Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер


§41. Қазақтың шешендік өнері



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата16.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4230
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
§41. Қазақтың шешендік өнері
сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  қазақтың  шешендік  өнері,  Сырым 
Датұлы және басқа шешендер туралы мәлімет беру. Қазақ халқының шешен-
дік  өнерінің  дамуына  үлес  қосқан  шешендер  –  халқымыздың  мақтанышы 
екенін түсіндіру. Тарихи қайраткерлерге сипаттама беру біліктерін дамыту.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  иллюстрациялық  мате-
риалдар, бейне және аудиофильмнен үзінді. 
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар  және мұғалімнің қосымша сұрақтары 
бойынша өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Қазақтың шешендік өнері.
2. Сырым Датұлы шешендігі.

92
Жаңа материалды оқып-үйренуді түрлі нұсқада өткізуге болады. 
І  нұсқа  бойынша  бейне  және  аудиофильмнен  қазақтың  шешендері 
туралы  үзінді  көрсетіледі.  Оқулық  бойынша  «Тізбек»  ойыны  өткізіледі. 
Оқушылар оқулық мәтінімен өздігінше танысып, бірінен кейін бірі тізбектеп 
шешендік өнер, оның белгілі қайраткерлері туралы әңгімелейді. Осы әңгімені 
тиімді әрі ұтымды өткізу үшін, төмендегідей сауалдар бойынша сұрақтар 
қойылады. 
1. Шешендік өнер дегеніміз не?
2.  Қазақ  халқының  шешендік  өнерінің  дамуына  үлес  қосқан  қандай 
шешендерді білесіңдер? 
3. Шешендердің өмірі мен қызметі туралы әңгімелеп беріңдер.
4. Атақты шешендердің қандай туындыларын, еңбектерін білесіңдер?
5.  Шешендердің  қандай  еңбектері  және  айтқан  сөздері  сендерге  ерек-  
ше әсер қалдырды?
6. Шешендердің шығармаларында қандай тарихи оқиғалар сөз болады?
7.  Шешендер  туындылары  –  отаншылдыққа,  бірлікке,  достыққа, 
адалдыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке шақыратын маңызды еңбектер 
екенін дәлелдеңдер.
ІІ  нұсқа  бойынша  оқушылар  оқулық  мәтінімен  өздігінше  танысып, 
ондағы негізгі ойды дәптерлеріне жазады. Бірнеше оқушы шешендер туралы 
әңгімедегі негізгі ойды, жаңа сөздерді тақтаға жазады. Ойларын дәлелдейді. 
Шешендер  туралы  оқушылардың  алдын  ала  дайындаған  хабарламалары 
тыңдалып, жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
III  нұсқа  бойынша  оқушылардың  белсенді  тобымен  жұмыс  істеуге 
арналған  «Аквариум»  жаттығуын  жүргізген  тиімді.  Енді  осы  ІІІ  нұсқаны 
қарастырайық.
Оқушылар  дөңгеленіп  отырады.  Сынып  ортасы  бос  болғаны  дұрыс, 
өйткені  барлық  оқушылар  оқиғаның  қалай  өтіп  жатқанын  жақсы  көруі 
тиіс. Мұғалім сынып ортасына немесе тақта алдына өз қалаулары бойынша 
оқушыларды  шақырады.  Оларға  тапсырма  беріліп,  жаттығу  шарты  түсін-
діріледі.  Қалған  оқушылар  оқиғаны  бақылайды.  Соңында  жаттығуды 
талқылаған  кезде  бақылаушы  балалар  өз  әсерлерін,  ұсыныстарын,  кемші-
ліктерін, толықтыруларын айтады. 
Мұғалімнің  кіріспе  сөзі:  «Оқушылар,  бүгінгі  біздің  оқып-үйренетін 
тақырыбымыз «Қазақтың шешендік өнері» деп аталады. Қазақ – сөз қадірін 
білген халық. Шешендік сөздер ауызекі айтылып, ауызша таралған, халық 
жадында  сақталған.  Сөйтіп,  ауыздан-ауызға  өңдеу  мен  жөндеуден  өтіп, 
қысқарып, кейінгі ұрпаққа жеткен. Халықтың ойынан шыққан баталы сөз, 
ақылды ойлар, көркем де қисынды  пікірлер халықпен бірге жасап, үнемі 
жасарып, жаңарып отырған. Шешендік сөздердің ауқымы кең, мазмұнына 
қарай  әр  түрлі  мәселелерді  –  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты, 

93
халықтың көзқарасын, дүниетанымын, ел мен елдің арасында жүргізілетін 
келіссөздер,  халықтың  атақ-абыройын  қорғап,  даңқын  асыратын  сөздерге 
дейін қарастырады. 
Шешендік сөздердің шеберлігі сөз сайысында, елдің тағдыры сарапқа 
түсетін бітім келісімдерде, халық көп жиналатын астар мен  тойларда алқа 
топтың алдында бағаланған. 
Белгілі қазақ шешендері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би дау-жанжалды 
шешетін,  ел  бірлігі  мен  жердің  тұтастығы  мәселесін  көтерген  билер.  Әз-
Тәуке хан тұсында осы үш би бастаған «Билер кеңесі» бекіткен «Жеті жарғы» 
әдет-құқықтық заңы жасалды.  Олар халықтың тәуелсіздігі мен тұтастығы 
үшін ақылы мен күш-жігерінің, өмірлік мол тәжірибелерінің арқасында көп 
жұмыстар атқарды. 
Шешендер  халқының  бақытты  шақтарын,  қуанышы  мен  күйінішін 
жырлаған, туған елге қатер төнген сәтте ел намысын жаныған, халықтың 
көкейіндегісін  айтып,  әділет  жоқшысы  болған.  Жоңғар  хандығының 
басқыншылық  шабуылдарына  қарсы  қазақ  халқының  ұзақ  жылдарға 
созылған  азаттық  күресімен  байланысты  көптеген  батырлар  жырлары, 
шешендік  сөздер  дүниеге  келгені  мәлім.  Сондай  дауалы  сөздің  бірі 
Қаздауысты Қазыбек бидің қалмақ ханына айтқаны ел жадында сақталған.
«– Өзің жөніңді айтшы, атың кім? – депті хан.
– Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, халқым – қазақ, руым – қаракесек, – 
деп жауап беріпті.
–  Даусың  қаздың  даусындай  қаңқылдап  тұр  екен,  ал,  датыңды  айт-       
шы, – депті хан. Сонда Қазыбек:
– Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан 
елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын 
деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан 
сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген 
елміз.  Асқақтаған  хан  болса,  хан  ордасын  таптай  білген  елміз.  Атадан  ұл 
туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. 
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, 
қарпысқалы  келгенбіз,  сен  темір  болсаң,  біз  көмір,  балқытқалы  келгенбіз. 
Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы 
келгенбіз.  Танысуға  көнбесең,  шабысқалы  келгенбіз.  Жаңа  үйреткен  жас 
тұлпар жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. 
Берсең, жөндеп бітіміңді айт, бермесең, дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын 
жеріңді айт! – депті. Сонда Қоңтәжі не дерін білмей отырып қалыпты». 
Қазыбек  би  қалмаққа  үш  рет  елші  болып  барған  екен,  соның  бірінде 
қазақ  елін,  тозығын  жеткізе  шабуға  дайындалып  жатқан  қалмақ  ханы 
Қазыбек бидің сөзінен кейін райынан қайтып, тоқталған екен. 

94
Балалар!  Сендер  өздеріңді  тарихи  оқиғаға  қатысушымын  деп  са-
наңдар.  Жаттығуға  белсенді  қатысушы  4–5  оқушы  сыныптың  ортасында 
отыр.  Оларға  билік  айту  құқығы  берілген.  Балалар!  Сендердің  айтатын 
шешендік сөздеріңе, қойылған сауалдарға берген жауаптарыңа байланысты 
халықтың тағдыры (сыныптағы басқа оқушылар) шешілуі тиіс. Сондықтан 
әр сөзді ойланып, ақылға салып, сенімді, көңілге қонатындай, қажет болса 
санамызды  толқытып,  тебірентіп,  шабыттанып  қуантатындай,  қайғысына 
мұң жамайтындай әсерлі баяндауға тырысыңдар. 
«Аквариум»  жаттығуына  қатысушы  белсенді  балаларға  сөйлейтін 
сөздеріне  дайындалуға  (жазып  алуға  болады,  сосын  тезис  түрінде)  2  ми-
нут  беріледі.  Әрбір  қатысушы  оқушының  шығып  сөйлеуіне  2  минут, 
оппоненттерге  не  «халықтың»  сұрақтарына  жауап  беруге  тағы  1–2  минут 
беріледі. Жаттығуға белсенді қатысушы 4–5 баланың барлығы сөз сөйлеп, 
сұрақтарға жауап қайтарған соң, «халық» (дөңгеленіп отырған бақылаушы 
оқушылар) кімге және не үшін дауыс беретінін шешеді. 
Жаттығу аяқталған соң талқылау өткізіліп, қорытынды жасалады. 
Жалпы  бұл  жұмысқа  белсенді  қатысушыларға  алдын  ала  тапсырма 
беріп, дайындықпен келгені дұрыс. 
Талқылау барысында белсенді оқушыларға мынандай сұрақтар қойып, 
мәселені ашуға көмектесу керек: «Жаттығуға дайындалуға уақыт жетті ме? 
Әлде көбейту керек пе, жұмыс істеуде не көмектесті, не кедергі жасады? Өз 
ойыңды  жеткізгенде  қандай  сезімде  болдың?»  Бақылаушыларға:  «Кімнің 
сөйлеген сөзі анағұрлым дәлелді, көркем, сенімді, әсерлі болды? Шешеннің 
сөзіне  байланысты  кім  өз  шешімін  өзгертті?  Сен  неліктен  шешіміңді 
өзгерттің?» деген сұрақтар қойылуы заңды үрдіс. 
Көпшілік  дауыспен  шешім  шығарылады.  Сабаққа  мұғалім  қорытын-  
ды жасайды.   
Үйге  тапсырма:  §41.  «Қазақтың  шешендік  өнері»  әңгімесін  оқып 
танысып,  сұрақтар  мен  тапсырмаларға  жауап  дайындау.  Қазақ  халқы  мен 
республикада  тұратын  басқа  халықтардың  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрыптары 
туралы барлық оқушыларға дайындалып келу тапсырылады. Оқушыларға 
әдебиеттер тізімі беріледі. Бұл материалдар §42 тақырыпты оқып-үйренгенде 
пайдаланылады.
§42. дала музыкасы
сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  саз  өнері,  композиторлар  ту ралы 
түсінік  беру.  Құрманғазының  өмірімен,  қызметімен  таныстыру.  Ком-
позиторлар – ел мақтанышы екенін түсіндіру. Өнер адамдарына деген құр-
мет  сезімін  тәрбиелеуге  көмектесу.  Тарихи  қайраткерлерді  сипаттай  білу 
біліктерін одан әрі дамыту.

95
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейне және аудиофильм-
дер, электронды оқулықтан үзінді. 
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Музыка өнері.
2. Композиторлар.
3. Қорқыт ата.
4. Құрманғазы.
Жаңа материалды оқып-үйрену белгілі композиторлар шығармаларынан 
музыкалық үзінді беруден басталады. 
Мұғалім: Балалар, бүгін біз қандай тақырыпты оқып-үйренеміз?
Оқушылар: Дала музыкасы жайлы.
Мұғалім:  Музыка  өнері  дегеніміз  не?  Сендер  қандай  атақты 
композиторларды білесіңдер? Кім домбыра тарта алады? Кім қандай күйді 
(музыканы) орындай алады? Ол не туралы? 
Мұғалім  қысқаша  әрі  әсерлі  түрде  қазақ  халқының  саз  өнері  туралы 
баяндайды.  Қорқыт  ата  туралы  қосымша  материал  пайдалану  сабақтың 
тәлімдік-тәрбиелік мәнін арттыруға көмектеседі. 
Қосымша материал:
«Қорқыт  (VIII–ІХ  ғғ.)  –  атақты  жырау,  дарынды  күйші,  кемеңгер 
ойшыл.
Кітапта: «Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болып-
ты. Тәңір зердесіне салған соң, оның барлық болжамдары қатесіз болған... 
Оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай 
ғана қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол 
ұрмаған.  Ел  оның  барлық  өсиетін  (билігін)  бұлжытпай  орындаған»  деп 
жазылған. 
Дана ақылгөйдің мынандай нақыл сөздері бізге жетті: «Анадан өнеге 
көрмеген қыз жаман, атадан өнеге алмаған ұл жаман», «Ата даңқын шығарып, 
өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», «Өтірік сөз өрге баспайды». 
Ол – күй атасы. Қорқыт күйлері: «Қорқыт», «Аққу», «Желмая», «Елім-
ай,  халқым-ай»,  «Сарын»  және  басқалар.  Қазақ  халқы  Қорқыт  күйлерін 
қазіргі күнге дейін сақтап жеткізе білген.
Қорқыт  атаға  арналып  1980  жылы  Қызылорда  облысының  Жосалы 
станциясынан  18  шақырым  жерде  архитектуралық  ескерткіш  орнатылған. 
Қобыз атасы, жыршы, бақсылардың қамқоршысы атанған Қорқыт атамызға 
арналған  бұл  ескерткіштің  авторлары  –  архитектор  Б.А.  Ыбыраев,  физик 
С.И. Исатаев. Ескерткіштің биіктігі 8 метрлік 4 тік көктастан тұратын темір-
бетоннан жасалған. Жоғары жағынан аузы кең, 40 металл түтіктен жасалған 

96
4 қобыздың біріктірілген бейнесі.  Жел соққан кезде одан қобыз сарынымен 
үндес дыбыс шығады. 
1998 жылды барша түркі мәдениеті мен білімін нығайтуды қолға алған 
Түрік  СОИ  ұйымы  «Қорқыт  ата  жылы»  деп  жариялады.  Халықаралық 
ЮНЕСКО  ұйымы  Қорқыт  бабамыздың  1300  жылдық  тойын  бүкіл  дүние 
жүзінде атап өтті. Қызылорда мемлекеттік университеті Қорқыт ата атында. 
Қорқыт  атаға  арналған  еңбектер  тек  елімізде  ғана  емес,  сонымен  қатар 
Түркия,  Әзірбайжан,  Ресей  ғалымдарында  да  бар.  Қорқыттың  мұралары, 
күйлері ұрпақтар есінде мәңгі сақталатындай мағлұматтар көп».
Оқушылар  оқулық  мәтінімен  танысып,  төмендегі  кестені  әркім 
өздігінше толтырады. 
Кесте: дала композиторлары
№ композитор дың 
аты-жөні
өмір сүрген 
жылы
Шығар-
малары 
оның еңбегінде 
қандай мәселелер
жырланды
1
Оқушылар ауызша жауап береді, үшеуі тақтадағы кестені толтырады. 
Басқалары кемшілігін анықтап, түзетеді. 
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §42. «Дала музыкасы» әңгімесімен танысып, 2–3 оқу-
шыға ақын-жыраулар туралы хабарлама дайындап келу тапсырылады.
§43. халық ауыз әдебиеті
сабақтың  мақсаты:  оқушылардың  халықтың  ауыз  әдебиеті,  мақал-
мәтелдері, эпостары, нақыл сөздері туралы түсініктерін тереңдету. Халықтың 
шығармашылық өнерін ашып көрсету арқылы мәдениет саласында жұмыс 
істейтін адамдарға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеуге көмектесу. Тарихи 
еңбектерден,  ауыз  әдебиетінен  алған  білімдерін  сабақта  пайдалана  білу 
біліктерін дамыту. 
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  бейне  және  аудиофильмнен 
үзінді, иллюстрациялық материалдар. 
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақ-тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.

97
2. Эпос.
3. Мақал-мәтелдер.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  барысында  оқушылардың  бастауыш 
сыныпта «Ана тілі» пәнінен алған қазақтың ауыз әдебиеті, мақал-мәтелдері, 
өткір сөздері туралы білімдері еске түсіріледі.
Мұғалім жоспардағы негізгі мәселелерді ашып көрсетеді. Ауыз әдебиеті 
шығармаларынан,  қазақтың  мақал-мәтелдерінен,  аудиофильмнен  үзінді 
пайдаланылады. 
Оқушылар 3–4 топқа бөлініп, оқулықтың әр тақырыпшасымен (ертегі-
лер, аңыз әңгімелер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар, мақал-мәтел-
дер, т.б.) өздігінше танысып, дәптерлеріне кестені толтырады.
Бұл  кесте  тақтаға  жазылады.  Оқулықпен  өздігінше  жұмыс  аяқталған 
соң,  әр  топтағы  бір  оқушы  шығып  тақтадағы  кестені  толтырып,  ойын 
қорытындылайды. 
Кесте: «Қазақ халқының ауызша шығармашылығы» 
р/с
Қазақ халқы-
ның ауыз 
әдебиетіне  
не жатады?
Эпос дегеніміз 
не? Эпостық 
шығармаларды 
атаңдар
мақал-
мәтелдерге  
не жатады?
аңыз-
әңгімелерге  
не жатады?
1.
2.
3.
Жұмыс дәптерімен, жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге  тапсырма:  §43.  «Халық  ауыз  әдебиеті»  әңгімесімен  танысып, 
сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу. Қазақтардың баспанасы, ең-
бек құралдары, киім-кешектері, ұлттық тағамдары туралы иллюстрациялық 
материалдар  және  оқушылардың  өздері  салған  суреттерін    §45  оқып-
үйренуге дайындап келу.
§44. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен наным-сенімдері
  
сабақтың  мақсаты:  оқушыларды  қазақ  халқының  дәстүрлерімен, 
наным-сенімдерімен  таныстыру.  Халықтың  салт-дәстүріне,  әдет-ғұрпына 
деген  құрметтеушілік  сезімдерін  тәрбиелеу.  Оқушылардың  оқулықпен 
өздігінше жұмыс істеу біліктерін одан ары дамыту жұмысын жалғастыру. 

98
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  электронды  оқулық,  бейне-
фильмнен салт-дәстүрлер бейнеленген сюжеттен үзінді.
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақ-тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
2. Қазақ халқының сенім-нанымдары. 
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  мұғалімнің  түсіндірмелі  әңгімесінен 
басталады.  Электронды  оқулық  негізінде  және  бейнефильм  арқылы 
қазақ  халқының  салт-дәстүрі  мен  сенім-нанымдары  туралы  материалды 
пайдалану  тақырыпты  әсерлі  де  түсінікті  меңгеруге  көмектеседі.  Содан 
кейін пайдаланылған үзінді негізінде оқушылармен төмендегідей сауалдар 
бойынша әңгімелесу өткізіледі: Қазақтардың қазіргі күнге дейін сақталған 
қандай  салт-дәстүрлерін  білесіңдер?  Басқа  ұлттардың  қандай  салт-дәс-
түрлерін  білесіңдер?  Салт-дәстүр  деген  сөзді  қалай  түсінесіңдер?  Отқа 
табыну деген не? 
Бұл  сабақта  «Халықтардың  әдет-ғұрпы  мен  салт-дәстүрлері»  атты 
үлкен шеңбермен жұмыс жүргізіледі.
Бұл  жаттығу  ойдағыдай  өту  үшін  алдын  ала  §39  тақырыпты  оқып-
үйрену  барысында  үйге  тапсырма  беріледі.  Оқушылардың  барлығы 
дайындалып  келуі    үшін  қажетті  әдебиет  тізімі  беріліп,  не  туралы  айту 
керектігі, ата-аналардан білетіндерін жазып алуы туралы нақты нұсқаулар 
беріледі. Мәселен, §40–42 тақырыптарын оқып-үйрену барысында, не сабақ 
соңында оқушылардың есіне салып, түсінбеген жерлерін түсіндіріп, өзінде 
бар қосымша материалдарды оқушыларға беріп, осы жаттығуға дайындық 
жұмыстары жүргізіледі.
Жаттығу  басталмас  бұрын  мұғалім  тақтаға  «Алтын  ережелер»  деп 
аталатын  жаднама  іледі.  Мұғалім  оқушылардың  бір-бірінің  сөзін  тыңдап, 
қайталамай,  сөзін  бөлмей,  кезекпен  сөйлеуі  қажеттігін  тағы  бір  рет 
ескертеді.
Оқушылар үлкен шеңбер құрады. Сөйтіп, бірінен кейін бірі кезектесіп 
қазақ халқы мен республикада тұратын басқа халықтардың әдет-ғұрыптары 
мен  салт-дәстүрлері  туралы  оқығандарын,  өздері  тікелей  қатысқан 
мерекелерді, дәстүрлерді, ата-аналардан естігенін баяндайды.
Оқушылардың  қысқа  және  негізгілерін  айтуына  1–2  минут  уақыт 
беріледі. Бірінші оқушы сөзін аяқтаған соң келесі оқушы айтады, барлығы 
үлгергенше жалғаса береді.
Оқушылардың  жауаптарын  мұғалім  толықтырып,  қателерін  түзеп, 
қорытынды жасайды.

99
Содан  кейін  оқушыларға  «Дұрыс  жауабын  тап»  деген  тапсырма  бе-
ріледі.  Бұл  жұмысты  дұрыс  орындау  үшін,  оқулықпен  өздігінше  жұмыс 
жүргізіліп, кесте толтырылады.
Кесте: дұрыс жауабын тап
І
ІІ
1) Бір Аллаға сыйынады
2) Пұтқа табынады
3) Отқа табынады
4) Құдай суретіне сыйынады
1) Тәңір
2) Будда
3) Христиан
4) Ислам
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге  тапсырма:  §44.  «Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері  мен  наным-
сенімдері»  әңгімесімен  танысу  және  оқулықтағы  сұрақтар  мен  тапсырма-
ларға дайындалып келу.
         
§45. материалдық мәдениет
сабақтың  мақсаты:  оқушылардың  қазақ  халқының  материалдық 
мәдениеті:  баспанасы,  киім-кешегі,  тұрмыстық  заттары  мен  кәсібі  туралы 
түсініктерін одан әрі кеңейту. Материалдық мәдениет жасаушы адамдарға 
деген құрмет сезімін тәрбиелеуге көмектесу. Оқушылардың иллюстрациялық 
материалдан алған білімдерін пайдалана алу біліктерін дамыту. 
пайдаланылатын көрнекі құралдар: иллюстрациялық материалдар, 
электронды оқулық, бейнефильмнен үзінді.
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Қазақ халқының материалдық мәдениеті.
2. Баспанасы. 
3. Киім-кешегі.
4. Тұрмыстық заттары.
5. Кәсібі.
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  оқушылардың  өткен  сабақта  алған 
білімдерін  пайдалануға  негізделіп  жүргізіледі.  Әңгімелесуге  арналған 
сауалдар:
1.  Қазақ  халқының  баспанасы  қандай  болды?  Оны  неден  және  қалай 
жасады?
2. Қазақтардың ұлттық киім-кешегі туралы не білесіңдер? 
3. Қазақтар тұрмыстық заттардан нені пайдаланды? 
4. Қазақтар қандай кәсіппен шұғылданды?

100
Бейнефильмнен  қазақтардың  баспанасы,  тұрмысы,  кәсібі  туралы 
үзінді  пайдаланылады.  Бейнефильм  бойынша  мұғалім  қойған  сауалдарға 
оқушылар жауап береді.
Сабақта  «Қазақ  халқының  баспанасы,  еңбек  құралдары,  киім-кешек-
тері,  ұлттық  тағамдары»  деп  аталатын  конкурс  өткізіледі.  Бұл  тапсырма 
нәтижелі өту үшін, мұғалім оқушыларды қалауы бойынша 4 топқа бөліп, 
тапсырма  береді.  Әр  топтың  оқушылары  иллюстрациялық  материалдар, 
өздері  салған  суреттер  және  қысқаша  мазмұнды  хабарламалар  дайындап 
келеді.  Осы  дайындаған  материалдары  бойынша  3–5  минутта  сипаттама 
беруі керек.
Алдымен  мұғалімнен  және  тарих  пәніне  деген  ынтасы  жоғары 
балалардан  әділқазылар  алқасы  құрылады.  Олар  топтағы  оқушылардың 
жауаптарын мұқият тыңдап, жұмысына баға беріп, қорытындылайды.
Бірінші топтың 1 не 2 оқушысы бір-бірін толықтырып, қазақ халқының 
баспанасы  туралы  баяндайды.  Иллюстрациялық  материалдарын,  салған 
суреттерін іліп қойып, оларды әңгімесінде пайдаланады.
Екінші  топтың  2  оқушысы  –еңбек  құралдары,  үшінші  топтың  2  оқу-
шысы – киім-кешек, төртінші топтың 2 оқушысы – ұлттық тағамдар туралы 
баяндайды.
Әділқазылар алқасы оқушылар суреттемесінің есте қаларлықтай әсер-
лі, қысқа, мазмұнды айтылуын қадағалайды. Бір топтың оқушылары қабыр-
ға  газетін  дайындап  келуі  де  мүмкін.  Оны  атап  өтіп,  пайдаланғаны  жөн. 
Оқушылар  мен  мұғалімнен  тұратын  әділқазылар  оқушылардың  жұмысы 
бойынша жасалған конкурстың шешімін айтады, қорытынды жасайды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге  тапсырма:  §45.  «Материалдық  мәдениет»  әңгімесімен  танысу, 
сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу. 
§46. ііі бөлім бойынша қорытынды қайталау сабағы
сабақтың  мақсаты:  оқушылардың  қазақ  халқының  ағартушылары, 
ғалымдары,  ақын-жазушылары,  композиторлары,  салт-дәстүрлері  мен 
наным-сенімдері, кәсібі мен тұрмысы, тамаша сәулет өнерінің ескерткіштері 
туралы білімдерін тексеру. Бұл сабақта оқушылардың мынандай қорытынды 
жасауына көмектесу қажет: 
1. Халық өз еңбегімен ел байлығын жасады және  арттыра түсті. Қазақ 
халқының мәдениеті халықтың ең үздік өкілдерінің еңбегімен, дарынымен 
жасалды.
2.  Халық  өз  елін,  жерін  шексіз  сүйді  және  оны  шетелдік  басқыншы- 
лардан ерлікпен қорғады. 

101
3. Керемет кесенелер, ғимараттар жасалды. Қазақ халқының дамыған 
ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері мен наным-сенімдері болды.
Оқулықтағы  тақырыптарға  берілген  жинақтап-қайталауға  арналған 
сұрақтар  бойынша  әңгіме  өткізіледі.  Оқушылардың  өздік  жұмыстарын 
дамытуға  септігін  тигізетін  тапсырмалар,  кесте,  викторина,  кроссворд 
шешіледі.
Оқушылар өздігінше кесте толтырады.
Кесте:  хіх ғасырдың бірінші жартысындағы ағартушы ғалымдар 
аты-жөні 
еңбектері 
оның маңызы 
4.  Халық  неліктен  ойшыл-ғалымдар,  ақын-жазушылар,  әнші-компо-
зиторларды ғасырлар бойы естен шығармай, мақтан етеді? 
5.  Төмендегі  тізімнен  ХVІІІ–ХІХ  ғасырларда  Қазақстан  мәдениетінің 
дамуына үлес қосқан атақты қайраткерлер, жырау, композиторлар, ақындарды 
табыңдар:  Бұқар  жырау,  Асанқайғы,  Қорқыт  ата,  Дина  Нұрпейісова, 
Құрманғазы, Абай, Ахмет Байтұрсынов. Олар жайлы әңгімелеп беріңдер. 
6.  Оқулықтан,  әдебиет  пәнінен,  сабақтан  тыс  алған  білімдеріңді 
пайдалана  отырып,  ақын,  жыраулардың,  композиторлардың  өмірі  мен 
қызметін сипаттап беріңдер. 
5. «Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне ойша саяхат» деген тақырыпта әң-
гіме құрастырыңдар. 
6. «Шоқан Уәлиханов – ғалым», «Ы. Алтынсарин – ағартушы педагог», 
«Абай  Құнанбайұлы  –  ұлы  ақын»  деген  тақырыпта  хабарлама  дайындап 
келіңдер.
7.  «Сырым  Датұлы  –  шешен»  деген  тақырыптың  күрделі  жоспарын 
құрыңдар. 
8.  Өздеріңді  бір  сәт  Наурыз  мерекесінде  жүрмін  деп  елестетіңдер.  
Нау рыз  мерекесінен  не  көрдің,  не  білдің?  Қандай  әсер  алдың?  Сурет-
теңдер.
9. Қазақ халқының киіз үйінің суретін салыңдар. Оны қалай жасайтыны, 
неден тұратыны туралы әңгімелеңдер. 
10.  «Қазақ  халқының  ұлттық  киімдері»  атты  қысқаша  шығарма 
жазыңдар. 
11. Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері туралы не білесіңдер?
«Қазақстанда  ең  бірінші»  атты  тарихи  калейдоскоп  турнирін 
өткізген тиімді.
1. Тұңғыш ойшыл, дана, ғұлама?

102
2. Алғашқы ғалым саяхатшы?
3. Тұңғыш ұстаз-ағартушы?
4. Жазба әдебиеттерінің негізін салушы?
5. Қазақстан жерін ертеде мекендеген тайпалардың діні?
«сен білесің бе?» атты жаттығу жүргізіледі:
1. Қазақтардың баспанасы туралы не білесіңдер?
2. Қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?
3.  X–XV  ғасырлардағы  қандай  тарихи-мәдени  ескерткіштерді  біле-
сіңдер?
4. Қазақтардың қандай күйші-композиторларын білесіңдер?
5.  Қазақстан  жерін  мекендеген  көшпелілердің  қандай  діндерін  біле-
сіңдер?
Үйге  тапсырма:  қайталауға  байланысты  оқулықтағы  сұрақтар  мен 
тапсырмаларға дайындалып келу тапсырылады.
іV Бөлім.  хх ҒасырдаҒы ҚазаҚстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет