қызды
бермейтін болған.
Міне, қызды алу үшін оның үйіне қызмет ету дэстүрі - қалың малдың
ең ескі, алғашқы түрі десе болады. Қызды осылай «сатып» алу әдісі — ер-
тегілердегі қыз экесінің жігітке қиын шарттар қою мотивінің арғы түбірі,
көне төркіні. Жэне жігіттің ол шарттарды еш сөзге келмей орындайты-
ны - да сол дәстүрдің көмескі сарқьшшағы. Әлбетте, бұл өте ескі дәстүр
жэне ол фольклорда сол қалпында емес, озгерген түрде көрініс береді,
себебі ол дэстүрдің өзі өмірден өшкен. Сөйтіп, болашақ күйеу баланың
қалыңдықгың үйіне, руына атқарған істері енді ертегіде болашақ қайын
атаның жігітке орындалуы өте қиын тапсырмаларына айналады, яғни
бұл жерде фольклорлық поэтика эсер етеді. Енді ертегідегі тапсырмалар
- жігітті сынау болып қабылданады. Бұл эпосқа да енеді.
Қозы Көрпештің айттьфылған қызы - Баянды іздеп, оның ауылына
басқа кейіпте, таньшмай келуі, Қарабаидың малын бағуы, ақыр аяғында,
Қарабай мен Қодарды жеңіп, сүйгеніне қосьшуы, сол елді билеп, бірнеше
жьш тұруы - көркем эпостың поэтикасына сәйкес көрсетіліп, оның эдемі
композициялық желісіне арқау болған. Әлбетте, бұдан «Қозы Көрпеш -
Баян Сұлу» жыры - ертегі екен деген ой тумауға тиіс. Бұл жерде эңгіме,
біріншіден, түпкі сюжеттің тым көне екендігі жэне ол сюжет эу баста
әңгіме-ертегі түрінде баяндалғандығы туралы болып отыр. Оте ерте за-
манда туган әңгіме-ертегі бірте-бірте эпосқа айналған. Ол ұзақ уақыт аса
күшті эпикалық дәстүрдің құшағында болғандықтан эпос жанрының ең
235
басты қасиеттерін бойына сіңірген, сөйтіп, орта ғасырларда әдемі жырға
айналган. Жігіттің үйленуі туралы ежелгі сюжет батырлық мәндегі емес, екі
жастың сүйіспеншілігіне арналған, ғашыктық мәндегі жырга айналған.
Сөз жоқ, бүл жырдың тууы оп-оңай болған жоқ. Ол үзақ уақытты
қажет етумен бірге сыртқы жаулармен үдайы соғыс жүріп, тек батырлықгы
дэріптегензамандаерліктіайтпай.махаббатсезімінжырлаубелгілідэрежеде
алғашқы авторлар мен жыршылардан батылдықгы эрі шеберлікті талап ет-
кен еді. Оның үстіне адамның отбасы мен некесіне арналған жыр шығару
да сол дәуірдегі қоғамда ашық айтыла қоймайтын жеке бастың еркіндігі
мәселесін көпшілік алдына жайып салумен бірдей болатын. Мүның өзі он-
дай жырды жүртшылық қалай қабылдайды деген де сауал туғызуы мүмкін
еді. Жас жігіттің үрыста ерлік көрсетудің орнына жеке басын күйттеп, қыз
іздеп, сергелдеңге түскенін жэне қыз бен жігіттің қиындықгарға қарамай,
бір-бірін сүйіп, махаббат үшін күрескенін баяндайтын жырды тарату үшін
алғашқы авторлар мен жыршылар сол заман ауанына сәйкес көркем шешім
тапқан. Олар екі жастың өз бақыты үшін күресін - олардың әкелерінің ан-
тын орындау үшін күрес етіп көрсеткен. Яғни Қозы мен Баянның тағдыры,
олардың өзі элі тумай тұрғанда, Сарыбай мен Қарабайдың ежелден келе
жатқан ежеқабыл салтЫ бойынша қүда болып серттескен сәтте шешілген
еді, ал, Қозы мен Баян осы салтты орындаушылар ғана деген мэндегі жыр
етіп шығарған. Осының арқасында жыр әлеуметтік-имандылық пробле-
маларын жэне жеке адамның бас бостандығы мен махаббат еркіндігі ту-
ралы идеяларды ашық айта алған. Осылай жігіттің үйленуі туралы ежелгі
ертегі таза махаббат жайындағы үлкен романдық эпосқа айналған және өз
уақытының қоғамдық, әлеуметтік мәселелерін қамтып, өмір шындығын
біршама дәлдікпен суреттей алған. Екінші сөзбен айтқанда, «Қозы
Көрпеш - Баян Сүлу» жыры - нағыз керкем туынды болып шыққан, алай-
да, бүл жолда ол талай озгеріске үшырап, жөндеулерден еткен. Мүхтар
Әуезов: «Бізге мэлім болған «Қозы Керпеш - Баян Сүлу» жырларының
кейбір варианты - ерте заманның өзіне байланысты айтылса, енді біреу-
лері бергі ХУІП-ХІХ ғасырда өңделіп, жаңғырған. Және кейде «ноғайлы»
деген ескі атаулары жойылып, оның орнына Кіші жүздің Шеркеш руы,
не Орта жүздің Бағаналы (Найман) руларының аттары аталады. Бірақ бұл
нүсқалардың қай-қайсысын алсаңыз да, алғашқы сюжет асылы - біреу.
Әр дэуірдің, эр жердің ақындары өз өртасындағы тыңдаушыларының
ыңғайына тартқанымен, өньің негізгі мазмүны, өқиға желісі бір арнаға са-
яды» [ 6 ] деп жазады.
V
'
‘
,
¥лы Мүхаң бір эпөс туралы ғана айтып отырса да, жалпы фоль-
клор теориясының бірнеше зандылығын қамтып кеткен. Оның бірі
-
фольклорлық процестің ерекшелігі. Яғни бірде-бір фолыслорлық
шығарма кейінгі ұрпаққа сол алғашқы қалпында жетпейді, оның түпкі
сюжеті сақталады, бірақ ауыздан-ауызға көшкенде оқиға күңгірт тартады.
Қоспалар көбейеді, айтушылардыңөй-пікірі енеді немесетыңдаушьшардың
талабы ескеріледі. Екінші заңдылық - фөльклөрда болатын тарихи
236
тұтастану (^иклизация^. Мұндай тұтастануда эр дэуірдің шындығы, фак-
тісі, оқиғасы, адамдары араласып кетеді. Себебі эр дэуір мен қоғамның
талабы бойынша бұрынғы шығарма қайта жаңғырып орындалады да, сол
шақтағы көкейкесті делінетін қажеттіліктер шығармаға енеді, сөйтіп, не
ескіні ығыстырады, не өзғертеді, не қатар пайдаланады. Мұхаң айтып
отырған «ноғайлынын» ығысып кетуі осьщан. Үшіншісі -Ч ^щ аф н яд ьіқ
тұтастану. Әдетте, ‘йсырдкің өзінщ ареЗлвд болады, оқиға белгілі бір өлкеде
өтеді. Сонымен қатар жырщылар өзі жүрғен жерлерді, немесе озінің ру-
тайпасы мекендеғен аймақты, я болмаса тьщдаушылардың олкесін қосып
отыруға тырысады. Осылай кейде бір шығарманың болек варианттарында
кейіпкердің іс-эрекеті тұрақты ареалдан басқа да жерде отіп жатады.
Осы айтылған фольклор заңдылықтар «Қозы Корпеш - Баян Сұлу»
эпосында да бар. Оның үстіне мүнда фольклорға тэн ғүмырнамалық та
тұтастану айқын, яғни шығармада бас қаһарманның туғанынан бастап
қаза болғанына дейін, яғни оның бүкіл ғүмыры қамтылады. Тіпті Қозы
мен Баянның омірге келуіне дейінгі жағдай, яғни перзентсіз екі қарияның
тағдыры баяндалады, ал мұны ғылымда «пролог» деп атайды. Бүп мо-
тив дүниеге келетін кейіпкердің ерекше адам болатынын, оның қүдайдан
тілеп алған бала екенін корсету үшін пайдаланылады. «Қозы Көрпеш»
жырының кейбір варианттарында эпикалық фольклордың тағы бір дәстүрі
қолданылады. Ол - Қозы мен Баянның арманына жетіп, олардың Күлеп
деген баласы болғанын әңгімелейтін эпилогтың болуы. Міне, осының бэрі
«Қозы Корпеш - Баян Сұлу» жыры біздің дэуірімізге жеткенге дейін та-
лай өзгеріп- өнделгенін, шыңдальш-шымырланғанын корсетеді. Бұл ойы-
мызды Мүхтар Әуезовтің мына создері тамаша қуаттайды. Абай туралы
айта келіп, Мұхаң былай деп жазады:
«Белгілі энші-күйші емес, жэй орташа аіһушыларға да халық жырларын
немесе өз түсьшдағы ақындар жазған дастандарды жырлатып отырады.
Топай Бейсембай деген ақьшға «Қозы Корпешті» Жанақ үлгісімен
жырла деп тапсырады. Бірақ бар олеңін бір қалыпта әуенмен айту жол
емес деп, Қарабай, Қодар, Тазша, Сақау қатын, Баян, Қозы - барлығына
кей сөздерін өз әуенімен айтқызатьш болады» [7].
Осылай Абайдың нұсқауымен жырланған «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»
жырының бір вариантын Мұхтар Әуезов 1936 жылы жарыққа шығарады,
ал енді бір варианты Г.Н. Потаниннің қолына түседі. Оның түпнұсқасы
Томск университетінің кітапханасьшда сақтаулы. Мұның мәтіні тұңғыш
рет 1972 жылы «Казахский фольклор в собрании Г.Н. Потанина» атты
жинақга қысқартылып басылды. Толық күйде ол 1988 жылы біршама ре-
дакцияланып жарияланды. Өкінішке қарай, осы нұсқаны кейбір зерттеу-
шілер Абайдың өзі жазган деп жүр. Олай емес. Дүрысында, ол Абайдың
тапсырмасымен қайта жырланып, жазылып алынған. Қанша әдемі деген-
мен бүл жыр Абайдың стиліне келмейді.
Сонымен, біз оқып жүрген «Қозы Керпеш - Баян Сұлу» жыры
— ұлттық фольклорымыздың ең асыл маржандарының бірі, бірақ бұл
237
қалыпқа ол бірден жетпеген. Оның ең алғашқы түп сюжеті ауызекі әңгіме
немесе аңыз, яки ертегі түрінде айтылып, фольклорлық түтастану процесі-
не У-УІ гасырларда түскен болу керек. Оның поэзиялық шыгармага айна-
ла бастауы ХІ-ХІІ гасырларга, ягни қыпшақ дэуіріне түспа-түс келеді. Бүл
сюжетгің (эр жанрлық түрде болса да) тек қыпшақ тілді түркі жұртында
сақгалуы соны айгақтайды. Үлкен жыр, я болмаса батырлық ертегі
үлгісінде орындалган кезі — Алтын Орда заманы деп топшылауга болатын
тәрізді, өйткені жырдың барлық үлттық версиялары осы мемлекетгің не-
гізін қүраган халықгардан табылганы белгілі. Ал, көне сюжеттің көлемді
эпикалық туындыга айналуы ХУІ-ХУІІ гасырларда, Қазақ хандыгы
түсында жүзеге асқан да, ол осы күнгі қалпына ХУІП-ХІХ гасырларда
келіп, классикалық эпос болып қалыптасқан.
Классикалық эпос болганда да оның ең лирикалық түрі — гашықгық
жыр үлгісінде дамып, соган тэн барлық қасиетті бойына дарытқан. Мүнда
нагыз өнерге лайық ширатылган сюжет, қызгылықгы мазмүн, сомдалган
образдар, шиыршық атқан конфликт, жүйелі композиция, кестеленген
өрнекті тіл бар, ягни бүл шыгарма - болмысты көркем түрде бейнелеген
таза соз өнерінің туындысы болып шыққан. Бір гажабы - бізге жеткен
нүсқалардың біразында жалпы фольклорда, соның ішінде эпоста көп кез-
десе бермейтін кейіпкерлердің есіп-жетілу динамикасы мен ішкі сезімдері
көрініс тапқан. Мүны Қозы мен Баянның бейнелерінен айқын көруге бо-
лады. Олардың туганнан кейінгі гұмыры батьфлық эпостагыдай сурет-
телмейді. Екеуі де «сагат сайын» өспейді, жастайынан ересен қимылга
бармайды 1 Қозы өзі қатарлы балалармен асық ойнап өседі, кәмелетке
жеткенде гана Баян туралы естіп, есейгенін сезеді. Баян да он төрт жасқа
дейін ештеңе ойламай, еркелеп өседі, тек он төртке толганда гана Ай мен
Таңсықтың айтуынан Қозыға деген сезімге беріледі.
Жырда Қозы мен Баянның бір-біріне деген махаббаты да бірден лап
ете түспейді. Олардың сүйіспеншілігі өрбу, күшею үспнде көрсетіледі.
Қозы алғаш рет анасынан Баянның өз қалыңдығы екенін естігенде, ол бір-
ден ғашық болмайды. Бірақ оны іздеп шығады, себебі ол қыз - Қозының
әкесі атастырып қойған қалыңдығы. Әуелде сол қалындықты көргісі ке-
леді, оған қызығады, алайда элі есін жоғалтатындай ғашық емес. Баян
туралы эркімнен естіген сайын ынтыға түседі. Тек қалыңдығын іздеп
жүргенде, ұзақ жолда шаршап, қиналган түста қызығушылық енді ынтық
сезімге айналады. Бірақ әлі ғашық емес. Тек Баянды көргенде ғана оны ма-
хаббат оты шарпып, ол қызды ынты-шынтымен сүйеді, ғашықгық сезімге
оранады. Қозының осы сезімін жырдың өзі де екі кезеңге беледі. Баянға
жолыққанға дейін ол «айдай Қозы» деп аталса, екінші кезеңде «ер Қозы»
деп аталады.
Баян Сұлу да Қозыга ә-дегеннен ғашық болмайды. Оған Қозы туралы
жастайынан Ай мен Таңсық айтудай-ақ айтқан. Өзінің атастырып қойған
жары екенін біліп, бір іздеп келер деп іштей күтіп жүргені рас, бірақ
жігітті көрмейінше қыздың жүрегі лаулап жанған жоқ. Егер бұрын есімін
238
естіп, сырттай білдірмей күтіп жүрсе, Айбастан Қозының жайын естіген
соң Баян енді жай қызығып қана қоймай, Қозыны бір көруге ынтық бола-
ды. Осы ынтызарлық күшейе түсіп, жүрегінен от түтатады. Сонда да ол
Қозыны элі «сүйікті жарым» деп емес, «қүдай қосқан жарым» деп, оны
тосып жүреді. Тек Қозыны көргенде ғана оны махаббат сезімі еркінен тыс
билеп, қыз басымен үйықтап жатқан жігітке өзі баруға мэжбүр етеді. Осы-
дан кейін ғана екі жас өздерінің таза сезімін қорғайды, ғашықгық отына
күйіп, соның қүрбаны болады...
Осылай адам сезімін біршама дамыта көрсету - ғашықгық жырдың
зор табысы. Әрине, мүнда элі психологизм жоқ, бірақ бұл бүкіл фольклорға
тэн заңдылық. Ғашықтық эпостың басты мақсаты - ерлікті емес, махаб-
батты жырлау, шайқасты емес, сүйіспеншілік үшін күресті дэріптеу, сол
себепті мұнда ел ішіндегі бейбіт өмір, халықгың түрмысы, салт-ғұрпы
молырақ керініс табады, кейіпкерлер соғыс алаңында емес, имандылық
майданында айқасады. Сондықтан бұлардағы бас кейіпкер - елді жаудан
қорғаған батыр емес, ол өзінің бақыты үшін күресуші ер. Әлбетте, эпос
оны да дэріптейді, көтермелеп суреттейді. Сондықган да Қозы - қалың
жаумен шайқасқан батыр болмаса да, өз заманының идеалдық қасиеттерін
бойына сіңірген ер ретінде бейнеленеді. Ол «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт,
қандай жағдайда болса да осы қасиетінен танбайды. Қажет болған кезде
ол құдайдан тілеп алған бекзада болса да, қойшының да кебін киеді, мал-
шы-жалшы ретінде де жүреді; Қодар қодырандап, мазалағанда қайратты
ер екенін де көрсетеді, ал Баян бірден танымағанға әжептәуір қамығьщ,
айдалада өзінің зарын төгіп, толғанады, сөйтіп өзінің нэзік жанды адам
екенін де аңғартады. Қозы -мінезге де өте бай жігіт, ол бекзатгығын
сақгап, қиын жағдайда да өзін ұстай біледі. Қарабайдың үйіне ең алғаш
келген Қозы, қаншалықты Баянға құмартып тұрса да, өзінің кім екенін сез-
дірмейді, Қарабайдың сөздеріне жұмбақгап жауап береді.
Қозы - өте батыл әрі тәуекелшіл адам. Анасы қанша қарсы болса
да, тіпті неше түрлі қиындыққа ұшырайтынын айтса да, Баянды іздеуге
тәуекел етеді және осы жолда небір кедергілерден өтеді, басына түскен
ауыртпалықгың бэрін жеңеді. Алған бетінен қайтпайтын Қозы тіпті
Қарабай бастаған топтың оған қастандық жасау үшін әдейі өткізген тойына,
Баян қаншама айнытса да, барып, аңғалдықпен арақ ішеді, сөйтіп олардың
торына түсіп қала жаздайды. Қозы Көрпештің аңғалдығы оның Қодарға
сенгенінен де көрінеді. «Батыр аңғал болады» деген халық түсінігін жыр-
шылар Қозының бейнесін сомдау үшін пайдаланған.
Қозы Көрпеш - ғашықтық жырдың кейіпкері болса да, қайрат пен
күштен, батырлық айла-тәсідцен құралақан емес. Баянға келгенге дейін
жыр оны «айдай Қозы» деп атап, бозбала түрінде көрсетсе, сүйікгі жары-
на қосылғаннан кейінгі тұста ол «ер Қозы» деп аталады жэне оның бұдан
кейінгі іс-қимылы оның ержеткен жігіт қана емес, шынымен ер екенін
дэлелдейді. Қодармен «аударыспақ» ойнағанда, Қодарға көмектескен
тоқсан серімен жұлысқанда Қозы Көрпеш нағыз батырларша қимылдайды,
239
оларды күшімен де, айла-тәсілмен де жеңіп, ел алдында масқара
қылады. Қозының батырға лайық күш-қуаты бар екенін көрген Қодар
мен тоқсан сері одан қаймығып, іштен тынса, Баян бастаған қыздар
оның ержүрек,
ешкімге есесін жібермейтін батыл жігіт екеніне
коздері жетіп, іштей қуанышқа бөленеді. Қозы Корпеш сертке де берік,
достыққа да адал. Өзіне тісін қайрап жүрген Қодар мен Қарабайлардың
оны қолға түссе аямайтынын білсе де, Баянға берген сертін бұзбаи,
ауылға келіп жүреді. Сондай-ақ Қодар бастаған тоқсан содырдан қашып
кеткен Көсемсарымен жапан түзде достасып, ол Қодардың қолынан
мерт болғанда қатты қапаланып, Көсемсарының қасында болмағанына
өзін кінэлайды.
Жоғарыда аталған қасиеттердің бэрі бір Қозының басында болуы, сөз
жоқ, эпостың өмірдегі нақгы адамды емес, армандагы идеалды бейнелеу
мақсатынан туған жәйт. Бұл - бүкіл фольклордың заңдьшығы.
Жырда Қозы Көрпеш қаншалықгы мадақталса, Баян да соншалықгы
дэріптеледі. Оның Қозы сияқгы құдайдан тілеп алған бала болуы, Қозымен
бір күнде тууы - идеал жігітке лайық қыз дүниеге келгенін хабарлаиды.
Баян Сұлу - өз заманындағы қазақ қызының идеалы. Жыршылар оның
бойына қазақ эйелінде болуға тиісті барлық асьш қасиетп жинақгаған. Ол
- сұлу қыз, адал қалындық, қамқор эйел. Осы үш рөлде Баян үш кезеңнен
өтеді. Қозы Көрпеш туралы, оның кім екені, қандай емір кешш жатқаны
жайлы Айбастан естігенге дейін Баян жырда «Қыз Баян» деп аталады, яғни
ол элі нағыз қалыңдық емес, «Баян еркеш» больш жүреді. Қозы Көрпеш
жайынан қаныққаннан соң Баян енді бұрынғы Ай мен Таңсық сөздерінің '
рас екеніне көзі жетіп, өзін Қозының нағыз, «занды» қалындығымын деп і
есептейді, жігіттің келуін асыға күтеді. Зарыға күткен Қозысы келіп, екеуі
жасырын қосылғаннан бастап Баян өзін нағыз қамқор әйел, күиеуінщ ті-
леуін тілеген адал жар ретінде көрсетеді.
Баянның бейнесін жасауда жыршьшар өте ұтымды әдіс қолданған.
Жырдың ортасына дейін Баян туралы мардымды ештеңе аитылмаи-
ды. Тек оның туғаны, әкесімен көшіп кете барғаны эңгхмеленеді. Қозы
Корпеш ашуланган кемпірдің кездейсоқ Баян туралы естіп, анасы-
нан оның жай-жапсарын білгеннен соң ғана, онда да Қозы қызды іздеп
сапарға атганғаннан кейін, Баян туралы сөз болады. Соның өзінде де Ьаян
элі сахнаға шықпайды. Ол туралы жыршы айтады да, оны сырттаи си-
паттайды. Жалпы, жырда Баян бірнеше кісінщ: жыршының, Аибастың,
Қарабайдың қойын баққан тазшаның, Баянды іздеп жүрген тоқсан серінщ,
ең аяғы Қозының өзінің көзімен сурсттеледі.
Сонымен, он төрт жасқа толған Баянды алғаш рет жыршының өзі
таныстырып, барынша көрікті етіп бейнелейді. Жыршыньщ сезімен
айтқанда, Баян «тал шыбықтай бұралған, қыпша бел, алма моиын, елден
аскан Сұлу. Тал бойында бір міні жоқ, қолаң шашы тізесгне түскен, гүлдей
ашылған аузынан маржан тісі көрінеді. Әлемде ондай қыз жаралған емес.
Ақ маңдайы биік, алтын кірпік, өзі нәзік, өзі назды. Ол үшін мал түгіл,
240
I басыңды қисаң да арман жоқ. Сырттай күлімсіреп сөйлейді. Ішінде мүң
бар, бірақ білдірмейді. Паң, кеңілі еш нәрсені хош көрмейді».
I
Баянга берілген осы бага мен «мінездеме» басқа кейіпкерлердің
I сөздерімен де, Қозының өз көзімен де, Баянның өзінің іс-әрекеттерімен
I
де расталады. Оның сыртқы Сүлулыгына ішкі жан дүниесі де, мінез-
I қүлқы да, қимыл-ісі де сай. Баян өте ақылды, байсалды, төзімді, сабыр-
I
лы. Қүдай қосқан жарын 15 (17, 20) жыл сарғая күтіп, зор шыдамдылық
I
көрсетеді. Өзін іздеп келген Айбасқа сыр бермей, оның аңысын аңдып,
I
кім екенін, негып жүргенін, анық Қозыдан келгенін білгенге дейін байсал-
I ды мінез танытады, өзінің скрын ашпайды. Сондай-ақ тазша кебін киіп
I келген Қозыны бірден жүрегі сезсе де, сезімді сабырға жеңдіріп, іштей
I
қуанумен бірге эліптің аягын бағады. Оның ақылдылығы бірнеше жерде
I
білінеді: «тазшаның» кім екенін білу үшін отарға қозы терісін жамылған
I қызды жібереді, Қодардың екіжүзділігін аңғарып, Қозыны сақтандырады;
і
экесі Қарабай бастап Қозыны алдап өлтірмек болғанын сезіп, Қозының
I
соңынан Ай мен Таңсықгы жүмсайды...
I
Баянның бейнесі - бүкіл қазақ фольклорында кездеспейтін ерек-
I ше образ. Біздің ертегілерімізде болсын, жырларымызда болсын ол
I сияқгы өзін өлімге қиган эйел жоқ. «Ер Төстіктегі» Кенжекей де, «Ер
I Таргындағы» Ақжүніс те, «Қобьшанды батырдагы» Қүртқа да, Қарлыға
I да ондай емес. Олар өз ерлерінің адал жары, қамқоршысы, ақылшысы.
I Сонымен бітті. Ақжүніс пен Қарлыға ғашық болған жігіттің соңынан
I еріп, елін, ата-анасын тастап кеткенімен, махаббат жолында өздерін
і элімге қимайды. Тіпті шайқаста опат болған Ер Сайынның әйелі Аюби-
{] <еш те батырдың артынан қоса өлмейді. Ал, Баян кейбір варианттарда
!| Қозымен үзақ та бақытты ғүмыр кешіп, сүйген жары өз ажалынан өлсе
I де, «енді маган омір сүрудің өзі күнэ», - деп жарық дүниемен қоштасады.
Мұндай іске Қыз Жібек те бара алмайды. Баян Сүлудың образы - эпос
жанрының коркемдік дамуындагы жаңа белеске котерілгенінің белгісі, ол
осы жырдың эстетикалық һэм эмоциялық күш-қуатын арттырып түр жэне
[ болашақ әдеби шығармалардагы махаббат үшін аянбай күресетін қыздар
, бейнесіне жол ашып, үлгі болғаны сөзсіз.
,
«Қозы Корпеш - Баян Сұлу» эпосын халықгық өнер деңгейіне көтеріп
і
I
тұрған басты белгінің бірі - шебер өрілген композиция мен бітіспес кон-
. I
фликт. Жыр әдеткі фольклорлық құрылымға тән бір бағытты композици-
Іядан кейде ауытқып кетеді де, біресе Қозының өсуін, біресе Айбастың
I Баянды іздеп барып, қайтқан жолын, біресе Айбастан Баян туралы есті-
I ген соң Қозының жолға шыққанын, т.т. осылай кезекпе-кезек әңгімелеп
(і I отырады. Мұндағы бір ерекшелік - кейіпкерлердің эр жердегі тагдыры,
н | іс-қимьшы бір мезгілде өтіп жатқандай етіп көрсетілуі. Мысалы, жыр-
н шы жетім Қозыны ауылда қалдыра тұрып, Айбастың жолдагы жайын
й I баяндайды. Яғни бала Қозы ауьшда асық ойнап жүр, сол уақытта Ай-
с I бас алыстағы Баянды тауып, онымен сөйлесіп жүр. Немесе, Қозы ұзақ
г, I сапарда неше түрлі қиындыққа ұшырап, шаршап, қиналып келе жатқан
шақта Қарабайдыц ауылында Қодар эр жақган Баянды іздеп келген тоқсан
серімен айқасып жатады. Мұндай бір мезгілде әр лсақта болып жатқан
әртүрлі оқиғаны қатар баяндау қазақ жыршыларының үлкен шеберлігін
корсетеді. Мүны біз айтылмыш жырдагы ізгілік пен зүлымдықтың аяусыз
қақтыгысынан да кореміз. Осы қақтыгыс шыгарманың күллі болмысын
ширатып, тыңдаушысын елтітіп, зор ықыласта үстап отырады. Мүндай
жагдайды жыршылар екі гашыққа қастандық істейтін кейіпкердің обра-
зы арқылы жасайды. Солардың ішінде, әсіресе, кесек шыққан бейнелер -
қыздың әкесі Қарабай мен қызды сырттай иеленіп жүрген Қодар. Екеуінің
бойында адам баласы жек коретін барлық жамандықтар жинақталган.
Осылардың мінез-қүлқын, пигылы мен іс-әрекеттерін көрсету арқылы да
жыршылар эпостың эмоциялық қана емес, эстетикалық та эсерін күшейте
алған.
Бүкіл зүлымдықтың бастаушысы - Қарабай, ол жырдың өн бойында
қара ниетті, сараң, ойлайтыны — тек өзінің пайдасы, есіл-дерті - малын
сақтау, бірде-бір жанга жақсылық ойламайтын, тіпті қимайтын адам ретінде
корінеді. «Қарабай» деген есімнің өзі оны толық мінездеп, эрі багалап түр.
Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде «қара» сөзі бірнеше магынага
ие: ол түсті гана білдірмейді, сонымен бірге «үлкен», «көп», «жалгыз»,
«жаман» деген мәнде де қолданылады. Осылардың соңгысы Қарабайдың
есіміне қатысты пайдаланылган. Мүндагы «қара» — «қарау», «жаман»,
«арам», «пасық» деген магынада қолданылган жэне мүны Қарабайдың мі-
незі, пигылы, қимыл-әрекеті толық дәлелдейді.
Қарабай тумысынан сараң эрі арам, қараниет. Тоқсан мың жылқысы
болса да, үстіне іліп бір дұрыс шапан кимеген, жеп көрмеген малының
қызыгын айдап көрген бейшара. Оның сырты қандай қара болса, іші де
сондай. Буаз маралды өзі атпай, құдай атымен достасқан Сарыбайды сор-
лы жануарды атуга мәжбүр етеді. Ондагы ойы - маралдың киесі өзіне емес,
Сарыбайга тисін - деген арам пигыл. Оның адамгершіліктен жұрдай екені
э-дегеннен білінеді: жаңа гана алланы атап, құда болайық деп серттескен
Сарыбай өліп жатса, Қарабай оган қараган да жоқ, оққа үшқан маралга
барып, ішіндегі екі бұзауын тірідей жарып алып, атына өңгеріп, жөнеле
береді. Міне, жырдың басында-ақ осындай болып көрінген Қарабайдан
тыңдаушы да, жырдың басқа кейіпкерлері де қандай жақсылық күтсін?!
Қарабайдың жауыздыгын жыршылар барган сайын күшейте түседі, оны
барынша қатыгез, бірмойын, залым етіп көрсетеді. Қарабайдың істеген
ісінің бэрі - имансыздық, халық түсінігіне жат қылықтар, сондықтан оның
жолы болмайды, түптің-түбінде жеңіліс табады.
Қарабай - қандай шаруа істесе де, арам пигылы мен нәпсісінің
құлы, тіпті кейбір нәрсені алдын-ала ойластырмай істегенінің өзінде,
онысы зұлымдық болып шыгады, себебі оның жаратылысы солай.
Қарабайдың іс-әрекеттерінің кейбірі туа біткен мінез-құлқьшан болса,
кейбірі оның жауыздыгынан, ал енді біреулері — топастыгынан болып жа-
тады. Осылардың қай-қайсысы болса да елдің этикасына, қалыптасқан
Достарыңызбен бөлісу: |