Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер


§62. Байтақ қала – астана



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата16.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4230
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
§62. Байтақ қала – астана
сабақтың мақсаты: оқушылардың Астана  туралы түсініктерін кеңей-
ту.  «Астана»  ұғымын  қалыптастыру  жұмыстарын  жалғастыру.  Сабақтың 
материалы  арқылы  оқушыларды  отаншылдыққа,  елжандылыққа  тәрбие-
леуге  септігін  тигізу.  Түрлі  ақпараттардан  жаңа  білім  ала  білу  біліктерін 
дамытуда жұмысты жалғастыру. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  бейнефильм,  аудио-
фильмнен үзінділер, иллюстрациялық материалдар.
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша өткізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру.
2. Астана – ел ордасы, әсем қала.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  «Астана»  туралы  бейне  және  аудио-
фильмнен үзінді пайдаланудан басталады. 
Содан  кейін  бірнеше  оқушының  «Астана  –  біздің  Отанымыздың 
астанасы»  деген  шығармалары  дауыстап  оқылады,  қалғандарын  мұғалім 
сабақ соңында жинап алып, келесі сабақта бағалайды. 
Оқушылар Астана туралы оқулық мәтінімен танысады. Оқушылар үш 
топқа бөлініп, тақтада жазылған үш кесте-сызбаның біреуін орындайды. 
Бірінші топ оқушыларының тапсырмасы:

125
«Қазақстанның астанасы» атты кесте-сызбаны толтырыңдар. 
Қазақстанның 
астанасы
Екінші топ оқушыларының тапсырмасы:
«Астана қаласын астана ретінде таңдап алудың себептерін атаңдар».
астана
астана
Үшінші топ оқушыларының тапсырмасы:
«Астана  қаласы  құрылысының  жоспарын  жасауға  қандай  шетелдік 
мемлекеттер атсалысты?» Кестені толтырыңдар.
астана – әлем 
қаласы

126
Кестенің әрбір сызықшасын әр топтан оқушылар толтырады (сызықша 
қанша болса, әр топтан сонша бала толтырады. Мысалы, 4 сызықша болса, 4 
оқушы жазады). Басқа балалар қатесі болса түзейді, не сызықшаны қосымша 
жауаппен толтыруы мүмкін.
Мұғалім оқушылар жауаптарын бағалап, қорытынды жасайды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге тапсырма: §62. «Байтақ қала – Астана» әңгімесімен танысу және 
сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындап келу. 
§63. Бүгінгі Қазақстан
сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  қазіргі  Қазақстанның  дамуы,  оның 
дүниежүзіндегі  алатын  орны,  халықаралық  қатынастар  туралы  күрделі 
мәселелерді  түсінікті  тілмен  жеткізу.  Сабақ  материалы  оқушылардың 
бойында  отаншылдық,  елжандылық  сезімдерін  тәрбиелеуге  септігін 
тигізеді.  Тарихи  құбылыстар  мен  оқиғаларды  салыстыра  білу  біліктерін 
дамыту жұмыстарын жалғастыру.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейне және аудиофильм-
нен үзінді, иллюстрациялық материалдар. 
Сабақ жаңа материалды оқып-үйренуден басталады. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Қазіргі Қазақстан Республикасы.
2. Қазақстандағы ұлттар арасындағы келісім мен өзара түсіністік.
Жаңа материалды оқып-үйрену «Тәуелсіз Қазақстан» бейнефильмінен 
үзінді  көрсетуден  басталады.  Бейнефильм    көрсетілмес  бұрын,  оқушылар 
назары тақтада не плакатта жазылған проблемалы тапсырмаға аударылады. 
«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деп аталатын 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына жолдауында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 
50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деген баяндама жасалды. Осы сөйлемді 
қалай  түсінесіңдер?  Осындай  маңызды  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  не 
істеу қажет деп ойлайсыңдар? Сендер не істер едіңдер? «Жаңа әлемдегі жаңа 
Қазақстан» деген  Жолдаудың атын қалай түсінесіңдер?
Бейнефильм  мен  аудиофильмнен  үзінді  көрсетілген  соң,  оқушылар 
мынадай сұраққа жауап дайындайды: 
1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның дамуы туралы не айтасыңдар?  
2. Қазақстанның болашағы қандай болмақ?
3.  Қазақстан-2030  стратегиялық  бағдарламасында  қандай  мәселелер 
қарастырылған? Олар қалай орындалып жатыр деп ойлайсың?

127
4. Қазақстанның өркендеп дамуы үшін жас ұрпақ не істеуі қажет деп 
ойлайсыңдар?  Ойларыңды мысалдармен дәлелдеңдер. 
5. Қазақстан қандай мемлекеттермен байланыс жасап жатқанын атап, 
картадан көрсетіңдер.
Мұғалім  оқушыларды  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.  Ә.  Назарбаевтың  2008  және  2010  жылдардағы  Қазақстан  халқына 
Жолдауларының  мазмұнымен  таныстырып,  олардың  жасына  сай,  көңілге 
қонымды түрде әңгімелеп түсіндіреді.
Оқушылар  кезектесіп  оқулық  мәтінін  оқиды,  ондағы    негізгі  ойды 
тауып, қорытындылайды. 
Мұғалім  тапсырмасы  бойынша  оқушылар  3  топқа  бөлінеді. 
Бірінші  топ  оқушылары  оқулық  мәтіні,  қосымша  ізденістері  негізінде 
«Республикамыздағы  халықтың  өмірі  жақсара  бастағаны  туралы  нақты 
мысалдар келтіріп, кестені толтырыңдар» деген тапсырманы орындайды.
Кесте: «республикамыздағы халықтың өмірі жақсаруда» 
р/с
орташа 
жалақы
зейнет-
ақы
мөлшері 
медицина-
лық көмек
студенттер 
стипен-
диясы
мұғалімдер  
жалақысы 
мәдениет 
саласындағы 
қызметкерлер 
жалақысы 
 
Екінші топ оқушыларының тапсырмасы:
Қазақстан  Республикасы  қандай  қазба  байлықтарға  бай  екенін 
диаграмма не кесте түрінде жазыңдар.
Үшінші топ оқушыларының тапсырмасы:
«Қазақстан халқының бірлігі – біздің басты байлығымыз» тақырыбының 
күрделі жоспарын жасаңдар.
Топтар орындаған жұмыс бойынша оқушылар білімі бағаланады.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге  тапсырма:  §63.  «Бүгінгі  Қазақстан»  әңгімесі  және  төртінші, 
бесінші бөлімдердегі негізгі  мәселелерді қайталап келу тапсырылады. 

128
§64. Қазақстан және дүниежүзі 
сабақтың мақсаты: оқушыларға қазіргі Қазақстанның дүниежүзіндегі 
орны, халықаралық қатынастар туралы күрделі мәселелерді түсінікті тілмен 
жеткізу.  Сабақ  материалы  оқушылардың  бойында  отаншылдық  сезімін, 
басқа халықтармен ынтымақтастық байланыстың қажеттілігін тәрбиелеуге 
септігін  тигізеді.  Тарихи  құбылыстар  мен  оқиғаларды  салыстыра  білу 
біліктерін дамытуда жұмысты жалғастыру.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейне және аудиофильмнен 
үзінді, иллюстрациялық материалдар. 
Сабақ жаңа материалды оқып-үйренуден басталады. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Қазақстан және дүниежүзі.
2. Халықаралық қатынастар. 
Жаңа материалды оқып-үйрену «Тәуелсіз Қазақстан» бейнефильмінен 
үзінді  көрсетуден  басталады.  Бейнефильм  көрсетілмес  бұрын  оқушылар 
назары тақтада не плакатта жазылған проблемалық тапсырмаға аударылады. 
«Қазақстан  қандай  мемлекеттермен  көрші  тұрады?    Осы  мемлекеттер 
туралы не білесіңдер? Қазақстан басқа елдермен ынтымақтастықты неліктен 
жақтайды? Еліміз  ғарышта және спортта басқа елдермен қандай байланыс 
жасайды? 
Бейнефильм  мен  аудиофильмнен  үзінді  келтірілген  соң,  оқушылар 
оқулықтың  мәтінімен  өздігінше  танысып,  мынадай  кестені  толтырады: 
«Тәуелсіз  Қазақстан  шет  мемлекеттермен  қандай  байланыс  орнатқанын 
жазыңдар».
тәуелсіз Қазақстан шет
мемлекеттермен қандай
байланыс орнатты?

129
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге тапсырма: §64. «Қазақстан және дүниежүзі» әңгімесі және төртінші 
бөлімдегі негізгі  мәселелерді қайталап келу.
§65. іV–V бөлімдер бойынша қорытынды қайталау сабағы
сабақтың  мақсаты:  Қазақстанда  Кеңес  өкіметінің  орнауы,  Қазақ 
КСР-інің  құрылуының  маңызы,  20–30-жылдардағы  елдегі  жағдай,  Ұлы 
Отан  соғысының  тарихи  маңызы,  соғыстан  кейінгі  кезеңдегі  жаңалықтар, 
өзгерістер,  ғалымдар,  мәдениет  адамдары,  ғарышкерлер,  Тәуелсіз  Қазақ-
станның  құрылуы,  оның  маңызы,  Қазақстанның  әлемдегі  орны  мен  рөлі 
жайлы оқушылардың білімдерін  жинақтап, қорытындылау. 
Сабақтың  материалы  оқушыларды  отаншылдыққа,  елжандылыққа, 
адамгершілікке тәрбиелеуге септігін тигізуі қажет. Оқушылардың сабақта 
және сабақтан тыс түрлі ақпараттардан жаңа білім ала білу біліктерін дамыту 
жұмыстарын жалғастыру. 
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, электронды оқулық, бейне 
және аудиофильмдерден үзінді, оқулықтағы суреттер мен иллюстрациялық 
материалдар, кесте, диаграмма.
Жинақтап қайталау сұрақтары мен тапсырмалары.
Жинақтап  қайталау  сабағында  тарихи  маңызды  оқиғалардың  өзара 
байланысты үрдісінің тізбегі ретінде  қорытынды жасалуы тиіс. Бағдарлама 
бойынша  қайталауға  1  сағат  бөлінген,  оны  2  сағат  көлемінде  өткізген 
тиімдірек. Өйткені оқушылар еліміздің жүз жылдай шамасындағы тарихын, 
ондағы  негізгі  оқиғаларды,  белгілі  қайраткерлерді,  ғалымдарды,  ақын-
жазушыларды еске түсіреді. Сондықтан бұл сабақтарды маңызды мәселелер-
ді  түйіндеу,  жинақтау  арқылы  оқытудың  жаңа  технологиясын  пайдалана 
отырып  жүргізген  жөн.  Мұнда  әсіресе  оқушылардың  белсенділігін 
арттыратын  түрлі  топтық  және  жеке  өзіндік  жұмыстарды  ұштастыру, 
проблемалық  мәселелерді  шешу,  дәлелдеу,  «Білімпаздарға  арналған» 
материалдардан  қажетті  білімді  алу,  құжаттардағы  негізгі  ойды  табу, 
қорытындылау, өз пікірін еркін білдіру, иллюстрациялық материалдармен 
өздігінше  жұмыс  жүргізу,  кесте,  жоспар,  диаграмма  толтыру  және  т.б. 
қарастыруға мүмкіншілік бар.
Оқушылармен  жылнама  бойынша  сапалы  жұмыс  жүргізген  орынды. 
Сондықтан қайталау сабағында оқушыларға өздігінше оқулықтың мәтінін 
пайдаланып, дәптеріне төмендегідей кесте толтыру тапсырылады.

130
Кесте: хх – XXI ғасырдың басындағы Қазақстан
Жылдар 
хх – ххі ғасырдың басында Қазақстанда болған 
маңызды оқиғалар 
1917 ж. 
7 қазан
...
...
...
Кеңес өкіметінің орнауы
сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазақ КСР-і құрылуының қандай маңызы болды?
2. Қазақ зиялылары Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы 
туралы не білесіңдер? Олар неліктен ел есінде? 
3. Ұлы Отан соғысының қандай аса ірі шайқастарын білесіңдер?
4. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі туралы әңгіме-
леп беріңдер.
5. Байқоңыр туралы не білесіңдер?
6.  Ғарышкерлер  Т.  Әубәкіров  пен  Т.  Мұсабаев  өмірінен  қандай  үлгі 
алуға болады?
7.  Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасы  құрылуының  маңызы  туралы 
әңгімелеп беріңдер. 
8. «Конституция – елдің негізгі Заңы» дегенді қалай түсінесіңдер?
9.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздері  және  олардың 
авторлары.
10. «Байтақ қала –  Астана»  әңгімесінің күрделі жоспарын жасаңдар. 
Оқушылар  тілек  білдірсе,  Астана  қаласының  суретін  салуларына  болады. 
«Астана – әсем қала» деген тақырыпта конкурс өткізіледі.
11. Қазақстанның дүниежүзіндегі рөлі мен орнына баға беріңдер.
12. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2006 
жылғы  Қазақстан халқына Жолдауында қандай мәселелер қарастырылды? 
13. Болашақ Қазақстан мемлекетінің алдында қандай міндеттер тұр? 
14. Жас дос! Қазақстанның болашағына сендер жауаптысыңдар. Оның 
көркейіп, дамуы үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? 
Оқушыларға бейнефильм мен аудиофильмнен үзінді, иллюстрациялық 
материалдар  көрсетіп,  оқулықтағы  сұрақтар  мен  тапсырмаларға  жауап 
беріледі.
Үйге  тапсырма:  «ХХ    ғасырдағы  Қазақстан»  бөлімін  қайталау, 
оқулықтағы тапсырмаларға дайындалып келу.

131
§66. туған өлке тарихы
сабақтың  мақсаты:  оқушыларда  туған  өлке  туралы  түсінік  қалып-
тастыру бағытында жұмысты жинақтау. Туған өлкенің Отан тарихындағы 
орны: ХVІІ – ХХІ ғасырдың басындағы туған өлкеде болған аса маңызды 
оқиғалар, тарихи  қайраткерлер туралы ұғымдарын жинақтау. Оқушылардың 
туған  өлкеге,  оның  адамдарына  деген  сүйіспеншілік  пен  құрметтеушілік 
сезімін тәрбиелеуге көмектесу. Оқушылардың өлкедегі адамдардың тұрмыс-
тіршілігін,  салт-дәстүрін,  әдет-ғұрыптарын,  тарихи-мәдени  ескерткіштері 
тарихын білу, сипаттап беру біліктерін дамыту. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  Қазақстанның  физикалық 
картасы,  өлкенің  картасы,  жоспары,  оқулықтағы  суреттер,  оқушылар 
дайындаған «Ертедегі біздің өлке» тақырыбындағы альбом-сурет, қабырға 
газеті, өлке туралы бейнефильм.
Бағдарлама бойынша «Туған өлке» сабағын 2 сағатта өткізу көрсетілген. 
Сондықтан  да  өлке  материалын  өткенде  қайталауға  арналған  сұрақ-
тапсырмаларды үйлесімді ұштастыруға болады.
Бұл сабақты төмендегідей жоспар бойынша өткізу керек:
1. Біздің өлке қазіргі Қазақстан картасында.
2. Е. Бекмаханов – шоқтығы биік ғалам
3. Біздің өлкені мекендеген халықтар.
4. Біздің өлкедегі тарихи-мәдени ескерткіштер – ата-бабаларымыздың 
мұрасы, халқымыздың мақтанышы.
Бастауыш  сыныпта  оқушылар  «Дүниетану»  сабағынан  «Туған  қалам 
(ауылым)» тақырыбынан туған өлкесі әрбір адам үшін қымбат, оны қоршаған 
аула, үйлер, жүретін көшелер, адамзат жасаған керемет жаңалықтар әрбір 
тұрғын үшін пайдалы да маңызды екенін түсінеді. Оқушы өзі туып-өскен 
қаланың  (ауылдың)  өзіндік  қайталанбас  белгілерін:  тауларын,  өзендерін, 
көлдерін,  шөлейт  далаларын,  аңызақ  желді  табиғатын,  керемет  үйлерін, 
ескерткіштерін  танып  біледі.  Осы  өлкенің  батыр,  ержүрек  адамдарымен, 
ғалымдарымен  танысады.  Өзінің  осы  өлкеден  шыққанына  қуанып, 
мақтаныш тұтады. Сөйтіп, осы жұмыстың нәтижесінде оларда ата-бабалары 
қалдырған тарихи-мәдени ескерткіштерді аялап, қорғау сезімдері оянуына 
көмектесеміз. 
Әрбір өлкенің, жердің, таудың, көлдің тарихы, атауы, олардың берілу 
сыры  бар.  Олай  болса,  өлкеміз  туралы,  оның  құпиясы  мен  сыры  туралы 
білуіміздің маңызы ерекше. 
Өзіміз туып-өскен өлкенің аты, тарихы туралы не білесіңдер? Бұл жайлы 
не мұғалім, не оқушылар өздігінше дайындаған хабарлама тыңдалады. 

132
Жер тарихы ел тарихымен, оның құдіретті ана тілімен етене байланыс-
ты. Осы туып-өскен ұлан-байтақ жерімізді қастерлеп, аялай білейік.
5-сыныптан  бастап  оқушылар  өлкетану  материалдарын  оқып  танысу 
барысында  өлке,  Отан  тарихында  және  дүниежүзілік  тарихта  белгілі 
құндылық және оның жалпы тарихи үрдістегі орнын анықтайтынын түсінуі 
тиіс. «мен – менің өлкем – менің отаным – менің әлемім» деген идеяны 
қалыптастыруда жұмыс жүргізу қажет.
Сабақты бекіту барысында оқушылар «Туған өлке», «Отан» «Қазақ стан –  
менің Отаным» ұғымдарының анықтамасын дәптеріне жазып алады.
Үйге  тапсырма:  §66.  «Туған  өлке  тарихы»  әңгімесімен  танысу  және 
сұрақ-тапсырмаға жауап дайындап келу.
§67. өлкеміздің тарихи ескерткіштері
сабақтың  мақсаты:  оқушыларда  «туған  өлке»  туралы  түсінік 
қалыптастыру  бағытында  жұмысты  жинақтау.  Туған  өлкенің  Отан 
тарихындағы  орны:  ХVІІ–ХХІ  ғасырдың  басындағы  туған  өлкеде  болған 
аса маңызды оқиғалар, тарихи  қайраткерлер туралы ұғымдарын жинақтау. 
Оқушылардың  туған  өлкеге,  оның  адамдарына  деген  сүйіспеншілік  пен 
құрметтеушілік  сезімін  тәрбиелеуге  көмектесу.  Оқушылардың  өлкедегі 
адамдардың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихи-мәдени 
ескерткіштер тарихын білу, сипаттап беру біліктерін дамыту. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  «Қазақстанның  физикалық 
картасы»,  өлкенің  картасы,    оқулықтағы  суреттер,  оқушылар  дайындаған 
«Біздің өлке» тақырыбындағы суретті альбом, қабырға газеті, өлке туралы 
бейнефильм.
Өлке  материалын  өткенде  қайталауға  арналған  сұрақ-тапсырмаларды 
мұғалім әңгімесімен үйлесімді ұштастыруға болады.
Әрине,  әрбір  ауылда  өлке  тарихына  арналған  музей  табыла  бермес, 
сондықтан  мұғалім  сабақта  аудан,  тіпті  облыс  көлеміндегі  материалды 
кеңінен пайдалануға мүмкіншілігі бар.
Қазақстанның және өлкенің картасына оқушылар назары аударылады.
Әңгімелесуге арналған сұрақтар:
1. Картадан өзің туып-өскен өлке, қала, аудан, облысты тап.
2.  Өлкедегі  табиғат  байлықтарын,  өзен-сулардың,  таулардың  аттарын 
атап, картадан көрсет. 
3. Өлкеде қандай тарихи ескерткіштер бар, олар жайлы не білесің?
4. Өлкедегі белгілі, елімізге, халқымызға әйгілі адамдар туралы не айта 
аласың?
5. «Туған өлке», «Отан» деген ұғымдарға анықтама бер.

133
6. Республикамыздың аумағын, астананы және біздің өлкені картадан 
көрсет.
Оқушылар  «Біздің  өлке»  жайлы  карта-схемамен  жұмыс  істейді, 
картадан аталған географиялық объектілерді көрсетеді, оқулық не анықтама 
бойынша ұғымдарға анықтама береді.
Оқушылар ертедегі туған өлке тарихымен таныса отырып, Қазақстан-     
ға белгілі археологтар, жаңадан ашылған қазба жұмыстарының нәтижесі жә-
не келешекте  өздері ашатын құпиясы мол жұмыстар туралы әңгімелеседі.
«Міне, сендер тұрған жердің бізге белгісіз көптеген сырлары, құпиялары 
бар. Оның сырын ашу сендердің жұмыстарың.  
Археологиялық  қазба  жұмыстары  ерекше  білімділікті  және  өнерлі 
болуды  талап  етеді.  Қазақстан  тарихы  сабағынан  елімізде  жүргізілген 
көптеген  қазба  жұмыстары,  атақты  ғалымдар,  зерттеушілер  туралы  оқып 
таныстыңдар».  
Осы  өлкеде  туып-өскен  ғалым,  не  жазушы,  не  композитор  туралы 
баяндама жасалады. 
Оқушыларды  еліміздің  ғылымы  мен  өнерін  дамытуға  үлес  қосқан 
көрнекті қайраткерлердің, атақты ғалымдардың өмірі мен қызметі, өнегелі 
істерімен таныстыру олардың білімге деген ынтасын арттырып, қиындықты 
жеңуге, қажырлылыққа тәрбиелеуге септігін тигізеді. Содан кейін оқушылар 
өздігінше кесте толтырады.
Кесте:  «Біздің өлкені мекендеген халықтар»  
халықтар
Шаруашылығы 
мәдениеті
(археологиялық ескерткіштер)
Тақтаға үш оқушы шығып, үш бағананы толтырады, оқушылар кесте-  
ні ауызша талдайды.
Оқушылар  алдын  ала  әзірлеген  «Біздің  өлкенің  белгілі  адамдары – 
халқымыздың мақтанышы», «Өлкедегі тарихи ескерткіштер құпиясы», т.б. 
хабарламаны  пайдалануға  болады.  Хабарлама  жасау  үшін  мектеп  музей-
індегі және аудандық, облыстық газеттердегі баспасөз материалдары кеңінен 
пайдаланылады.  Оқушылар  мұғалімнің  басшылығымен  хабарламаға 
байланысты  дайындаған  альбом-сурет  не  қабырға  газетін  иллюстрация 
ретінде қолданады.

134
Сабақты  бекіту  барысында  оқушылар  «туған  өлке»,  «Отан»,  «Қазақ-
стан   –  менің  Отаным»  ұғымдарының  анықтамасын  дәптерлеріне  жазып 
алады.
Үйге  тапсырма:  §67.  «Өлкеміздің  тарихи  ескерткіштері»  тақырыбын 
оқулық тапсырмалары бойынша қайталау.
§68. «Қазақстан тарихынан әңгімелер» курсын қайталау 
сабақтың мақсаты: Өткен 67 сабақтың материалынан ең негізгілерін 
іріктеп  алып  қайталап,  жүйелеу.  Оқушылардың    тарих,  тарихи  уақыт, 
тарихи карта туралы түсініктерін одан әрі кеңейте түсу. «Қазақстан – менің 
Отаным»  идеясын  қалыптастыру  жұмысын  жинақтау.  Оқушылардың  өз 
халқының тарихына деген қызығушылығын дамыту, қазақ халқының және 
республикада  тұратын  басқа  халықтардың  тарихын,  тілі  мен  мәдениетін 
құрметтеуге  тәрбиелеу.  Тарихи  материалды  салыстыру,  оқиғалар  мен 
құбылыстардың ортақ белгілерін анықтау, өз пікірін еркін білдіру біліктерін 
қалыптастыруда жұмыс жүргізу. 
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, электронды оқулық, ау дио 
және  бейнефильм,  иллюстрациялық  материалдар,  карточкалар,  кадаскоп, 
т.б.
Қайталау  сабағында  жұмыс  істеудің  негізі  оқулықтағы  сұрақтар  мен 
тапсырмалар және оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған 
проблемалық тапсырмалар, құжатпен жұмыс, кроссворд, викторина шешу, 
т.б. пайдалануға болады. 
Мұғалім  оқушылар  назарын  оқулықтағы  қайталауға  арналған  негізгі 
түйінді  мәселелерге  аударады.  Сонда  берілген  сұрақтар  мен  тапсырмалар 
бойынша жұмыс жүргізіледі.
Содан кейін осы тақырыптарды оқу барысында кездескен жаңа сөздермен 
және  терминдермен жұмыс жүргізіледі.
Оқулықтағы «Мен білемін...» атты мәтін негізіндегі маңызды мәселелерді 
жинақтап қорытындылауға баса назар аударған жөн.

135
паЙдаланылҒан ӘдеБиеттер тізімі
1. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагоги-
ка, 1989. 192 с.
2. Блум Б. Технология в обучении или технология обучения //Серия 31.      
Знание, 1986, № 12. С. 7-86.
3.    Жадрина  М.Ж.  Жалпы  білім  берудегі  жаңа  үрдістер  //  Открытая 
школа, 2004, №5. 6-9 бб.
4. Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы 
(М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбекұлы). Астана, 2001.
5.  Қазақстан  Ұлттық  энциклопедиясы.  Алматы,  Энциклопедия,  1999-
2006. 1-12 томдар.
6. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-3 т. 
Алматы: Атамұра, 1996-2002.
7.  Қазақтар.  Көпшілікке  арналған  тоғыз  томдық  анықтамалық.  – 
Алматы: ҚДИ. Тарихи тұлғалар, 1998.
8. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы, 1995; Мағауин. М. 
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХV–ХVШ ғғ.). – Алматы, 1992. 
9. Абылай хан. Тарихи-антропологиялық зерттеу. – Алматы: Атамұра, 
1992.
10. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. – Алматы, 1998.
11. Сырымның шешендік сөздері. – Алматы: Ана тілі, 1992; Негимов С. 
Шешендік өнер. – Алматы: Ана тілі, 1997.
12. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы: КСЭ, 1975.
13.  Қазақ  тарихынан.  Шежірелер,  жазбалар,  пікірлер,  зерттеулер.  – 
Алматы: Жалын баспасы, 2004. 
14. Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы XIX века. – Алматы, 1992.
15. Казахско-русские отношения в XVIII–XIX веках. – Алматы, 1964.
16. Қасымбаев Ж. Кенесары хан: саясатшы және қолбасшы. – Алматы: 
Қазақстан, 1993.
17.  Касымбаев  Ж.К.  Государственные  деятели  Казахстана  в  XIX  вв.– 
Алматы, 1998.
18. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалар. – Алматы, 1980.
19. Абай. Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 1995.
20. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. I- ІІ т. – Алматы, 1976.
21. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы, 1997.
22. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. – Алматы, 1995.
23. Сыздықов Ш. Мәншүктің өшпес ерлігі. – Алматы: Қазақстан, 1985.

136
пайдалануға арналған электронды оқулықтар тізімі:
1. Қазақстан тарихы. Жинақтап қорытындылау курсы (орысша-қазақша). 
Қойгелдиев М., Әбсеметова Ж.А., Мажитов С. Ф. – Алматы, 1998.
2. Қазақстан тарихы (орысша-қазақша). Ким Л. А. – Алматы, 2000.
3. Қазақстан тарихы (орысша-қазақша). Мажитов С. Ф. – Алматы, 2000.
4.  Тарих  пәні  бойынша  мультимедиалық  оқу.  (Қазақстан  тарихы.  1–4 
бөлім). – Алматы, 2002, 2004.
5. Сарайшық. Мультимедиалық оқыту бағдарламасы. Кеңейтілген курс. 
Малқайдарова Г. және т.б. – Алматы, 2003.
6. Бөкей хандығы. Мультимедиалық оқыту бағдарламасы. Кеңейтілген 
курс. Мақатаев Г. – Алматы, 2003.

137
мазмұны
5-сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» 
курсын оқытудың өзекті мәселелері .......................................................................3
і бөлім. тарих әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет