Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата16.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4230
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
§35. Шоқан Уәлиханов
сабақтың  мақсаты:  Шоқан  Уәлихановтың  тұңғыш  қазақ  ғалымы 
екендігін  бейнелі  суреттеу  арқылы  оқушыларда  ғалым  адамдарға  деген 
құрметтеушілік сезімін тәрбиелеуге көмектесу. Тарихи қайраткердің өмірі 
мен қызметін сипаттау біліктерін дамыту. 

81
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  бар  болса,  электронды 
оқулықтан үзінді, иллюстрациялық материалдар.
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмалар көлемінде жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Шоқанның өмірі мен қызметі.
2. Шоқан – қазақтың тұңғыш ғалымы.
Жаңа материалды оқып-үйрену оқушылардың бастауыш сыныпта және 
сабақтан тыс алған білімдері негізінде өткізіледі. Оқушылар төмендегідей 
сауалдарға жауап береді. Ш. Уәлиханов  деген кім?  Ол қандай адам болған? 
Ол тарихта қандай істерімен есте қалды? Ш. Уәлиханов туралы не білесіңдер? 
Ш.  Уәлихановтың  қандай  еңбектерімен  таныстыңдар?    Ол  туралы  қандай 
кітаптар оқыдыңдар? Қандай кинофильмдер көрдіңдер? 
Электронды оқулықтан не бейнефильмнен үзінді көрсетіліп, мазмұны 
бойынша әңгімелесу өткізіледі. Оқушылар кезектесіп абзац бойынша оқу-
лық мәтінін оқып, ондағы негізгі ойды тауып, мәтін мазмұнын талдайды. 
Сабақта  «Бетпе-бет»  деп  аталатын  жұп  болып  жасайтын  жұмыс 
жүргізіледі.
Мұғалім оқушыларды «Бетпе-бет» жұп болып жұмыс істеу әдістемесі-
мен мұқият таныстырып, қажетті нұсқаулар береді, түсіндіреді.
Мұғалім  барлық  оқушылардың  мынандай  тапсырмаларға  дайында-
луын тапсырады:
«Балалар!  Өздерің  жақсы  көретін,  естеріңде  жақсы  сақталған  тарихи 
тұлға  (батыр,  би,  хан,  жазушы,  ғалым  т.б)  туралы  сыныптасыңа  айтып 
беріңдер».
Оқушылар жұптасып тұрады. Олар белгілі тарихи тұлға туралы естері-
не  түсіріп,  ойланып  жауап  беруіне  уақыт  (2–3  минут)  беріледі.  Жұптағы 
оқушылар  бір-біріне  тарихи  тұлға  туралы  айтып  береді.  Содан  кейін,  әр 
жұптан өз қалауымен ойын ортаға салуға ниет білдіргендерге сөз беріледі.
Мұғалім оқушылар жауаптарын толықтырып, қорытынды жасайды.
Оқушылар жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. 
Үйге тапсырма: §35. «Шоқан Уәлиханов» әңгімесімен танысу, сұрақтар 
мен тапсырмаларға дайындалу. 
§36. абай Құнанбайұлы
сабақтың  мақсаты:  Абай  Құнанбайұлының  өмірі  және  қызметімен 
таныстыру  арқылы  ғылым  мен  мәдениет  саласында  жұмыс  жасайтын 
адамдарға  деген  құрмет  сезімін  тәрбиелеуге  көмектесу.  Ағартушылар, 
ақын-жазушылар – халық мақтанышы. Оқушыларда тарихи қайраткерлерді 
суреттей білу біліктерін дамыту жұмыстарын жалғастыру. 

82
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  бейне  және  аудиофильмнен 
үзінді, электронды оқулық, иллюстрациялық материалдар.
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Абайдың өмірі мен қызметі.
2. Абайдың еңбектері.
3. Абайдың өсиет сөздері. 
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  оқушылардың  бастауыш  сыныпта    
«Ана тілі» пәнінен және сабақтан тыс алған білімдеріне негізделген сұрақтар 
бойынша өткізіледі: 
1. Абай кім?  
2. Оның қандай өлеңдерін, нақыл сөздерін білесіңдер?  
3. Абай өзінің еңбектерінде не туралы жырлайды? 
4.  Біз  неліктен  Абайды,  оның  өмірі  мен  шығармашылық    жұмысын 
оқып-үйренеміз?
Электронды оқулық бойынша оқушылар Абай туралы материалдармен 
танысып,  ондағы  сұрақтарға  жауап  қайтарады.  Бейнефильм  болса,  үзінді 
келтірген  тиімді.  Аудиофильм  арқылы  Абайдың  әндерінен,  өлеңдерінен 
қысқаша үзінді тыңдалады.
Оқушылар  оқулықтағы  «Абайдың  шығармалары»  әңгімесімен  оқып 
танысып, әрқайсысы өздігінше осы тақырыптың күрделі  жоспарын жасайды. 
Оқушылардың  біразы  ауызша  жоспарын  оқыса,  енді  3–4  оқушы  тақтаға 
өздері дайындаған жоспарын жазады. Оны барлық оқушылар талдайды. 
«Абайдың шығармалары» әңгімесінің жоспары:
1. Абайдың өмірі мен қызметі.
2. Абайдың еңбектері.
3. Абайдың «қарасөздері».
4. Абайдың өмірі мен қызметі жас ұрпаққа үлгі.
Сабақты  пысықтау  барысында  жұмыс  дәптері  бойынша  жұмыс  жүр-
гізіледі. 
Үйге  тапсырма:  §36.  «Абай  Құнанбайұлы»  әңгімесін  оқып  танысу, 
сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындау. 
§37.  ыбырай алтынсарин
сабақтың  мақсаты:  оқушыларды  Ыбырай  Алтынсариннің  өмірімен, 
қызметімен таныстыру. Ағартушы, педагог, ғалымдар еңбегімен таныстыру 
арқылы  ұстаздарға  деген  құрметтеушілік  сезімін  қалыптастыру.  Тарихи 
қайраткерлерді суреттей білу біліктерін дамыту жұмысын жалғастыру.

83
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  бейнефильм,  электронды 
оқулықтан үзінді, иллюстрациялық материалдар. 
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар негізінде өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Ы. Алтынсариннің жастық шағы.
2. Ы. Алтынсариннің ағарту ісіндегі қызметі.
3. Ы. Алтынсариннің еңбектері.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  бастауыш  сыныпта  және  сабақтан 
тыс  оқушылардың  алған  білімдері  бойынша  әңгімелесуден  басталады. 
Әңгімелесуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Ы. Алтынсарин туралы не білесіңдер? 
2. Ол қандай адам болған? Оның қандай еңбектерін білесіңдер? 
3.  «Кел,  балалар,  оқылық»  өлеңін  кім  жазған?  Бұл  өлеңді  кім  жатқа 
айтып бере алады? Онда не туралы айтылады?
Бейнефильм  не  электронды  оқулықтан  үзінді  келтіріледі.  Мұғалім 
бейнефильм  бойынша  қойған  сұрақтарға  оқушылар  жауап  әзірлеп,  жауап 
береді. Оқушылар жауаптары қорытындыланады. 
Сабақтың  соңында  «Бұл  кім?»  деген  сайыс  өткізіледі.  Тарих  пәніне 
қызығушылығы мол оқушылардан мұғалімнің басшылығымен әділқазылар 
алқасы  құрылады.  Сайыстың  соңында  оқушылардың  тапсырманы  орын-
дауына баға беріліп, қорытынды жасалады.
Сынып 4–5 топқа бөлінеді. Әр топ мұғалім алдын ала даярлаған бір та-
рихи қайраткерге (ғалым, ағартушы, жазушы, т.б. болуы мүмкін) сипаттама 
береді. Әр топтың оқушылары сипаттамамен мұқият танысып, мінездеменің 
кімге  берілгенін  белгілі  бір  уақыт  (3–5  минут)  ішінде  анықтайды.  Егер 
тарихи қайраткер күйші не ақын болса, оның күйлерін атап, не ол жазған 
өлеңнен үзінді оқуына болады.
Топтың  тапсырманы  қалай  дайындағанын  сарапшылар  талқылап, 
бағасын қойып, қорытындылайды.
Үйге  тапсырма:  §37.  «Ыбырай  Алтынсарин»  әңгімесімен  танысып, 
сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу.
§38. іі бөлім  бойынша қорытынды қайталау сабағы
сабақтың  мақсаты:  24  сабақтағы  негізгі  әрі  маңызды  мәселелерді 
іріктеп  алып  қорытындылау.  Сақтар  мен  ғұндардың  тіршілігі,  ертедегі 
түркі тайпаларының өмірі мен тұрмысы, тәуелсіздік жолындағы күрестері 
жайлы  мәселелер  еске  түсіріліп,  жинақталады.  Ұлы  Жібек  жолының 
маңызы, ортағасырлық қалалар, Отырарды ерлікпен қорғау, қазақ халқының 

84
қалыптасуы,  Қазақ  хандығының  құрылуы,  қазақ  хандары,  батырлары, 
билері,  Қазақстанның  Ресейге  қосылуы  жайлы  оқушылар  білімін  тексеру 
және пысықтау. Тәуелсіздік үшін күрескерлер: Тұмар-Томирис патшайымнан 
бастап, Абылай хан, Кенесарыға дейінгі ел басшылары және батырлардың 
ержүректілігін,  Отанына  деген  сүйіспеншілік,  қолбасшылық  қабілеттерін 
ашып көрсету. Оқушыларды  отаншылдыққа, азаматтыққа, адамгершілікке 
тәрбиелеуге көмектесу. Оқушылардың түрлі деректерден жаңа білім ала білу 
біліктерін дамытуда жұмысты жалғастыру.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейне және аудиофильм,  
иллюстрациялық  материалдар,  электронды  оқулықтан  үзінді.  Бұл  сабақта 
оқушыларды төмендегідей қорытындыға келтіру керек:
1. Ертеде Қазақстан аумағын мекендеген сақ, ғұн және басқа тайпалар  
қазақ  халқының  арғы  ата-тегі.  Олардың  жерін,  елін  қорғаған  ерліктері 
болашақ ұрпақтарға үлгі.
2. Ертедегі түркі тайпаларын басқарған атақты Күлтегін, Білге, Тоныкөк 
қағандар  Түрік мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан, азаттық үшін күрескен, 
тарихта өзіндік орны бар тарихи қайраткерлер. Олардың ерлігі ертедегі түркі 
жазуларында мәңгі сақталған. 
3. Ұлы Жібек жолы – сауда, керуен, елшілік және халықтар арасындағы 
байланысты нығайтқан достық жолы болды. 
4.  Ортағасырлық  қалалар  –  Сауран,  Йасы,  Сығанақ,  Отырар  –  сәулет 
өнерінің  тамаша  ескерткіштері.  Қалалар  –  сауда,  мәдениет,  ғылым 
орталығы. 
5.  Қазақ  халқы  ХІV–ХV  ғасырлар  аралығында  Қазақстан  аумағында 
қалыптасты. 
6. ХV ғасырдың 50–60 жылдары Қазақ хандығы құрылды. Оның халқы 
қазақтар деп аталды. Қазақ хандары: Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, 
Тәуекел, Әбілқайыр, Абылай, Кенесары және басқа хандар. 
7. XVIII ғасырдағы қазақ елінің сыртқы жағдайы ауыр болды. Жоңғар 
шапқыншылығына  қарсы  қазақ  халқы  өз  тәуелсіздігі  мен  азаттығы  үшін 
ерлікпен күресті. Қазақ халқы өз  елін, жерін шет жерлік   басқыншылардан  
ерлікпен қорғап қалды. Халық арасынан көрнекті адамдар, хандар, билер, 
батырлар шықты.
8.  Қазақстан  патшалы  Ресейдің  қоластына  өтті.  Патшалық  Ресейдің 
отаршылдығы  басқа  елдердің  отаршылдығынан  асып  түспесе,  кем 
түскен  жоқ.  Ұлан-ғайыр  даламыз  империя      меншігіне  айналды.  Дініміз 
тәрк,  тіліміз  ғаріп,  мәдениетіміз  мүшкіл,  өзіміз  мүскін  халге  ұшырадық. 
Мұндай    жағдайда    ел  намысының    қозбауы,  ер  ашуына  мінбеуі  мүмкін 
емес  еді.  Ең  ірі  халық  көтерілістерін  Сырым  Датұлы,  Исатай  Тайманұлы 
мен Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы сияқты батырлар бастады. 

85
Зеңбіректі әскерге найзамен қарсы шапқан көзсіз ерлерді халық әлі күнге ән-
жырға қосып, аяулы есімдерін ардақ тұтып келеді. Ардақ тұта береді де.
Сабақта жұмыс істеудің негізі – оқулықтағы қайталау қорытындылау 
тапсырмалары  бола  алады.  Бұл  сұрақтар  мен  тапсырмалар  оқушыларды 
оқып-үйренген материалды бекітуге және қорытындылауға бағдарлап қана 
қоймайды, сонымен бірге оқушылардың біршама  зияткерлік қабілеттерін 
дамытуға  ықпал  жасайды.  Оқушылардың  іс-тәжірибе  шеберліктері  мен 
дағдыларын дамытуды көздейді: оқулықты еркін пайдалана білу, мәтін мен 
суреттерді  талдай  алу,  түрлі  нұсқадан  алынған  мәліметтерді  салыстыру,              
т. с. с.
Қайталау  барысында  мұғалім  жаңа,  нақты  мәліметтерді  келтіруіне 
болады.  Сабақтың  жинақтап-қайталау  түрі  5-сынып  оқушылары  үшін 
едәуір қиындық әкелетін түрі болып табылады. Осы сыныптағы оқушылар, 
жас ерекшеліктеріне байланысты толық әрі жинақты қорытынды жасауға, 
дәуірлерге бөлуге, жеке оқиғаларға өзіндік сипаттама беруге қиынсынады.
Қайталау  сабақтары  оқушыларды  тарихи  материалды  жай  талдау 
жасауға,  ойын  білдіруге  және  өзіндік  қорытынды  шығаруға  көмектесуі 
тиіс.
Жинақтап-қайталау  сабағында  сонау  б.з.б.  сақ,  ғұн  тайпаларынан 
бастап,  XXI  ғасырға  дейінгі  елімізде  болған  маңызды  тарихи  оқиғалар, 
құбылыстар, түрлі кезеңдердегі адамдардың өмірі мен тіршілігі, мәдениеттегі 
жетістіктері,  оқиғалардың  себеп-салдар  тізбегі  арқылы  жалғасып  жатқан 
күрделі  үрдіс  екені  оқушыларға    түсінікті  тілмен  жеткізілгені  маңызды. 
Өмірдегі, тіршіліктегі болып жатқан құбылыстар мен оқиғалар бір-бірімен 
өте тығыз байланысты, заңдылық ретінде түсіндірілуі тиіс.
Қайталау  сабағын  24  сағатта  қарастырылған  аса  мәнді  және  түйінді 
мәселелерді әңгімелеу негізінде құруға назар аудару қажет. Өйткені 24 са-
бақты бір ғана 45 минут ішінде қайталау мүмкін емес. Бұл сабақтың басты 
мақсаты осы тақырыптардағы нақты материалды қайталау-жинақтау болып 
табылады.
Бұл  сабақта  оқытудың  интерактивті  әдіс-тәсілдерін  проблемалы 
тапсырма  беру  және  оны  шешу,  түрлі  құжаттар  мен  әдеби-көркем 
материалмен топ болып жұмыс жасау, электронды оқулықтағы тестілерді, 
сұрақтарды шешу, иллюстрациялық материалдарға талдау жасау, өздігінше 
кесте, жоспар жасау, викторина, кроссворд шешу, т.б. пайдаланған тиімді. 
Мұндай  интерактивті  және  дәстүрлі  әдіс-тәсілдерді  ұтымды  пайдалану 
оқушылардың зейінін төмендетпеуге, есте сақтау қабілетін күшейтуге және 
пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.  
Материалдың толық әрі жан-жақты меңгерілу дәрежесіне қарай сұрақ-
тарға қайтарылатын жауаптар кең көлемді немесе қысқа болуы мүмкін. Бұл 

86
бөлімді  жинақтау  оқулықтағы  қайталауға  арналған  сұрақ-тапсырмалар 
негізінде жүргізіледі.
Қайталау  сабағы  оқып-үйретілген  тақырыптың  қалай  аталатынын       
және хронологиялық шегін анықтаудан басталады.
1.  Біз  оқып-үйренуді  аяқтаған  тақырыбымыз  қалай  аталады?  (Егер   
бұл   сұрақ   қиын   соқса,   тақырыпты оқулықтан тауып, оны дауыстап оқу 
керек).
2. Бұл тақырыпқа қандай әңгімелер жатады? (Оқушылар бірінші және  
соңғы әңгімелерді  оқулықтан дауыстап  оқу  керек).
3.  Еліміздің   қандай   сыртқы шапқыншыларға   қарсы   күрес жүргізуіне 
тура  келді?   (Оқулықтан осыларды баяндайтын әңгімелерді тауып, оқып 
беріңдер.  Шапқыншыларға  қарсы  күрестегі  ерліктері  туралы    мысалдар 
келтіріңдер). 
4. Қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы 
жөнінде айтылатын үзіндіні оқулықтан тауып, оқып шығыңдар. Бұл оқиға 
қай ғасырда болды? Датаны тақтаға жазып қою керек.
5. Қазақстанның Ресейге қалай қосылғаны туралы әңгімелеп беріңдер. 
Ол қай кезде басталды?
6.  «Отар», «отаршылдық» деген сөздердің  мағынасын  айтыңдар.
7. 1783–1797  жылдары  болған  көтерілістің  шығу  себебі  неліктен?  Ол 
кімнің  басшылығымен болды?
8.  «Ержүрек батыр», «көрнекті қолбасшы», «Хан Кене» деп кімді атаған? 
Ол қай   жылдары өмір   сүрді? Қандай тарихи оқиғаларға қатысты?
9. Қазақстанның  Ресейге  қосылуы  қай жылдары басталды? Картадан 
Қазақстанның  XVIII  ғасырдың  II  жартысындағы  аумағын  көрсетіп,  оның 
қандай мемлекеттермен шектесіп жатқанын әңгімелеп беріңдер.
10.  XVIII  ғасырда  қазақ  халқының  әдет-ғұрпы  жинақталған  «Жеті 
жарғы» заң жинағының негізін қалаған қай хан?
Үйге тапсырма: §37 әңгімелерінің соңында берілген «Бұл кім?» ауызша 
викторинасын қайталау.
ііі Бөлім.  ҒаЖаЙыптар Әлемінде
§39. көрікті кесенелер
сабақтың  мақсаты:  халықтың  еңбегімен,  шеберлігімен  тамаша 
кесенелер,  ғимараттар  салынғанын  ашып  көрсету.  Сабақтың  материалы 
мәдениет құндылықтарын жасаушы еңбек адамдарына деген құрмет сезімін 
тәрбиелеуге  көмектеседі.  Тарихи-мәдени  ескерткіштердің  құндылықтарын 
бағалай білу біліктерін дамыту жұмысын жалғастыру.

87
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулық, 
бейнефильмнен үзінді, иллюстрациялық материалдар. 
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы  сұрақ-тапсырмаларға  және  мұғалім  қойған  проблемалы 
тапсырмаларды оқушылардың орындауы негізінде жүргізілуі мүмкін. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Сәулет өнерінің ескерткіштері.
2. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.
3. Айша бибі кесенесі.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  оқушылардың  бастауыш  сыныпта 
және сабақтан тыс алған білімдері негізінде жүргізілетін әңгімелесуге және 
картамен жұмысқа ұштастырылады.
Бейнефильмнен  сәулет  өнерінің  ескерткіштерін  көру,  Қожа  Ахмет 
Йасауи,  Айша  бибі  кесенелері  туралы  бейнелі  де  әсерлі  үзінді  пайдалану 
сабақтың тәрбиелік әсерін күшейте түсуге көмектеседі. 
Қосымша материал:
«Қожа  ахмет  Йасауи»  (шамамен  1103–1166-67)  –  ақын,  ұлы  ойшыл, 
ислам дінін уағыздаушы.
Дүние жүзінде Қожа Ахметті ұлы ақын деп біледі. Ол Құранды тұңғыш 
рет түркі тілінде сөйлетіп, оның мазмұнын, ырғағын  сақтай отырып жазған. 
Бұл мұраның аты – «Диуани Хикмет» деп аталады. Ол «Құраннан» кейінгі 
қасиетті кітап болып саналады.
Ақын  Әбділда  Тәжібаев:  «Қожа  Ахмет  Йасауи  –  әулиелердің  әулиесі, 
пайғамбардың өзіне тең әулие. Оның таң алдында айтқан азаны Түркістан 
мен Меккеге бірдей естіледі екен. Ол – Тәңірінің өзіне ғашық болған қасиетті 
ақын», – деп жоғары бағалады.
Қожа Ахмет Йасауи «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы») атты түркі 
тіліндегі  еңбегінде  ислам  діні,  адам  және  оның  адамгершілігі  туралы 
пайымдайды.  Ақын  еңбегінде  өзінің  бала  күнінен  бастап  өмір  жолын, 
көрген қиыншылықтарын баяндайды. Ел билеуші хандар, билердің жіберген 
кемшіліктерін, қатыгездігін айтады.
Әмір  Темірдің  бұйрығымен  1397–1404  жылдары  Түркістандағы  Қожа 
Ахмет Йасауидің басына ескерткіш орнатылды. 
Қожа  Ахмет  мешітін  салдырған  Әмір  Темір  турасында  Жүсіпбек 
Аймауытов  «Әзірет  Сұлтан»  атты  мақаласында:  «1397  жылы  мешітті 
салдыра  бастап,  үш  жылдан  кейін  өзі  өліп,  мешіт  бітпей  қалған.  Мешітті 
салушы шебер қажы Құсайын Ширазы деген адам екен». 1982 жылдан бастап 
бұл ескерткіш мемлекет қарауына көшті. Ж. Аймауытов Тайқазан жайында 
аталған еңбегінде: «Жүз кісі болмаса қозғай алмас дегізгендей, кесе түптес, 
он екі құлақты дәу қола қазанның жан-жағы бұрандалы шүмек, үсті-басы 

88
оюлы  машихы  жазу.  Қазанның  биіктігі  кісі  бойы,  қол  ұсыным.  Қодастың 
желкілдек қара жүнін таққан құрықтарының басын мосылап байлап, қазан 
үстіне келтіріп қойыпты» деп жазған екен.
Мұғалім  тапсырмасы  бойынша  оқушылар  оқулық  тақырыпшалары- 
мен танысып, оның  күрделі жоспарын жасайды. 
Оқушылар  жоспарды  тақтаға  жазып,  кемшіліктерін  анықтап,  талдай-   
ды. Бұл сабақта пресс-конференция өткізген де тиімді.
Сабақты өткізер алдында мұғалім шамамен 2 апта бұрын оқушыларды  
4 не 5 топқа бөледі. Бұл топтардың біреуі ғалымдар, екіншілері – сәулетшілер, 
үшінші топ  –   журналистер, төртіншісі – шетелдерден келген қонақтар не жай 
саяхатшылар, т.б. болып бөлінеді. Сол топқа байланысты оқушылар нақты 
тапсырмалар мен нұсқаулар алады. Мұғалім оқушыларға оқулықтан басқа 
қандай қосымша әдебиеттермен танысуы керектігі, онда неге көңіл аударуы 
тиіс  екендігіне,  қанша  минут  сөйлеуге  дайындалып  келуі  туралы  нақты 
ұсыныстар беріп, ойынның мән-жайымен оқушыларды таныстырады.
Мұндай ойынды ұйымдастыру оқушылардың танымдық белсенділігі-
нің артуына, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуді үйренуіне, қосым-
ша әдебиеттен алған білімдерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұл  ойын  алғаш  рет  жүргізілген  сыныпта  сабақ  жүргізуші  мұғалім 
болады.  Тәжірибесі  бар  сыныптарда  жүргізуші  алдын  ала  даярлығы  бар 
оқушы бола алады.
Көрнекілігі:  тарихи-мәдени  ескерткіштерді  көрсету  үшін  кадаскоп, 
электронды  оқулық  не  иллюстрациялық  материалдар  пайдаланылады, 
журналистер микрофонмен қамтамасыз етілгені жөн.
Мұғалім  пресс-конференция  өткізу  үшін  мамандарды  (шамамен 
4–6  адам)  таңдайды.  Бұндай  ойын  алғаш  рет  өткізілетіндіктен,  мұғалім 
оқушыларға  алдын  ала  тақырып  беріп,  қарастырылатын  сұрақтардың 
мазмұнын  анықтайды.  Сұрақтарды  қашан  қою  керектігі,  қосымша  әде-
биетпен,  иллюстрациялық  материалдармен  қалай  жұмыс  істеу  қажеттігі 
туралы  түсіндіреді  және  үйретеді.  Ал  оқушылар  өздігінше  тапсырмаға 
даярланады. 
Сыныптағы  үстелдер  журналистің  жұмысына  қарай  ыңғайлы  етіп 
қойылады. Әр  үстелде журналистің аты-жөні, қай газеттен келгені, қызметі 
жазылған  қатырмақағаздар  қойылады.  Журналистердің  қарсы  алдында 
мамандар, ғалымдар, сәулетшілер, саяхатшылар, т.б. отырады. 
Пресс-конференцияны  жүргізуші  мұғалім  (не  оқушы)  конференцияға 
қатысушы  адамдармен  таныстырады.  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  бо-
йынша тарихи ескерткіштерді қорғау» мәселесіне арналған конференцияға 
қатысушыларды  құттықтайды.  Конференцияны  ашық  деп  жариялайды. 
Жұмыс уақыты белгіленеді. 

89
Тарихи мәдени ескерткіш туралы мамандар сөйлейді (3–4 минут). Содан 
кейін  қойылған  сұрақтарға  жауап  қайтарылады.  Сұрақ  қысқа,  түсінікті 
және кімге қойылатындығы анық айтылуы тиіс. Журналистер конференция 
жұмысына даярлану барысында алған мәліметтер негізінде мәлімдеме жа-
сап, дайындаған сөздерін сөйлейді. Мұғалім конференцияда қарастырылған 
мәселе бойынша қорытынды жасайды. (3–5 минут). 
Бұл сабақты басқа вариантта да өткізуге болады. «Қазақстан жеріндегі 
сәулет  өнері  ескерткіштеріне»  «ойша  саяхат»  жүргізуге  болады.  Не  сол 
тарихи  ескерткіш  орналасқан  аудандарға,  қалаларға  экскурсия-саяхат 
өткізген де тиімді. 
Сабақты пысықтау барысында жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге  тапсырма:  §39.  «Көрікті  кесенелер»  әңгімесімен  танысу  және 
тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу.
§40. наурыз
сабақтың  мақсаты:  оқушылардың  қазақ  халқының  тұрмысы,  салт-
дәстүрі  туралы  түсініктерін  тереңдету.  Оқушылардың  қазақ  халқының 
салт-дәстүріне  деген  терең  құрметтеушілік  сезімдерін  тәрбиелеуге  көмек-
тесу.  Тарихи  құбылыстарды  бағалай  білу  біліктерін  дамыту  жұмысын 
жалғастыру. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулық, 
бейнефильм, аудиофильмнен үзінді, иллюстрациялық материалдар. 
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
§39 сұрақтары мен тапсырмалары бойынша жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Қазақ халқының өмірі мен тұрмысы.
2. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері.
3. Жаңа материалды оқып-үйрену блиц-сұрақ (тарихи жаттығу) қоюмен 
басталады:
1) Қазақтардың негізгі шаруашылығы.
2) Қазақтардың баспанасы.
3)  Қазақ  халқының  қандай  әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәстүрлерін 
білесіңдер?
4)  Қазақстанда  тұратын  басқа  халықтардың  қандай  салт-дәстүрлерін 
білесіңдер?
5) Наурыз туралы не білесіңдер?
6) Қазақ халқының тағы қандай мерекелерін білесіңдер?
7)  Наурыз  мерекесін  еліміздегі  халықтар  қалай  атап  өтеді?  Мысал 
келтіріңдер.

90
Мұғалім  оқушылар  жауаптарын  толықтырып,  қазақ  халқының  тұр-
мыс-тіршілігі, салт-дәстүрі туралы әсерлі әңгімелеп береді.
Содан  кейін  «Наурыз»  атты  үлкен  шеңбер  жаттығуы  ұйымдастыры-
лады. Бұл жаттығуды жақсы орындау үшін мұғалім алдын ала оқушыларға 
тапсырма  береді.  Әдебиет  тізімін,  нені,  қалай  пайдалану  керектігі  жайлы 
нұсқау  береді.  Ата-аналарынан  наурыз  мерекесі  туралы  сұрастырып,  оны 
ертеде  қалай  өткізген,  қазір  қалай  өткізеді,  оның  маңызы  қандай  деген 
сауалдарға  жауап  алып,  жазбаша  қысқа  шығарма  не  хабарлама  дайындап 
келу  тапсырылады.  Сөйтіп,  оқушының  осы  тақырып  бойынша  үйде  өзі 
дайындалып, жаттығуына мүмкіндік жасалады.
Оқушылар  үлкен  шеңбер  құрап  тұрады.  Содан  кейін  кезектесіп 
наурыз туралы білетіндерін айтады. Мысалы, олардың кезектесіп айтатын 
жауаптарын  шамамен  төменде  беріп  отырмыз.  Жауаптар  барынша  қысқа,          
2 минуттан аспауы тиіс.
Бірінші оқушы өзіне бөлінген уақытта наурыз туралы білгенін айтып 
шығады.  Сөз  келесі  оқушыға  беріледі.  Олар  бір-бірін  қайталамауы  керек. 
Оқушыларға бір-біріне кедергі келтірмеу, сөзін бұзбау керектігі түсіндіріле-
ді.  Осылайша  шеңберде  тұрған  барлық  оқушыларға  тұжырымды  және 
маңызды деген ойларын айтып шығуға мүмкіндік беріледі. Сөйтіп, барлық 
оқушылар айтып үлгергенше сөз келесі оқушыға жалғаса береді.
Мұғалім  оқушылардың  жауабын  қорытындылайды.  Содан  кейін 
мұғалім  оқушылармен  үйге  берілген  тапсырма  бойынша  әңгімелеседі. 
Жауапты оқушыларға наурыз мерекесі туралы үйдегі әке-шешесі,  әжесі мен 
атасынан естігендерін, газет-журналдар материалдарынан әңгіме дайындап 
келу тапсырылған болатын.
Оқушылардың тапсырма бойынша даярлаған жауаптарын тыңдайық:
Оқушы:  «Мен  сіздерге  Наурыз  мерекесі  –  Ұлыстың  үлы  күні  туралы 
айтайын. Бұл мереке жайлы маған мамам мен атам әңгімелеп берді. Наурыз – 
мұсылман елдерінің халықтық мерекесі. 22 наурыз күні жаңа жыл келеді, 
көктемгі күн мен түн теңеседі. Бұл мейрам күні көшеде адамдар көп, барлы- 
ғы  көңілді,  жақсы,  жаңа  киімдерін  киген.  Адамдар  бір-бірін  наурыздың      
келуімен  құттықтауда.  Ақсақалдар  мен  жасы  үлкен  қадірлі  адамдар  көп-
шілікке  денсаулық, молшылық, береке тілеп, тілек білдіруде.
Бұл күндері жұрт үй-үйге кіріп, басқа ауылға қыдырып, мейрамдаған. 
Жас жігіттер арықтарды тазартып, ағаш еккен. Ал әйелдер  қонақтарға ар-
нап тамақтар әзірлеген. Сондай тағамдардың бастысы – Наурызкөже. Жеті 
түрлі дәмнен пісірілген бұл тағам – ырыс пен берекенің белгісі».
Оқушы: «Мереке күні түрлі ұлттық ойындар өткізіледі. Мұнда жүйрік 
аттар жарысы – бәйге өткізіледі, екі жігіттің күш сынасу күресін, екі атты-

91
ның сайысын көреміз. Жиналған жұрт алдында ақындар өлең айтып, қобыз 
не домбырамен айтысқанын тамашалаймыз».
Оқушы:  «Осындай  мерекеде  қыздар  мен  жас  жігіттер  де  ойын-сауық 
өткізеді. Жігіт пен қыз атқа мініп, жарысады. Егер қызды жігіт қуып жетсе, 
оны  бетінен  сүюге  еркі  бар,  ал  жете  алмаса,  онда  қыз  жігітті  қамшының 
астына алады. Жігіттер мен қыздар аттың үстінде осындай өнер көрсетеді. 
Бұны көрген басқа елден келген қонақтар қазақ халқының тамаша шабандоз 
екеніне көзі жетіп, қазақ қыздарының да ер адамдармен қатар мерекелерде 
болып,  олардың  да  көңілін  көтерулеріне  жағдай  жасалғанына  таңырқап 
қалады».
Мұғалім: «Қазақстанда көп жылдар бойы ұмыт болған Наурыз мереке-
сі – Ұлыстың ұлы күні 1988 жылы бірінші рет мерекеленді. Сөйтіп, наурыз 
мейрамы  –  шығыс  халықтарының  мерекесі,  халықтың  жақсы  дәстүрі, 
адамдарды біріктіретін мереке қайта жаңғырды. Наурыз күндері халықтар 
арасында  бірлік,  тыныштық,  бейбітшілік  орнайтын.  Тіпті  бұл  күндері 
жауласып  жатқан  жақтар  соғысын  тоқтатып,  келісімге  келетін.  Ұлыстың 
ұлы күні адамдар бір-біріне реніштерін кешірген. Оған: «Ұлыстың ұлы күні 
алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген сөз дәлел».
Сабақ соңында оқушылар жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізеді.
Үйге тапсырма: §40. «Наурыз» тақырыбын оқып танысу, сұрақтар мен 
тапсырмаларға жауап беруге дайындалу. Мына сұрақтарға жауап дайындау: 
Қазақ  халқы  қандай  шаруашылықпен  айналысқан?  Қазақтар,  ұйғырлар, 
орыстар,  немістер,  т.  б.  өздерінің  ұлттық  мейрамдарын  қалай  өткізеді? 
Солар жөнінде әңгіме құрыңдар. «Қазақ шешендері» туралы 3–4 оқушыға 
хабарлама дайындап келу тапсырылады.
                             


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет