Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод


Жеті жасар Орақ бірге  шығады



Pdf көрінісі
бет24/36
Дата06.02.2017
өлшемі22,51 Mb.
#3547
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36

2.Жеті жасар Орақ бірге  шығады.
З.Ол қалмақ қолымен жалгыз соғысады.
4.0рақ алданып, түтқынға түседі:
а)қалмақтар  оны  зынданға  салып  тастайды,  содан  кейін  аралга  апа- 
рып тастамақ болады;
ә) Орақ қайықтағы қарауылды суга лақгырып, аралга шыгады;
б)елсіз аралда өлермен болган Ораққа Баба Түкті Шашты Әзіз Қарақүс 
бейнесінде  келіп, оны еліне апарып салады.
5.0рактың  елін  Қодар  қүл  билеп  алған.  Орақ  Қодарды  өлтіріп,  елін
жауыздан қүтқарады.
б.Қалың  қолмен  қалмаққа  барып,  жалғыз  өзі  бәрін  қырады,  тоғыз 
ағасын  олтірген  қалмақ  батыры  Көбіктіні  жекпе-жекте  жеңеді,  онымен 
достасады.
III. Аяқгалуы.
Жауды жеңіп келген Ораққа әкесі тагын береді.
Міне, бүл ертектің сюжеттік желісі жалпы батырлық ертегінің сюжет- 
тік қалыбынан алшақ емес, көне батырлық ертегі мотивтері де үшырасады 
(перзентсіз  кэрі  ата-ана,  болашақ  батырдың  кереметпен  тууы,  оны  ел- 
сіз  аралдан  Қарақүстың  алып  шығуы),  қаһармандық  эпостың  да  сарыны 
бар  (қалмақпен  соғыс,  түтқынға түсу,  Баба Түкті  Шашты  Әзіздің  көмегі, 
агаларының кегін қайтару).
Жалпы,  бүл  ертегіде  батырлық  жырдың  эсері  басым  және  айқын 
сезіледі. Ертегінің мазмүнына қарағанда, бүл бір кезде жыр болған болу ке- 
рек. Демек, «Әлеуке батыр мен оның үлы Орақ» -  жырдың батырлық ертегі- 
ге айналған үлгісі. Олай дейтін себебіміз:  біріншіден, эпосқа тэн шежірелік 
түтастану  бар  (алдымен  кейіпкердің  тогыз  ағасы  туралы  айтылып,  олар 
орындай алмаган істі Орақ жүзеге асырады); екіншіден, ертегі бірден жаугер- 
шілікпен басталады, ал, жауы -  қазақгың тарихи жауы (қалмақ); үшіншіден, 
жеті  жасар  Орақтың  жауга  аттануга  дайындалуы,  оған  қарындасының  ат 
тандауы,  жас  Орақтың қалың  жау  қолымен  жалғыз  соғысуы;  төртіншіден, 
Орақгың  жау  қолына  түсуі;  бесіншіден,  батыр  жоқга  қүлы  тақгы  тартып 
алып,  қарындасын  алмақ болуы,  Орақгың келіп,  оны  жазалауы;  алтыншы- 
дан, түтқыннан босаған Орақгың қайтадан қалмақты шабуы. Міне, осының 
бэрі -  қаһармандық эпостың жанрлық сипатын көрсететін белгілер.
Бүл ертектің жырдан пайда болғанына тағы бір дәлел -  кейіпкерлердің 
есімдері:  Көбікті  -   «Қобыландыдағы»  қалмақ  ханы,  эрі  батыры;  Қодар
207

-«Қозы  Корпбці  -   Баян  Сұлудагы»  тоқсан  құлдың  басшысы;  Қарлығаш

  Алпамыстын  қарындасы.  Ал,  Бабф  Түкті  Шашты  Әзіз  — қаһармандық 
эпостағы  батырлардың  пірі.  Ол  туралы  бірнеше дерек  бар.  Бір  деректер- 
ге  қарағанда,  оның  шын  есімі -   Баба Түклас.  Оның  әкесі — Керемет Әзіз. 
Баба  Түкластың  озі  Меккеде  патша  болған.  Енді  бір  деректер  бойынша, 
Баба Түкті Шашты Әзіз -  Ахмет Яссауидың арғы бабасы, ислам діні Орта 
Азияға тараған кезде жасаған кісі, Қорқыттың замандасы (УІІМХ ғ). Тағы 
бір мәлімет бойынша, Баба Түкластың баласы Еділ-Жайыққа дейін келген, 
оның 
Қүтлу-Қия 
деген ұлынан Едіғе туған  [1].
Кейінгі  дәуірлерде  туған  батырлық  ертегілердің  бірі  -   «Таласпай
мерген».  Оның  қаһармандық  эпоспен  байланысы  жоғарыда  талданған
«Әлеуке батырдан» да тығыз. Бірақ соған қарамастан мүнда көне батырлық 
ертегінің элементтері 
көп.
Ертегі  бірнеше  сюжеттен  қүралған:  1)  Қобыланды  мен  Қараманның 
шайқасы,  Қараманның  опат  болуы;  2)  таланған  елдің  жүртында  кішкен- 
тай  Таласпай  мен  кэрі  шалдың,  тайдың  аман  қалуы,  аққулардың  шалды 
сүйреуі,  оларды  Таласпайдың  іздеуі;  3)  Таласпайдың  үш  аққудың  еліне 
келуі, малшыны өлтіріп, тазша кейпіне енуі, ханның кіші қызына үйленуі,
қүлындарды үрлауы;  5)  қүлындарды
Қарақүстың
қүтқаруы,  одан  жан-жануарлардың  тілін  үйренуі;  6)  Қобыландының  елі- 
нен кек алу үшін жорыққа шығуы, онымен достасуы; 7) әкесінің кегі үшін 
Қосайдың Қобыландыны өлтіруі;  8) Таласпайдың Қосаймен соғысуы,  ар- 
тынан достасуы; 9) Қарақыпшақ еліне көшіп барып, хан болуы.
Сюжеттік схемадан  көріп отырғанымыз:  3-ші  және 4-ші  сюжеттердің 
көне  батырлық  ертегіден  екендігі.  Оның  үстіне  мүнда  қиял-ғажайып 
ертегілердің  де  белгілері  кездеседі.  Мысалы,  алып  Қарақүспен  кездесу 
мен өрттен қашқан жыланға жәрдем етіп,  одан керемет қасиет алу сарын- 
дары,  сондай-ақ  жалмауыз  кемпірдің  қайырымды  болып  көріну  эпизоды
-  бүлар қиял-ғажайып ертегілерін даралайтын жанрлық ерекшеліктер.
Алайда, осының бәріне қарамастан, «Таласпай мергенде» қаһармандық 
эпостың компоненттері айырықша.  Мысалы, ертегінің э дегеннен жаугер- 
шілікпен басталуы, батырлардың өз руларының атынан соғысуы, бір-бірі- 
нен кек алуы, жеңілген батьфдың достықты үсынуы, т.т. Ал, батырлардың 
жекпе-жегі  кэдімгі  эпостағыдай  суреттеледі:  олар  алдымен  атысады,  со- 
дан  соң  шабысады.  Одан  ештеңе  шықпаған  соң,  найзамен  соғысады,  бүл 
жолы  да  бірін-бірі  жеңе  алмайды.  Ең  ақыры,  аттан  түсіп,  жаяу  күреседі. 
Жеті күн, жеті түн алысқаннан кейін ғана біреуі жеңеді.
Ертегідегі  кейіпкерлер  түгелімен  дерлік  -   қаһармандық  эпостың  ба- 
тырлары:  Қобыланды,  Қараман,  Ер  Көкше,  Ер  Қосай.  Бүлардың тарихта 
болғандары  да  мәлім.  Демек,  «Таласпай  мерген»  ертегісінде  тарихи  эле- 
менттер  бар.  Мүнда баяндалатын  батырлар  қақтығысынан,  әскери жорық 
пен  үрыстардан  ХІУ-ХУІ  ғасырлардағы  феодалдық  дүрбелең  мен  шет 
жауларға  қарсы  соғыстың тынысы  сезіледі.  Қаһармандық эпос  ширатқан
208

сюжеттік  линияны  дамыта  отырып,  ертегі  эпикалық  батырлардың  тари-
----------- - 
та-л-іпрпіу татастануды
Л Ы Н   Ш М О М Д Ш І   ш т іч ж ч с*!», 
--- 1------------ 

*тт  £ огто 
агСк
толық сақтаган:  батырдың өмірін түгел  қамтыған жэне эке кепн бала,  аға
кегін іні қайтарған. 
_„,тн
рулар  қақтығысы  мен  кек  қайтару  тақырыбы  «Ер  Көкше  мен  оның
ұлы Ер Қосай» ертегісінде барынша толық дамыған. Қақтығысқа мүнда да 
эпикалық қаһармандар  қатынасады.  «Таласпай  мергендегідеи»  бұлі  ертегі 
де  Ер Қосайдың қарақыпшақ Қобыландыны жеңуімен  аяқталады.  Эиелін 
құтқару  үшін  Ер  Қосайдьщ  жапалаққа  айналатын  жері  болмаса,  мұнда 
фантастикалық  элемент  шамалы  ғана,  ал,  көптеген  ұрыстар  мен  жекпе
жектер, ру аралық тартыстар бірінші орынға қойылады.
Жалпы,  эпикалық  қаһармандар  бейнеленетін  ертегілердщ  өте  көне
батырлық ертегілерден  айырмашылығы сол -  мұнда ру аралық тартыстар 
тақырыбы  ерекше  өрын  алады.  Бұл  кездейсөқ емес.  Өиткені,  мұндаи тар- 
тыстар  патриархалды-рулық  қатынастардың  ыдырау  прөцесі  күшеиіп,
феодалдық қогамға көшу жағдайында жиі болып тұрған. 
„ 
.  .
Батырлық ертегілер  қиял-ғажайып  ертегілердің  көркемдік  жүиесінщ 
көптеген  қасиетгерін  өзіне  қабылдаған,  бірақ  сөйте  тұра,  қаһармандық 
эпостың  да  бейнелеу  құралдарын  бойына  сіңірген.  Бұл  жанрдың  халық 
прозасының  басқа  жанрларынан  айырмашылыгының  бірі 
кеиіпкердщ 
белсенділігі мен күштілігі. Аса күшті, эрі тапқыр болғандықган ол сиқырлы 
күштердің  көмегіне  сирек  сүйенеді.  Батырлық  ертегінщ  қаһарманы 
эпикалық  қаһарман,  оның  ерлік  істері  қиял-ғажайып  ертегілеріндегіде
сиқырлы көмекшілерсіз-ақ жасалып жатады.
Батырлық  ертегілердегі  қаһарманның  айнымас  серігі  мен 
кемекшісі
-   ат  Көшпелі-бақташылық  тұрмыс  жағдайындагы  түрік  пен  мөңғөл 
халықгарының  батырлық  ертегілерінде  адал  көмекші  ретінде  атқа
ппиін  бепіпепі. 
Ұшып  бара  жатқан  құстарды  тісімен  қағып
желден
маша тұлпар  Керқұла  ержүрек 
Төстіктің  Шалқүйрығы  бүдан 
аттар  адамша сөйлейді де.
Ба?ырГық  ертегілердің  қаһармандық  эпөспен  байшшысы^өлардың 
рухы мен сюжеттік өқиғаларының бірліпнде ғана емес, баяндау мэнерінде 
де. Тіпті,  эрбір батырлық ертегіде дерлік жырға жақын  әлеңмен берілетін 
эпизодтар кездеседі. Әдетге, олар қаһарманның достарымен, не қастарымен
болып 'келеді.  Мэселен  койшы  бала жүрген  алканка
арнайы ұшып келғен алты қаз Кендебайды бьшаиша іздеиді.
— Кендебай сал 
мұнда 
ма?
Керқұла аты қолда ма 
і 
Бауда нұры балқи ма? 
Балақ жүні  шалқи ма?
14-2511
209

Кендебай  да  жауапты  өлеңмен  қайтарады.  Алайда,  ертегілердегі 
өлеңдер қаһармандық жырға қарағанда элдеқайда қарапайым келеді, бірақ 
солай бола тұрса да, ертегіге өлеңнің енгізшуі оның даһармандық эпоспен 
туыстығын тагы бір дәлелдемек.
Сілтемелер және ескертпелер:
1. 
Хальфин.  Жизнь  Чингнохана  и  Тимура.  Казань,  1822;  Потанин  Г,  Н.  От- 
рывки  из  киргизского  сказання  о  Идыге 
(Из 
записей  Ч.  Валиханова  //  Живая 
Старина.  1891.  Вып.  IV;  Мелиоранский  П.  М.  Сказание об  Едигее  и  Тохтамыше. 
Приложение к сочинениям Ч. Ч.  Валиханова // Записки русского географического 
общества по отделению этнографии. Спб.,  1905. X 29; Тизенгаузен В.  Г. Сборник 
материалов, относящихся к истории Золотой Орды.  М.,  1941.  Ч.  11.

НОВЕЛЛАЛЫҚ ЕРТЕГІ
Қазақ  фольклорында  өзінің  сюжеттік  құрамы  мен  мазмұны, 
композициялық  құрылымы  мен  стилі  жагынан  оқшауланып  тұратын  бір- 
талай  ертегі  бар.  Алайда, ұлттық фольклортану ғылымымызда олар  жеке 
зерттелмей,  «тұрмыс-салт ертегілердің» тобында қарастырылып жүр.  Ал, 
бұл ертегілер өзінің сипатты белгілері бойынша таза «тұрмыс-салт» ертегі 
емес.  Біріншіден,  онда  тұрмыс-салт  ертегіге  тән  емес  қиял-ғажайыптық 
элементтер  көп,  оқиғалар  өте  таңғажайыпты,  шытырман  болып  келеді; 
екіншіден,  мұнда  сюжет  өте  күрделі,  ол  бірі-бірінен  асқан  қым-қиғаш 
оқиғалар тізбегінен тұрады. Үшіншіден, кейіпкерлер оз мұратына қулықпен 
емес, ақылмен жетеді, дұшпандарын да ақылмен жеңеді.
Әрине, бұл ертегілердің ерекшелігі осымен ғана шектелмейді. Қолдағы 
материалды  саралап,  зерттеп  қарағанда,  бұл  топтағы  мәтіндер  -   қиял- 
ғажайып  пен  тұрмыс-салт  ертегілердің  аралығында  тұрған  шығармалар 
екені  байқалады.  Біздіңше,  оларды  «новеллалық  ертегі»  деп  атаған  жөн 
сияқты. Өйткені, мұнда новеллаға тэн хикаялық, яғни шытырман оқиғалық 
сипат  басым.  Рас,  бұл  ертегілер  көлемі  жағынан  новелла  сияқты  шағын 
емес, бірақ бұл жерде біз әдеби емес, фольклорлық жанрды атап отырмыз 
жэне бұл атауымыз шартты түрде алынып отыр. Қоғамның дамыған кезін- 
де, сауда-саттықтың, қолөнер мен өндірістің өскен шағында қиял-ғажайып 
ертегі тыңдаушысын  баурап  әкететін өзінің бұрынғы  қасиетінен  айырыла 
бастайды.  Енді  оның  негізінде  эрі  онымен  таласа,  күресе  отырып,  басқа 
ертегілік жанрлар  пайда болып,  қалыптаса бастайды.  Сөйтіп,  бұл дэуірде 
новеллалық,  ал,  кейінірек  сатиралық  ертегілер  өмірге  келеді.  Әрине,  бұл 
бір  ғана  дәуірде  пайда  болған  жоқ.  Профессор  Мәлік  Ғабдуллин  дұрыс
айтады:
«Халықтың  тұрмыс  —  тіршілігіне,  салтына  байланысты  туған  ер- 
тегілері  бір  ғасырдың  ғана  жемісі  емес.  Ол  талай  ғасырдың  жемісі.  Бұл 
ертегілердің  ішінде  көне  заманда,  феодалдық  қарым-қатынастар  кезінде 
және  соңғы  дәуірде  туғандары  да  бар.  Олардың  бэрі  ауызша  айтылып, 
ауызша тарағандықтан көптеген тарихи кезеңдер, талай таптық, қоғамдық 
орта тудырған  эртүрлі  көзқарастарды,  сан  алуан  ұғым  түсініктерді  бойы- 
на жинастыра  келгендері де  белгілі.  Бірақ солай  бола тұрса да, халықтық 
ортада туған  ертегілер  өзінің халықгық сипатын  жойған  жоқ.  Қайта,  оны
211

шыңдап
діріп отырганын, еткірлеп мэнерлегенін де байқаймыз»  [1].
Сырттай 
қараганда 
новеллалық 
ертегілерде 
әдеттегіден 
тыс 
құбылыстар,  ягни  ертегіге  тэн  гажайыптық  белгілер  жоқ  сияқты.  Бірақ
шындыгында  олаи  емес:  мұнда  аиырықша  өмір  агымы,  шындық  өмірде 
болмайтын жагдайлар бар. Новеллалық ертегілердегі нэрсенің көбі тосын, 
ерекше,  мұнда  фантастика  да  (гажайып)  бар,  бірақ  оның  сапасы  қиял-
фті
Мұндагы
сын үзген. Сол себепті бұл ертегілердегі сиқырлық, құбылушылық сияқгы 
нэрселер кейіпкерлердің тек өз басының гана қасиеттері деп саналады.
Мұндагы  баяндаудың  барысы  үнемі  эділдік  пен  ақылдың  жеңісіне 
багытталып  отырады,  ал,  күнделікті  тұрмыста  кездесетін  қарапайым 
шындық  моральдық  уагыз  арқылы  емес,  уақиганың  табиги  дамытылуы 
арқылы  дәлелденеді.  Рас,  кейде,  ертекші  баяндауды  афоризммен  түйеді. 
Бірақ ертегіде айтьшып отырган шындық былай да көрініп тұратындықтан 
үнемі мұндай эдіс қолданыла бермейді.
Новеллалық ертегіде  өте  қызгылықты,  қорқынышты  сапарлар,  шым- 
шытырық жагдаяттар,  адамның  қым-қигаш  тағдыры,  отбасы  өмірі,  ерлі- 
зайыптылардың басынан кешкен оқигалары, тагы да басқа небір керемет те 
сұмдық уақигалар туралы баяндалады.  Тақырыбы жагынан бұл жанрдагы 
шыгармалар  эралуан.  Бір  топ  ертегі,  мысалы,  қарапайым  қыздың  өзінің 
тапқырлыгы  арқасында  ханга,  ягни  хан  баласына  тұрмысқа  шыққаны 
жайында  әңгімелейді.  Ал,  енді  бірқанша  ертегіде  ерлі-зайыптылардың 
тагдыр  тэлкегіне  түсіп,  өмірдің  небір  тауқыметін  тартқаны,  әйелдің 
ақылдылыгы мен сабырльшыгы арқасында ері таққа отырып, бақытқа ке- 
нелгені  туралы  айтылады.  Көптеген  ертегілерде  ақымақ  еркекті  ақылды 
эйелдің адам қылганы жайлы баяндалады.
Көлемі  жагьшан  ұзын-сонар,  мазмұны  шытырман  оқигалы  көптеген 
новеллалық ертегілерді «фольклорлық» немесе <осалықтық роман» десе де 
болады. Олардьщ сюжеттері тек қазақга гана емес, сондай-ақ бүкіл шыгыс 
елдерінде  кең  тараган  ондаган  мотивтерді  қамтиды.  Мэселен,  мұндай 
шыгармаларга  сотты  билеп-төстеген  жэне  бидің  берген  жұмбақтарын 
лезде  «қағып  тастайтын»  ақылды  ағайындылардың  хикаясы,  патшаны 
ғажайып дәу улы жыланнан құгқарған уэзір туралы әңгіме, өлім жазасына 
кесілсе  де,  сабырлылық  сақгаған  уэзірдің  тарихы,  патшаның  қолындағы 
уға  толы  тостағанды  тарпып  түсірген  бүркіт  туралы  жэне  тағы  басқа
көптеген ертегілер жатады.
Новеллалық ертегілердің ішінде жеке топ құрайтындары -  отбасы ту- 
ралылары,  ерлі-зайыптылардың бір-біріне  адалдығы,  я  болмаса бірін-бірі 
алдайтындығы жайында баяндайтын ертегілер. Осылардың ішінде әйелдің 
күйеуінің  көзіне  шөп  салып,  оны  ақымақ  қылатынын  әңгімелейтін  ерте- 
гілер де бар. Сонымен бірге басқа әйелге көңілі ауып, неше түрлі қолайсыз 
жағдайға түсіп, әлек болатын еркектер жайлы да ертектер бар. Ертегі адам
212

бойындағы қызганыш пен күдік сияқты сезімдерді эшкерелеп, оолашақган 
күдіктенушілік  пен  қорқушылықтың  негізсіз  екенін  де  көрсетеді.  Мыса- 
лы, әйелдердің көзге  шөп салушылыгы туралы әңгімені  естіген хан өзінің 
жаңа  гана  үйленген  жас  жүбайын  сынамақ  мақсатында  үйінен  аттанып, 
өзі  келгенше  әйеліне  үл  тауып  қоюды  бүйырады.  Әйелі  еркекше  киініп, 
ханның  соңынан  барады  да,  біресе  ханның  жақын  жолдасы,  біресе  оның 
қарындасы  болып,  екі  жеп,  биге  шыгады.  Сөйтіп,  ханның  тапсырмасы 
орындалып,  шынайы  махаббат пен тазалық күдік  пен  сенімсіздікті  жеңіп
шығады («Уэзірдің қызы»).
Отбасы жайында баяндайтын новеллалық ертегілер сан жағынан бір-
талай.  Олардың басты ерекшелігі — қиял-ғажайып ертегілермен  байланы-
сын  үзбегендігі  [2].  Осындһй  ертегінің  бір  үлгісін  талдап  көрейік.  Оның
фабуласы мынадай:
Ертеде  Жүніс деген  кісі  қажыға кетеді,  үйінде сұлулығы  елден  асқан
Мархүма деген әйелі қалады. Бірақ күйеуі кеткен соң Мархүмаға қайнысы
сөз  салып,  мазасын  алады.  Жеңгесі  көнбеген  соң  қайнысы  оған  жала жа-
уып,  қазыға  барып:  «Жеңгем  бұзылды.  Ағам  кеткелі  үйінде  күндіз-түні
ойнақ!»  -  деп  өтірік  айтады.  Қазы  шариғат  бойынша  Мархұманы  таспен
атқылап өлтіруге үкім қылады. Жендеттер таспен ұрып, әбден мыжғылап,
Мархұманьі ит пен құсқа жем  болсын деп, далаға тастап кетеді.
Ыңырсып  жатқан  Мархұманың  дауысын  Ағраби  деген  жолаушы
естіп,  оны үйіне  әкеліп  емдейді.  Мархұмаға Ағрабидің құлы ғашық бола-
ды, әйелді көндіре алмаған соң ол иесінің баласын Мархұманың болмесіне
әкеп өлтіріп, қанын Мархұманың киіміне жағып кетеді. Ағраби баласының
өлгенін  Мархұмадан  көрмейді,  бірақ әйелім  зияндық қылар деп, 400 дир-
хем беріп, Мархұманы шығарып салады.
Мархұма  басқа  шаһарға  келеді.  Келсе,  алаңда  бір  жігітті  патшаға 
қарыз  400  дирхемін  төлемегені  үшін  дарға  аспақ  болып  жатыр  екен. 
Мархұма  жаны  ашып  кетіп,  әлгі  жігіттің  қарызын  төлеп,  босатып  алады. 
Бірақ жігіт Мархұмаға ғашық болып, соңынан қалмайды. Мархұма қашып 
береді, анау қуып береді. Мархұма қашқан бойда бір дарияның жағасында 
тұрған  кемеге  келеді,  жігіт  артынан  қуып  жетіп,  Мархұманы  саудагерге
сатып жюереді.
Енді оған керуенбасы ғашық болып, маған ти дейді. Осы кезде Мархұма 
дәрет  алып,  намаз  оқып,  Аллаға  сиынып:  «Мені  қияметте  қара  жүзді  қьіла 
көрме!  Я,  Алла,  бұл  залымдардан  құгылатын  бір  керемет  көрсет!»  -   деп 
жалбарьшады.  Осы  сәтте  дауыл  тұрып,  бүкіл  кеменің  бәрі  суға  кетеді,  тек 
Мархұма отырған кеме аман-есен жағаға келіп тоқгайды. Мархұма кеме толы 
алтын мен күмісті көріп, еркекше киініп, корініп тұрған шаһарға барады.
Шаһардың патшасына өзінің басынан өткен істің бәрін  айтып  береді. 
Патша  оған  сарай  салдырып  береді,  Мархұма  дария  жағасында  тұрып,
тәуіптік жасайды, дұғагөйлікпен елді емдейді.
Мархұма  мұнда  жүргенде,  күйеуі  Жүніс  қажылықтан  үйіне  келеді.
Әйелі туралы інісінің айтқанына сенеді. Арада біраз уақыт өткен соң, інісі
213

айықпайтын ауруга шалдыгады. Дария жагасында тұратын әулие әйел  ту- 
ралы естіп, інісін соган апаруга алып шығады.
Жол  бойы  баягы  Мархұманы  аман  алып  қалган  Аграбидің  үйіне 
согады,  оның  (Мархүмага  қастандық  істеген)  қүлы да  ауруга  шалдыққан 
екен.  Соны  да  Аграбимен  ертіп  жүреді.  Жолаушылар  баягы  Мархүма 
босатқан, бірақ оны сатып жіберген жігіттің үйіне қонады, ол да ауру екен, 
оны да ертіп жүреді.
Бәрі тэуіп әйелге келеді. Оларды таныган Мархүма өзінің шаһарының 
патшасына елді жинатып, қалың жүрттың алдында үш ауруга өзіне жасаган 
қылмыстарын айтқызады.  Оларды кешіріп, күйеуіне қосылады [3].
Осындай жарына адал әйелдер туралы новеллалық ертегілердің өзі бір 
топ.  Әйелдер  жаланың  кесірінен  каншалықты  азап  шегіп,  адам  айтқысыз 
қорлық  көрсе  де,  адамгершілік,  имандылық  қасиеттерін  жогалтпайды, 
барлық  ауыртпалыққа  төзе  біледі,  ақьш  мен  сабырлық  арқасында
қ и ы н ш ы л ы қ г ы ң   О әр ін   ж е ң іп ,  м ү р а т ы н а  ж е т е д і.
Ал,  олардың  қастары  нагыз  зүлым,  екіжүзді  болып  көрсетіледі, 
алайда  -   жагымсыз  кейіпкерлердің  қылықтары  ашық  мінелмейді,  ащы 
сынга  да  алынбайды.  Оларды  новеллалық  ертегі  езінің  бас  кейіпкерінің 
байыптылық,  кеңпейілділік  сияқгы  қасиеттері,  өнегелі  өмірі  арқылы 
әшкерелейді.  Сондықган  да  ертегіде  жәбірленген  кейіпкер  ол  жауыздар- 
дан  кек  алмайды,  оларды  аяп,  мүсіркейді,  кешірім  қылады.  Мүның  бэрі 
новеллалық ертегіні жанрлық түргыдан сипаттайды.
Новеллалық ертегілердің қаһармандары батыр да, мерген де емес. Ол
-  хан  мен  қолөнерші,  уэзір  мен  кедей,  би  мен үста.  Өздерінің  элеуметтік 
тегіне  қарамастан  қаһармандар  қайырымдылық  пен  әділеттілік  идеясын 
қоргайды.  Кей жагдайларда қаһарман қателесіп те жүреді, бірақ ертегінің 
соңында ол өзінің аягын шалыс басқанын түсініп, ақырында, адалдық пен 
әділеттілік жолына түседі. Бақыт, эдетте, ақылды да тапқыр, адал әрі өзінің 
кемшілігін  мойындап,  одан  арыла  алатын  адамның  басына  гана  қонады. 
Мүратқа ұмтылу -  қазақ новеллалық ертегілерінің көпшілігіне тән қасиет. 
Мұнда не туралы айтылса да — кездейсоқ, я ақыл күшімен табылган бақыт 
болсын, дана би туралы немесе әдеттен тыс қаһармандық болсын -  жеңіп 
шыгатын  білгір  де  байыпты,  эділ  де  ақылды  адам  болып  келеді.  Оның 
басты  қасиеті  -   тапқырлық,  ақылдылық  жэне  сабырлық.  Сондықтан  да 
бүл  жанрдагы  шыгармаларда  ылги  ақыл  мен  адамгершілік  жеңеді,  ал, 
арамзалық арқылы өзіне  бақыт әкелгісі  келгендер  үнемі  жеңіліске душар
болған. 

і
Бүл  жанрдың  функциялық  нысанасы  -   ғибрат  айту,  тэрбие  беру. 
Өмірде  тек  ақылмен,  еңбекпен  гана  бэріне  жетуге  болады  деген  идея
-   негізгі  айтар  ойы.  Тіршіліктің  көлеңкелі  жағын  ащы  мысқьшмен  емес, 
өнегелі өмірмен көрсетеді.  Ол өмір -  бас кейіпкердің ғұмыры.
Қазақ  новеллалық  ертегілерінің  енді  бір  тобы  пайдалы  кеңес,  да- 
нышпан  адам,  ақылды  қыз  жайлы  болып  келеді.  Ертегінің  айтуынша, 
қиындықгарды жеңуге көмектесетін  ақылды да,  қайырымды  кеңестерден
214

бас  тартуга  болмайды.  Пайдалы  кеңес  туралы  бір  топ  ертегілерде  («Үш 
өсиет»,  «Әке  өсиеті»,  «Ақылды  кеңес»,  т.  б.)  тапқырлық  пен  алғырлық 
сияқты  қасиет  айрықша  дәріптеледі.  Әділ  патша  базардан  «бір  нәрсені 
жасау  үшін  әуелі  ойланып  ал,  ойланбай  жасасаң,  күйесің»,  — деген  ақыл 
сатып  алады.  Жауыздыққа тартылган шаштараз  қабыргада жазулы тұрган 
кеңесті оқып, патшаға уэзірінің сатқындық әрекеті туралы айтады. Сатқын 
олардың құрған торына түсіп, мерт болады («Әділ патша туралы ертегі»).
Қазақтардың аса қастерлейтін фолыслорлық үлгілерінің бірі -  даналық 
пен алғырлықгы дәріптейтін новеллалық ертегілер болып келеді. Дүниедегі 
құстьщ,  шөптің,  адамның  ең  жаманын  тауып  экеліңдер  деп  уэзірлеріне 
берілген  хан  жарлығына  дұрыс  жауап  табатын  адам  — сіңірі  шыққан  ке- 
дей мен біреудің босағасында жүрген жалшы болып шығады. Даналығына 
дэн риза болған хан тапқыр жарлыны өзінің басты уэзірі етіп тағайындап, 
оның  ақылдылығын  сынау  үшін  басқа уәзірлері  жауап  бере  алмайтындай 
сұрақтар беріп отырады.  Қастарының жасаған қысасына шыдамаған дана 
уэзірдің кей жағдайларда ханға қызмет етуден бас тартатын кездері де бо- 
лады, бірақ кейіннен оның адалдығы анықталып, өз ханына қайтадан абы-
роймен қызмет ететін болады  [4].
Новеллалық ертегілердің құрамында бүкіл  Шығысқа тараған  сюжет-
тер  де  кездеседі.  Олар  қазақ  өмірінің  шындығы  мен  ерекшеліктерін  бей- 
нелейді. Сан ғасыр қазақ фольклорының жанрларымен аралас өмір сүрген 
бұл  сюжеттер  қазақ  ертегілерінің  айрылмас  бөліктерінің  біріне  айналып 
кеткен.  Оның  үстіне  ондағы  дәріптелінетін  адамдық  қасиеттер  қазақ 
халқының мораліне өте жақын-тын. Қазақ топырағына түскен бұл сюжет- 
тер, эрине,  өзгеріске ұшыраған.  Мысалы,  ертегілердегі  қала тұрмысының 
көптеген  сырлары  мен  детальдары  жойылып,  шығармалар  барынша  шы- 
мыр  әрі  жинақы  баяндалады.  Шығыстағы  көптеген  новеллалық ертегілер 
белгілі бір қаламен байланысты болса, мұнда ол міндетті деп саналмайды, 
қаланың  аты  аталмауы  да  мүмкін.  Ертекші  оқиғаны  көбіне  қазақ  елінде, 
қазақ  қаласында  өрбітеді,  оны  көрнекілей  түседі.  Мұның  өзі  қазақ  ерте-
гілеріне тән сипатты белгілердің бірі.
Жалпы алғанда, қазақ новеллалық ертегілерінде ауысып келген сюжет-
тер өзінің бояуын жоғалтып, қазақ халқының талғамы мен көзқарасына сай 
өзгертіліп баяндалады.  Олар әдеби шығармаларға тэн уақиғаны нақтылай 
түсу  қасиетінен  айрылып  (көптеген  шьныстық  сюжеттердің  Қазақстанға 
эдеби  оқдеуден  өтіп,  жинақтар  құрамында  келгенін  де  ұмытпаған  жөн),
қайтадан фольклор шығармасына айналады.
Новеллалық ертегіде композициялық құрылым өте күрделі болып ке- 
леді, бір эпизодтың үстіне екінші эпизод тіркеледі, ол эпизодтың эр қайсысы 
кейіпкердің  басынан  кешкен  бір  оқиға  болады.  Оқиға  көбінесе  шаһарда, 
хан  сарайында  өтеді,  оған  сырттан  ешбір  керемет  күш  араласпайды.  Ал, 
кейіпкер  қайырымды,  сөзі  мен  ісіне  берік,  сүйгеніне  адал  болып  сурет- 
теледі.  Кейде  кейіпкер  бейнесінде  ғашықгық дастанның  қаһармандарына 
тән  мінез-құлық  кездеседі.  Сол  себепті  кейбір  жағдайларда  кітаби  стиль

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет