Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата16.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
§ 21. ертедегі  түріктер
сабақтың  мақсаты:  Түрік  қағанаты,  түрік  халқының  кәсібі  мен 
тұрмысы  туралы  мәселелерді  ашып  көрсету.  Түрік  тайпаларының  өмірі 
мен  тұрмысын,  қағанаттың  өміріндегі  маңызды  оқиғаларды  айқын, 
бейнелі  материал  арқылы  әңгімелеу.  Халықтың  тәуелсіздік  жолындағы 
күресінің ерлік беттерін  ашып көрсету. Оқушыларды елжандылыққа, еңбек 
адамдарына деген құрметтеушілік сезімін тәрбиелеуге көмектесу. 
Тарихи  оқиғаларды  салыстыра  білу  біліктерін  одан  әрі  дамытуға 
септігін тигізу. 
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, карточкалар, кесте.
оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы сұрақ-тапсырма-
лар және мұғалімнің қосымша сұрақтары негізінде жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. «Түрік» атауы. 
2. Түрік қағанаты. 
3. Түрік қағанатының ішкі-сыртқы жағдайы.
4. Түрік қағанатының ыдырауы.
5. Түрік қағанаты халқының кәсібі мен тұрмысы.
Жаңа материалды оқып-үйрену мұғалімнің «түрік» атауының шығуы 
туралы  аңызды,  Түрік  қағанатының  құрылуы,  оның  әскери  жорықтары 
туралы  түсіндірмелі  әңгімесінен  басталады.  Бұл  әңгіме  картамен  жұмыс 
жасауға ұштастырылады. Картадан Түрік қағанатының аумағы көрсетіледі.
Оқушыларға жаңа ұғымдар: қаған, қағанат сөздерінің мәні түсіндіріліп, 
оның мағынасы ашып көрсетіледі. Оқушылар жаңа ұғымдарды дәптерлеріне 
жазып алады.

48
Оқушылар Түрік қағанаты туралы маңызды мәтінмен өздігінше оқып 
танысады. Оқушыларға тапсырманы қалай орындау керектігі туралы нұсқау 
беріледі.
Бірінші топ «Түрік қағанатының ыдырауы» туралы оқулық мәтінімен 
танысып, төмендегідей тапсырмаларды орындайды. 
Түрік  қағанатының  аумағын  картадан  табыңдар.  Түрік  қағанаты 
қандай мемлекеттермен көрші тұрды? Қай мемлекеттермен қарым-қатынас 
жасады? Сол кезде Түрік қағанатының беделі неліктен жоғары болды деп 
ойлайсыңдар?  Бұл  мемлекет  неліктен  ыдырап  кетті?  Оның  қандай  басты 
себептері  болды?  Оқушылар  теориялық  материалмен  танысқаннан  кейін, 
оларға тапсырма беріледі.
Екінші топ оқушыларына «Түрік қағанаты халқының кәсібі, тұрмысы» 
туралы  оқулық  мәтінімен  танысып,  осы  тақырыпшаның  жоспарын  жасау 
тапсырылады. 
Үшінші топ оқушылары оқулықтағы «Білімпаздар үшін» деп аталатын 
мәтінмен  танысып,  оны  талдайды.  Сабақты  бекіту  мақсатында  мұғалім 
оқушылар назарын тақтаға аударады. Тақтада не қағазға мынадай тапсырма 
орындау тапсырылады.
Түрік қағанатына мына жоспар бойынша сипаттама беріңдер:
1. Аумағы.
2. Қоғамдық құрылысы.
3. Ішкі саясаты.
4. Сыртқы саясаты.
5. Түрік қағанатының ыдырау себебі.
6. Қорытынды.
Сабаққа қатысу, көп жылғы тәжірибе нәтижесі оқушылардың бірқатары 
тақырыптың күрделі жоспары тұрмақ, жай жоспарын да жасай алмайтынын 
және  жоспар  жасауға  қойылатын  талаптарды  ескермейтінін  байқатады. 
Сондықтан мұғалім алдымен оқушыларды жай, содан кейін күрделі жоспар 
жасауға,  кесте,  сызба,  диаграмма  дайындауға,  тарихи  қайраткерлерге 
сипаттама беруге үйретеді.
Оқушылар жоспар жасауда қателіктер жіберуін болдырмау үшін оған 
қойылатын талаптар тақтаға жазылып, жан-жақты түсіндіріледі. 
Содан  кейін  барлық  оқушылар  жұмыс  дәптерімен  жұмыс  жүргізеді, 
«Күрделі  жоспар  жасауды  үйрен»  деген  жазуы  бар  ватман  қағаз  тақтаға 
ілінеді,  бейнефильм не кадаскоп арқылы көрсетіледі. 
Қымбатты балалар! Жоспар жасарда мыналарды есте сақтаңдар:
Әңгіменің ең басты, ең негізгі мазмұны түгелдей қамтылып, жоспарда 
қарастырылуы тиіс.
Тақырып атауларында бір ой қайта-қайта қайталанбауы қажет.
Мәтінді мұқият оқы, ол туралы ойлан, оны аяқталған бөлімдерге бөл.

49
Жетекші ой бойынша әрбір бөлімге тақырыпша атын қой. Бұлар негізгі 
пункттер. Олардың реттілігін рим санымен көрсет.
Әрбір  бөлімнің  негізгі  ойын  анықтайтын  бірнеше  тұжырымдарды 
көрсет. Оның әрбіреуіне тақырып атын қой, оларды араб санымен белгіле.     
Өзің  жасаған  жұмысыңның  дұрыстығын  тексер.  Жоспар  жасауға 
қойылатын талапты естен шығарма.
Оқушылар  жаднама  талаптары  бойынша  тақырыпшаның  күрделі 
(толық) жоспарын жасайды. Жұмыс сабақта талданып тексеріледі, түзетулер 
енгізіледі, баға қойылады.
Үйге  тапсырма:  §21.  «Ертедегі  түріктер»  тақырыбын  оқып  танысу, 
сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындап келу.
   
§ 22. көне түркі жазуы
сабақтың мақсаты: ертедегі түркі жазуы қалай пайда болғаны, қандай 
ескерткіштер сақталғаны, «Күлтегін», «Білге», «Тоныкөк» ескерткіштерімен 
таныстыру. Ертедегі түркі тайпаларының ерлік күрестерін нақты мысалдар 
арқылы  суреттеу.  Оқушыларды  елжандылыққа  тәрбиелеуге  септігін 
тигізу. Оқушылардың тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстыра білу 
дағдыларын дамыту.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулық, 
бейнефильмнен үзінді, иллюстрациялық материалдар.
оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықтағы  сұрақтар  мен 
тапсырмалар бойынша жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Көне түрік жазуы.
2. Күлтегін.
3. Тоныкөк.
4. Білге.
Оқушыларға ойланып жауап беру үшін тапсырма беріледі. Тақтада не 
плакатта жазылған мынадай сөйлемдерге оқушылар назары аударылады.
Жазу дегеніміз не? Ол не үшін қажет? Ертеде адамдар қалай және неге 
жазған? Оларда не туралы баяндалған? 
Оқушылар  жауаптары  талданып  толықтырылған  соң,  мұғалім  көне 
түркі «руна» жазуының пайда болуы мен Білге, Күлтегін, Тоныкөк сияқты 
қолбасшылардың өмірі мен қызметі жайлы әсерлі әңгімелейді.
Қосымша материал:
«тоныкөк (шамамен 646–731) – Түрік қағанатының көрнекті мемлекет 
және қоғам қайраткері, бас қолбасшы, ойшыл, ақын. 683 жылы Шығыс Түрік 
қағанатының бірінші қағаны Құтлықпен бірге Тоныкөк Түрік қағандығын 

50
құру  үшін  қытайларға  қарсы  жорықтарға  қатысқан.  Құтлық  сыртқы 
жауларға қарсы 47 жорық жасап, 20 шайқасты өзі басқарып жеңіске жеткен. 
Құтлық – өз аты, ал «Елтеріс Білге қаған», яғни «Елінің басын қосқан білгір 
данышпан» деген аса жоғары лауазымы. Тоныкөк осы Құтлықтың серігі, бас 
қолбасшы болған. Ол өлген соң орнында қалған Құтлықтың ұлдары Білге 
және Күлтегінмен бірге Тоныкөк түркештер тайпасы мен қытайларға қарсы 
жорықтарға қатысып, оларға ақыл-кеңес беріп отырған. Тоныкөк түркілердің 
жауынгерлік даңқын әлемге танытқан батыр қолбасшы. Ол түркі әскеріндегі 
ең жоғарғы мәртебе – Апа Тархан, яғни «түрік әскерінің саяси жетекшісі» 
деген лауазымға ие болған.
Кемеңгер  ойшыл  Тоныкөк  көрші  елдермен,  тайпалармен,  түркеш 
және  қытайлармен  достық  қарым-қатынаста  болу  керек  деп  санаған.  Ол 
қытайлармен  келіссөздер  жүргізіп,  өзінің  ақылгөй  даналығын  көрсете 
білген. 
Олардың  қабірі  басына  орнатылған  тастарда  түркі  елінің  қуанышын, 
ерлігі мен елдігі жолындағы ерлердің еңбегін қашап жазып, мәңгілік мұра 
етіп қалдырған.   
күлтегін  (684–731)  –  әскери  қайраткер,  бас  қолбасшы,  атақты  батыр.   
Шығыс Түрік қағанатының бірінші қағаны Құтлық қағанның кіші баласы.  
Түрік қағанатының атақты билеушісі Білге қаған Күлтегіннің ағасы, оның 
басына қойылған ескерткіш тасқа мынадай сөздер ойып жазған: «Әкем қаған 
өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды... Он жаста інім Күлтегін ер атанды. 
Он алты жасында ағам қағанның ел-жұртын соншама меңгерді. Алты баулы 
Соғдаққа қарсы соғысып, талқандадық. Табғаш Оң тұтықтың елу мың әскері 
келді...  Күлтегін  жауға  жаяу  ұмтылды.  Оң  тұтық  басшыларын  жарақты 
нөкерлерімен қолға түсірді...»
Түркі  еліне  қарсы  шыққан  шапқыншылармен  Күлтегін  ерлікпен  кү-
ресіп,  оның  атын  естіген  жау  қорқатын  дәрежеге  жетті.  Күлтегін  түрік 
мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы болды.
Ел  билеген  Қапаған  қаған  кезінде  дана  Тоныкөк  пен  ағасы  Білге  ел 
басқарудан аластатылып, ағайынды тайпалар арасында алауыздық күшейіп 
тұрғанын көрген Күлтегін батыр: «Біз не үшін күрестік? Мемлекетіміздің 
құрып бара жатқанын көру үшін бе?» – деп қағанның жүргізіп отырған теріс 
саясатына қиналады.
Қапаған қаған өзі бастаған дау мен қақтығыстардан қайтыс болғаннан 
кейін мұрагерлер таққа талас бастап, түркі тайпалары ыдырай бастайды.
Күлтегін  елдің  бірлігін  ойлап,  өзінің  сенімді  жасақтары  мен  батыр-
ларының көмегімен Қапаған қағанның мұрагерлерін жойып жібереді.
Ол  716  жылы  Қапаған  қайтыс  болған  соң,  бүкіл  түрік  мемлекетінің 
әскерін басқарған.

51
Елдің  сый-құрметіне  бөленген  Күлтегін  –  әскербасы,  Білге  –  қаған, 
Тоныкөк – кеңесшісі болып тұрған 15 жыл қағанаттың ең гүлденген, мерейі 
тасыған кезеңі болған.
Күлтегін,  Білге,  Тоныкөк  тізе  қосып  бірлесіп,  іргесі  мықты  түркі 
мемлекетін  күшейту  мақсатында  көптеген  жорықтарға  қатысып,  жеңіске 
жетіп  отырған.  Осы  шайқастарда  Күлтегін  өзін  тамаша  қолбасшы,  батыр 
ретінде көрсете білді.
 «Күлтегін» жырының авторы сол кезде өмір сүрген атақты ақын Иол-
лығ  Тегін  болатын.  «Күлтегін»  жыры  біздің  бабаларымыздың  жауынгер-       
лік даңқын, елдің бірлігін паш еткен тамаша шығарма.
731 жылы Күлтегін 47 жасында қайтыс болғанда Түрік қағандығы орны 
толмас  қайғыға  ұшырады.  Күлтегін  батырмен  қоштасуға  қытай,  табғаш, 
түркеш, қырғыз және басқа мемлекеттердің әміршілері келді. 
Күлтегінге – екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, 
әйгілі батыр, әскери өнердің шебері –  түркі халқының  бірлігін сақтау, оны 
нығайту  үшін  қол  бастаған  қаhарман  әскербасына  бүгінгі  ұрпақ  тағзым 
етеді.
Білге қаған (681–734) – Шығыс Түрік қағанатының қағаны.
Білге  –  әйгілі  түрік  батыры  Күлтегіннің  ағасы.  Түрік  қағанатын 
күшті  мемлекетке  айналдырып,  елінде  бейбіт  өмір  орнату  үшін  Білге 
Күлтегінді әскербасы, ақылгөй батыр Тоныкөкті мемлекеттік кеңесші етіп 
тағайындады. 
716 жылы Қапаған тайпалар арасында болған соғыстан қайтыс болған 
соң, Білге Шығыс Түрік қағанатының қағаны болды. Ол сол кездегі жоғарғы 
дәреже – «Білге қаған» мәртебесіне ие болды.
Түрік  қағанатының  күшейгенін  қаламаған  Қытай  Білгенің  бейбіт 
келіссөз жөніндегі ұсынысын қабылдамайды. 714 жылы тибеттіктер Қытай-
ға қарсы шабуыл жасағандықтан,  Қытай Түрік еліне соғыс аша алмайды. 
Білге қаған Тоныкөк, Күлтегінмен бірлесе отырып, сыртқы шапқыншыларға 
қарсы шабуылдар ұйымдастырып,  жеңіске жетеді.
Сөйтіп,  түрік  әскері  мықты  күш  болып,  Шығыс  Түрік  қағанатының 
аумағы  кеңейіп, іргесі берік те қуатты мемлекетке айналады. 
Ақылды да қайратты Білге, Күлтегін, Тоныкөк түрік еліне бейбіт өмір 
орнатуға ұмтылды. Білге қаған тұсында 20 жыл шамасында Қытаймен екі ел 
арасында бейбіт өмір қалпына келтірілді.
Білге,  Құтлық,  Күлтегін,  Тоныкөк  қағандар  және  басқа  батырлар  мен 
даналардың елдің бірлігі, оны қорғау жолындағы ерлік істері – Білге қаған 
ескерткіштерінде жазылған. 
Оқушылар  үш  топқа  бөлініп,  оқулық  мәтінімен  таныса  отырып, 
оқулықта  берілген  кестені  әрқайсысы  өздігінше  толтырады.  Содан  кейін 

52
«тарихи  қайраткерлермен  әңгімелесу»  деген  тақырыпта  рөлдік  ойын 
өткізіледі.  Мұғалім  қысқа  және  түсінікті  тілмен  оқушылардың  назарын 
қатысушылардың актерлік шеберлігінен гөрі сахнада не болып жатқанына 
аудартқан жөн. Тарихи қайраткерлер: Күлтегін, Тоныкөк, Білге. Үш топтан 
өз қалауы бойынша үш бала шығады. Әрқайсысы осы тарихи қайраткерлер-    
дің атынан сөйлейді. Өз әңгімелерінде қандай тарихи оқиғаларға қатысқа-
нын,  қандай  мәселелерді  шешуде  куәгер  болғанын  айтып,  қайраткердің 
өмірі  мен  қызметіне  сипаттама  береді.  Ойынға  араласпаған  оқушылар 
бақылаушы болып, рөлдік ойынға қатысушыларға нұсқау береді. Мұғалім 
тапсырманы оқушыларға дауыстап оқып, түсіндіреді. Дайындалуға 5 минут 
уақыт беріледі. 
Күлтегінге сұрақ:
1. Күлтегін қалай Түрік қағанатының бас әскери қолбасшысы болды? 
2. Ол мемлекетті нығайту үшін қандай әрекеттер жасады?
3. Күлтегін ескерткішінде не туралы жырланған? 
Тоныкөкке сұрақ:
1. Тоныкөк жас кезінде қайда білім-тәрбие алды?
2. Тоныкөкті халық неліктен ақылгөй, дана деп есептеген?
3. Ол қандай істерімен тарихта қалды?
Білге қағанға сұрақ:
1. Білге қағанды елі неліктен жақсы көріп, сыйлады?
2. Ол бар күш-жігерін қандай мақсатқа жету үшін жұмсады?
3. Білге қаған жазбалары қай жерден табылды?
Рөлдік  ойыннан  кейін  талқылау  өткізіледі.  Оқушылар  мынадай  тап-
сырмаға  жауап  дайындайды:  Күлтегін,  Білге,  Тоныкөк  ескерткішіндегі 
жазулар кімге арналған? Осы ескерткіштерді сақтаудың қажеті не? Ертедегі 
түркі жазуының қазіргі жас ұрпақ үшін маңызы қандай?
Содан кейін оқушылар «Білімпаздар үшін» мәтінін оқып танысады.  
Сабақты пысықтау барысында жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §22. «Көне түркі жазуы» тақырыбын оқып танысу және 
оған берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу. 
§ 23. ұлы Жібек жолы
сабақтың  мақсаты:  «Ұлы  Жібек  жолы»  дегеніміз  қандай  жол,  оның 
маңызы қандай болған, осы жол арқылы қандай мемлекеттер арасында сауда, 
мәдени  байланыстар  жасалғаны  туралы  бейнелі  түсінік  қалыптастыру. 
Оқушылардың  тарихи  оқиғалар  мен  құбылыстарды  салыстыра  білу 
біліктерін қалыптастыруға көмектесу. Еңбек адамына деген құрметтеушілік 
сезімін тәрбиелеуге септігін тигізу.

53
Пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, электронды оқулық, бейне-
фильмнен үзінді пайдалану, оқулықтағы иллюстрациялық материалдар.
оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы сұрақ-тапсырмалар 
бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Сауда жолдарының пайда болуы. 
2. «Ұлы Жібек жолы» – сауда,  керуен, елшілік жолы.
3. «Ұлы Жібек жолының» Қазақстан арқылы өтетін бағыттары.
4. Түркістан базарына саяхат.
Жаңа материалды оқып-үйрену мұғалімнің сауда  жолдарының пайда 
болуы туралы әсерлі әңгімесі мен оқушылардың карта бойынша жұмысымен 
ұштастырылады. Электронды оқулық не бейнефильмнен үзінді келтіріледі.
Оқушылар төрт топқа бөлініп,  оқулықпен өздігінше  жұмыс жасайды. 
Бірінші топ оқушылары «Ұлы Жібек жолы» – сауда, керуен, елшілік жолы» 
деген мәтінмен танысып, карта бойынша жұмыс жүргізеді. Бірінші топтың 
оқушылары  оқулық  мәтініндегі  сұрақ-тапсырмаларға  негіздеп  әңгіме 
құрастырады.
Екінші топ оқушылары «Ұлы Жібек жолының Қазақстан арқылы өтетін 
бағыттары»  атты  тақырыпшамен  танысып,  картамен  жұмыс  жүргізеді. 
Оқулықтағы  кестелер  пайдаланылады.  Осы  тақырыпшаның  күрделі 
жоспары  жасалады.  Өткен  сабақтарда  пайдаланылған  жаднама  тақтаға  
ілініп, оқушылар соның негізінде тақырыпшаның жоспарын дайындайды.
Оқушылар жоспары төмендегідей болуы мүмкін.
«Ұлы  Жібек  жолының  Қазақстан  арқылы  өтетін  бағыттары»  тақы-
рыпшасының жоспары:
1. «Ұлы Жібек жолының» Қазақстан арқылы өтетін тармақтары. 
2. «Ұлы Жібек жолының» елшілік, сауда қызметі. 
3. «Ұлы Жібек жолы» арқылы Қазақстанға әкелінген тауарлар.
4. Қазақстаннан осы жол арқылы басқа елдерге тасылған тауарлар.
5. «Ұлы Жібек жолы» – Қазақстанды басқа  мемлекеттермен байланыс-
тыратын достық жолы.
6. «Ұлы Жібек жолының» Қазақстан аумағында бой көтерген қалалар. 
7. «Ұлы Жібек жолының» маңызы.
Үшінші  топ  оқушылары  «Түркістан  базарына  саяхат»  атты  мәтінмен 
танысып,  картамен,  иллюстрациялық  материалдармен  жұмыс  жасайды. 
Бар  болса,  электронды  оқулықтан  үзінді  көрсетіледі.  Оқушылар  «ойша 
Түркістанға саяхат» жасайды. Түркістанда тұратын қолөнерші не саудагер 
атынан сөйлеп, әңгіме құрастырады. Әңгімеде оқулықта берілген сұрақтарға 
жауап беріледі.

54
Төртінші  топ  оқушылары  «Білімпаздар  үшін»  деп  аталатын  қосымша 
материалмен танысып, мәтінді талдап, мағынасын түсіндіреді. 
Содан  кейін  барлық  оқушылар  өздігінше  кесте  толтырады.  Әрбір 
оқушы  бұл  тапсырманы  дәптеріне  жазады.  «Ұлы  Жібек  жолы»  тақырыбы 
бойынша  қандай  жаңалық  білдіңдер?»  атты  кестедегі  әрбір  бос  орынды 
толтырыңдар.
ұлы Жібек жолы
1.
2.
3.
4.
5.
Сабақ соңында жұмыс дәптеріндегі тапсырма орындалады, оқушылар 
білімі бағаланады.
Үйге  тапсырма:  §23.  «Ұлы  Жібек  жолы»  тақырыбын  оқу  және  оған 
берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
       
§ 24. Әбу насыр әл-Фараби
сабақтың мақсаты: оқушыларды ойшыл, дана ғалым Әбу Насыр әл-
Фарабидің  өмірі  және  қызметімен  таныстыру.  Тамаша  ғалымдардың  өмірі 
халық  игілігі  жолындағы  ерлік  екендігін  түсіндіру.  Ғалымдардың,  өнер 
адамдарының  өмірін  өнеге  етіп  көрсету  арқылы  оқушылардың  бойында 
ғылым мен еңбек адамдарына деген құрмет, білім алуға құштарлық, халық 
үшін адал еңбек ету сезімдерін қалыптастыру қажет. Тарихи қайраткерлердің 
өмірі мен қызметін бағалау біліктерін дамытуда жұмысты жалғастыру. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  бар  болса,  электронды 
оқулықтан үзінді.
оқып-үйренген материалды қайталау §23 тақырыбының сұрақтары 
мен  тапсырмалары  және  жұмыс  дәптеріндегі  тапсырмалар  бойынша 
жүргізіледі.
Сабақ  басталысымен  электронды  оқулықтан  не  бейнефильмнен  Әбу 
Насыр әл-Фараби туралы үзінді көрсетіледі. Үзінді көрсетіліп болған соң, 
оқушыларға сұрақ қойылады.
Ойланып  жауап  беріңдер.  Неліктен  Әбу  Насыр  әл-Фарабиді  ойшыл, 
дана ғалым деп құрметтейді? Оның өмірінен сендер қандай үлгі алдыңдар? 
Ол тарихқа қандай қызметімен өшпес із қалдырды?

55
Оқушылар жауаптары тыңдалып, толықтырылады.
Содан кейін мұғалімнің басшылығымен оқушылар ұжымдасып оқулық 
мәтінін  өздігінше  оқиды.  Мұғалім  алдын  ала  тақтаға  не  плакат  қағазға 
жазған жоспар сабақ кезіндегі барлық жұмыстың негізі болып табылады.
Жоспар:
1. Әбу Насыр әл-Фарабидің балалық шағы мен оқудағы ізденістері. 
2. Білімге құштарлығы.
3. Білім-ғылым іздеп Бағдатқа, Дамаскіге, Каирге баруы. 
4. Шамдағы (Дамаскі) өмірі, еңбек етуі. 
5. Әбу Насырдың еңбектері. 
6. Әбу Насыр әл-Фарабидің ғалымдығы. Оның ғылыми жаңалықтары.
7. Әбу Насыр әл-Фарабидің қосымша өнерлері.  
8.  Біз  ғалымдарды,  өнер  адамдарын  неліктен  есте  сақтаймыз  және 
құрметтеп бағалаймыз?
Оқушылар  бейнефильмнен  көрген-білгендерін,  оқулық  мәтініндегі 
материалдар  мен  сабақтан  тыс  алған  білімдерін  пайдалана  отырып,  
әл-Фарабиге жоспар бойынша жан-жақты сипаттама береді. Оның өмірі мен 
қызметін бағалайды.
Содан кейін оқушылар оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмаларды 
орындайды.
Мұғалім әңгімені қорытындылайды: «Бұл тамаша ғалымдардың, өнер, 
мәдениет  саласындағы  адамдардың  ғылымдағы  жаңалық  ашулары,  олар-
дың ғылым мен өнердің дамуына қосқан үлесі баға жеткісіз. Ғалымдардың 
маңызды еңбектерінсіз бүгінгі қол жеткізген жетістіктер жасалмаған болар 
еді.
Бүгінгі күнде ғалымдар адамзатты таң қалдыратын үлкен жаңалықтар 
ашып, табыстарға жетіп жатыр. Қазір адам ғарышқа жердің бір шетіне барып-
қайтқандай-ақ  сапар  шегіп,  ерліктің  үлгісін  көрсетуде.  Ғылым  адамдары, 
еңбек  адамдары  әрқашанда  жас  ұрпақтарға  үлгі-өнеге,  әрі  сый-құрметке  
лайық.
Үйге  тапсырма:  §24.  «Әбу  Насыр  әл-Фараби»  тақырыбы  және 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша дайындалып келу.
§ 25. Қазақстанның ортағасырлық қалалары
сабақтың  мақсаты:  қалалардың  қалай  пайда  болғаны,  өзіндік 
ерекшеліктерін  оқушылар  жасына  сай  жеткізу.  Халықтың  еңбегімен  және 
шеберлігімен  тамаша  қалалар  мен  мәдени-тарихи  ескерткіштер,  өнер 
туындылары  жасалды.  Сабақ  материалы  оқушыларда  материалдық    және 
рухани  құндылықтарды  жасаушы  халықтың  еңбегін  қастерлеу  сезімін 

56
тәрбиелеуге көмектесуі қажет. Тарихи-мәдени ескерткіштердің құндылығын 
бағалай білу біліктерін дамыту.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулықтан, 
бейнефильмнен үзінді, иллюстрациялық материалдар. 
оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықтағы  сұрақтар  мен 
тапсырмалар көлемінде жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Ортағасырлық қалалар.
2. Қалалар қолөнер мен сауда және мәдени орталығы.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  мұғалімнің  әңгімесінен  басталады. 
Әңгіменің мазмұнында ортағасырлық қалалар Қазақстан аумағында қалай 
пайда болғаны, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы қалалардың ерекшелігі 
туралы мәтінді оқушыларға көкейге қонымды түрде ашып көрсету керек.
Электронды  оқулықтан  не  бейнефильмнен  ортағасырлық  қалалар 
бейнеленген және сипатталған үзінділер көрсетіледі.
Тақтаға  қалалар  салынған  иллюстрациялық  материал  ілінеді.  Бейне-
фильмдегі және иллюстрациялық материалдағы суреттер қаралып, салыс-
тырылады. Әңгімелесуге арналған сұрақтар:
VІ  және  ІХ–ХІІ  ғасырлардағы  қалалардың  қазіргі  қалалардан  қандай 
ерекшеліктері болды?
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда қалалар қалай дамыды?
Қала құрылысында ІХ–ХІІІ ғасырларда қандай жаңалықтар болды? 
«Қала – қолөнер, сауда және мәдени орталығы болды» деген сөйлемді 
қалай түсінесіңдер?
Ортағасырлық  қалалардан  біздің  заманымызға  дейін  сақталған 
ғимараттарды,  тарихи-мәдени  ескерткіштерді  атаңдар.  Олар  туралы  не 
білесіңдер?
Содан кейін он шақты оқушы (кезектесіп, әр абзац бойынша) оқулық 
мәтінін дауыстап оқиды, ондағы негізгі ойды өздігінше айтып береді.
Сабақты пысықтау барысында жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге  тапсырма:  §25.  «Қазақстанның  ортағасырлық  қалалары»  деген 
әңгімені оқуға және оған берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып 
келу.
 «ортағасырлық қалалар»  
сабағын өткізудің  екінші нұсқасы
сабақтың  мақсаты:  Қазақстандағы  ортағасырлық  қалаларға  жал-
пы  сипаттама  беру  арқылы  Отырар,  Сауран,  Йасы,  Сығанақ  сияқты 
қалалардың  пайда  болуын,  өркендеп  дамуын  және  құлдырауын  ашып 

57
көрсету.  Оқушыларда  қолөнершілер,  іскерлер,  құрылысшылар  және  еңбек 
адамдарына  деген  құрмет  сезімін  тәрбиелеуге  көмектесу.  Тарихи-мәдени 
ескерткіштерді білу және бағалау біліктерін дамыту жұмысын жалғастыру. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  иллюстрациялық  мате-
риалдар, бейнефильмнен үзінді. 
оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықтағы  сұрақтар  мен 
тапсырмалар негізінде жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Отырар. 
2. Сауран. 
3. Йасы.
4. Сығанақ.
Жаңа  материалды  оқып-үйренуді  бірнеше  нұсқада  жүргізуге  болады. 
Бірінші нұсқа бейнефильмнен Қазақстандағы ортағасырлық қалалар, тарихи-
мәдени  ескерткіштерді  көру,  оны  талдау  және  карта  бойынша  жұмыспен 
ұштастырылады.  Екінші  нұсқа  –  аталған  қалаларға  «ойша  саяхат»  өткізу, 
оқушылармен жұп болып жұмыс жасауға негізделуі мүмкін.
Бірінші нұсқаны қарастырайық.
Бейнефильм немесе иллюстрациялық материалда бейнеленген қалалар 
және бүгінгі күнге дейін сақталған тарихи-мәдени ескерткіштерден үзінді 
келтіріледі. 
Сынып  оқушылары  бес  топқа  бөлінеді.  Бірінші  топтың  оқушылары 
төмендегідей  тапсырманы  орындайды:  бейнефильмнен  немесе  иллюстра-
циялық материалдан қалалар туралы көрген-білгендерін естеріне түсіреді. 
Оқулық мәтінінен «Отырар» тақырыпшасын оқып танысады. Өздері Х–ХІІ 
ғасырлар аралығында Отырар қаласында саяхат жасап жүрмін деп көздеріне 
елестетеді. Өздерінің осы саяхаттан алған әсерлері туралы қысқаша әңгіме 
жаздыру. Мына жоспар бойынша әңгіме дайындатуға болады: 
1. Отырар – көне тарихы бар қала. 
2. Отырар қаласының басқа қалалардан ерекшелігі қандай?
3. Шахристан, цитадель, рабат дегеніміз не?
4. Отырар атауының шығу тарихы.
5. Отырар – ғылыми-мәдени орталық.
6. Отырарда жүргізілген қазба жұмыстары.
Екінші топтағы оқушылар «Сауран» тақырыпшасын оқулықтан оқып 
танысады.  Содан  кейін  «Сауран  қаласы  тұрғыны  өмірінің  бір  күні»  деген 
тақырыпта қысқаша эссе дайындайды. 
Жоспары: 
1. Сауран – қандай қала?

58
2. Сауран қай жерде орналасқан?
3. Сауран қаласы қалай салынған?
4. Сауранда жер асты каналдары қалай және не үшін пайдаланылған?
5.  Сауран  қаласы  тұрғындарының  кәсібі,  тұрмысы,  еңбегін  сурет тең-
дер.
6. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Сауранда қандай зерттеулер 
жүргізіліп жатыр?
Үшінші топ оқушылары Йасы қаласы туралы оқулық мәтінімен таны-
сып, бейнефильмнен және иллюстрациялық материалдан алған білімдерді 
пайдалана отырып, «Йасы саудагері» атты тақырыпта саудагердің тіршілі-  
гі туралы ойын дайындайды.
Жоспар: 
1. Саудагер қалада қандай ғимаратты көреді?
2. Саудагер кімдермен не туралы сөйлесті?
3. Саудагер шет елден келген саяхатшыға «Қожа Ахмет Йасауи» кесенесі 
туралы не айтуы мүмкін?
4. Кесене қайда орналасқан?
5.  Кесенені  суреттеңдер.  Ғимаратта  сендерге  әсіресе  не  жақсы  әсер 
қалдырды?
6.  Кесенені  қайта  қалпына  келтіру  жұмыстарын  жүргізу  не  үшін 
қажет?
7. Саудагер қандай заттар сатып алып, қандай бұйымдар сатып жатыр 
деп ойлайсыңдар?
Төртінші  топ  оқушылары  «Сығанақ»  тақырыпшасымен  танысып, 
иллюстрациялық материалды талдайды. Сығанақ қаласында тұратын бала-
дан интервью алуға дайындалады. Интервью жоспары:
1. Сығанақ қаласы туралы алғашқы деректер.
2. Сығанақ қаласы тұрғындарының өмірі.
3. Қала тұрғындарының киімі, ішетін тамағы.
4. Сол замандағы адамдармен сендер не туралы сөйлесер едіңдер?
5.  Қандай  тарихи  оқиғаның  куәгері  болдыңдар?  Ол  қандай  оқиға? 
Қандай әсер алдыңдар?
Оқушылардың жауаптарын бағалағанда оның логикалық жағы, әңгіме-
нің әсерлілігі, айқындылығы, тарихи қайраткерлерді, құбылыстарды және 
оқиғаларды дұрыс талдай білуі ескерілуі қажет. Осы жұмыстың негізінде 
оқушылар  өздігінше  кесте  толтырады.  «Қазақстандағы  ортағасырлық 
қалалар» атты кестені толтырыңдар.
     

59
Кесте: Қазақстандағы ортағасырлық қалалар

Қалалар
Қай жерде
орналасқан?
Бүгінгі күнге дейін 
сақталған қала
Қалада қандай
тарихи-мәдени
ескерткіш сақталған
1.
2.
3.
4.
Отырар
Сауран
Йасы
Сығанақ
Сабақ соңында: «Қазақстандағы ортағасырлық қалалар сендерге қандай 
әсер  қалдырды?  Ол  қалалар  саған  несімен  ұнады?  Несі  ұнамады?»  деген 
сауалдарға оқушылар жауап береді. 
Үйге тапсырма: §25. «Қазақстанның ортағасырлық қалалары» әңгімесі 
және оған берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу.
    


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет