен жұмыс істеудің практикалық  дағдыларының болуы;
-  балаларға  арналған  бағдарламалық-әдістемелік  құралдарды, 
олар дың  құрамын,  жұмсалуын,  дидактикалық  мақсаттарын,  жүйелеу 
принциптері мен негізгі сипаттамаларын білу;
- компьютердің бағдарламалық-аппаратты құралдарының мүмкіндік-
теріне бағдарлану;
- жалпы қызмет етудің алуан түрлі бағдарламалық құралдарын меңгеру 
(мәтіндік  редактор,  электронды  кесте,  графикалық  редактор,  желілік 
бағдарламалық қамтамасыздандыру, антивирусты бағдарламалар);
-  АТ  құралдарын  қолдану  білігі  (принтер,  дисковод,  сканер,  видео 
және т.б.);
- балалармен жұмыс істеу барысында есептеу техникасын қолданудың 
санитарлық-гигиеналық нормаларын білу және сақтау.
Сонымен, көрсетілген АТ-ды қолдану мәселелері, мектепке дейінгі 
мекеме  мамандығы  студенттерінің  педагогикалық  іс-әрекетте  оларды 
қолдану  мәселелері бойынша шешілетін бірқатар маңызды мәселелерін 
анықтайды. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Беспалько  В.П.  Татур  Ю.Г.  Системно-методическое  обеспечение 
учебно-воспитательного  процесса  подготовки  специалистов:  Учеб.-
метод. пособие. М.: Высшая школа, 1989. - 144с.
2. Бешенков С.А., Кузнецов А.А., Матвеева Н.В. Обучение информа-
тике  в начальной школе // Материалы первой международной научно-
практической конференции «Современные технологии в начальном об-
разование». Москва, 1999 С 5-7.
3. К.М.Беркімбаев, Г.Ж.Ниязова. Ақпараттық технологиялар негізінде 
педагогикалық мамандықтар студенттерін дайындау мәселелері 
“Жоғары кәсіптік білім беруді реформалау жағдайында педагог кадрлар-
ды даярлау” атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ма-
териалдары.  Семей, 2007. Б. 520-522. 
Резюме
В статье рассматривается роль подготовки студентов педагогической 
специальности к использованию информационных технологии.  
The resume
In article the role of preparation of students of a pedagogical speciality to 
use information technologies is considered.
ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
                                                                                        
Дуйсембекова Ш.Д.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Семей Мемлекеттік педагогикалық институт.
Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің керегесі кең, шаңырағы биік болып 
дуние жүзінің алдыңғы қатарлы елдеріне қосылу үшін білімді,ғылымды 
дамытуымыз  қажет.Осыған  орай  оқушыларға  кәсіби  бағдар  берудің 
педагогикалық  жағдайлары  да  қарастырылған,  олар  педагогикалық 
диагностика,кәсіби  кеңес  беру,әңгіме  жүргізу  т.т.  Кәсіптік  бағыт  беру 
жұмыстарының бір түрі кәсіптік кеңес болып табылады. Кәсіптік кеңес  
адамға  нақтылы  мамандық  таңдау  жөнінде  ғылыми  негізделген  кеңес 
беруге, оған тек халық шаруашылығы қажет етіп отырған мамандықты 
емес, сонымен бірге өзінің икемділігі мен қабілетінің талаптарына сай 
келетін  кәсіп  ұсынуға  тиіс.  Бұл  проблеманы  шешу  адамның  қабілетін, 
оның денсаулығын, психо-физиологиялық ерекшеліктерін зерттеп талда-
уды қажет етеді. Кәсіпке жарамдылығы жөніндегі кеңес еңбек қызметінің 
табысты  және  адамның  денсаулық  жағдайларына  тигізетін  әсерін 
сараптауға  боларлық  жиі  кездесетін  жағдайлар.  Мұндай  жұмыстарды 
жүзеге  асыру  үшін  біздің  елімізде,  тіпті  қазірдің  өзінде,  мектеп  және 
жасөспірімдер  дәрігерлері  практикасына  енгізуге  тұрарлық  едәуір  ма-
териалдар  жинақталған.  Кәсіпке  жарамдылықтың  психологиялық 
мәселелер  бойынша  кеңес  туралы  мәселе  едәуір  күрделі.  Мұнда  оқу-
тәрбие жұмыстары үрдісінде  оқушының көрсеткішін байқау, және әрбір 
БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ, ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ

239
238
БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ, ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ
жеке  оқушының  эксперименталдық-психологиялық  көрсеткішін  байқау 
негізінде  жасалған  мектеп  берген  психологиялық  мінездемеге  қарап 
оқушы  қабілетін бағалау шешуші маңыз алады.Біздің пікірімізше мек-
тепте оқушыларды зерттеудін, ен жақсы әдісі мінездемеден  тыс жинақтау 
әдісі болып табылады. Жеке адамның эксперименталдық-психологиялық 
сипаттарын зерттеу мақсатында біздегі және шетелдердегі көптеген   диа-
гноз қою методикасының пайдаланылуы мүмкін. Қазір кәсіптік кеңес беру 
үрдісінде эксперименталдық-психологиялық зерттеудің біркелкі жүйесін 
ешкім де ұсына алмайды. Біз қазіргі дәуірде бұлай жасау  асығыстық бола-
ды және оны жасауға талпыну керексіз деп есептейміз.  Жекелеген кәсіптік 
кеңес бюролары өз әдістерін  жетілдіріп, олардың  арқасындағы тәжірибе 
алмасу  дұрыс  жолға  қойылған  кезде  ғана  мүндай  жүйенің  нақтылы 
кәсіптерді психологиялық зерттеу жүйесін анықтаудың, толыктырудың, 
кейде қысқартудың біркелкі негізі болуы мүмкін.Қабілеттің қалыптасуы, 
оны зерттеу, бағалау мәселелерін қабілет теориясынан бөліп қарауға бол-
майды.
Оқушылардың  кәсіптік  бағдарларын  қалыптастыру  жан  -  жақты 
зерттелген десек те, қоғамның жаңаруы, нарықтық әкономиканың өмірге 
дендеп  енуі,  жаңа  реформалар  мен  саяси  жүйенің  өзгеруі  оқушыларға 
кәсіптік бағдар беруде жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды талап етіп 
отыр.
Нарықтық  әкономиканың  тұрақтылығы  білім  мен  ғылым,  техника 
салаларында  бәсекелестікті  қажетсінеді.  Бәсекелестік  нарықтық  еңбек 
қатынасының  барлық  салаларын  қамти  отырып  тұлғаның  кәсіптік 
әрекеттегі қабілеттерімен, бейімділіктерімен ғана өлшенбейді. Сондықтан 
нарықтық әкономика жағдайындағы кәсіптік бағдар беруді оқушылардың 
кәсіби  дайындығы,  жарамдылығы  негізінде  олардың  рухани  тұрғыдан 
жан-жақты дамуын және дара психологиялық ерекшеліктерін ескере от-
ырып жүргізуге тиіспіз.
Мемлекеттің негізгі стратегиялық басымдылықтарының бірі - бәсекеге 
қабілетті мамандар даярлау. Бәсекеге қабілеттілік жеке тұлғаның еңбекке 
қабілеттілігінен,  кәсіби  бейімділігінен,  еліміз  үшін  пайдалы  кәсіби 
әрекеттің шынайы көрінісінен туындайтын маңызды мәселе. «...Бәсекеге 
қабілеттілік тек қана кәсібилік емес, сонымен қатар, жеке тұлғалық ком-
поненттермен  де  анықталады,  яғни  жеке  адамның  қонымды,  турақты 
қасиеттерінің жиынтығымен, мінезімен, кәсіби іс-әрекетте қызмет істей 
алатын  қабілеттері  және  жағдайымен  тулғаның  бәсекеге  қабілеттілігі 
интегративті  параметрлермен  сипатталады:  қабілеттер  мақсаттың 
нақтылығы мен қундылық бағдарлар, іске деген шығармашылық қарым-
қатынас,  психологиялық  төзімділік  пен  икемділік,  тәуелсіздік;  мінез 
-  еңбексүйгіштік,  үздіксіз  өзін-өзі  дамыту  мен  әрдайым  кәсіби  өсуіне 
талпынушылық» деп атап көрсетеді Г.Халықова.[1]
Өз  кәсібін  дұрыс  таңдай  білген  оқушы  оған  әр  уақытта  шығарма-
шылықпен,  жауапкершілікпөн  қарап,  қабілеті  мен  оейімділігі  белгілі 
бір кәсіп  сапасына  сай  қалыптасқанда ғана  сапалы  маман  болатыны 
белгілі жайт.
Ендеше  мемлекет  алдында  елжанды,  өз  ісіне  шебер  кәсіп  иесін 
тәрбиелеу күн тәртібінде тұрған мәселе екендігі даусыз. Өйткені, өз От-
анын сүйетін, оған қалтқысыз қызмет етуге дайын маман өз кәсібіне сай 
қабілет, бейімі қалыптасқан маман ғана емес, ол адамгершілік, моралдық 
тұрғыдан  үйлесімді  дамыған  тұлға  болып  табылады.  Сол  себепті  де 
кәсіптік бағдар беру оқушының тәрбиесімен, оның жеке бас дамуымен 
де тығыз байланысты. Себебі, оқушылар тек қана өздерінің қызығуына, 
қабілет,  бейіміне  қарай  бой  түземейді,  сонымен  қатар  адамгершіліктік 
құндылықтар  негізінде  де  қалыптасады.  Сондықтан  мектептен  тыс 
жұмыстар арқылы да оқушыларға кәсіптік бағдар беруде қоғамның руха-
ни, адамгершілік құндылықтарымен байланыста жүргізу шарт.
Қазақстандық  авторлар  Г.Хайруллин  Р.Озғамбаева,  Г.Саудабаева, 
Л.Мажитова,  Ә.Мүсілімов,  т.б.  өз  еңбектерінде  «оқушыларға  кәсіптік 
бағдар  беруді»  жоғарыдағы  айтылған  мәселелерді  ескере  отырып  жан-
жақты зерттеген. Мәселен, Г.Саудабаева[2] кәсіптік бағдар беру жүйесін 
ғылыми  тұрғыдан  жан-жақты  талдай  отырып  оны  «кәсіби  дайындық» 
және «кәсіби іріктеу» тұрғысынан қарастырады. Нәтижесінде оқушыларға 
кәсіптік  бағдар  беру  мәселесінде  «кәсіптік  бағдарын»  және  «кәсіптік 
дайындығын  қалыптастыру  қажет»  деген  пікірге  келеді.  В.Сахаров[3] 
кәсіби дайындық тұжырымдамасына төмендегідей сипаттама береді.
1. Кәсіби дайындық саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік, т.б. сияқты 
күрделі құрылымдардан тұратын тұлғаның интеграциялық сапасы.
2.  Өз  отанының  азаматы  ретінде  қалыптасқан  тұлға  дүниетанымы-
ның құрамды бөлігі.
3.  Болашақ  кәсібін  саналы  таңдауды  қамтамасыз  ететін,  кешенді 
қалыптасқан тұлға сапасын айқындайтын өлшем.
4.  Тұлғаның  белсенді  өмірлік  позициясынан  туындайтын  дербес 
кәсіп таңдауы.
5.  Кәсіби  дайындықта  субъекті  мен  объектінің  өзара  байланысын 
қамтамасыз  ететін  жеке  әрекетке  өтудегі  мақсаттылық  қызмет  (дея-
тельность).
6.  Кәсіби  дайындық  тұлғаның  тек  қана  танымдық  емес,  өмірлік 
көзқарастұрғысынан көрінеді.
Дамыған  кейбір  шетелдік  тәжірибеге  назар  аударсақ,  нарық  жағ-
дайындағы  жастардың  әлеуметтік  икемділігі  олардың  кәсіби  даярлық 
деңгейіне байланысты екенін көрсетеді.
«Кәсіп»  және  «мамандық»  ұғымдары  (бұл  ұғымдар  әлі  де  айқын 
белінбегенімен) қамтитын әр түрлі қызметтер саны ете көп. Өмірге жаңа 
БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ, ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ

241
240
БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ, ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ
араласқан  жас  өспірімнің  алдында  бірнеше  мыңдаған  түрлі  кәсіптің, 
біреуін  таңдау  міндеті  туады.  Әрбір  жас  адам  бір  ғана  емес,  кептеген 
кәсіпке қабілетті болады, бірақ барлық кәсіпке бірдей қабілетті болмайды 
және қабілеттері әр түрлі дәрежеде болады. Кәсіптік бағыт беру міндеті 
жас  өспірімдердің  болашақ  өмір  жолын  таңдап  алуына,  оның  жеке 
басының қабілетіне көбірек сәйкес келетін мамандық таңдауына ғылыми 
негізделген көмек беруде болып табылады. [4]
Оқушының бағыттылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіш, зерттеу 
нәтижесі мұғалімге белгілі арнада оқушының танымдылық, еңбек және 
қоғамдық қызметін бағыттауға көмектесетін оның ынтасы болып табы-
лады.
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағыт беру жұмысы үрдісінде 
мектептің маңызы кем емес, міндеттерді шешуіне тура келеді.
Кәсіптік оқудың басты міндеті – жастардың назарын сырттай қарағанда 
онша тартымды болып көрінбейтін жұмысшы мамандықтарына аудару.
Екінші  бір  міндет    жасөспірімдердің    олардың  жалпы  ынта-ықыласы 
мен бейімділігіне қарай мамандықтар шеңберімен таныстыру, бір себеп-
пен оларды еліктіре алған осы мамандықтар жайында объективті түрде 
түсінік  алуына  көмектесу  болып  табылады.Сол  сияқты  кәсіптік  бағыт 
беру  міндеттерін  ойдағыдай  шешу  үшін,  оқушылардың  мамандықтар 
жөніндегі жалпы ұғым-түсініктерін кеңейту керек мұны мектеп курста-
рын орынды пайдаланғанда іске асыруға болады.
Мамандықты  дұрыс  таңдап  алу  бір-ақ  реттік  акт  емес.Бұл  -  өз 
кезеңдері бар ұзақ процесс.Мұндағы кәсіби ынта-ықыластың қалыптасуы 
мендамуы неғұрлым жауапты саты болып табылады.Оқушыларда өзінің 
болашақ мамандығымен  байланыстыратын білімнің, ғылымның. өнердің 
белгілі  бір  саласына  ынта-ықыласы  басым  болуы  мүмкін.Мұндай 
жағдайда оның жеке басының белгілі бір бағыты бар екені байқалады.
Оқушылардың  өздерін  қызықтыратын  мәселелер  жайында  көп  білгісі 
келетіні  белгілі.Бұл  ретте  кәсіптік  оқу-ағартудың  міндеті  –  мамандық 
олардың ойлаған ойына сәйкес келе ме деген сұраққа жауап беру, олардың 
ықыласы болып жүрген саладағы білімін тереңдету, мамандыққа байла-
нысты түсінік ұғымдарының шеңберін кеңейту.
Кәсіптік  оқу-ағарту  жөніндегі  жұмысты  таныстыру  шараларын 
жүргізу ғана деп түсінсек дұрыс болмас еді.Бұл жұмыстың түрі сан алу-
ан және де мамандықтарды өздігінен оқып үйренудің, еңбек қызметінің 
элементтерін,  кәсіптік  оқу,  күш  сынауды  көздейді.  Оқушының  сүйіп 
қалаған  мамандығы  жөніндегі  түсінігі  неғұрлым  жан-жақты  болса, 
таңдауы соғырлым дұрыс жасалдыдеп зор сеніммен айтуға болады.
Кәсіптік оқу-ағарту ісі кәсіптік бағыт берудің көпшілік міндеттерін 
өздігінен шеше алмайды, өйткені  белгілі бір еңбектің түріне жарамдығы 
жөнінде  дұрыс  қорытынды  жасау  үшін  мамандық  жайындағы  тек  бір 
БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ, ПУТИ ИХ РЕШЕНИЯ
ғана  білім  беру  әзірге  жеткіліксіз.Бұл  істе  оқушының  жеке  басының 
ерекшеліктекрі  ұдайы  зерттеу  арқылы  көмектесу  керек.Оқушыларды 
зерттеудің  тағы  бір  маңызы  сол,  бұл  олардың  ынта-ықыласын,  ар-
наулы  қабілеттерін  ғылыми  негізде  басқаруға,  мектепке  бүкіо  тәрбие 
жұмысының мазмұнын және тиімділігінкөтеруге мүмкіндік береді.
Кәсіптік  бағыт  беру  жұмысын  жүргізуде  мамандық  қызметтің 
әлеуметтік  аспектісін  әрдайым  ескеріп  отыру  керек.Мамандық  адам 
қызметінің    мазмұны  мен  сипатын  белгілеп  қана  қоймайды,  сондай-
ақ  ол  тіршілік  ететін  және  жұмыс  істейтін  жағдайлардың  жиынтығын 
да  белгілейді,  кәсіптік  қызметтің  орындалуы  адамның  жеке  басының 
біліміне,  мәдени  өсіп  жетілуіне  қойылатын  талаптардың  белгілі  бір 
жүйесімен байланысты.Сонымен, мамандық қоғамдық құбылыстар кате-
гориясына  жатады, сондықтан оғагн әлеуметтік талаптар  да қойылады.
Біздің  жастарымыздың  материалдық  әл-ауқатының  оның  жалпы 
мәдениетінің, білімінің өсуі – осының бәрі, әлбетте, мамандықты таңдап 
алужа жасөспірімдердің әлеуметтік талап дәрежесін көтереді.
Кәсіптік ағарту және оқушының жеке басын зерттеу ісі мектептегі оқу-
тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесіне кіреді.Тұтас алғанда мектептегі 
кәсіптік оқу ағарту мына тәртіпте болады.
Жан-жақты  өсіп-жетілу, бейімделу, сондай-ақ кәсіби еңбекпен жал-
пы танысу ең алдымен  оқу үрдісі негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіптік  бағыт  беру  жұмысын  ұйымдастырғанда  оқушылардың 
белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін оятудың маңызы зор.
ұйымдастырылатын ынта-ықыласына байланысты әр түрлі клубтар, же-
келеген  мамандықтарды  зерттеу жөніндегі  топтар.
«Кім болам ? » - деген тақырып  бойынша жүргізілетін жұмыстың 
үлкен мүмкіндіктері бар.
Мысалы, жалпы білім пәндерінің сабақтарында мұғалім мыналарды 
байқайды: оқушылар қандай жағдайда көбірек білгісі, қандай жағдайда  
азырақ танып білгісі келеді, оларды көбінесе не қызықтыратынын біледі, 
қандай  тапсырмаларды  орындау  оңайға  түседі,  қандай  тапсырмалар 
қиыншылық келтіреді, мінез-құлықтың қандай жарқын еркшеліктері бо-
лады.
Мамандықты таңдап алу мәселелері жөнінде мұғалімнің оқушылармен 
жеке-жеке әңгімелесуінің өте-мөте маңызы бар.Әңгіме кезінде мұғалім 
оқушының кім болғысы келетінін, өз мақсатына жетуге оның қалай ты-
рысып жүргенін сол тұрғыда ол бірдеңе істеп жүр ме, әлде жоқ па соны 
жақсы біледі.Оқушыладың кәсіптік бағытын білу – мұның өзі, мұғалімге 
олармен жүргізілетін бүкіл тәрбие жұмысының пәрменділігін күшетуге, 
олардың  ынта-ықыласы    мен  бейімділігін  дамытуды  жақсы  басқаруға 
көмек көрсетеді.Сонымен бірге мұғалім оқушының мамандықты таңдап 
алуына белсенбі ықпал жасауға,  оған өзінің  кәсіптік болашағын неғұрлым 
дұрыс белгілеуіне  көмектесуге мүмкіндік алады.

243
242
Сонымен,  оқушыларды    мамандықты  таңдап  алуға  әзірлеу  ісінде 
мектеп  жетекші  роль  атқаруға  тиіс.Бірақ  мемлекеттік    мекемелер  мен 
кәсіпорындардың қатысуынсыз мектеп жалғыз  өзі кәсіптік бағыт беру  
мәселелерін  түгелдей  шеше  алмайды.Атап  айтқанда,  мектеп  нақты 
мамандықтарға кәсіптік жарамдылығы жөніндегі мәселелерді шешуді өз 
міндетіне ала алмайды, өздігінен  ауданның, қаланың кадрлар жөніндегі 
нақты қажетін анықтай ала алмайды, демек нақты мамандықты таңдап 
алу  мәселесі  жөнінде  егжей-тегжейлі  кеңес  бере  алмайды.Мектеп 
кәсіпорындар    үшін  қызметкерлер  таңдап  алуды  да  жүргізе  алмайды, 
оның үстіне кадрлардың кәсіптік адаптациясын қамтамасыз ете алмай-
ды.
Сөйтіп, біз кәсіптік бағытты ғылыми ұйымдастыру ең құрығанда үш 
даму сатысын қамтуға тиіс деп білеміз.Бірінші сатыда жалпы білім беретін 
мектеп болады ; екінші  саты кәсіптік бағыт беру мемлекттік қызметтен, 
жұмысқа  орналастырудан, кәсіптік кеңестен құралады ; Үшінші сатыға 
кәсіпорындардың  және  кәсіптік  оқу  орындарының    қызметі  жатады. 
Қазіргі  уақытта  біздің  елімізде  кәсіптік  бағыт  берудің  мұндай    жүйесі 
әлі  қалыптаса  қойған  жоқ,  ал  оның  жоқтығы  жасөспірімдердің  өндіріс 
саласындағы қызметті саналы түрде таңдап алуына даялау ісінде, мек-
теп бітіретін жастарды еңбек салалары бойыншга жылдам және дұрыс 
бөлуде, оны өдіріске бекіту  ісінде елеулі қиыншылықтар туғызып отыр.
Бұл аса маңызды әлеуметтік міндетті жалпы білім беретін мектептің 
кәсіптік  бағыт  беру  мәселелеріне    мүдделі,  сол    сияқты    жастарды 
жұмысқа  орналастырумен    айналысатын  мемлекеттік    мекемелермен 
тығыз    ынтымақтасқанда    ғана    шешуге    болады.Мектепті  бітіруші 
түлектердің басым көпшілігі өз қызығуларын, қабілеті мен бейімділіктерін 
толық ескермей ЖОО-ға түсетіндіктен, болашақ кәсіби іс-әрекетіне сай 
қалыптаспаған,  оқу  әрекеті  нәтижесіз,  қызмет  етуді  тек  табыс  көзі  са-
найтын жастардың кездесетіні жасырын емес. Осыған орай, өз Отанына 
адал қызмет етуге адамгершілік тұрғыдан дайын, нарықтық әкономика 
сұраныстарына байланысты кәсіби қызығуы, қабілеті мен бейімділіктері 
қалыптасқан кадр даярлау - кезек күттірмес маңызды мәселелердің бірі.
Сонымен,  жоғарыда  айтылғандардың  барлығы  және  олардың 
көкейтестілігі  мен  соншама  маңыздылығы  мектептін  сыр-сипатын 
талдауға және онъң келелі, түбегейлі мәселелеріне назар аударуға мәжбүр 
етеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет